К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Ел болашағы – білімді ұрпақта. Заттың (жақ, тарап) анықтамасы



Pdf көрінісі
бет39/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
 
1 Ел болашағы – білімді ұрпақта. Заттың (жақ, тарап) анықтамасы 
(Қазақстан жастары). Салыстыру құрылымдарының берілуі. Іс-
қимылдың мекені. 
 
Ел болашағы білімді ұрпақта 
 
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 
Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің 
бәрі бекер».
Абай Құнанбайұлы 
Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын факторлар бірнешеу. 
Солардың ішінде мыналар бар: 
- халық тұрмысының жоғары деңгейі мен сапасы; 
- білім беру деңгейі
- адами капиталдың дамуы; 
- инновациялық даму; 
Қазіргі экономикалық даму қызметкерлердің өз өмірінде бірнеше рет 
мамандығын ауыстыруы, өз біліктілігін үнемі арттыруы қажеттілігін 
тудырады. Яғни, білім басты капитал болып қала береді. Елбасымыз 
Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен 
емес, біліммен бағындырудың заманы». Сондықтан да жастардың біліміне
жас отбасыларға, бүлдіршіндердің дамуына баса назар аударылып келеді.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанның азаматтары әлемнің беделді оқу 
орындарында білім алып жатыр. Бұл үрдіс жалғаса береді. «
Жастар – еліміздің 
қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның 
болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен 
патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Білімді, сауатты адамдар – ХХІ 
ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» - дейді Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев.
Жүзеге асырылып жатқан «Болашақ», «100 жаңа кітап», «100 жаңа 
есім», «Жас маман» бағдарламалары, т.б. – бұлардың барлығы жастардың 
дамуына, сол арқылы 
елдің дамуына бағытталған шаралар. Сонымен бірге
2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды . . .
1.1.Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. 
1.2.Мәтінді оқып, түсініңіз. 
1.3.Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер жазыңыз. 


49 
1.4.Көршіңізбен сұхбат құрастырыңыз. 
1.5.Сіз қалай ойлайсыз, Елбасы неліктен жастарға, жастардың дамуына назар 
аударып келеді? Жастық шақ қандай шақ? 
1.6.«Жас кезіңде алған білім тасқа жазған жазумен тең, қартайғанда алған 
білім мұзға жазған жазумен тең» дегенді қалай түсіндірер едіңіз? 
1.7.«Адам баласы кез келген ортаға біліммен емес мінезбен сыяды» деген 
Абай Құнанбайұлының сөзімен келісесіз бе? Неліктен? 
1.8. Даналық сөздерді жаттап алыңыз. 
«Тегінде адам баласы адам баласымен ақыл, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер». 
(Абай) 
«Білім – инемен құдық қазғандай ». (Халық мақалы) 
«Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез». (Абай) 
«Оқусыз білім жоқ 
Білімсіз күнің жоқ». (Халық даналығы) 
1.9.Мәтінді оқып, аударыңыз, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен әңгімелеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет