К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


қолданыңыз: өте керемет,тамаша, әдемі, ал біздің қалада,бұл жерде



Pdf көрінісі
бет37/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
қолданыңыз: өте керемет,тамаша, әдемі, ал біздің қалада,бұл жерде 
 
15 Қазіргі заманауи үйлер. Көмекші есімдер (айналасында, сыртында
маңайында). Күшейткіш мәнді сөздер (нағыз, керемет, теңдессіз). 
Қазіргі заманауи үйлер 
Үйі жоқтың күйі жоқ. 
Мақал. 
ХХІ ғасыр – техника мен ғылымның барлық жағынан дамыған ғасыры.
Қазіргі заманауи үйлер - адамзаттың қазіргі талаптарын ескеріп жасалған 
үйлер. Қазір адам үшін өз қажеттіліктерімен бірге экология да, энергияны 
үнемдеу де, жарықты үнемдеу де маңызды.


46 
Қазіргі заманауи үй деген біреу үшін нағыз заманауи сәулет пен дизайн, 
біреу үшін шатырды, қабырғаны, терезені орнатудағы нағыз заманауи 
технологиялар. Бұл жерде бір нәрсені түсінген дұрыс. Үй де адамның ағзасы 
сияқты. Адамның қандай қымбат косметикасы, қымбат киімі, көлігі 
болғанымен, ауырып қалса, оның бірі көмектесе алмайды. Үй де сол сияқты. 
Үй үшін дизайннан бұрын заманауи инженерлік жүйеге назар аудару керек. 
Заманауи инженерлік жүйелер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне 
сүйеніп жасалады.
Қазіргі заманауи үйлердің негізгі инженерлік жүйелері ретінде 
мыналарды атауға болады: 
- тоқпен және жарықпен қамтамасыз ету; 
- радиатордың, «жылы еденнің» немесе ауаның көмегімен жылыту
- сумен қамтамасыз ету, су тазалау жүйелері; 
- ауаның алмасуы, кондиционерлердің қолданылуы; 
- құбырлар жүйесі; 
- бейнебақылау және өрт, күзет дабылы, 
- телефон байланысы; 
- эфирлік және спутниктік телевидение; 
- үй кинотеатры; 
- салқындатқыш камералар
- үйді басқару жүйесі («ақылды үйлер» үшін) 
Қандай заманауи үй болмасын ең алдымен сол жердің климатын ескеріп 
жасалуы тиіс. Қазіргі құрылыстың үш маңызды саласы – қолайлылық, 
энерготиімділік, қолдану ұзақтығы. Қазақстанның басым бөлігі үшін ауаның 
алмасуы, кондиционерлерлің қолданылуы емес, алты ай қысқа төтеп беретін 
берік, сенімді үйлер маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет