К. У. Базарбеков биология ғылымдарының докторы, профессор


Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата31.03.2017
өлшемі372,29 Kb.
#10846
1   2   3   4   5   6   7

4.2.Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз
орман екпелерін қайта құру
Құндылығы аз орман екпелерін қайта құру дегеніміз -
құндылығы аз орман екпелерін кесу және мәдени орман өсіру
тәсілдері   көмегімен   құндылығы   жоғары   екпелермен   орнын
ауыстыру. Қайта құрудың негізгі мақсаты – орман құрамының
құндылығын   жақсарту,   өнімділігін   және   табиғатты   қорғау
функцияларын жоғарылату.
Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман
екпелерін   қайта   құру   тек   қана   қандағашты,   тамыр   атпалы
көктеректі,   жас   бұтақты   қайыңдардың   орындарын   басады,
яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы
басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда
болған.   І   топқа   жататын   ормандардың   өте   жақсы   өсу
жағдайларын қамтыған құндылығы төмен отырғыларда қайта
құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында
болатын   орманның   ІІ     тобындағы   өскіндер   мен   тамыр

атпалардан қалыптасқан отырғылар жатады олар шымылдық
астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен биіктігі 0,5
метрден   биік   болып,   ауданда   біркелкі   орналасып   сүрек
діңдерді   сату   мүмкіндігі   болса.   Соңында   қалпына   келтіру
жұмыстары   ІІІ   топ   ормандарында   жүргізіледі.   Яғни   мұнда
сүректер   аз   кездеседі   және   шаруашылықта   бағалы   орман
ағаштарын   екпелермен   ауыстыру   жұмысының   нәтижесі
жоғары өнімділік бермейді. 
Әдетте   құндылығы   аз   екпелерде   қайта   құру,   біртекті
топтастыру,   бірқалыпты   қайта   құру   және   тегіс   қайта   құру
жұмыстары   жүргізіледі.   Олар   қайта   құратын   екпелердің
құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына байланысты, ең
бастысы   -   шымылдық   астындағы   шаруашылық   жағынан
құнды түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.
Жалпылап   қайта   құру   тәсілін   жиі   өскіндер   мен
тамыратпалар   тегі   бар   ұсақ   жапырақты   5-20   жылдық
өсімдіктерде   және   биіктігі   6-7   метр   болып,   шаруашылықта
құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе.
Бұл   жас   өскіндерде   ені   4-8   метрлік   ашық   жол   салынады.
Келешекте   ол   жолдарды   сиректетеді   немесе   тегіс   кесіп
тастайды.
Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20
жастық   толықтығы   бірқалыпты   емес   және   шымылдық
астындағы топтар 0,05 га дейін және шаруашылықта құнды
түрлері   бар   біртекті   ағаштарда   қолданылады.   Топтар   мен
біртекті   шашылған   дәндерден   өскен   ағаштардың   үстінен
сапасы   екінші   сатыдағы   ағаш   түрлері   кесіледі   немесе
шаруашылықта   құнды   ағаштарға   өсу   мүмкіншілігі
жақсартылады.   Ол   өсуді   нашарлататын   жапырақты
өсімдіктен арылуымен байланысты.
Бір   қалыпты   қайта   құру   -   шашылған   дәннен   өскен
ағаштардың   үстіндегі   шымылдықты   сиректетумен
байланысты   және   шаруашылықта   құнды   түрлерді   бірнеше
тәсілмен сақтауды жүргізеді. 
Құндылығы   төмен   екпелерде   тегіс   қайта   құру
жұмыстары   жоғары   қарқынды   орман   шаруашылығында

қолданылады   және   ол   өскіндердің   жоғарысындағы     ұсақ
жапырақты  тамыр атпалардан  дамыған ағаштарды жоюмен
байланысты,   олардың   ішінде   шаруашылықта   құнды   түрлер
болмауы   керек.   Жағымсыз   ағаштар   мен   бұталардан   арылу
«Секор»   бұта   кескішімен,   балтамен   және   ағаш   пен   бұта
өсімдіктерін   жоятын   арнайы   химиялық   заттармен,   яғни
арборицидтермен жүгізіледі.
Арборицид   ретінде   жүйелі   түрде   әсер   ететін
препараттар   қолданылады.   Жапырақтарға   түскеннен   кейін
жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді, сонымен қатар
таңдамалы   әсер   ететін   болып   келеді.   Яғни   жағымсыз
ағаштарды   (сұр   қандағаш,   көктерек,   қайың,   орманжаңғақ,
тал, т.б.) жойып, пайдалы (шырша, балқарағай, майқарағай,
қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.
Жағымсыз   ағаштармен   күресу   шараларында
қолданылатын   негізгі   арборицид   түрлеріне   амин   тұздары,
бутил   және   т.б.   эфирлер   2,4-Д,   пиклоран     препараттары
(раундап,   гармон,   т.б.),   вельпар,   гардоприм   жатады.   Бүрку
тәсілін   құрғақ,   тыныш   ауа   райында   таңғы   немесе   кешкі
сағаттарда, ереже ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және
қылқан жапырақтыларда өркендер  ағаштанғанда жүргізіледі.
Бүркіп   шашуға   ұшақтар   (АН-2,   АН-2М)   және   тікұшақтар
(КА-26,   МИ-2),   тракторлар   (орманда   қолданылатын
аэрозольді бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор
АГ-4Д-2),   сонымен   қатар   арнайы,   арқаға   салып   жүретін
бүріккіштер
 
(ОРП,
 
ОМР-2,т.б.)
 
қолданылады.
Арборицидтерді   ағаш   қабығына   жағу   арқылы   және   діңінің
камбиіне   енгізу   арқылы   да   қолданады.   Бұл   тәсілдерде
жаққыштар   пайданылады,   өңдеу   аппараты   (АБО-1)   және
сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), «Кобра» аппараты
қолданылады.
Орманды   күту   жұмыстарында   арборицидтерді
қолданғанда,     мыналарды   ескеру   керек.   Олардың   жоғары
токсинді  болуын, бірақ та адамдар мен жануарларға қауіпсіз,
ағзада   жиналмауын   және   вегетациялық   кезеңде   толық
ыдырауы қамтамасыз етілу керек.

Құндылығы   төмен   жас   ағаштарды   химиялық   өңдеудің
механикалық жоюдың алдында мына артықшылықтары бар,
яғни жұмыс және қаржыны аз шығындандырады. Жапырақты
жас   сүректерді   арборицидтермен   уландырғанда,   жағымсыз,
пайдасыз,   пайдасы   аз   ағаштар   біртіндеп   жойылады,   ал
өздігінен өскен қылқан жапырақтылар мен жас бұтақтар жаңа
қоршаған   ортаға   біртіндеп   бейімделеді.   Бірақ,   химиялық
өңдеуде   ұсақ   сүректер   пайдаланылмайды,   уақыт   өте   келе,
алайда көптеп қайта қалпына келтірілген екпелердің сыртқы
түрі   нашарлайды,   ағаштар   көптеген   саңырауқұлақ
ауруларымен   зақымдалу   қаупі   төнеді.   Ең   жаманы   топырақ
микрофаунасына, орман аңдары мен құстарына үлкен қауіп
төнеді.
4.3.Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі
кесу жұмыстарының технологиясы.
Орман   шаруашылығын   жүргізу   жұмыстары   халық
шаруашылығының   сұраныстарын   толық   қанағаттандыруы
керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және
т.б.   Жанжақты   қолдану,   сақтау,   орманның   көптеген
ерекшеліктерін   үлкейту:   орта   түзуші   қорғаныстық,   суды
сақтау,   санитарлы-гигиеналық,   эстетикалық   және   басқа   да
орманның   табиғи   қасиеттері   орман   шаруашылық
жұмыстарын   жүргізудің   басты   шарттары   болып   табылады.
Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы,
жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны
қолдану   негізінде   өнімділігін   арттыру   да   маңызды   орын
алады.
Орман   шаруашылығында   өндіріс   еңбектерінің
жоғарлауы   әрдайым     экологиялық   талаптарға   сәйкес
қолданылатын
 
машиналар
 
және
 
механизмдер
комплекстерімен   байланысты   болуы   керек.   Сонымен   бірге,
басты   қолданыстағы   кесу   жұмыстарында   көбінесе
ұжымдасқан кесу жұмыстарында ағаш сүректерін дайындау,
шығару   кезінде   орманның   экологиялық   жағдайына   қауіп
төнеді. Ол ауқымды жұмыстарымен байланысты - ағаштарды

құлату,   тасымалдау,   және   сортименттерді   қалыптастырумен
олар   орман   орталығын   сақтауға   қауіпті   жағдай   жасайды.
Орман кесетін жерде күшті және ауыр тракторлар, құлататын
және   бумалайтын   зор   машиналар   жиналады.   Сонымен
бұтақтарды   кесетін,   артатын,   тасымалдайтын   және   т.б.
құралдар қолданылады, олар орманның қалыптасатын және
қорғау   мағынасын   бұзады.   Орманды   құру   талаптары   мен
орманды   пайдалану   жағдайлары   арасында   қайшылықтар
пайда болады.
Көптеген қайшылықтарды азайту үшін орман табиғатын
аз   зақымдайтын   машиналар   мен   механизмдерді   қолдану
керек. Олар өзі өсетін және шаруашылықта құнды түрлерді
сақтап,   орман   топырағын   бұзбауға   мүмкіндік   береді.   Бұл
жағдайда технологиялық үрдісті дұрыс орындаудың маңызы
жоғары, өйткені өндірістік үрдістің негізі болып есептеледі,
және   орман   шикізатын   дайындауда   қолданылатын   тәсілдер
мен әдістердің орны мағыналы болады.
Ағаш   дайындау   үрдісі   үш   негізгі   кешеннен   тұрады:
орманды   кесу   ,   орманды   транспорттау   және   төменгі
қоймадағы   жұмыстардан.   Орман   шаруашылығында   ағашты
кесу   жұмыстары   үлкен   орын   алады.   Бұлар   ең   негізгі
операцияларды   (технологиялық   үрдістің   аяқталған   бөлігі
үзілмей бір жұмыс орнында жасалады, бір ғана жас бұтақ,
сортименттер   жасалады)   орындайды:   ағаштарды   құлату,
бұталарды кесу, кесу орнын тазалау, ағаштар мен бұтақтарды
тасымалдау   (технологиялық   үрдіске   байланысты),   ағаш
материалдарын сұрыптау, ағаштарды жинап қалау және ағаш
тасушы   транспортқа   жүкті   арту.   Бұл   жұмыстар   орманның
қоршаған   ортасы   өзгеруіне   әсер   етеді.   Себебі   топырақтың
тығыздалуы   байқалады,   шаруашылықта   құнды   тұқымдар
жойылады,   тамырлар   және   өсіруге   қалған   ағаш   діңдері
зақымданады және т.б. Орманның қоршаған ортасына мұндай
өзгерістер   тегіс   кесу   жұмысы   барысында   енеді   және   жаңа
орман   өсіргенде   пайда   болады,   ал   ескі   орманның
экологиялық әсері жоғалады. Орманның қоршаған ортасының
өзгеруіне кесу кезінде орындайтын - ағашты құлату, сүректі

тасымалдау   жұмыстары  көптеп  әсер  етеді.   Ал  экологиялық
ортаның өзгеруінде бұтақтарды кесу, сүректерді ағаш тасушы
транспортқа тиеу аса маңызды емес.
  Ағаштарды   құлату   технологиялық   үрдістің   алғашқы
операциясы болып табылады. Бұл ағаш түбін кесіп белгілі бір
бағытта құлатумен іске асырылады. Бұл тәсіл бұтақтарды әрі
қарай   жақсартады,   сонымен   қатар   бұтақтарды   кесуді,
ағаштарды   жинақтау   және   тасымалдау   жұмыстарын
жеңілдетеді.   Ағаштарды   құлату   жұмыстарының   бастысы   –
кесу, яғни бұл шараның барлық тәсілдерінде қолданылатыны,
бензинмоторлық  шынжырлы кесу құралдары (МП-5, «Урал-
2»,   гидроклин,   «Дружба-4»,   М-228,   «Тайга-214»,   «Кронд-
202») . 
Ағаш   дайындау   жұмыстарының   тәжірибесінде,   яғни
тегіс   кесуде,   ағаш   құлатуға   арнайы   технологиялық
жабдықтанған ағаш тасушы машиналар, бұл үрдістің толық
механизациясында кеңінен қолданылады. Мұндай машиналар
тек   бір   ғана   операция   орындауы   мүмкін   -   ағашты   құлату
(арнайы   бір   операциялық   машина)   немесе   технологиялық
үрдістің бірнеше операцияларын (көп операциялы машина).
Қолданылуына   байланысты   бірнеше   түрге   ажыратылады:
құлатуға арналған машиналар, құлатып тасымалдауға , құлату
– бумалау, құлату – бұтақ кесуші және т.б. тегіс беттегі орман
ағаштарына қолданылатын машиналар. 
Құлату   машиналары   (ВМ-4   және   т.б.)   тегіс   кесу
жұмыстарында   үлкен   ірі   ағаштарды   құлату   үшін
қолданылады,   әрбір   ағаш   қасына   жақындай   түскенде
өскіндерді де жойып жібереді. 
Құлату – тасымалдау машиналары (ВМ-4А, ЛП-17, ЛП-
49, ЛП-53 және т.б.) ағашты тек құлатудан басқа, оны буып
тасымалдаумен айналысады.
Құлатып   –   буатын   машиналар   (ЛП-19   және   т.б.)
ағаштарды   кесіп   арнайы   құралда   немесе   жерде   оларды
жинақтау үшін қолданылады.
Ағаш   кесуде   негізгі   технологиялық   процесс   ағаш
тасымалдау   ісі   болып   табылады.   Яғни   ағаштарды,

бұтақтарды құлату жернен жүк арту пунктіне дейінге апару.
Тасымалдау   жұмыстарына   тракторлар,   құлату   –   тасу
машиналары, т.б. машиналар қолданылады. Бумалар мен жас
бұтақтарды
 
жинауда
 
технологиялық
қамтамассыздандырылған   арнайы   тракторлар   пайдалынады.
Тракторлар   арасында   ТДТ-55   және   ТТ-4     кеңінен
қолданылады.   Олар   жылдың   4   кезеңіне   де   жарамды.   Олар
ағаш   қалдықтарынан,   құлатпа   үйінділерінен,   түбірлерден
жасалатын кедергілерден оңай өтеді. 
Чокерсіз   ағаштарды   тасымалдауда   гидроманипуляторы
бар   тракторлар   ТБ   -   1   және   ЛП-18   қолданылады,   ондағы
көтерушінің   ұзындығы   5,5   м.   Бұл   тракторларды   құлату,
бумалау   машиналарымен   бірге   қолданады.   Мысалы   ЛП-19
бен бірге.
Ылғалды   топырақтарда,   яғни   батпақты   ормандарда
ағаштарды   тасу   үшін   ауыр   жүк   таситын   шығырлы
қолданылады.   Олар   арнайы   жабдықтармен   қамтамассыз
етілген. 
Таулы   жер   ормандарында   ағашты   құлату   үшін   жазық
далада   қолданылатын   бензиндік   араларын   қолданады.
Жардың   шатқалдығы   20%-ға   дейін   жерде   ағаштарды
тасымалдау үшін жазық жерде қолданылатын тракторлар іске
қосылады. Ал топырақтың құндылығы аз және шатқалдығы
тік жерлерде арнайы қондырғылар қолданылады (ЛЛ-25, ЛЛ-
24, ЛЛ-26А, ЛЛ-26Б, ЛЛ-2 және т.б.).
4.4.Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас
ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары
Орман   алқаптарында   қолданылатын     басты   кесуде
жоғары  
  өнімді   технологияларды   пайдаланғанда,
шаруашылықта   құнды   түрлердің   өзі   өсетін   жас   өскіндерін
сақтауды   да   ойластыру   керек.   Сонымен   қатар   топырақты
сақтаудың   да   мағынасы   мол,   себебі   экологиялық   ортаны
жақсартатын   және   орманның   қолдан   қалпына   келтіруі
ойланыстырылады.

Технологиялық үрдісте ерекше орынды машиналар мен
механизмдер   алады.   Олардың   негізінде   ағаш   кесу
жұмыстарының технологиясы жасалады; кесу жұмыстарында
соңғы өндірістік операциялар маңызды орын алады; өскіндер
мен   жас   бұталардың   негізгі   маңыздылығын   сақтауда   ағаш
кесу   операцияларының   құрамы   мен   қалыптасуына   келесі
технологиялық деңгейлер қолданылады. 
1) Құлату-тасымалдау – ағаштарды тасушы транспортқа
тиеу. Бұл схемада төменгі қойма қуаты жылына 100 мың м
3
сүректен   көп   болса   (ағаштарды   дайындаудағы   негізгі
цехтардың   бірі;   бұл   орманда   жалпы   бастапқы   өңдеу   мен
уақытша   сақтауға   арналған,   сонымен   қатар   әрбір   бөлімді
қайта   қарау   мен   өнімді   тұтынушыға   түсіріп   беру   қызметін
атқарады)   іске   асады.   Ағаштың   басы   мен   бұтақтардың
утильдену мүмкіндігі бар. Машиналар көмегімен ағаш құлату
жұмыстарын   қолмен     істеуден   босатады.   Ал   бензин
араларымен кесу және тасымалдау жұмыстары қолмен еңбек
еткенді талап етеді.
2) Құлату, ағаштардағы бұталарды жүктеу. Бұл түрі де
бірінші деңгейдегі сияқты барлық өндірістік операцияларда
толық механизацияландыруды қажет етеді. Өскіндер мен жас
бұталардың сақталуы, кесу жұмыстарында ағаштарды құлату
мен тасымалдау әсіресе бұталарында 60...70% аз болмайды. 
3)   Ағаштарды   құлату   -   бұталарды   кесу,   бұталарды
тасымалдау   –   жүкке   арту.   Бұл   схема   бойынша
бензинмоторлық     кескіштер,   арнайы   тасушы   тракторлар
(ауыр   жүк   тасымалдайтын   шығырлар,   чокерлер)
қолданылады.   Технологияның   бұл   түрі,   тегіс   кесу   ішінде
негізгісі   болып   табылады.   Өскіндер   мен   жас   бұталардың,
ағаштардың сақталуын қамтамассыз етеді.
4) Құлату – ағаштарды тасымалдау – бұтақтарды кесу –
бөлшектеу   (бұтаны   бөренеге,   т.б.   бөлу).   Сортименттерге
бөлшектеу – жүкке арту 1- ші және 2-ші түрдегі схема тәрізді.
Тракторлық   тасымалдауда   өскіндердің   сақталуын
қамтамассыз   етеді.   Тұтынушыға   сортиментті   жеткізудің
тәсілдерін шығарады.

5)   Ағаш   құлату   –   бұталарды   кесу   -   бөлшектеу-
сортименттерді тасымалдау және жүкке арту қол еңбегін көп
керек   етеді.   Дегенмен   жас   бұталар   мен   өскіндер   жақсы
сақталады.
Орман пайдалану тұрғысынан қарасақ, ең тиімдісі 1-ші
және   2-ші   түрдегі   схемалар   болып   табылады.   Себебі   олар
кесу   жұмыстарының   механизациялауын   қамтамассыз   етеді,
кесу кезіндегі ауыр жұмыстарды қолмен  істеуден арылтады.
Бірақ   жас   бұталар   мен   өскіндердің   жақсы   сақталуын
төмендетеді.   Сондықтан   еңбек   және   кесу   жұмыстарына
шығынды   аз   қажет   ететін   орманды   қалпына   келтіретін
машиналар   мен   технологиялық   үрдістерге   көп   мән   берген
жөн.
Орман   құру   тәжірибесінде   басты   кесу   жұмыстарында
қолданылатын   көптеген   нақты   технологияларының
сызбалары   белгілі.   Технологиялық   сызбалардың   көптеген
түрі   трактормен   ағаш   тасуға   негізделген,   аз   түрі   басқа
тәсілдерге   (ауыр   жүк   тасу   шығырлары,   құлатып
тасымалдайтын машиналар және т.б.) негізделген.
Кесу жұмыстарының алдында дайындықтар жүргізіледі,
яғни   соқпақтарға   бөлу   (кесу   жұмысының  бір   бөлігі,   мұнда
ағаштар мен бұталар, сортименттер тракторлармен сүйретіліп
тасымалданады)   және   соқпақта   ысырмалап   тасымалдау
(ағаштардан   тазартылған   транспорттық   жолақ,   яғни
ағаштарды   кесу   орнынан   жүкке   арту   орнына   дейін
тасымалдау жолы).
Тегіс   кесу   жұмыстарында   трактормен   тасымалдауда
магистральді   тасымалдайтын   ысырмалардың   ені   6...7   м
соқпақтарда   -5   м,   біркелкі   және   таңдамалыда   -4   м   болуы
керек. Бұл жас бұтақтар мен өскіндердің жақсы сақталуына
әсер   етеді.   Соқпақтың   ені   кесілетін   ағаштың   орташа
ұзындығына,   ағашты   құлату   мен   тасымалдауға,
қолданылатын машиналар мен механизмдерге, сонымен бірге
ағаш дайындау кезеңдеріне байланысты анықталады. 
 

4.5.Орман күтіміндегі механизациялық және
технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
 
    Күтімдік   кесу   жұмыстарының     технологиясын,
механизациялауын ұйымдастыру сұрақтары өте күрделі. Жас
ағаштарда
 
жүргізілетін
 
күтімдік
 
кесулердің
механизациялауының   деңгейі   әзірше   төмен,әсіресе
тасымалданатын   ағаштарда,өйткені   кесілген   өрім   талдардың
көлемі өте аз.Жарықтандыру және тазалау жұмыстары кезінде
көбінесе шырпылар (ағаштардың жұқа діңдерінің қалыңдығы
4   см   дейін,   ұзындығы   2-ден   6   м-ге   дейін,   сонымен   қатар
жоғарғы жағы кесілген, бұтақтар және бұтақшалар), қолайлы
жағдайда   ұсақ   тауарлы   сүректер   кесіледі,   олардан   тек
сырғауыл, қадалар (жұқа ағаш діңі немесе олардың жоғарғы
жағындағы кесіндісі қабықсыз болғандағы қалындығы 3-7 см
және ұзындығы 3-6,5 м-ге дейін). Сондықтан жас ағаштарда
күтімдік кесулерді жүргізгенде машиналар мен механизмдерді
мүлдем қолдануға болмайды. 
      Қазіргі   уақытта   күтімдік   кесу   жұмыстар   технологиясы,
оларды   жүргізуге   арналған   машиналар   мен   механизмдерді
өңдеп   жатыр,   яғни   олар   тұтастай   және   нақты   жұмыс
операцияларын   орындауы   керек.   Орман   шаруашылығында
күтімдік кесу жұмысына арналған орман кесуші машиналары
негізгі   операцияларды   орындайды:   ағаштарды   құлату,   бұтақ
пен   бұтақшаларды   кесу   және   орманды   тасымалдау   мықты
дамыған бұтақтарын бөлу. 
      Күтімдік   кесулердің   басты   мәселесі   –   шаруашылықта
маңызы бар жас ағаштардың жұмсақ жапырақтылармен өсіп
кету кезінде орманды кесу жұмыстарын механикаландыру. Бұл
тұқымдарды   жою   үшін   мотоагрегат     «Секор»   қолданылады,
оның көмегімен нашар ағаштар мен диаметрі 15 см-ге дейінгі
талдар кесіледі. Дақылдарда дөңгелегі бар жарықтандырғыш –
талкесуші   КОМ-2,3,   шынжыр   табанды   КОГ   –   2,3   және
жарықтандырғыш каток КОК – 2 «Секорға» қарағанда 8-10 есе
өнімді жұмыс істейді.Жарықтандырғыш тал кесуші КОМ-2,3
диаметрі   5   см-ге   дейін   нашар   сүректер   мен   талдарды

кесіп,оларды ағаш дақылдар арасына жатқызады, ал КОГ-2,3
жарықтандырушы   катогі   дақылдардың   арасымен   жүргенде
ағаштар мен талдарды жерге қарай майыстырып, диаметрі 5
см-ге   дейін   кесіп   және   біртіндеп   бөледі.Жолақтық   тәсілмен
отырғызылған   жас   емендерде   күту   жұмыстарын   жүргізгенде
роторлық   РКР-1,5   кескіші   қолданылады,   ол   жағымсыз
өсімдіктерді кесіп, ұсатып жаңқаға айналдырады.
      Ормандағы   технологиялық   жолдарды   дайындау   үшін
(технологиялық құралдардың орналасқан және жүретін орны),
соқпақта   таңдап   кесу,   ағаштар   бумаларын   қалыптастыру,
транспорттық   жолға   жақындатып   және   дайындауға
электрленген   ЭЛХА   орман   шаруашылық   агрегаты
қолданылады.   Ол   агрегат   өзі   жүретін   Т-16М   шассиінде
орналасады   және   2   электрлі   арамен   жабдықталған,   олар
ағаштарды   бұталар   мен   бұтақшалардан   арылтады,   сонымен
қатар оларды сортименттерге бөледі.
     Жас дақылдарда сызықтық сирету жүргізу үшін бумалап-
кесуші   РПР-1,ал   таңдау   кезінде   кесуші   комбайн   КРМ-1
қолданылады.   Өзі   жүретін   мотоагрегат   СМА-1   сирек
қолданылады,   ол   арқылы   қалыңдығы   2-18   см-ге   жететін
ағаштарды кеседі.
   Қысқа мөлшерлі сүректер мен шірпілерді тасымалдау үшін
тасымалдау құралын ТПР-1, тасымалдауға көмектесетін тросс
сүйрегішті ЛТ-400 және т.б. қолданылады.
      Бұтақтар   мен   бұтақшаларды   кесу   үшін   бензин   моторлы
бұтақ кесуші БС-1 қолданылады, оның көмегімен диаметрі 15
см-ге
 
дейін
 
өсетін
 
ағаштарды
 
кесуге
болады.Механикаландырылған   контулы   кесушіні   қолдану
негізінде   2-4   метрлік   ағаштар   бойындағы   бұтақтар   мен
бұтақшаларды кесу үшін қолданылады.
      Орта   жастағы   және   пісіп   қалған   сүректерде   сиректету,
сонымен қатар санитарлық, жолақтық кесулер қолданылатын
жерлерде   машиналар   қолдану   жұмыстары   жеңіл   жүргізіледі.
Басты күтімдік кесулердегідей, оларды құлату үшін бензинді-
моторлы   араларды   қолданылады.   Орманды   тасымалдау   үшін
сүректерді тасымалдауға арналған тракторлар, тасуға арналған

құрылғылар   қолданылады.   Сонымен   қатар   басты   күтімдік
кесулердегідей   машина   мен   механизмдер   қолданылады.
Келешекте орманды тасымалдау үшін телескопты манипулятор
тасымалдауышы   МТТ-10,   гидроманипулятор   ЛВ-184,ЛВ-185
қолданылады.
   Орман күтімдік кесу жұмыстарына арналған технологиялар
және   олардың   орындалы   барысы   орман   үшін   маңызды   рөл
атқарады.   Күтімдік   кесу   жұмыстары   ағаш   бітімінің
тұрақтылығын   сақтап   қана   қоймай,   оның   бағалығын   басты
қолдану   жасына   көтеру   керек.Күтімдік   кесулерге   арналған
учаскелер магистральді және тасымалдаушы сүйретпелер өте
алатындай   аралықтарға   бөліну   керек.   Технологиялық
жолдардың   ені   3-5   м-ден   аспауы   үшін,   оларды   орман
жолдарымен,   визирлермен,   соқпақ   жолдармен,   табиғи
алаңқайлармен дәлдеу керек. Аналогиялық тәсілмен тиелетін
орындар дайындалады, олардың ауданы 0,20 га (40*50) аспауы
керек.Механикадандырылған   бригада   жұмыстары   үшін
учаскелер ауданы өндірістің жағдайы бойынша анықталады: ең
бірінші   таксациондық   өлшем,   тасымалдаудың   орташа
аралығы, ол 500 м-ден аспауы керек, ең жақсысы ол 300 м.
      Орманның   күтімдік   кесуіне   арналған   технологиялық
орманды   кесу   жұмыстары   ағаштардың   бұтақтары   мен
тамырларының   аз   зақымдалуын   қамтамасыз   ету   керек.
Технологиялық орман кесу жұмыстарының орм ан өсірушілік
және   экономикалық   бағалығы   және   қолданылуы
технологиялық   тордың   басымен,   санымен,   параметрлерімен,
дайындалған   және   тасымалданатын   шикізаттың     түрімен,
техникалық   құралдармен   жағымсыз   ағаштарды   алып
тастаумен   анықталады.   Орман   шаруашылық   тәжірибесінде
технологиялық   сызбаларды   қолданылады,   оның   негізгісі
аралықтардың ені, күтімдік кесудің және отырғылардың түрі
болып   табылады.   Олар   арқылы   күтім   жүргізіледі:   жалпақ,
орташа, жіңішке.
 
 
 Жалпақ   аралықты   технология  тазалау   және
жарықтандыру   жұмыстарында   қолданылады.   Ең   алдымен
технологиялық   жолдар   кесіледі,   олардың   ені   2-2,5   м,   ал

арасындағы   аралық   80-120м.   Технологиялық   жолдарға
тасымалдаушы   визир   аралығы   20-25м,   ені   0,8-10м
орнатылады.   Жас   ағаштарды   біркелкі   сиретеді,   ал
хмыз(жіңішке шыбық ұзындығы 2м дейін), орташа және үлкен
шыбықтар,   сонымен   қатар   ағаштарды   визирлерге
тасысмалдап,   бумаларға   жинайды.   Ол   бумаларды   жүк
ауданына шығарады. Технологиялық жолдарда сүйрегіштермен
тасымалданатын   ағаштарды   құлату     және   шыбықтарды   кесу
үшін орман шаруашылық агрегаты ЭЛХА, қол моторлы құрал
«Секор»,   бензинді-моторлы   ара   «Тайга   -214»   және   т.б.
қолданылады.Шөпшектер   мен   ағаштарды   тасымалдау   үшін
ауыр   жүк   таситын   шығыр   ЛТ-400,   ал   технологиялық
жолдармен     бумаларды   тасымалдау   үшін     тасымалдайтын
құрылғылар ТПР-1,ПТН-0,8 агрегатты траторлары  Т-40,МТЗ-
80/82 қолданылады. 
   Жалпақ аралықты технология сирету мен күтімдік жолақтақ
кесулерде   қолданылады.   Ағаштарды,   шыбықтарды,
сортименттерді   технологиялық   жолдармен   тасымалдау   үшін
ауыр   жүк   таситын   шығырды   ЛТ-400,   ЛТ-600   пайдаланады.
Орманшылық және экономикалық көзқарас бойынша жалпақ
аралықты технология орманды кесу жұмыстарына, кәсіпорын
аудандарына, орман ортасына аз зақым келтіреді.
      Орташа   аралықты   технология  бір   және   екі   есе   биік
аағаштар   үшін   2   нұсқада   қолданылады.   1-ші   нұсқада
аралық,ендік бойынша 1,5-2 есе (40-65м) биік ағаштарды және
шыбықтарды   тасымалдайды.   2-ші   нұсқада   жолақ   ендігі
бойынша   1-1,5   есе   биік   ағаштар   (26-40м)   қолданылады.
Шыбықтар   мен   ағаштарды   бумаларға   орап,   тасымалдайды.
Орташа аралықты технология көбінесе сирету және жолақтық
күтімдік   кесулерде   пайдаланылады.   Мұнда   орманды   кесу
жұмыстарына     арналған   машиналар   мен   механизмдер
қолданылады.
     Жіңішке аралықты технология 16-25 м биіктікті ағаштар
үшін  қолданылады.  Бұл  технологияда  сирету  және  жолақтақ
кесулерді жүргізу үшін құлатып, бумалайтын машиналар ЛП-2
мен   тракторлар   ТДТ-55   қолданылады.   Машина   максималды

ұшуы
 
10,5
 
м
 
жететін
 
манипулятормен
қамтамасыздандырылған.
    Технологиялық үрдіс құлатып- бумалайтын машиналармен
жүргізіледі.   Учаскені   өңдердің   алдында   сирету   немесе
жолақтық   кесу   алдында   визирлер   қолданылады(түзу   жолақ
ағаштарды   белгілеумен   анықталады),   бал   жинайтын   жерлер
ағаш   бітімінің   биіктігіне   байланысты   16-дан   25   м-ге   дейін.
Содан   кейін   ЛП-2   машинасы   белгіленген   визирлермен
технологиялық жолдар жасайды, ені 205-3 м, сонымен қатар
жоятын   ағаштарды   8-10   метрлік   жалпақтығымен   кеседі.
Учаскелерді өңдеу жұмыстары арғы шетінен бастайды, себебі
бумаланатын көлемі 2,4-4 м
3
 ағаштар технологиялық жолдарда
жиналып, Т-157Л тракторымен тасымалданады. 
      Жіңішке   аралықты   технологиясында   Лп-2   машинасы
қолданылып,   құлатпау   әдісі   меңгеріледі.     Кесілген   ағаштар
көтеріліп   тік   қалпында   машинаға   апарылады   және
қалыптастырылған   құралдармен   артылатын   алаңға
тасымалданады.
      Тоқсандық   кесу   әдісі   күту   жұмыстарының   түрлерімен
әдістерінен қалыптастырылады, сонымен қатар басқа да орман
шаруашылық   іс-   шараларымен   біріктіріледі,   өйткені   орман
шаруашылық типтері біркелкі тоқсандарды немесе блоктарды
дайындау   басқа   орман   шаруашылық   іс-шараларына   жатады.
Оған   жататындар   басты   кесу   учаскені   тағайындаумен
байланысты, яғни технологиялық жолдарды белгілеумен, арту
жұмыстарын   анықтап,   технологиялық   карта   құрастырады.
Сонымен   қатар,   тоқсандар   немесе   блоктар   тиеледі   де
технологиялық жолдармен тасымалданады.
     Орманды күту жұмыстарындағы механизацияны қолдану
орман   шаруашылығында   күрделі   мәселе.   Сондықтан   жаңа
машиналар мен механизмдерді жаңа негізбен дайындау керек,
олардың   көмегімен   жаңа   отырғыларды   отырғызып,   кесілген
ағаштарды   құлатпай   өсімдіктер   арасынан   тиімді   алып,
маңызды орман шаруашылық іс-шараларын жүргізуге болад.
 
 
  Шет   мемлекеттерде   (Швеция,   Дания,
Великобритания,Франция,Германия,Финляндия,Канада,США

және   т.б.)   орманды   күту   технологиялары   өңделіп   жатыр,
В.Г.Атрохин және И.К.Иевень айтуы бойынша технологиялар
2   бағытпен   жүргізіледі:   биотехникалық   және   техникалық.
Биотехникалық бағыттағы тазалау және сирету жұмыстарында
механизация құралдарын қолдану орман шаруашылықты  және
орман қорғау ережелерін сақтау қатаң бақыланады. Ең басты
мақсат – ол ағаш сүрегінің массасының өсуі, өсірілетін ағаш
сүрегінің сапасы мен санын өсіру. Техникалық бағытта негізгі
мақсат – ол күтімдік жұмыстар кезінде механизмдерді тиімді
пайдалану, сонымен қатар, ерте жастағы коммерциялық ағаш
сүректерін   алу,   өйткені   жіңішке   ағаш   сүректері   кеңінен
қолданылады.
      Күтімдік   кесу   жұмыстарындағы   орындарды   тазалау
жұмыстары бірте-бірте және таңдаулы кесу жұмыстары сияқты
іске  асырылады.   Күтімдік   кесу   жұмыстарындағы   орындарды
тазалау   барысында   шаруашылық   үшін   өте   бағалы   ағаштар,
яғни өсіру  үшін қалдырылған ағаштарға  өте көп көңіл  бөлу
қажет.Кесілген   ағаш  қалдықтарын  бүкіл   жерге  шашуға  және
ұсатуға болады.
   Күтімдік кесу жұмыстарының маңызы мен рөлі үздіксіз өсе
береді. Бірақ олардың орындалуы, көлемдерді кеңейту үлкен
қиындықтармен   байланысты,   олар   орманды   күтуді
механизациялаудың   деңгейінің   төмендігі,   әсіресе,   жас
орманда,   орман   кесу   жұмыстарының   технологиясы   нашар
дамығандығы   және   кіші   көлемді   төмен   сапалы   ағаштарды
өндірудегі   іс-шараларында.   Сондықтан   төмен   тауарлы   ағаш
сүректерін   кеңінен   қолдану   күтімдік   кесу   жұмыстарында
маңызы ерекше.
4.6. Кескен орынды тазалау
 Яғни орман кесу жұмыстарының соңғы жұмысы. Оған
кеспе   ормандарды,   кесіп   тасталған   ағаш   қалдықтарынан
тазалау,   жаңартуына   және   ағаш   тұқымдарының   өсуін
қамтамасыз ету, өртке қарсы ескерту және аурудың дамуын
азайту,   орманның   жұмыстарына   жатады.   Жаңа   өскінді
қосымша   іс-шаралар   мен   ұйымдасқан   техникалық

жағдайларда   кеспе   жұмыстарында   сақтап   қалады.   Мал
жаюды, уақытша ауыл шаруашылығында қолданылуы, жерде
өсімдік қалдықтарынан тазалауды реттеу жұмыстары жатады.
5.Шайыр заттыларды және орманды қосымша
пайдалану.
5.1. Шайыр заттылар
Орманды тірі  кезіндегі  қолданудың  бір  тәсілі  ол  шайыр
заттыларын алу,                                                
             Яғни     қарағай, майқарағай, самырсын,   кейде шырша
ағаштарын   әдейі   жарақаттау   арқылы   табиғи   шайырлы   зат
алады. Қайың, үйеңкі ағаштарына жасанды жарақаттағанда –
қантты   шырын,   ал   торпикалық   каучукты   өсімдіктерден
(Бразильдік   гевея,   эластикалық   фикус   және   т.б.)-   латекс-
ерекше сүттенген сұйықтық алынады.
         Сағызды орман – химиялық өңдеуден өткізгеннен кейін,
одан бағалы конифоль және скипидар заттарын алуға болады,
оларды   көбінесе   халық   шаруашылығында   және   химиялық
өнеркәсіптерде     шикізат   ретінде   қолданады.   Негізгі
қолданушылар, ол – қағаз шығаратын, электро – техникалық,
резеңке, лак, пластмасса, азық-түлік шығаратын өнеркәсіптер.
Скипидар халық медицинасында, химия формацевтикасында,
тоқыма, порфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
      Шайыр  заттылар   –   дегеніміз   ол   бонитеті  төмен   қарағай
діңдерінен   шыққан   сағыз   және   шайырланған   жері.   Сағыз
алудан   басқа,   бұтақтардың   шайырлануын   жоғарлату   іске
асырылады,   олар   шайыр   скипидарлы   және   экстрационды
өндірісте құнарландырылған сығынды алу үшін қолданылады.
      Шайыр   заттыларды   алу   үшін   қарағай   бұтақтарының
учаскелерін   дайындап,   оларды   кеседі.   Бұл   учаскелерді   ағаш
қабығын     кесу   деп   аталады,   мұнда   ағаш   қабығын   кесуге
арналған  құралды   орнатып   және   вегетация   кезеңінде   шайыр
заттылар   алу   уақыты   арасында   жаңартулар   еңгізеді.   Ағаш
қабығын   ені   бойынша   кесу,   ағаш   қабығын   жаңарту   деп

аталады.   Жаңартуларды   еңгізудегі   еңбек   үрдісі   –   көтеру,   ал
оны жүргізушіні – көтеруші деп атайды.
      Бір   жерде   және   бір   ағаштың   кесілген   қабығындағы
күнтізбелік   күндердің   2   кезекті   көтерулердің   уақыт   арасы   –
көтерулердің іркілісі, ал учаскелерде бір көтеруді қолданса - ол
айналма жол деп аталады. Қарағайдан шайыр заттыларды алу
үшін оған ашық сыртқы жарақат еңгізеді, мұнда 2 тәсіл белгілі,
жоғарғы және төменгі, химиялық шайыр шығуға, шайыр пайда
болуға жағдай жасау іс-шарасы  және шайыр заттылар шығару
іс-шаралары.   Ағаш   қабығын   кесудің   жоғарғы   тәсілі
бұтақтардың   қабығын   жоғарыдан   кесе   бастауымен
сипатталады.   Бұл   тәсіл   тәжірибиелерде   көп   қолданылады,
әсіресе, Шығыс Сібірде. Ағаш қабығын кесудің төменнен кесу
тәсілі  ол   бұтақтардың   қабығын   кесу   оның  алдында   кесілген
жерден төмен орналасды.
            Химиялық   шайыр   шығару   және   шайырдың   пайда
болуына жағдай жасауға химиялық заттар әсер етеді, мысалы,
хлорлы   ақтас,   күкірт   қышқылы,   бардян   концентраты,
тұндырма, азық-түлік ашытқы концентраттары және т.б.   Бұл
реагенттер   сұйық   және   қою   күйде   паста   түрінде   ағаш
қабығының  кесілген   жеріне  еңгізіледі   және  қарағай  сүрегіне
сіңеді, содан кейін ұзақ және мол шайыр ағады.
      Диаметрі   6   см   және   одан   жоғары   ұсақ   ағаштарда   және
піскен,   тұрып   қалған   қарағайларда   шайыр   заттылар
шығарылады.   Бұл   тәсілдің   ерекшелігі   ол   ағаштарда   аудан
бойынша ірі жарақаттар жасалынады, одан сағыз шығады және
ағаш сүрегі шайырланады. Шайырланған ағаштарды шайырлы
заттылар алынғаннан кейін кесіп тастайды.
      Орманнан   шайырлы   заттыларды   алу   әлі   күнге   дейін   ең
қиын   механикалық   үрдіс   болып   табылады,   сондықтан
механикалық үрдістер ең басты мәселе. Бір ағаштан бір ағашқа
көшу   қолдан   жаңартулар   еңгізу,   сағыздарды   жинау   көп
уақытты   талап   етеді.   Сондықтан,   тек   өндірістік   жұмыстар
үшін жұмыс уақытынан 15-20%   қана кетеді. Осы сұрақтарға
байланысты   шайырлы   заттыларды   алу   механизациясы,   оның
химизациясы   орман   химиялық   өнеркәсібінің,   орман

шаруашылық   экономикасының   және   орман   өндірісінің
жұмыскерлерінің көңіл аударуын керек етеді.
   Шайыр заттыларын алу үшін арнайы шикізат базасы қажет,
олар өз кезегінде қарағайлы отырындылар болу керек. Ресейде
шайыр   заттыларын   алу   үшін   шикізат   базасында   негізінен
піскен және тұрып қалған қарағайлы ағаш бітімдер, сонымен
қатар 40%   бонитеті жоғары   (I-III) қарағайлар да бар. Ондай
отырындылар, II және III орман   топтарында орналасқан, ең
басты   кесуге   дейін   шайыр   заттылар   алыну   керек.   Көбінесе
шайыр заттыларын алынуы 10 ж ішінде, кейде ұзақ мерзімге –
15   ж   дейін   созылады.   Осы   мерзімнен   кейін   қарағай   ағаш
діңдері   ең   басты   күтімдік   кесулерге   жатқызылады.   Қысқа
мерзімдік   шайыр   алғанда   (5   ж   дейін)   ағаштар   ағаш
қабықтарымен   қарқынды   жабылады.   Қарағайдан   басқа,
самырсын,   шырша,   үйеңкі,   балқарағай,   және   қайыңдарды
шайырландырып,   майқарағай     сағызын   алады.   Самырсынды
шайырлау     қарағайды   шайырлаумен   ұқсас,   ал   шырша   мен
балқарағайдың     үлкен   емес   өлшемде   кеседі,   себебі,   шырша
кесулерге өте сезімтал және тез ауырып қалды, сонымен қатар,
шайырды   аз   береді.   Шыршалы   сағыз   скипидарды   қарағайға
қарағанда   аз   береді.   Кепкен   шыршалы   сағыздарды   жинау
көбінесе     тайгалық   зонада   жүргізіледі,   егер   са,ыз   бұтақтың
сыртына кездейсоқ жарақаттар әсерінен шықса және ауада көп
уақыт   болса,   құрамындағы   скипидарды   жоғалтып,   қатты
массаға   айналады.   Майқарағайдан   сағыз   алу     үшін   оның
қабығындағы   түйіндерді   жинау   керек,   өйткені   оның   ағаш
сүрегінде   шайырлы   жүрістер   жоқ,   олар   тек   қабықта   және
қылқанда.   30-40   см   биіктіктегі   үйеңкіні     және   қайыңды
шайырлау   үшін   топырақ   жоғарғы   бетінен   3-4   см   тереңдік
бойынша саңылау теседі, оған ағаш науа еңгізеді, олар арқылы
шырын     шырынқабылдағышқа   қарай   ағады.   Ол   көбінесе
көктемде шығады және құрамында 2,5 дейін қант болады.
5.2.Орманды қосымша қолдану.
                 Орман тек ағаш жабдықтаушы ғана емес. Ол ағаш
тектес емес ресурстар, әр түрлі және бағалы өнімдер береді,

оны орманды қосымша қолдану дейді. Оған шөп шабу, мал
бағу, омарта   мен ара ұялары, ағаш шырындарын дайындау,
жабайы   өсетін   өсімдіктердің   жемістерін,   саңырауқұлақ,
алмалар,   дәрілік   өсімдіктер   мен   техникалық   шикізаттарды
дайындау   және   жинау,   мүк   жинау,   құлаған   жапырақтарды,
қамыстарды,   рогоза   (көпжылдық   батпақты   шөп)   және   т.б.
жинау жатады.
   Орманды қосымша пайдаланудағы  ең көп тарағаны ол шөп
шабу мен мал бағу. Орманда үй хайуанаттары қоректенетін
шөптесін   өсімдіктердің   учаскелері   өте   көп.   Бұл   учаскелер
өзен   жағалауларында,   орман   бұлақтарында,   төмендетілген
жерлерде және т.б. орналасқан. Одан басқа, жапырақты ағаш
сүректерінің   асты   шөптерге   өте   бай,   олар   толық   және   өте
тығыз   болып   келеді.   Биік   толықтанған   жапырақты   ағаш
сүрегінің   (0,8-0,9)   астында   дымқыл   шөптер   өнімі   –   0,2-0,3
т/га,   ал   төмен   толықтанғандарда   (0,3-0,4)   –   1,8-2,8   т/га.
Қылқан   жапырақты   ормандарда   шөптердің   өнімі   1,5   есе
төмен.
   Ағаш егу үшін кесілген жерлерде орнату және орманды егу
алдында   аз   уақыт   аралықты   (3   жылға   дейін)   немесе   көп
уақыт   аралықты   (3-10   ж)   қолданады,   ал   шөп   шабу   үшін
күнделікті   қолдануды   қолданады   және   үйінде   малдары   бар
адамдар жерлерді бөліп алады. Шөп шабу үшін орман билеті
негіз   болып   табылады,   мұнда   жер   иесінің   міндеті   және
құқығы анықталады.
    Мал бағу шөп шабу сияқты орман аудандарында маңызды
рөл   атқарады.   Екпелердің   арасында   шөптер   көп   жерлерде
бағады. Малды жаңадан қалыптастырылған ормандарда және
жас дақылдар арасында бағуға рұқсат етілмейді.Мал бағуға
болмайтын  жерлердің  ең негізгісі ол  шаруашылық үшін  ең
маңызды да бағалы биік ағаштар арасы. Егер ағаштар биіктігі
малдардың биіктігінен жоғары болса, онда ол жерлерде  мал
бағуға   болмайды.   Малдарды   аса   бағалы   орман
массивтерінеде,   қорықтарда,   тарихи   және   ғылыми   маңызы
бар   ормандарда,   саябақтарда   бағуға   болмайды.   Жалпы
жағдай сияқты ешкілерді орманда бағуға болмаайды.

      Орманда   үй     хайуанаттарды   бағудың   жағымды   және
жағымсыз жақтары бар. Біркелкі және үнемі малдарды бағу
орманның   қайта   жаңғыруына   себепкер   болады.   Тұяқты
жануарлар топырақты қопсытып және оған тұқымның жақсы
енуіне   ,   зиянды     жәндіктерді   өлтіруге   және   шөптегі,
топырақтағы кейбір зиянкестерді өлтіруге көмектеседі. Бірақ,
бірқалыпсыз   орманда   мал   бағу   орманды   көп   жағымсыз,
зиянды   жағдайларға   ұшыратады.   Малдар   топырақты
тығыздандырып,   жапырақ,   қылқандарды   тістеп,   ағаштарға
сүйкеніп,   зиян   келтіреді,   ал   бұл   өз   кезегінде   шарушылық
үшін бағалы ағаштардың ауысуына әкеледі.
   Орманда әрдайым қолайлы жағдайлар бола бермейді, кейбір
жануарлар ормандағы ара, көбелек, сары маса, маса, шіркей,
кенелерден зардап шегеді. Сондықтан үй жануарлары үшін,
яғни   олар   орманға   аз   зиян   келтіргендей,   оларға   ереже
орнатылған:   ірі   мүйізді   малдар   бір   бас   үшін   –   2   га,   ал
кішкентайларға – 0,5 га.
     Мал бағу үшін орман билеті ұсынылады. Жабайы өсетін
өсімдіктерді,
 
дәрілік
 
өсімдіктерді,
 
жемістерді,
саңырауқұлақтарды   жинау   және   дайындау   халық   арасында
өте көп тараған, өйткені бұл өнімдерде бағалы азық-түлікті
және дәрілік қасиеттер бар. Өте бағалы жабайы өсімдіктерге
грек   жаңғағы,   жабайы   алма   мен   алмұрт,   бадам,   таңқурай,
кедр   тұқымдары,   мүк   қарақаты,   қарақаты,   қарақат,   қой
бүлдірген, мүк жидегі, ит бүлдірген, қара жидек ағашы, пісте,
көк   жидек   жатады.   Бұлардың   көбі   үлкен   өнім   береді.
Мысалы,   көк   жидек   және   мүк   жидек   өнімі   800-1000   кг/га
дейін, қара жидек ағашы – 1500-2000кг/га жетуі мүмкін.      
6 Орман өрттері
Егер өрт сөндіргіш адамдар мен өрт сөндіргіш құралдар көп
болса,   онда   өртті   қоршау   әдісі   қолданылады.   Бұл   әдіс   өрт
өршіген   кезінде   пайда   болады,   ол   біркелкі   барлық   шеткі
аудандарына қарсы бағытталады. Мандайшөптен қамту- бұл
ормандағы   өртті   сөндірудің   ең   нәтижелі   әдісі,   оның
тактикалық   жиектердің   бөліктері   ең   көп   орташа

жылдамдықпен қозғалатын маңдайшөпке қарсы бағытталған
шабуыл ретінде жүргізіледі. 
Өрт   сөндірушілер   өрттің   маңдайшөбінің     ортасына
жақындап, оны 2 бөлікке бөледі және ортасынан қапталдарға
қарай   тақайды.   Қапталдан   қамту   (тактикалық   жиектердің
бөліктері, маңдайшөппен орташа перпендикулярлы бағытпен
қозғалатын және осы бағытқа параллельді қозғалу) дегеніміз-
өрттің   маңдайшөбіне   бағытталған     қаптал   шабуылы.   Тыл
жағынан   қамту   (өрттің   тактикалық   жиектерінің   бөліктері,
орташа бір жаққа қарай және маңдайшөп қозғалысына қарсы
қозғалады) өрттің тылына қарсы шабуыл ретінде жүргізіледі.
Бұл   әдіс   өте   күшті   төменнен   кеткен   өртте   және
маңдайшөптен   шабуыл   жасауға   болмайтын   жағдайда,
сонымен қатар өрт сөндірушілер аз болғанда қолданылады.
Жұмысшылар   өртті   сөндіргенде   оны   сынға   қарай
жақындатуға тырысады. Бұл әдіс кезінде жанған аудан өседі
және ол тиімді болу үшін өрт сөндіргіштердің жылдамдығы
өрттің қозғалу жылдамдығынан жоғары болуы керек. 
Өрт   сөндіру   техникасы   өрттпен   күресу   шараларын   да
қарастырады.   Орман   өрттерін   сөндіру   дегеніміз   оны   жою
үрдісі,   ол   келесі   кезеңдерден   тұрады:   өртті   тоқтату   немесе
өрттің   таралуын   оқшаулау   (өртпен   қамтылған,   бірақ   әлі
жанбаған   территорияны   оқшаулау),   қайта   сөндіру   (өрттің
негізгі   пайда   болу   жерлерін   жою),   бақылау   (қайтадан   өрт
басталмауы  үшін). Төменнен тарайтын өртті сөндірудегі ең
көп   тараған   әдіс   ол   өрт   жиектерін   жабу,   яғни   өрттің
жиектеріне   топырақ   лақтыру,   сумен   және   өрт   сөндіретін
химикаттармен   сөндіру,   өрт   қозғалысының   алдына   қоятын
өртке қарсы тұратын жасалатын тосқауылдар.
Төменнен   өртенетін   өрттің   жиектерін   сыпырғышпен
немесе   жасыл   бұтақшалардан   тұратын   сыпырғышпен
сөндіреді.   Бұл   сөндірудің   нәтижесі   басқа   жанып   жатқан
жерден әлі жанып үлгермеген жерді бөледі. Жалынды өрттің
ішіне қарай сыпыру арқылы оны сөндіреді. Бұл әдіс қолайлы,
себебі   қолында тиімді еш өрт сөндіретін құрамы болмаған
адам осы әдіспен сөндіре алады.

Өрттің жиектеріне топырақ лақтыру әлсіз және орташа
өрттерінде қолданылады. Топырақпен өртті сөндіруде жанып
жатқан   материалдың   жалыны   механикалы   түрде   басылады,
ол судың және оттегінің жанып жатқан жердің ауасына кіруін
шектейді. Құмды желпеуіш тәсілімен өрт жиегінің ұзынынан
лақтыру   арқылы   оның   жалынын   басады,   содан   кейін
қалыңдығы 6-8 см тегістей жолақпен құм салады. Топырақты
шұңқырдан алады, оны 10-20 м тереңдіктен қазып алады.
Орманды   өрттерді   топырақпен   сөндірген   кезде
механизацияланған   құралдарды   қолданады:   лақтырушы
трактор   ГТ-3   және   жолақ   салушы   ПФ-1,   ол   тек   қана   кең
қорғауыш жолақ салушы ғана емес, сонымен қатар ол өртті
мүлдем жоюға да арналған. Топырақ лақтырушы трактор ГТ-
3 топырақты 40м дейін лақтырады, тиімді минералды кеңдігі
15-18 м жолақ құрады.
Төменнен өртенетін өртті сумен немесе өрт сөндіретін
химикаттармен   сөндіру,   орман   шаруашылық   тәжірибесінде
көп тараған әдіс. Су жанып жатқан жердің ортасына суытуға
және   жанып   жатқан   материалдардың   құрылысын   бұзуға
арналған.   Сумен   өртті   сөндіру   үшін   арнайы   мотолампалар
қолданылады:   өртке   қарсы   мотолампа   ПМП-Л1,   орман
мотолампасы МЛ-100, орманды жүзетін мотолампа МЛП-0,2.
Өрт былайша сөндіріледі. Ең бірінші өрт басталған жергілікті
қарап шығарады, содан кейін мотолампаны су шығатын жерге
құрады да, магистральды сызық (жолақ) салады.
Мұндай   өрт   сөндіруде   орманшылар   суды   өртке   қарай
бағыттап тұрады. Өрт сөндіретін химикаттар сумен сөндіруге
қарағанда өте көп қолданылады, себебі химикаттар құрамына
бейорганикалық   заттардың   тұздары,   активті   үстіртін   заттар
қоюлатқыштар   мен   түтін шығаратын сұйықтар кіреді. Өрт
сөндіретін химикаттар жанып жатқан жерді суытып, жанып
жатқан материалды  ауадағы оттектен  оқшаулайды,  олардың
үстінде   қатты   және   сұйық   қабыршық   құрайды,   олар   оны
жанып жатқан кезеңнен үзеді.
Өрт   сөндіретін   сұйықтықты   және   өрт   сөндіретін
жұмысшыларды   өртеніп   жатқан   жерге   өрт   сөндіру

машинасымен   әкеледі,   оның   ішінде   ең   көп   қолданылатын
бүкіл   жермен   жүретін  орманды   өртке   қарсы   машина   ВПЛ-
14а, орман өртіне арналған тракторлы агрегат ТЛП-55, орман
өртіне арналған автоцистерна АЦП-147. Барлық жермен жүре
алатын   орман   өртіне   қарсы   машина   ВПЛ-149   бензинді
моторлы арамен, 4 аспалы бүріккіш РЛО-М, 2 мотолампамен,
өртке   қарсы   қолғаптармен,   қосылатын   аппаратпен   А3,   қол
құрал (балта, күрек және т.б.) мен қамтылған. Орман өртіне
қарсы   агрегатқа   ТЛП-55   бензинді-ара,   мотолампа   МЛ-100,
аспалы бүріккіш, өртке қарсы қол мүлік, сорғыш қондырғы
және т.б. жатады. Орман өртіне қарсы автоцистернаға АЦП-
147 сорғыш агрегат, мотолампа ПМЛ-Л1, 6 бүріккіш РЛО-М,
радиостанция,   өртке   қарсы   қолғап,   күрек,   балта   және   т.б.
жатады.
Орман   өртіне   қарсы   жабдықталған   комплект   ЦОС
600л/мин   өндіргішті   мотолампамен,   бак   –   цистернамен
көлемі   1   м
3
  өртке   қарсы   қол   құралмен   жабдықталған.
Комплекті жүк көтеруші 2 т асатын әр түрлі машина ернеуіне
орнатып,   тастауға   болады.   Өртке   қарсы   агрегат   АЛП-10
трактор   базасындағыдай   Т-150К   бульдозерлі   қайырма   ені
2,6м, тракторда цистерна көлемі 1200 л, тіркелетін цистерна
суға көлемі 820 л, өртке қарсы сорғыш және т.б. болады.
Төменнен   өртенетін   өртті   сумен   немесе   химикат
ертінділерімен   сөндіру   үшін,   қарсы   шыққан   отқа   тіреуіш
ретінде   аспалы   бүріккіштер   қолданады:   орман   аспалы
бүріккіші   РЛО-М,   аспалы   өрт   сөндіргіші   ОРМ-1,   аспалы
бүріккіші   ОР,   химиялық   аспалы   бүріккіші   ОРХ-З.   Аспалы
бүріккіштер,   шағын   және   оларда   қол   сорғышы   болады,   ол
брандспойттың ұшымен байланысқан. 
Өрттің   қозғалуына   бөгеуіш   жолақтар   салынады   және
олар күрекпен, соқамен, фрезермен, топырақ лақтырғышпен,
бульдозермен   және   жарылатын   заттармен   жүргізіледі.   Өрт
жиегінің   алдына   30   м   арақашықтықта   одан     топырақ
жамылғысы   және   төсеніші   ені   орташа   1м   алынады.   Қатты
желдерде   және   шашылғандықтан   минералды   жолақтың   ені

жанып   жатқан   материалдың   10   еселі   биіктігіне   жетеді.
Оларды ені 30-40 см, тереңдігі 20-30 см етіп қазады.
Жару   тәсілі,   қиын,   жасыл   жолақтары   жоқ   аудандарда
шлангілі   зарядтар   қолданады.   Ені   2   ден   3,5   м   дейін   және
тереңдігі 8 ден 20 м дейін минералды жолақ пайда болады.
Қыздырып   босаңдату   және   өртті   тәсіл   дегеніміз   келе
жатқан   өртке   маңдайшөптің   алдынан   жанатын   материал
өртейді, оның ені 10 м дейін, ал жоғарыдағы өртпен күресу
кезінде   ені,   100-200   м   дейін   болу   керек.   Жоғарыдан
өрттенетін өртпен төменнен өртенетін өртке қарағанда күресу
өте қиын. Жоғарыдан өртенетін өрт сөндірудің тәсілдерінің
бір элементі ол тіремесе бөгелетін жолақ құру. Мұны істеу
үшін табиғи (бұлақ, өзен) және алдын ала дайындалған өртке
қарсы   тосқауылдарды   қолданады.   Жоғарыдан   өрттенетін
өртті   сөндірудің   техникалық   негізгі   әдістері   ол   қыздырып
босаңдату,   қарсы   от   шығару   және   сумен   сөндіру.   Авиация
маңызды рөл атқарады, біріншіден ол қосалқы күш немесе
өртті сөндіру үшін жабдықтарды, сұйықтықты лақтыру және
жасанды   жаңбырлармен   өртті   сөндіреді.   Сібірдегідей   және
Қиыр Шығыстағыдай булы бұлттар көп болса, оларға арнайы
жабдықталған   пиропатронды   ұшқыштармен   енгізеді,
пиропатронның құрамында йодты қорғасын болады. Оларды
енгізгеннен кейін 10-20 мин кейін ақ жауын ретінде жаңбыр
жауады, содан кейін өртте сөнеді. 
Шымтезектегі   өртті   минералды   топыраққа   дейін   қазу
арқылы,   сумен   және   өрт   сөндіретін   сұйықтықты   шайқап
оның  жанып  жатқан  жерге   шымтезекті   оқпанын  ТС-1  1,2м
дейінгі   тереңдікке   мотолампаның   МЛ-100   көмегімен
сөндіреді. 
Орманның өрттерінің жағымсыз нәтижелерін жою
Орман   өрттерінің   нәтижелері   әр   түрлі.   Жоғарыдан
өртенген өрттен кейін күйік қалады, барлық ағаштар жанып
кетеді, ал көшетін өрттерден кейін – қу ағаштар қалады. Өрт
кезінде бұтақтар жанып кетеді және барлық ағаштар өлмейді.
Төменнен және шымтезекті өрттерден құлаған, сынған ағаш
бұтақтары   пайда   болады   және   ағаштардың   тамырлары

зақымдалады.   Мұндай   жанулардың   нәтижелерін   шыршалы
ормандарда көруге болады. 
Орман   өрті   болған   жерлердің   ағаштарға   тигізген
орынсыз   әсерлерін   бірінші   шаралармен   қалпына   келтіру
керек. Күйген ағаштар ең қауіпті өрт туындауының факторы
болып   табылады,   себебі   қурап   сынған   ағаштар,   қураған
ағаштар, шайырланған ағаштар өте көп болады. Іскерлік ағаш
сүректерінің   техникалық   қасиеттерін   жоғалтады,   отынға
айналады, зиянкестермен саңырауқұлақ ауруларының таралу
аймағы   болып   табылады.   Сондықтан   ағаш   сүректерін
уақытында қолданып, орманды емдеп, орман қайта қалпына
келтірілу керек.
Бірінші   кезекте   қурап,   сынған   ағаштар,   күйіктер   өңделеді,
өйткені   құлаған   ағаштар   жермен   әрекеттесіп,   тез   шіриді.
Мұнда   орман   дақылдарын   егу   керек.   Содан   кейін   қураған
ағаштар   игеріледі.   Егер   оларда   табиғи   жаңартулар   ақырын
өтіп жатса, онда мұнда да орман дақылдары егіледі. 
Ағаш   діңдерінде,   яғни   өлген   ағаштарда   (10%   жуық)
таңдаулы санитарлы кесулер немесе ормандағы күтімдік кесу
жұмыстары жүргізіледі

Мазмұны
Кіріспе      .................................................................
................... 3
1
Ормантану
……………………………………………   4
     1.1 Орман типологиясы құрылуының бастамалары  .............  4
1.2   Орманды   қалыптастыратын   негізгі   ағаш
тұқымдары
 
және
 
орман
 
туралы
түсінік ................................................................. 6
1.3
 
Орманның
 
негізгі
элементтері ......................................... .. 9
1.4   Ағаш   бітімі   (сүрекдіңдер),   оның   басты
белгілері ............11
1.5
 
Орман
 
және
климат .........................................................    15
1.6
 
Орман
 
және
жарық.........................................................      16
1.7
 
Орман
 
 
және
жылу ............................................................. 17
1.8
 
Орман
 
 
және
жел ............................................................... 18 
1.9
 
Орман
 
және
ауа       ............................................................ 19
1.10
 
Орман
 
және
ылғал         .....................................................19

1.11
 
Орман
 
 
және
топырақ ....................................................... 21
1.12
 
Орман
 
және
фауна ............ ............................................... 24
1.13
 
Орманның
 
қорғаушы
қасиеттері ..................................... 26
2   Типологиялық   негізінде   ормандардың
қалыптасуы
 
мен
 
қайта
жаңаруы ...................................................................
....... 27
2.1
 
Ормандар
типологиясы ..................................................... 27
2.2
 
Ормандардың
 
қайта
 
қалпына
келуі .................................. 31
2.3
 
Ормандардың
қалыптасуы ................................................ 37
2.4
 
Ағаш
 
тұқымдастарын
ауыстыру ....................................... 41
3
 
Күту
кесулері ....................................................................
..... 43
3.1   Күту   кесулерінің   негізгі   мақсаттары   мен
мәселелері...... 43
3.2   Күту   кесулерінің   түрлері   және
әдістері  .......................... 45
4
 
Басты
 
пайдалануға
кесу ........................................................ 52
4.1
 
Ағашты
 
тұтастай
кесу ........................................................ 56
4.2 Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы
аз
 
орман
 
екпелерін
 
қайта
құру ................................................................ 63
4.3   Орманды   басты   қолдану   және   қалпына
келтірудегі
 
 
кесу
 
жұмыстарының
технологиясы ................................................ 65

4.4   Шаруашылықта   құнды   түрлердің   өзі   өсетін
және   ұрпақтарын   сақтау   жұмыстарының
технологиясы................ 68
4.5   Орман   күтіміндегі   механизациялық   және
техникалық
 
жұмыстарды
ұйымдастыру ..................................................... 69
4.6
 
Кескен
 
орынды
тазалау ..................................................... 74
5   Шайыр   заттыларды   және   орманды   қосымша
пайдалану ...74
5.1
 
Шайыр
заттылар   .................................................................
74
5.2
 
Орманды
 
қосымша
қолдану .............................................. 76 
6
 
Орман
өрттері ......................................................................
. 78
   Әдебиеттер  ..........................................................
.................. 83  
  
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1   Қазақстан   Республикасының   Орман
кодексі.Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477
Кодексі.
2   Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов
Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.
1996.-244 с.
3  Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
4  Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.
5  Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.
6  Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.
7  Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

8  Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.
9  Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты
орындауға   арналған   әдістемелік   нұсқаулар.-   Павлодар:
Кереку,2008.- 20 б.
10  Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет