К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет47/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

(көк  +  ала),кекілдірік  (кекілге+ілдірік),  табалдырық  (табан  + 
тұрық),күндіз (күннің + жүзi), былтыр (6ipйылдыр), қайны (кайын + 
iнi),  желғабыз  (жел  +  қабас),  жексенбі  (як  +  шенбе  -  парсының 
бір+күн  дегенcөзi)  туған-туысқан,  әке-шеше,  ыдыс-аяқ,  көрпе-
жастық, азық-түлік, ине-жіп, бес-алты, ойын-той, көңіл-күй, жақсы-
жаман сияқты күнделік өмірде қашаннан қолданылып келе жатқан қос 
сөздерден бастап, сән-салтанат, алтын-күміс, ән-күй, әділет-парасат, 
қайғы-қасірет, бас-дәулет, билеп-төстеу, бұйрық-жарлық, өнер-білім, 
газет-журнал,  білім-білік,  ақша-нарық,  дәрі-дәрмек,  билік-саясат 
сияқты қоғамдық мәндегі қос сөздермен тіліміз толығуда.  
Қосарлау тәсілінің тілде қалыптасқан өз заңдылығы бар. Қосарлау 
тәсілі арқылы қос сөз жасауда оның сыңарлары кез келген сөзден бола 
алмайды.  Қосарлау  тәсілі  арқылы  қос  сөз  жасау  үшін,  оның сыңрлары 
бір сөз табынан ғана болуы – міндетті шарт. Мысалы, бау-бақша, қыз-
келіншек, ата-ене, аяқ-табақ, өнеге-үлгі, ілім-білім сияқты қос өздердің 
сыңарлары сын есімнен, бес-алты, он-он бес, жиырма-отыз, жүз-жүз 


78 
 
елу  сөздерінің  сыңарлары  сан  есімнен;  келіп-кетіп,  айтып-айтпай, 
өліп-талып, өніп-өсіп сөздерінің сыңарлары етістіктерден жасалған.  
Сонымен  бірге,  қосарлау  тәсілі  арқылы  жасалған  қос  сөздердің 
сыңарлары  мағыналас  сөздерден  жиі  жасалады.  Мысалы,  сауыт-
сайман,  туған-туысқан,  ойнап-күліп,  үлгі-өнеге,  сән-салтанат,  өсек-
аян.  
Осы  жағдаймен  қайталама  қос  сөздердің  жасалуы  байланысты 
деуге  боалды.  Мысалы,  айта-айта,  тау-тау,  бірі-бірі,  көзбе-көз, 
үйден-үйге т.б. 
С.М.Исаев,  С.К.Артыгалина  күрделі  сөздерге  қосарлау  тәсілімен 
жасаған сөздерді жатқызып, солардың бір ерекшелігіне назар аударады: 
қазіргі  бұқаралық  ақпарат  құралдардың  беттерінде  өзгешелігі  бар 
композит-күрделі  сөздер  жиі  қолданылатын.  1)  Олардың  бір 
компоненті  қазақ  сөзі,  екіншісі  –  орыс  сөзі:  Ауыл-село,  отын-
энергетика,  құрылыс-монтаж;                            2)  Күрделі  сөздердің  екі 
компоненті  де  шетел  сөздер  болуы  мүмкін:  физкультура  –  спорт, 
газет-журнал,  колхоздар-совхоздар;  3)  Композит  сөздер  бір  тұтас 
жалпыланған  ұғымды  білдіреді.  Осындай  қосарланған  ұғымдардың 
құрылымдық  тұтастығы  да  байқалады;  4)  Композит  сөздердің  бірінші 
компоненті  өзгермейді,  ал  екіншісі  өзгеріп,  әртүрлі  формаларда 
қолданылады [45]. 
Аналитикалық  тәсілдің  тіркестіру  түрі  де  өте  өнімді.  Тіркестіру 
тәсілінде  күрделі  сөз  екі  дербес  сөзден  жасалады.  Тіркестіру  тәсілі 
арқылы  жасалған  күрделі  сөздердің  сыңарлары  тілде  бөлек  жазылып 
қалыптасқан.  Олар  тіркесті  күрделі  сөздер  деп  аталады.  Тіркесті 
күрделі  сөздердің  сыңарлары  емле  бойынша  бөлек  жазылып 
қалыптасқанымен,  сыңарлары  мағына  дербестігін  жоғалтып,  біртұтас 
мағына  білдіреді.  Мысалы,  қызылмен  ғана,  тектес  емес,  қызылмен 
басқа  түс  араласқан  түс,  сондықтан  ол  қызыл  ала  аталған  Тоқпақ  – 
жіліктің  бір  түрінің  аты,  суық  торғай  –  торғайдың  бір  түрінің  аты,  су 
жылан – жыланның суда жүретін түрінің аты, елу бес, алтымның отыз 
бес, қырық алты деген күрделі сөздер 3 түрлі санның аттары.  
Тіркестіру  арқылы  жасалған  күрделі  сандардың  жоғарыдағы 
мысалдарда  құрамдары  түрлі  болғанына  қарамастан,  олардың  әр 
қайсысы бір ғана лексикалық мағына беріп, бір сөз болып саналады, бір 
сөздің  қызметін  атқарады.  Басқа  тілдерде  мұндай  біртұтас  мағыналы 
аталымдар бірге жазылады.    
Қысқарту  тәсілі  бұрын  қазақ  тілінде  кici  аттарымен  байланысты 
ғана  қолданылған.  Kici  аттарын  қысқарту  дүние  жүзі  тілдерінде  бар 
әдіс.  Бұл  әдіс  тілімізде  қазірде  өнімді.  Мысалы,  Ахмет  Байтұрсынұлы 
өз  кезінде  Ақаң  аталған,  оны  бүкіл  қазақ  халқының  бәрі 
Байтұрсыновтікі  деп  түсінген.  Қaзip  Жұмеке,  Асеке,Қанеке  сияқты 
қысқартулармен қатар Нұраға, Сераға сияқты қысқарту қолданысы жиі 


79 
 
кездеседі.  Бiр  кездерде  Серке  Қожамқұловты  Сераға  атағаны  сол 
замандағы адамдарға мәләм. Қазір осы үлгі тарай бастады. 
Ал  күрделі  атауларды  қысқартып  қолдануда  совет  дәуірі  кезінде 
тілімізде  орыс  тілінің  үлгісі  қабылданылды.  Бұл  да  қазір  қолданыста. 
Мысалы,теледидар,  ҚазҰУ  (Қазақ  ұлттық  университеті),  АлМУ 
(Алматы  мемлекеттік  университеті),  АҚШ  (Америка  Құрама 
Штаттары),  EҚЫҰ  (Европадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық 
Ұйымы) т.б.  
Сөзжасамның  осы  тәсілі  туралы  профессор  Н.Оралбаеваньң, 
зерттеуші  Н.Алдашевтың,  Ф.Жақсыбаеваның  еңбектерінде  жаңа 
көзқарас тұрғысынан зерттеледі. 
Қысқарған  сөздердің  FTM-де  қолданылуына  мысал  келтірейік: 
Теңгерілмелік  күшейіткіш  (ТК);  жұмыс  атқару  нүктесі  (ЖАН); 
пайдалы  әсер  коэффицентi  (ПӘК);  сәулелі  диод  СД;  интегралдық 
схема – ИС: т.б. 
Қaзip жоғары технологияға қатысты мұндай қолданыстар тек орыс 
тілінен  енген  сөздермен  ғана  шектелмейді.  Мысалы,  қaзipгi  кезде 
медицина т.б. салаларда жиі қолданылатын лазер сөзінің өзi - ағылшын 
тілінен аударғанда “жарықтық электрмагниттік толқындарды күшейту” 
деген мағына беретін сөз.   
Тілші  ғалымдардың  қысқарған  сөздер  жайлы  пікірлерінің 
қайшылығына қарамастан, олардың әдеби тілде,  әcipece ғылым тiлiндe 
жиі қолданылатыны даусыз: FTM-де де олар өлшем атауы ретінде (Гц, 
А,  Ом,  В,  Вт,  м,  см,  км),  күрделі  атауларды  қысқартып  айту  әдіci 
ретінде (лазер, СД - сэулел1 диод; АТС - автоматты телефон станциясы 
т.б.) 
Н.Алдашев  «Қазіргі  қазақ  тілінде  қысқарған  сөздер»  еңбегінде 
қысқартылған  сөздердің  бірталай  топтарын  атап  өтеді,  мәселен 
ҚӨТ(қаржы  өнеркәсіп  топтар),  ОАӨАҮО(Орталық  Азиядағы  Өңірлік 
ақпараттық  үйлестіру  орталығы),  ПУАЖ  (Президент  пен  Үкіметтің 
актілер  жинағы),  ҚҚХҚИ(Қазақ  құқықтану  және  Халықаралық 
қатынастар институты) [46].  
Қысқарған  сөздердің  қолданысында  кемшіліктері  бар.  Ондай 
кемшіліктерді  Ш.Құрманбайұлы  сараптаудан  өткізіп,  көрсетеді:  1) 
қысқартылған  атаулар  түрліше  қысқартылып  алып,  бірнеше  нұсқада 
жарыса  жұмсалынады,  мысалы,  АОСШК,  АОЫСШ,  АОСІШК 
(Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары)  үш  түрде 
пайдаланыд.  2)  қысқартулар  бірде  орысша,  бірде  қазақша 
нұсқаларында  қолданылады,  мәселен  СЭС(су  электр  стансасы)  , 
ФИФА, АҚТҚ [47, 127]. 
Аналитикалық  тәсілдің  құрамындағы  негізгі  тәсілдерді  келесі 
кестеде көрсетуге болады: 
 
 
Аналитикалық тәсіл 
 


80 
 
Сөзқосым 
Қосарлау 
Тіркестіру 
Қысқарту 
 
Сур.2 – аналитикалық тәсілдің құрамындағы тәсілдер 
 
Сөйтіп,  аналитикалық  тәсіл  көне  заманнан  бері  қолданылып  келе 
жатқан  тілдік  сөздік  қорын  байытатын,  өнімді  тәсіл  ретінде 
сипатталады.  
Қазақ  тіл  білімінде  сөзжасам  бөлек  ғылым  саласы  болып 
қалыптасуына байланысты сөзжасамға зерттеушілердің назары ерекше 
аударылған. Сөзжасам тәсілдері тарихи және қазіргі күннің біліміне сай 
қырынан зерттелуде. Тарихи тұғырдан сөзжасамды зерттеу барысында 
ғалым  сөзжасам  мәселелерімен  шұғылданды,  сөзжасамның  қай 
тәсілдерін  зерттеді,  сөзжасам  ғылымының  дамуына  қандай  үлес 
қосқаны анықталады.  
Сөзжасам  тәсілдері  бірсыпыра  ғалымдардың  еңбектерінде 
қарастырылды.  Солардың  ішінде  синтетикалық,  аналитикалық, 
лексика-семантикалық  тәсілдерді  атап  өтуге  болады.  Синтетикалық 
тәсіл  жаңа  сөздерді  жұрнақтарды  қосу  арқылы  жасауға  септігін 
тигізеді.  Лексика-семантикалық  тәсілді  пайдаланып,  жаңа  сөзді  сөздің 
мағынасын  өзгерту  арқылы  жасауға  болады.  Аналитикалық  тәсіл 
негізінде күрделі сөздерді сөзқосым тәсілі арқылы жасауға болады. Бұл 
жағдайда  біріккен,  кіріккен,  қосарланған  т.б.  басқа  сөздер  пайда 
болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет