9
Ф.А. Ганиев татар тілінің сақталуы мен дамуына, татар
орфографиясы мен жазбалары мәселелерін зерттеуде айтулы үлес
қосты.
Ф.А. Ганиевтің «Фонетическое словообразование в татарском
языке» (1973), «Суффиксальное словообразование в татарском
литературном языке» (1974), «Вопросы
морфологии татарского языка»
(1980), «Образование сложных слов в татарском языке» атты (1982)
еңбектері түрік тіліне аударылды, (Анкара, 2010), «Конверсия в
татарском языке» (1985), «Татарский язык. Проблемы и исследования»
(2000), «Образование сложных слов» (2002), «Современный татарский
литературный язык. Словообразование по конверсии» (2004) және тағы
басқа монографиялары баспадан шықты. Түріктер жағынан
шақырылған Ф.А.Ганиев «Түркі тілдерінің жалпы грамматикасы»
деген екі томдықты дайындауға қатысты. Оның «Словообразование в
татарском языке» атты жоғарғы оқу орнына арналған оқулығы (Анкара,
2013) Түрік Республикасының жоғарғы оқу орындарында кеңінен
пайдаланады. Ғалым татар және түрік лексикографиясына өзіндік үлес
қосты. Ол – төрт томдық «Орыс-татар сөздігі» (1971), бір томдық
«Татар-орыс сөздігінің» (1966) қосалқы авторы. Оның ғылыми
жетекшілігі, редакциялығы және қатысуымен: «Татар-орыс сөздігі»
(Қазан, 4 рет басылған), «Орыс-татар сөздігі» (Мәскеу-Қазан, 3рет
басылған) жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: