141
да болмайды. Дегенмен берілген сөйлемдердің әрекеттенуші жағында
нақтылық жоқ, бастауыштары қалыпты емес, жанама, жалпы түрде
берілген. Сондықтан мұндай сөйлемдерді жақты-субъектілі сөйлем
тұрғысынан қарастырмай, жанама жақты деп атаған дұрысырақ деп
есептейміз.
Жоғарыдағы
айтылған
пікірлерді
Г.М.Бадагулованың
“Взаимосвязь определенноличности и побудительной модальности в
русском и казахском языках” (1986) ғылыми зерттеу еңбегінен
кездестіреміз. Автор белгiлi жақ деп, (А.А.Юдиннің көзқарасынан
кейін), сөйлемде тікелей қолданылған етістіктің жақ формаларымен
көрінетін грамматикалық мағына деп түсінеміз деген Г.М.Бадагулова.
Жақ мағынасындағы қимылды білдіретін етістіктер конкретті, реальды
субъектімен, белгілі жақпен сәйкес келеді деген. Белгілі жақтың
грамматикалық
мағынасы
ұғымынан
белгілі
жақтылық
(определенноличность), яғни сөйлем (высказывания) мазмұнының
конкретті реальды субъектіге, белгілі жаққа қатынасы сияқты ұғымы
пайда болады. Біздің ойымызша, сөйлеуші, адресат, III жақ белгілі жақ
болуы мүмкін [10;19-20].
Достарыңызбен бөлісу: