6
Петербург ҒА академигі (1884), құпия кеңесші, неміс тегінен және
неміс шығыстану мектебінің тәрбиеленушісі бола жүріп, ресей
түркітануының негізін қалаушысы болды. Түркі тілдерін зерттеген
ғалым артына құнды ғылыми еңбектер қалдырған.
Осы бағытта
Вильгельм Томсен (1842-1927) жайлы айтатын
болсақ, ол – Копенгаген университетінің профессоры салыстырмалы
лингвистиканы зерттеген, 1893 жылы алғаш рет көне түркі рун
ескерткіштер тілін зерттеп, 1895 жылы рун мәтіндерін аударған.
Вильгельм Томсен
мен В.В.Радловтың әлемдік түркітануға қосқан
үлестері өте зор.
Сондай-ақ
Марк Кирхнер де түркі тілдерінің фонетикасы мен
фонологиясын зерттеген. Ол қазіргі түркі тілдерінің шығу тегі
мәселелерін, олардың даму тарихы мен басқа тілдер және
мәдениеттермен өзара байланысын, шор тілін зерделеген. Оның
«Turkic languages»
1
атты жаңа энциклопедиялық басылымын әзірлеуге
қатысқан.
Клаус Шёниг түркі тілдерінің түрлі аспектілерін, әсіресе татар
тілі мәселелерін қарастырған. Ол жалпытүркілік және алтай тілдері
қатарларын қарастыра отырып, өз еңбектерінде сілтеу және жіктеу
есімдіктерін, септеуліктер, императив, модаль формалары мен
қатыстық құрылымдарды зерттеген. Ол түркі тілдерінің толық
классификациясын ұсынған, шағатай тілінің маңызды дереккөзі,
мәтін синтаксисі жайлы ғылыми жұмыс жазған. Әсіресе Сібірдің түрлі
түркі тілдерін зерттеген және оны Оңтүстік пен Шығыс Сібір тілдік
қатынастары қызықтырған. Осы тақырыпты зерттегені үшін оған
Хайзенберг стипендиясы тағайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: