К. У. Базарбеков биология ғылымдарының докторы, профессор


Ағаш тұқымдастарын ауыстыру



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата31.03.2017
өлшемі372,29 Kb.
#10846
1   2   3   4   5   6   7

      2.4 Ағаш тұқымдастарын ауыстыру.

      Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман
құрамы   тұқымдастарын   ауыстыру   уақытында   немесе   бір
ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда,
байқалады.   Ағаш   тұқымдастарының   ауыстырылуы   табиғи
жолмен   өте   ұзақ   процессте   жүзеге   асады.   Қарағай,   емен,
қайың   және   көктерек   секілді   жарық   сүйгіш   тұқымдастар
шырша,   самырсын,   жөке   және   т.б.   көлеңке   сүйгіш
ағаштармен   алмасады.   Ғасырлар   бойы   табиғи   жолмен
алмасатын   ағаш   тұқымдастары   адамның   шаруашылық
әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді.
Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына
алып   келсе,   екіншісін   жоғалтады.   Табиғаттың   әсерінен
болатын   тұқымдастардың   өзгеруі   ауа-райының   жағдайына
байланысты. Вегетатциялық құрғақ кезеңнің басталуы тұқым
шашуды   жоғарлатса,   көп   жағдайда   қылқанды   ормандарда
өрттердің пайда болыына алып келеді. Осының салдарынан
жарық   сүйгіш   және   көлеңке   сүйгіш   қылқанды   ормандар
қайың және көктеректермен алмасады. 
        Орман құрамының үлкен ролді орман тұқымдастардың
биологиялық   және   экологиялық:   тұқым   шашу   әдісі,
қоректену   маңызы,   вегетатциялық   көбею   мүмкіндігі,
табиғаттың   және   қоршаған   ортаның   қолайсыздығы   үлкен
ролді атқарады. Қайың мен көктерек жыл сайын көп тұқым
шашады. Ал, қарағай мен шыршаның көптеп тұқым шашуы 5
жылда   бірақ   рет   болады.   Қылқаны   және   жапырақты
тұқымдастардың   тұқымы   мен   ұрықтары   (қарағай,   шырша,
көктерек, самырсын және т.б.) желдің көмегімен алысқа ұшу
үшін   кішкентай   икемделген   қанатшалары   болады.   Ал,емен,
шәмшәт дәндері ауыр болғандықтан ағаш маңында таралады.
Сондықтан  олардың  тұқым шашу  қабілеті төмен.  Көптеген
ағаш   тұқымдастары   вегетативтік   жолмен   (қайың,   көктерек,
жөке,   емен,   және   т.б.)   жаңаратын   болса,   ал   басқалары   тек
тұқыммен (шырша, қарағай, балқарағай) жаңарады.
             Қазіргі дәуірде орман құрамының өзгеруіне адамның
шаруашылығы   үлкен   әсерін   тигізеді.   Үлкен   аумақтарда
қылқанды ормандарды кесу, жапырақты ормандардың пайда

болуына әкеледі. Мал жайылу барысында емен ағашы қанды
қара   ағашпен,   көктерекпен,   қайыңмен   алмасады.   Ағаштар
өскен   аймақтарды   құрғату   оның   түпкілікті   құрамының
өзгеруіне   алып   келеді.   Егер   құрғату   барысында   таза
қарағайдың орнына қайың, шырша, көктерек пайда болады.
Қылқанды   орманда   кең   таралған   орман   өрттері   олардың
бірінші   кезекте   қайың   мен   көктеректің   алмасуына   алып
келеді. Шыршалы сүректі жаппай кесу немесе өртке орануы
бұл аймақта барлық қоршаған орта факторлары өзгеріп, жаңа
факторлар   кең   аланқайларда   пайда   болады.   Топырақтың
бетіне көп көлемде жарық, ылғал түседі. Осының салдарынан
тек тірі жан-жануарлар ғана емес топырақ құрамыда өзгереді.
Көлеңке   сүйгіш   мүктердің,   шөптердің,   бұталардың   орнына
жарық   сүйгіш   шалғындық   шөптер   пайда   болады.   Шырша,
қайың және көктеректің биологиясы өте әр түрлі. Жапырақты
ормандар   жыл   сайын   көп   көлемде   тұқым   берсе,
шыршалардың жақсы тұқым беруі 4-5 жылда бір рет келеді.
Қайың   мен   көктерек   тұқымдары   шыршаның   тұқымдарына
қарағанда   алыс   аймақтарға   ұшады.   Көктерек   пен   қайың
жарық сүйгіш болғандықтан алғашқы жылдары жылдам өссе,
ал   шырша   көлеңке   сүйгіш   және   баяу   өседі.   Сонымен
шыршаның жас өскіндері көктемгі кеш үскіріктерден зардап
шексе,   ал   жапырақты   тұқымдастар   ауаның   төменгі   ауытқу
температурасына төтеп бере алады.
           Биологиялық нұсқау бойынша шырша, көктерек және
қайыңның   егер   кесілген   немесе   өртенген   жерлерінде
жапырақты   ағаштар   тез   жетіліп   жас   көктерек   және   қайың
секілді   өскіндері   дами   түседі,   олар   шыршаның   өсуіне
қолайлы жағдай туғызады. Топырақ жамылғысындағы жерді
бекітіп   тұрған   астық   тұқымдастар   жоғалып,   ал   ауаның
температурасы көп-көп төмендейді. Осы уақыт аралығында
көктерек   пен   қайыңның   тұқым   беретін   жылдары   олардың
көлеңкесінде шырша өсе бастайды, өйткені олар күннің көзін
сүймейді.   Көктерек   пен   қайың   ұзақ   өспейтін   тұқымдар,
сондықтан оларда тез өлуі басталады, ал шырша көп жылдық
болған соң, оларда енді ғана өсіп дамуы басталады.  

Қарағай   көбінесе   қайыңмен   және   көктерекпен   сирек
ауыстырылады.   Бұл   ауыстыру   көбінесе   қарағай   ағаштарын
кездесуден   кейін   таза   құмды   топырақтың   бөлінуі   кезінде
пайда   болады.   Қарағайдың   тұқымы   шөбіне   аралып,   оның
өскіні шықпай қалады. Тығыз өскен шөп жамылғысы күшті
көлеңкелейді,   сондықтан   қарағайдың   өскіні   өспей   қалады.
Содан кейін қайың өз дәндерін шашып өседі. Емен тұтастай
кесуден   кейін,   жиі   көктерекпен,   жөке,   ақ   бүк   ағашы   және
басқа   да   жұмсақ   жапырақты   тұқымдастарымен
ауыстырылады. Бұның тұқымы ауыр  болғандықтан, ағаштың
ұшар   басының   шекарасына   ғана   түседі,   сондықтан   мұнда
ауыстырылуы болады. Қайың, көктерек және т.б. түрлердың
тұқымы ашық жерлерге еркін түсіп, жас өскіндер тез биікке
өседі.   Еменнің   өскіні   жарық   сүйгіш   және   көбінесе   ол
көктерек,   қайың,   тал,   т.б.   ағаштардың   көлеңкесінде   қалып,
өліп қалады. Бұған қарамастан, емен балақ шыбық қасиетіне
ие, қартайған кезде ол оны кейде бермейді.
Бұл жағдайлардың бәрі емен ағашының орнына жұмсақ
жапырақтылардың өсуіне әкеп соғады.
Тұқымдардың   ауысуын   бағалай   отырып,   келесі
жағдайларды   айта   кеткен   жөн.   Қылқан   жапырақтылардың
ауысуы - сапалы өзгеру,  бірақта  экономикалық және орман
қамтамассыздандыру маңызы төмендейді. Бұл бағалы қылқан
жапырақты   ағаштардың   жоғалуын   баяндайды   және   орман
өсімдіктер   ортасында   бұл   төмен   жақты   көрсетеді.
Тұқымдардың   ауысуын   орман   шаруашылығын   жүргізілуіне
байланысты   талқылауға   болады.   Қылған   жапырақтылардың
ауысуы   болатын   жерлері   көп   болып   кетсе,   онда   орман
шаруашылығы   деңгейі   төмендейді.   Сонымен   қатар
тұқымдардың   ауысуы   оң   нәтижелер   береді,   мысалға
шыршаның   қайыңмен   ауысуында   топырақ     жақсарады.
Кесілген   қалдықтардың   аурулары   күресу.   Сондықтан   ағаш
тұқымдастарының   ауысуының   экономикалық   бағасы
орманның   әр   түрлі   ерекшеліктеріне   байланысты
қарастырылады.   Барлық   талдаулар   орман   шаруашылығына
бүкіл жағдайлар жасау керегін көрсетеді.

3.  Күту кесулері 
3.1.Күту кесулерінің негізгі мақсаттары мен мәселелері
             Күту мақсатындағы кесу жұмыстарының биологиялық
негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а)
қолайлы   өнімділікті   орман   бітімін   құрастыруда,   ағаш
бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде
пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің
көлемін   ағаштармен   толықтыру;   в)   ағаштарды   олардың
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру
талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп
жылдық,   жоғары   сапалы   қарқынды   дамитын   ағаштардан
құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және
орманға   көп   пайда   әкелетін   микроорганизмдерге   қолайлы
жағдай   жасау.   Таза   отырғылардағы   түрішілік   байланысын
реттеу .
Күтудің   экономикалық   негіздері   халық   шаруашылық
маңыздылықтарымен тұқымдастарының орман шаруашылық
қасиетіне және нақты табиғи жағдайларға байланысты күту
кесулерін   жүргізу   үшін,   ағаштың   негізгі   тұқымдасы
анықталып,   кесу   жұмыстарының   басталу   және   қайталану
уақыты   белгіленіп,   кесуге   жарамды   ағаштарды   іріктеу,
өсіруге   жарамды   ағаш   іріктеу   принциптері   оның
қарқындылығы,   кесуге   арналған   жұмыс   құру   және   оның
технологиясы   анықталады.   Халық   шаруашылығына   және
тұрғындарға қажетті қосымша ағаштарды іріктеп алу орман
қоймаларын тиімді пайдалану, қосымша шикі заттар алу, яғни
қылқанды   және   дәруменді   ұнтақ   алу   жағдайлары   күту
кесулерінің   басты   экономикалық   алғы   шарттары   болып
табылады. 
Қазіргі   кезде   қылқан   жапырақты   және   қатты
жапырақтылар   тұқымдастарына   аса   назар   аударуда,
сондықтан оларды ең басты ағаш тұқымдары деп біледі. Бұл
жерде   басқа   қайың   және   көктерек   ағашы   тұқымдардың   ең
басты ағаш тұқымдарына жатпайды дегені емес егерде орман
шикізат базасы сіріңке комбинаты мен күшейіп тұрса, онда

әрине   бұл   жерде   көктерек   ағашы   тұқымдасы   ең   басты
тұқымдас болар еді, сондықтан ең басты тұқымдарына көп
өнім   беретін,   шикізат   базасын   көтеретін   тұқымдар   жатады
және   оларға   көп   назар   аударылып,   күтім   жасалады.   Бұрын
орман   шаруашылығында   бекіп   қалған   қағида   болған,   онда
күту   кесулері   ерте   басталуы   керек   делінген,   бірақ
мөлшерленген   қарқынмен   жиі   орындалып   тұруы   керек.
Мұнда,  қағида   таза   екпелерде  жасалатын   күту  кесулерінде,
әсіресе, жас қарағайлы екпелерде қалыптасқан. Қазіргі кезде
көптеген аралас ағаш бітімдері өсіп тұрған жерлерде орман
шаруашылық   және   экономикалық   жағдайлары   келесіні
көрсетеді:   күту   кесулерін   кешірек   бастап,   оны   жоғары
қарқынмен,   сирек   қайталап   тұру   керек   дейді   бұл   принцип
солтүстік   аудан   ормандарында   биологиялық   тұрғыдан
дәлелденеді, онда орман оңтүстікке қарағанда баяу өседі. 
                  Күту   кесулері   арқылы   аумаққа   тиісті   ағаш  санын
анықтауға   болады,   сонымен   қатар   олардың   орналасуын
анықтауға   да   болады.   Сондықтан   басты   ағаштарға   өсуге
бөгет   жасайтын   тиімсіз   ағаш   тұқымдары   алып   тасталады,
ішінен тек қоректік заттыларын алып қалады, ол орманның
өсуін жақсартады. 
        Ағаштарды кесуге іріктеп алумен бірге оның орындалу
қарқындылығы   да   қатар   жүреді.   Егер   біз   көп   ағаш  кесетін
болсақ,   онда   ағаш   бітімінің   тұрақтылығын   жойып,   т.б.
қолайсыз   өзгерістер   әкелуіміз   мүмкін.   Ал   егер   біз
мөлшерімен   аз   ағаш   кессек,   онда   кесудің   мақсаты   өз
шешіміне   жетпейді   және   ол   экономикалық   жағынан
аяқталмайды. Сондықтан ағаштарды кесуге іріктеу принципі
мен   оның   қарқынын   таңдау   орман   шаруашылық   іс-
шараларында өте маңызды міндет атқарады
               Күту кесулері кезінде жұмысты ұйымдастыру және
территорияны   белгілеу   алдын-ала   кесу   жұмыстарының
орындалу технологиясын анықтайды және ормандар ауданын
үлкейту   мен   күту   кесулеріне   деген   жаңа   амал-тәсілдерін
қолдану   алдында   кесу   жұмыстарындағы   жұмыскерлердің
өндіру мүмкіншіліктерін  қарастырады. 

3.2. Күту кесулерінің түрлері және әдістері
         Ағаш жасы және шаруашылық мақсатына байланысты
күту кесулерінің келесі түрлерін ажыратады: жарықтандыру,
тазарту,   сиректендіру,   өтпелі   кесулер.   Күту   кесулерінің
түрлері   ағаштың   жас   ерекшеліктері   мен   тұқымдастарына
байланысты   анықталады.   Жарықтандыру   –   бұл   жұмыс   жас
ағаш бітімінде  вегетация кезеңінде ағаштың тұқымдық және
сапалық   құрамының,   басты   ағаш   тұқымдарының   өсу
жағдайларын
 
жақсарту
 
мақсатында
 
жасалады.
Жарықтандыру   жұмысы   жасы   10-дағы,   кейде   20-дағы
қылқанды   орман   аймақтарында,   тұқымдардың   орман   түзу
ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар ағаш бітімінің
өнімділігіне   және   орман   түзу   аймағына   байланысты
жасалады.   Жас   ағаштар   ішінен   жақсы   дамып,   өсіп   келе
жатқан   ағашқа   өз   септігін   тигізетін   жағымсыз,   аралас
ағаштардың көзін жояды. Кесетін кезде   ағаш тұқымдасына,
оның биіктігімен диаметріне қарамастан, тіреп тұрған және
жарықты түсірмей, жауып тұрған ағаштарды кеседі.
Тазарту   жұмыстары-бұл   күту   кесулері   жас   ағаш
бітімінде жүргізіледі. Ол кесу жұмыстары ағаштардың жақсы
өсіп,   басты   ағаш   тұқымдардың   аумаққа   дұрыс   орналасуын
реттейді.   Тазарту   жұмыстарын   жарықтандырудан   кейін   20
немесе   40   жастағы   ағаш   бітімінде   жасалып,   құнды   ағаш
екпелерінің   ары   қарай   өркендеп   өсуін   қамтамассыз   етеді.
Кейде орман шаруашылық практикасында жарықтандыру мен
тазарту   жұмыстарын   бір   күту   кесулері   түріне   біріктіреді,
себебі   екеуінің   де   мақсаты   бір   бағытта,   яғни   басты   ағаш
тұқымдары   басым   болып   келетін   ағаш   бітімін   құру   болып
табылады.   Тазарту   жұмыстары   кезінде   кесуге   алынатын
ағаштарды   іріктеу   мен   оларды   өсіру   принциптері
жарықтандыру жұмыстарымен бірдей болады. Аралас орман
және орманды-далалы аймақтарда жарықтандыру жұмыстары
қарағайлы,   балқарағайлы,   шыршалы   және   майқарағайлы
ағаш бітімдерінде көп жағдайларда 10 жасқа дейінгі, тоғайда
–   20   жасқа   дейінгі   ағаштарда   жасалады.   Ал   тазарту

жұмыстары 11 жастан 20 жасқа дейінгі және 40 жасқа дейінгі
ағаштарда   жасалады.   Сібірдің   тойғайлы   ормандарында
ағаштар өте бояу өсетін болғандықтан оларда жарықтандыру
жұмыстары   жүргізілмейді.Еменді   шағанды,   үйеңкі   ағаш
бітімді   далалы   және   орманды-далалы   аймақтардағы
жарықтандыру   мен   тазарту   жұмыстарының   жасалу   мерзімі
аралас   орман   аймағындағы   жарықтандыру   мен   тазарту
жұмыстарымен бірдей болады. 
Сиректендіру жұмыстары – бұл күту кесулері, ағаштары
ІІ   класс   жасындағы   және   орта   жастағы   ағаш   бітімдерінде
жүргізіледі. Сиректендіру жұмыстары ең жақсы ағаштардың
бөрік   басы   мен   діңінің   дұрыс   қалыптасуы   үшін   қолайлы
жағдай жасау мақсатында жүргізіледі. Сиректендіру жұмысы
тазарту   жұмысынан   кейін   жасы   30-40   жастағы   немемсе   60
жастағы ағаш бітімінде жасалады. Сиректендіру жұмыстары
суалу кезеңіндегі, өліп бара жатқан, зиянкестер және аурумен
зақымдалған   ағаштарға   белгіленеді.   Мұнда   қисайған   ұзын
өскен бұтасы көп, бөрік басы төмен салбырап кеткен ағаштар
кесіледі.
Орман   шаруашылық   тәжірибесінде   сиректендіру
жұмыстары   аралас   орман,   орманды-далалы   және   далалы
аймақтардың   қылқанды   екпелерінде   тағы   қатты
жапырақтылар   тұқымдарының   туысында   және   бірінші
генерация кезінде жүргізіледі, ерекшелігі желектер 21 жастан
40   жасқа   дейінгі   ағаш   бітімдерінен   құралу   керек.   Мұндай
аймақтардың қылқанды екпелеріндегі басты кесу жұмыстары
жасы 101  жас  және  одан  жоғары,  ал  басқа тұқымдар   үшін
басты кесу жұмыстары жасы 61-ден және 21 жастан 40 жасқа
дейін жүргізіледі.
Өтпелі  кесулер   –   бұл   күту   кесулерін   орта   жастардағы
ағаш   бітімдерінде,   ең   жақсы   ағаш   өскіндерінің   көлемін
үлкейту   мақсатында   оларға   қолайлы   жағдай   жасайды.   Бұл
күту   кесулері   сиректендіру   жұмысынан   кейін   басталып,
басты   қолданыс   кесулеріне   дейін   5...10   жыл   бұрын
аяқталады. өтпелі кесулердің басты мақсаты, ол ағаштың пісу
кезеңіне   дейін   басты   қолданыс   кесулерінен   көбірек

техникалық   сапасы   жоғары   ағаштарды   өндіріп   алу   болып
табылады. Соңында діңінің жағдайы, сапасы және пішіндері
жағынан толықтай шаруашылық   мақсаттарына сай келетін
ең жақсы ағаштарды алып қалады. 
Ұсақ   жапырақты ағаш бітімінде, тағы да емен, шаған
және   үйеңкі   ағаштары   бар   жерлерде   келесі   жұмыстар
жүргізіледі. Басты қолданыс кесулерінің жасы 41-дегі және
одан   жоғары   жастағы   ағаштарда,   жарықтандыру   10   жасқа
дейінгі   ормандарда,   тазарту   жұмыстарын   11-ден   30   жасқа
дейінгі,   жол   салу   кесулерін   31-ден   жоғары   жастағы
ағаштарда жасайды.
Ресейдің   еуропалық   бөлігіндегі   әр   түрлі
ормандарындағы   жүргізілетін   күту   кесулері   туралы
қаулысында   күту   кесулерінің   әр   бір   түрі   өзінің   анықталып
көрсетілген   мақсаттары   болады.   Жапырақтандыру
жұмыстарын   жас   ағаштардың   тұқымының   және   басты
тұқымдының   және   сапалық   құрамын   жақсарту   мақсатында
және   басты   тұқымдастардың   өсу   жағдайын   жақсарту
мақсатында   жасайды.   Тазарту   жұмыстарын   екпелердің
орналасу   тығыздығын   реттеу   үшін   сонымен   қатар   ағаш
құрамының   қалыптасуын   ары   қарай   дамыту   мақсатында
жасайды.
Аралас   жас   өскіндерде   жасалатын   күту   кесулері
түрлерінің ішіндегі ең бастылары жарықтандыру мен тазарту
жұмыстары   болып   табылады.   Сиректендіру   кезінде   ағаш
діңімен бөрік басының пішініне күтім жасалады және ағаш
бітімінің   құрамын   күту   жұмыстары   жалғасады.   Өтпелі
кесулер   ең   жақсы   ағаштардың   пісіп   келе   жатқан
екпелеріндегі   өскіндердің   көлемін   үлкейту   және   ағаш
бітімдерінің   сапасын   жақсарту   мақсатында   жасалады.
Сиректендіру   мен   өтпелі   кесулер   арқылы   ең   жақсы
ағаштардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Күту   кесулерінің   негізгі   түрлерінің   бірі   санитарлық
кесулер, ағаш бітіміндегі бұталарды кесу, майда тоғайларды
жаңғырту   және   ашық   алаңдарды   күту   жұмыстары   кіреді.
Санитарлық   кесулер   –   орман   жағдайларын   жақсарту

мақсатындағы   кесулер,   ол   кесу   жұмыстарында   ауырған,
зақымданған   және   қурап   қалған   жеке   ағаштарды     немесе
бүкіл   ағаш   бітімін   алып   тастайды.   Ағаш   бітіміндегі
санитарлық   кесулер,   өздік   іс-шаралары   сияқты   негізгі   күту
кесулерінің   бір   түрі   уақытында   жасалмаған   кезде,   көп
жағдайларда   зиянды   жәндіктер   мен   саңырауқұлақ
ауруларының ошақтары пайда болған кезде, көп жағдайларда
зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары
пайда болған кезде, санитарлық кесулердің тапсырмалары да
қоса жасалынады. Бірақ мұндай санитарлық   жағдайларына
қанағатсызданатын   ағаш   бітімдері   болады,   оларға   міндетті
түрде көптеген ауруларға және зиянды жәндіктердің көбінесе
көбеюіне   қарсы   белгі   беретін   санитарлық   кесулер
тағайындалуы   тиіс.   Ол   екпелерді   сауықтыру   үшін   және
келешекте жақсы сүрек алу үшін өте қажет.
Санитарлық   кесулерді   іріктемелі   және   тұтас   деп   2-ге
бөледі. Іріктемелі санитарлық кесулер ағаш бітімінің барлық
жас   класстарында   жасалады.   Олардың   ішінен   жел
сұлатпаларға, сұламаларға, қар сұлатпаларға ұшыраған, суалу
кезіндегі және өліп қалған ағаштарды іріктеп, сонымен қатар
саңырауқұлақ   ауруларымен   зақымдалған   және   зиянды
жәндіктермен жауланған ағаш даналарын кеседі. Өндірілетін
ағаш   бітімдерінің   сапасын   түсірмейтін   негізгі   белгілерінің
бірі   іріктелмелі   санитарлық   кесулерден   кейінгі   ағаш
бітімдерінің толықтығы болып табылады. Кесілген ағаштар
орта   жастағы ағаштардың   толықтығын кем  дегенде  0,7-ден
артық, ал пісіп келе жатқан және пісіп болған ағаш бітімдерін
кем дегенде 0,6-дан артық төмендетпеуі тиіс.
Тұтас   санитарлық   кесулер   -   бұл   кесулерді   өртке
шалдыққан   екпелерде,   жел   сұлатпаларға   және   сұламаларға
ұшыраған   орман   аймақтарында,   сонымен   қатар   діңдердің
40%   -нан   астамын   зиянды   жәндіктер   мекендеп   алған
ормандарда жасалады. Мұндай ағаш бітімдерінде іріктемелі
санитарлық кесулерін жүргізу экономикалық жағынан тиімді
емес   және   орман   шаруашылығында   қолайлы   емес,   себебі
мұндай   кесулер   кезінде   тым   қатты   кескіленген   екпелер

айтарлықтай көптеген қорғаныс қасиеттерін жоғалтады және
ол өз кезегінде орманның сапа көрсеткіштерін төмендетеді. 
Ағаш   бітіміндегі   бұталарды   кесу   –   бұл   ең   жақсы
ағаштарда   жасалатын   күту   кесулері,   ол   кесулер   ағаш
діңдеріндегі  бұталар мен ұштар басының төменгі бөліктерін
кесу   арқылы   жүзеге   асырылады.   Бұл   кесулер   орман     ағаш
сапасын жоғарлату үшін және бұтасыз сүректерді көбірек алу
үшін,  өрт   қауіпін   төмендету   үшін  өте  қажетті  бұталар   мен
сабақтарды   кесу   жұмыстары   көбінесе   жоғары
қарқындылықты   шаруашылықтарды   немесе   арнайы
тағайындалған   плантанцияларда   өсірілетін   құнды
техникалық   сүрек   сортименттерін   алу   мақсатында
жүргізіледі. Күту кесулерінің бұл тәсілін ең жақсы ағаштарда
15....20   жата   діннің   өсуіне   қатар,   қабығы   сыдырылмайтын
етіп кеседі. Бұталарды кесу жұмыстарын жақсы көретін ағаш
тұқымдастар, қылқан жапырақтылардан киіз жапырақтылар,
ал   жапырақтылар   ішінен   –   емен,   бүк   ағашы,   жөке,   қайың
және терек болып табылады. Бұталар  мен сабақтарды кесу
көп еңбектенуді және өте қымбатқа түсетін іс -  шаралардың
бірі, сондықтан ол жұмыстарды жоғары сапада жасау керек. 
Майда   тоғайларды   жаңғырту   –   майда   тоғайды
келешекте   кесудің   бұл   түрін   көбінесе   Ресейдің   орманды-
далалы және далалы аймақтарында жүргізеді. Майда тоғайды
жаңғырту жұмыстары орманның климатпен топырақ қорғау
қасиеттерін жоғарылатады Бұта тұқымдастарын күзде немесе
ерте көктемде тамыр мойны деңгейінен кесіп тастайды, оның
ұйқыдағы немесе бүрлерінен жас өскіндер өсіп шығады. 
Ашық   алаңды   күту,   яғни   бұл   жұмыс   200   м   болатын
ашық   алаң   шекарасымен   бойлай   орналасқан   орман
жолақтарында   жүргізіледі.   Оны   жоғары   қарқынды
шаруашылықтарда мынадай ең басты мақсаттарды көздейді,
олар:   орман   бітімдеріндегі   болатын   сұлатпалардың   алдын
алу, олардың су қорғау функцияларын күшейту және әсемдік
және рекреациялық қасиеттерін жақсарту. 
Ашық алаңдарды күту, алуан түрлі белгілі бір пайдалы
функцияларды орындайтын ағаш құрамын өсіруді көздейді.

Ол мақсат  ашық алаңдарды  бірқалыпты кесу  арқылы, яғни
жағымсыз,   жел   сұламаларды,   суалу   кезіндег   және   т.б.
екпелаердің   әсемділігі   мен   төзімділігін   төмендететін   ағаш
түрлерін кесіп тастау арқылы жүзеге асырады. 
Күту   кесулеріне   ландшафтық   кесулер   де   жатады.
Ландшафтық   кесулер   –   рекреациялық   тағайындалған,
ормандардағы   орман   парктік   ландшафтарды   құруға   және
олардың   эстетикалық,   сауықтыру   құндылықтарын   және
төзімділігін   арттыруға   бағытыталған   күту   кесулері.     Бұл
кесулердің арқасында  ағаш бітімдірінің әр жасында әр түрлі
композициялар   құрылады,   олар   төзімді   ландшафтар
құрастыруды, өйткені керек  тұқымдар арқасында жасалады.
Ландшафтық кесулерді рекреациялық   ормандарда жасайды,
ол тұрғындардың демалуына арналған орын болып табылады.
  Ландшафтық   кесу   бойынша   кесу   мөлшері   әлсіз
ауытқудан (15%-ға дейін) өте күшті ауытқуға дейін (36%-ға
дейін)   барады,   ол   кесулер   ландшафтың   жабық   (толықтығы
0,6 және жоғары), жартылай ашық (0,3...0,5) және ашық (0,2
және төмен) типтерін жасау  үшін қолданылады. Ол типтер
демалушыларға   ыңғайлы   болуын,   орманның   сауықтыру
қасиеттерін   жақсартуды   қамтамассыз   етеді.   Мұнда   ағаш
сүрегін өндіру басты мақсат емес, сондықтан олардың ішінен
кесуге арналған ағаштарды іріктеп алу және өндіру типтері
олардың   ағаш   бітімінде   орналасу   жағдайымен   және   орман
парктік   ландшафт   құрудағы   алатын   орнына   байланысты
анықталады.
Басты   қолданыс   кесулері   жүріп   жатқан   ормандардың
пісіп   келе   жатқан   піскен   және   ағаш   бітімдерінде   жаңарту
кесулері   жүреді.   Оның   мақсаты,   ауыстыру   арқылы   жас
ағаштардың өсуге деген қолайлы жағдайларын жасау болып
табылады. Пайда болған орта жастардағы, пісіп келе жатқан
және   піскен   ағаш   бітімдерінде   қайта   құрастыру   кесулерін
жүргізеді.   Қайта   құрастырудың   мақсаты   тамыр   жүйесін
жақсарту,   құрамы   мен   құрылымын   жақсарту   болып
табылады.   Ол   мақсат   орман   компоненттерін   реттеу,   құнды
ағаш   тұқымдарына   қолайлы   жағдай   жасау   арқылы   жүзеге

асырылады. Мұндай кесулер бойынша бір жастағы екпелер
әр   түрлі   жастағы   екпелерге,   қарапайымдары   күрделі
екпелерге, ал көшіруге тағайындалған ормандардағы жұмсақ
жапырақты   екпелер   және   қылқандылар   өскіндері   бар
ағаштар-   қылқанды   екпелерге   ауыстырылады.   Қайта
құрастыру   кесулерін   су   қорғауға,   қорғанысқа,   санитарлы-
гигиеналық, сауықтыруға тағайындалған ормандарда жүргізу
қажет.  Әр күту  кесулері  түрлерін  кезекпен жасалған сайын
немесе орман шаруашылық мүмкіншіліктері сақталып қалған
кезде   (керекті   кездері)   алдағы   жасалатын   күту   кесулерінің
тапсырмаларының бір бөлшегі орындалып отырады.
Күту   кесулерін   жүргізу   үшін   көптеген   ағаштар
жіктемелері   жасалған,   олардың   ішіндегі   ең   көп   таралғаны
өсуі   бойынша   жіктеу   және   арнайы   соған   бағытталған
шаруашылық   –биологиялық   белгілері   бойынша   жіктеу.   Бұл
жіктеме   барлық   ағаштарды   3   түрге   бөледі:   ең   жақсы,
қосымша   (пайдалы)   және   жағымсыз   (кесуге   арналған)
ағаштар.
Ең жақсы ағаштарға сау, діңі түзу, толық сүректі, ұшар
басы жақсы дамыған даналарды жатқызады. Олар тұқымнан
пайда болған және І және ІІ , көбінесе ІІІ-ші өсу классындағы
ағаштардан   таңдалады.   Ең   жақсы   ағаштар   басты   ағаштар
болып табылады, себебі олар шаруашылық мақсаттарға сай
келеді. 
Қосымша   ағаштар.   Оған   бұталары   кесілген   ең   жақсы
ағаштардың түзу діңді, ұшар басы жақсы дамыған ағаштар
жатады.   Олар   топырақ   қорғау   және   топырақ   жақсарту
функцияларын   орындайды,   екпенің   кез   келген   бөлігінде
орналасады, көбінесе ІІ - қатар құрастырады.
Жағымсыз   ағаштар.   Ол   ең   жақсы   және   қосымша
ағаштардың ұшар басының өсіп дамуына өз септігін тигізетін
ағаштар(оратылады,   көлеңкелейді,   қысады).   Бұл   ағаш
түрлеріне суалмалы, сұламалы, қар сұлатпаға ұшыраған, өліп
бара жатқан, саңырауқұлақ ауруларымен және зиянкестермен
зақымдалған ағаштар жатады. Бұл ағаш түрлеріне қисайған,
ірі өгей бұтақтары қалыптасқан, яғни ірі бұталы және діңінің

қалыптасуы   ірі   ағаштар   да   жатады.   Кесуге   жарамды
ағаштарға: жағымсыз және қосымша ағаш тұқымдастары ең
басты   ағаштарға   қарағанда   шаруашылық   құндылығы   аз,
сонымен   қатар   өте   тығыз   өскен   жақсы   ағаштар   даналары
жатады.
Түзілген  ағаш  бітімінің  құрылысы  мен сапасына  ағаш
тұқымдастарының   орман   түзу   қасиетіне,   олардың   өсу
класстары   бойынша   бөлінуіне,   орман   түзу   жағдайларына
және т.б. жағдайларға байланысты ағаш шығымдығының әр
бөлігінен   ағаштарды   кесіп   тастайды,   осыған   баланысты   2
негізгі   күту   кесулері   әдіс   те   бөліп   көрсетеді:   төменгі  және
жоғарғы.   Бұл   күту   кесулері   әдістерін   қолдануда   ағаштарды
өсіруге реттеу типтері және ағаш бітімдерін қалытастыруға
құрам   жасау   мақсатында   белгіленетін   кесу   типтері
түсіндіріледі. Одан басқа ағаш іріктеу принциптері бойынша
көп мәні бар екпелер пайда болады, осыған байланысты ағаш
бітімінің вертикаль профилі құралады. Төменгі күту кесулері
әдісіне   бір   қатарлы   шымылдық   пайда   болады,   ал   жоғарғы
күту кесулері әдісіне – көп қатарлы шымылдық түзіледі (2
және одан көп қатарлар).
Төменгі   күту   кесулері   әдісіне   ағаш   діңінің   құрастыру
тапсырмаларын   және топырақ қорғау функцияларын негізгі
шымылдық   атқарады.   Сондықтан   ол   ашылмайды,   өйткені
ағаш шымылдығында «терезелерді» қалыптастыру болмайды.
Бұл   әдіс   таза   ағаш   бітімдерінде   жасалады,   ағаш   бітіміне
бағынышты   ағаштар   жойылады,   яғни   IV…V   өсу
класстарындағы   және   сирек   –   ІІІ   өсу   класындағы   ағаштар
жойылады. Егер І, ІІ кластың ағаштарының діңі қисық болса
әр   түрлі   зақымдануы   болса,   оларды   орманнан   алғанда,
жоғарғы   шымылдықтың   ашылуына   соқтырмаса,   оларды   да
кеседі. 
Жоғарғы   күту   кесулері   әдісін   көбінесе   аралас   ағаш
бітімдерінде   қолданады,   мұнда   жоғарғы   шымылдық
ағаштарын алып тастайды. Олар жағымсыз және екінші ретті
ағаш тұқымдастарымен, сонымен қатар ұшар басының пішіні
дұрыс   емес   және   діңінің   сапасы   төмен   басты   ағаштармен

сипатталады.   Бұл   әдіспен   қатар   ағаш   бітіміне   бағынышты
ағаштарға да күтім жүргізіледі. Жоғарғы қатары қайың мен
көктеректен   болған,   ал   ІІ   қатары   қылқанды   ағаш
тұқымдастарынан   құралған   ІІ   қатарлы   шыршалы   ағаш
бітімдеріндегі   күту   кесулері,   жоғарғы   күту   кесулері
принципіне мысал ретінде бола алады. Бұл жерде көлеңкелер,
ортайып   тұрған   жапырақты   ағаш   тұқымдастарын   кесу
арқылы   шыршаны   жоғарғы   қатарға   көтеру   мақсаты
көзделген. 
Орман   шаруашылық   практикасында   кешенді   немесе
біріктірілген күту кесулері әдістерін жиі пайдаланылуда. Бұл
әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп
жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы
күрделі   ағаш   бітімдерінде,   әсіресе,   шаруашылықта   құнды
ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл
жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай
ағаш   бітімдеріне   мысал   ретінде   ІІ   қатарлы   емен   ағашынан
құралған қарағайлы ормандарды алуға болады.
Орманды   күту   кесулерінде   төменгі,   жоғарғы   және
кешенді   кесу   принциптері   орманның   вертикаль   профилін
және іріктемелі немесе селециялық кесу тәсілдерін айқындай
түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір
ағаш   данасына   аса   көп   назар   аударылуы   қажет,   өйткені
осыны   қадағалау   арқылы   қол   еңбегінің,   дайындық
жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай
шығындарын   төмендетеді.   Сондықтан,   еңбек   шығындарын,
әсіресе,   машина   және   механизмдердің   шығындарын   азайту
үшін практикаға сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледі.
Сызықтық кесулер. Оны көбінесе жас өскіндермен жас
екпелерден   пайда   болған   жасанды   жас   ағаш   бітімдерінде
жүргізіледі.   Бұл   тәсілде   анықталған   бір   қатар   толығымен
кесіледі,  ал  қалған қатарларда  көбінесе  кесу  жүргізілмейді.
Мұндай территориялық кесу принципі тауарлық сүрек алуға
мүмкіндік   береді.   Практикада   ағаштарды   құлатып,
тасымалдау кезінде кез келген машиналар мен механизмдерді
қолдануға болады,  бұған қарағанда кесу  жұмыстарын және

технологиясын құрған жөн, себебі ол өсіп тұрған ағаштарды
аз зақымдайды. Сызықтық кесу  жұмыстары біраз тұрғыдан
ақталады, әсіресе, орман шаруашылық тұрғыдан, өйткені ол
көршілес   қатарлары   кесілген   және   арнайы   өсіруге
қалдырылған ағаштарының қоректену аумағы кеңейеді және
өсуге   қолайлы   жағдайлар   жасайды.   Осыдан   кейін   бірнеше
жылдан   соң   жасалатын   кезекті   кесу   жұмысында   қалған
қатарлар   жойылады,   ол   өз   кезегінде   басты   қолданыс
кесулеріне   дейін   өсірілетін   ағаштарға   қажетті   жағдайлар
жасайды.
Сызықтық кесулердің орман шаруашылық  кемшіліктері
де   бар.   Айтар   болсақ,   бұл   кесулер   кезінде   ең   жақсы
ағаштарда күту жұмыстары шектеледі, яғни соның кесірінен
ең   басты   ағаш   өскіндерінің   азаюы,   қар   көшкіні   мен   қар
сұлатпа   қауіпінің   күшеюі   байқалады,   жіңішке   өлшемді
ағаштар жойылмай қалады.                                         

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет