К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет42/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
 
 
2.10. Топтық жұмыс. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
Сіздің үйде ата-бабаларыңыздан қалған мұралар бар ма?
Кітапхана ұлттық байлыққа жата ма? 
Ұлттық байлық туралы көзқарасыңыз қандай? 
Жерде қандай байлық бар? 
Материалдық байлық қымбат па, рухани байлық қымбат па? 
Дәулет пен байлық бақыттың кепілі бола ала ма? 
 
2.11.Сөйлемді аяқтаңызҰлттық байлықтың бұрынғысы, бүгінгісі, болашағы 
туралы жазыңыз. 
Бұрын. Бүгін. Ертең 
Бұрын ----------------------------------------------------- 
Қазір ----------------------------------------------- 
Бүгінгі күні ------------------------------------------- 
Өткенде ----------------------------------------------- 
Ұлттық 


53 
Былтыр ------------------------------------------------ 
Келешекте -------------------------------------------- 
 
 
3 Қазіргі заман өнертабыстары. Етістік шақтарының жіктелуі. 
Етістік+-ма-йын-ша, -ме-й-ін-ше, -па-й-ын-ша, -пе-й-ін-ше тіркестері 
арқылы қолданылуы. 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӨНЕРТАБЫСТАРЫ 
Кез келген елдің экономикасын дамыту үшін ғылым мен техниканы 
жетілдіру қажет. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да өзгеріп 
тұрады. Өнертабыс дегеніміз қазір бұрынғыдай күрделі дүние емес. Пайдалы 
және қарапайым өнертабыстар күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, жақсартады. 
Мысалы, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; 
микроскоптар, компьютерлер ой-өрісті, білімді кеңейтеді; теле-радио 
жаңалықтардан хабардар етеді және т.б. Әдетте, өнертабыстарды адамдар бір 
нәрсені жеңілдету немесе ыңғайлы ету мақсатында жасайды.
Адамзат көптеген дүниелер үшін өнертапқыштарға қарыздар, өйткені 
біз ойлап тапқан заттарды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Илизаров 
аппаратын ортопед хирург Гавриил Илизаров жасаған; Калашников 
автоматын Михаил Калашников, Мартен пешін Пьер Мартен, Морзе әліппесін 
Сэмюэль Морзе, cаксофонды Адольф Сакс ойлап тапқан және т.б. 
Қазіргі өнертапқыштар да осал емес. Бүгінгі компьютер, байланыс 
құралдары, электромобиль сияқты көптеген өнертабыстар – біздің 
замандастарымыздың табысы.
Отандық өнертапқыштарымыз да өздерінің үлестерін қосуда. Мысалы, 
қарағандылық өнертапқыш, ҚарМТУ профессоры, академик Сәнтай Жетесов 
«ППЖ-05 пистолет-пулеметін, СПЖ – сарбаздың қол зеңбірегін және 
«Нұротанк» атауын алған танкі жобасын жасаған. Ал өнертапқыш Нұрлан 
Төреханов жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігін арттыратын жарық 
беретін сәулелену таяғын ойлап тапқан.
Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз өндірудің 
әдістері патенттелген.
Үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робот техникалар 
саласында патенттер бар. Бұл патенттердің төрттен үш бөлігі Жапония, АҚШ, 
Германия, Франция, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея сияқты дамыған 
елдердің еншісінде.
Өнертапқыштықты қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігі жыл сайын «Шапағат» республикалық байқауын өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет