К. У. Базарбеков биология ғылымдарының докторы, профессор


   Ағаш   бітімі   (сүрекдіңдер),   оның



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата31.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

1.4   Ағаш   бітімі   (сүрекдіңдер),   оның
басты белгілері

Ағаш   бітімінің   морфологиялық   маңызды
айырмашылық   белгілері  бар   және  ол  тұқымдар
құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен,
бонитетімен,   толықтылығымен,   қабысуымен,
қалыңдығымен,   қорымен,   өнімділігімен,   даму
жағдайымен топтастырылады.
Ағаш   бітімінің   құрамы   –   қалыптастыратын
ағаш   тұқымдарының   тізбесі   және  әр  тұқымның
бітіміне   қатынас   дәрежесі.   Егер   ағаш   бітімі   бір
ағаш тұқымынан немесе бірлі – жарым қоспадан
құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан
көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш
бітімінің   құрамы   10   –   балдық   жүйемен
белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10
қайыңнан   құралса,   онда   құрамы   7ҚЗАҚ   деп
бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал
сандар қосындысы 10 болу керек.
Ағаш  бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса,
ол басым түскен деп аталады. Ал егер бітімдегі
тұқым   шаруашылықта   бағалы   болса   оны   басты
деп атайды.
Ағаш   бітімінің   нысаны,   ең   маңызды   кейіпі,
бір   биіктіктегі   ағаштар   қалыптастыратын
қатарлар   санымен   анықталады.   Егер
ағаштардың бөрікбасы жалпы қатар құрастырса,
онда   ол   ағаш   бітімі   қарапайым,   немесе   бір
қатарлы   деп   аталады,   ал   егер   екі   немесе
бірнеше   қатар   құрастырса,   онда   ол   күрделі
немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0,3
кем   болмаса,   онда   ағаш   бітімін   күрделіге
жатқызады.   Олар   топырағы   және   климаттық
жағдайлары   қолайлы   жерлерде   қалыптасады.
Жоғарғы   қатарда   тез   өсетін,   жарықты   жақсы
көретін тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде
жарықтың,   аздығына   көнетін   ағаштар.   Күрделі
ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін

келтіруге болады - қайың бірінші қатарда өседі,
ал екінші қатарда – шырша.
  Іс   жүзінде   өсімдіктердің   нысанын   бөледі,
оған қатарлар саны, ағаштар, бұталар, мүктер,
қыналармен   қалыптасқан.   Бұл   жағдайда   ең
жоғарғы   қатарда   ағаштар,   сосын   бұталар,   ең
төменінде   –   шөптер,   мүктер,   қыналар,   олар
топырақты жауып тұрады.
Ағаш   бітімінің   жасы   –   ол   қатарды
қалыптастыратын   ағаштардың   жасы,   оның
биологиялық   және   шаруашылық   маңызы   зор.
Егер   ағаштардың   жасы   жас   классының
шамасында  болса бір жастағы болады,  ал егер
ол шамадан шықса, онда әр түрлі жастағы деп
аталады.
Ағаш бітімінің жасына байланысты бөледі –
жас,   орта   жаста,   пісіп   қалған,   піскен,   тұрып
қалған   деп.   Жас   ағаш   бітімі   –   ағаш   бітімінің
қабысуынан   екінші   класстағы   жасының   аяғына
дейінгі кезең. Бұл орманның ұрпағына жатады -
өзі   себілгенненөскендер,   жаңа   өсулер,   балақ
шыбықтар,   олар   қабысқаннан   кейін   шатқал
қалыптастырады,   яғни   өте   жиі   және   толық
орман   участогі,   күтілмейді,   I   класс   жасындағы
балаусаға   жатады.   Ағаштар   жылдам   жіктелу,
биіктікке   тез   өсу,   қарқынды   бұтақтанып   және
жапырақтану   кезеңінде   жас   ағаш   бітімі   II
классқа өтіп сырықтанады.
Ағаштардың   жіктелуі   саябырлау   кезеңі
басталады,   бірақта   өсуі   қарқындап   сүрекдіңнің
қоры   көбейіп   тұқым   беру   кезеңі   басталады.
Ондай ағаш бітімін орта жастағыға жатқызады,
яғни III класс басынан пісу жасына дейінгі кезең.
Пісіп   қалған   ағаш   бітімі,   класс   жасымен   пісу
жасын алдын – алады. Бұл кезеңде ағаштардың
шаруашылық   және   техникалық   белгілері

анықталып,   жақсы   өнім   беріп,   биікке   өсуді
саябырлатып,   диаметрі   үлкейуі   мен   сүрегі
жуандауы   азаяды.   Яғни   табиғи   сиреу   және
жіктелу төмендейді.
Пісу   жасына   келген     ағаш   бітімінің   сандық
және   сапалық   көрсеткіштері   белгіленіп
шаруашылық   мақсаттарына   сәйкес   болады.   Ол
кесуге   дайын,   негізгі   ағаш   сортименттерінің
шығымы   мен   қоры   өте   жоғары.   Ондай   ағаш
бітімдерінде   дәндердің   өнімі   өте   болуы
байқалады.   Тұрып   қалған   ағаш   бітімдерінің
жасы,   пісу   кезеңінің   басталу   уақытынан,   екі
немесе одан көп жас класстарымен жоғары. Ол
уақытта   өсу   бәсеңдейді,   жел   сұлатпасы   және
зақымдану, ауыру әсерімен ағаштар өледі. Ағаш
бітімі көп сирейді.
Ағаш бітімінің пайда болу тегі деп қалыптасу
жасын айтады. Егер ағаш бітімі дәндер егумен
немесе   арнайы   өсірілген   жас   ағаш
өсімдіктерімен   отырғызылып   өсірілсе,   онда   ол
қолмен жасаудан пайда болған ағаш бітімі. Егер
ағаш   бітімі   дәндер   қонумен   немесе   өзінен
көбейсе, онда оның пайда болуын табиғи дейді.
Қолдан   жасалатын   ағаш   бітімдері   орман
шаруашылығы қарқынды дамитын жерлерде жиі
болады.   Ал   табиғи   ағаш   бітімдері   тұқымдық
және балақ шыбықтық болып бөлінеді.
Дәндерден өскен ағаштардан пайда болған
ағаш   бітімі   тұқымдық   деп   аталады.   Тұқымдық
жолмен   барлық   қылтықтық   тұқымдар   пайда
болған, сонымен қатар көптеген жапырақтылар
(емен,қайың,көктерек   ж.т.б.).   Дәннен   өскен
ағаштардың діңі тік болады.
Түбіртек балақ шыбықтан қалыптасқан ағаш
бітімін   балақ   шыбықтық   деп   атайды.   Балақ
шыбықтық   ағаштар   топтасып   өседі,   ал   діңдері

қисық   болады.   Балақ   шыбықтық   жолмен   жиі
жапырақтылар   өседі.   Мысалы,   қайыңдар   –
түбірден,   көктерек   –   тамыр   атпадан,хөке
ағаштары – сұлама бұтақтардан.
Ағаш бітімдерін түпкілікті және туынды деп
ажыратады.
 
Табиғи
 
жағдайларында
қалыптасқан,   белгілі   орман   өсімдіктері
жағдайларына   сәйкес   басымды   тұқыммен
сипатталатын ағаш бітімін түпкілікті дейді. Адам
әрекеттерімен   немесе   табиғи   өзгерістердің
әсерімен   бұзылған   түпкілікті   ағаш   бітімінің
орнында   қалыптасқан   ағаш  бітімін   туынды  деп
атайды.   Ол   ағаш   бітімдері,   ереже   ретінде,
өнімділігімен   нашар,   төзімділігі   және
өміршеңдігімен,   шаруашылық   құндылығымен
төмен.
Ағаш   бітімінің   бонитеті   –   орманның   өсіп
және   даму   сапасын   сипаттайтын   көрсеткіш,
және   онымен   байланысты   -   өнімділік.   Ол   ағаш
бітімінің   негізгі   қатарының   орта   биіктігі   және
жасымен   анықталып   класстарға   бөлінеді.   Егер
ағаш бітімі биік және жас болса, онда орманның
бонитет классы мен өнімділігі жоғары болады. Іс
жүзінде бонитеттің 7 класстарын (5 негізгі және
2 литерлық) бөліп рим цифрларымен белгілейді
(Iа,I,II...Vа),   кейбір   жағдайларда   оларды
көбейтеді.   Бонитеттің   I   классы   жоғары   және
жақсы топырақта өсетін, жоғары өнімді орманды
сипаттайды.   Бонитеттің   келесі   класстары
топырақтың   нашарлауын   және   сүректің   саны
азайуын   көрсетеді.   Бонитет   классын   анықтау
үшін   арнайы   шкалалар   дайындалған.   Мысалы,
дәннен   дамыған   қарағай   ағаш   бітімі   келесі
көрсеткіштермен сипатталады (кесте).

Кесте – бонитет класстарына сәйкес (Орлов
және   Тюрин   бойынша)   қарағай   өсімдіктерінің
биіктігі және жалпы өнімділігі
Жасы,
жыл
Биіктігі, м (алымы), жалпы өнімділігі,
м3/га (бөлгіші)
Бонитет классы
I
II
III
IV
V
20
40
60
80
100
9-8
127
17-15
402
23-20
662
27-24
860
30-27
1015
7-6
103
14-13
329
19-17
555
23-21
730
26-24
867
6-5
75
12-10
254
16-14
447
20-17
604
23-20
726
4-3
53
9-8
189
13-11
343
16-14
472
19-16
571
2
33
7-5
125
10-8
249
13-11
350
15-13
427
Ағаш   бітімінің   толықтығы  -  өсіп   тұрған
ағаштардың   тығыздық   дәрежесі,   яғни   алып
тұрған   көлемін   қолдануын   сипаттайды.   Егер
тұрған   ағаштардың   тығыздығы   өте   жоғары
болса,   онда   ол   көлемді   ағаштарды   араларына

орналастыруға   болмайды,   яғни   тығыздығы   өте
жоғары   деп   1,0   белгіленеді.   Егер   бар   ағаштар
санына   сондай   көлемді   және   санды   ағаштар
қосу мүмкін болса, онда толықтық 0,5 болады.
Толықтықты   бірдің   оныншы   дәрежесімен
белгілейді. Ағаш бітімі 0,8…1,0 толықтықпен  өте
жоғары   толықтыларға   жатады,   0,6…0,7
толықтықпен   –   орташа   толықтыларға,   0,3…0,5
толықтықпен – төмен толықтыларға, ал 0,2…0,1
толықтылықпен – сиректерге.
Ағаш   бітімінің   толықтылығы   –   мүмкішілігін,
өнімділігін,   қорды   және   шаруашылық   іс-
шараларын   анықтауды   сипаттайтын   маңызды
көрсеткіш.
Шымылдықтың
 
қабысуы
 
ағаш
тұқымдарының
 
орман
 
шаруашылық
қасиеттерімен,   ағаш   бітімінің   бонитет
классымен,   құрамымен   және   жасымен,   орман
өсімдіктері   жағдайымен   және   орман   өсу
аймағымен   байланысты,   сондықтан   ағаш
бітімінің   бөрікбасының   қабысу   дәрежесін
анықтайды.   Кең   бөрікбасын   дамытатын
ағаштарда   шымылдық   қабысуы   биік   болады.
Оны   бөрікбасының   кескінімен   анықтайды   және
бірдің   оныншы   дәрежесімен   белгілейді.
Шымылдық   қабысуымен   толықтықтың   мәні   мен
мағынасы   бірдей   емес,   бірақта   екеуінің
арасында   тығыз   қатынас   бар.   Егер   қабысу
жоғары   болса,   онда   ағаш   бітімінің   толықтығы
көп   болады.   Қабысуда   да   толықтағыдай   ағаш
бітімінің   жоғары   қабысқан,   орташа   қабысқан
және   төмен   қабысқандығын   анықтайды,
сондықтан ол күтім кесуін жүргізгенде маңызды
көрсеткіш болып есептеледі.
Ағаш   бітімінің   жиілігі   –   бір   көлемдегі
ағаштар   саны.Бұл   көрсеткіш   ағаштардың   биік

және   жуан   өсуіне,   жапырақтануына,
бұтақтардан   тазаруына   әсер   етеді.Жиі   ағаш
бітімінде   ағаштардың   жапырақсыздануы
қарқынды,   биіктігі   мен   диаметрі   кіші,
бұтақатрдан тазаруы жақсы.Оның ағаш бітімінің
толықтығы және қабысуымен айқын байланысы
бар.   Көлеңкені   ұнататын   ағаш   тұқымдарында
(жөке ағашы) перде қабысуы жоғары болады, ал
жарық   сүйгіштерде   (қарағай,қайың)   керісінше.
Жиілік   ағаш   бітімініңжасы   мен   орман   өсу
жағдайлары   өзгеруімен   өзгереді.   Бонитеттің   I
классында ең төмен, ал V класста – ең жоғарғы.
Ал өсу жағдайлары жақсарса ағаштарда көлемді
болып өседі.
Ағаш бітімінің қоры – бір көлемдегі сүректің
жалпы   саны,   әсіресе   1   га.   Ағаш   бітімінің   қоры,
маңызды   экономикалық   көрсеткіш   болып
есептеледі, өйткені екпе ағаштардың өнімділігін
көрсетеді.   Ал   өнімділік   тек   ағаш   діңінің   қоры
емес,   ол   бұтақтар,   жапырақтар,   тамырлар,
сонымен қатар бір көлемдегі жаңа өсулер, майда
тоғай,   бүркеме   дақылдар.   Ағаш   бітімінің   қоры
көлемдік   дәрежеде   (м3),   ал   өнімділік
массасымен (т) есптеледі.  
Халық   шаруашылығында   қолдану   көз
қарасымен ағаш бітімінің ағаш қорының сапасы
ағаш   бітімінің   тауарлылығы.   Ол   іскерлік   және
отындық
 
діңдердің
 
арақатынасымен
анықталады, сосын қорды сапалық және сандық
категорияларға   бөлумен,   яғни   іскерлік   сүрек
ірілік   және  сорттар   категорияларымен,   шикізат
технологиялық өңдеумен, отын, қалдық. Барлық
ағаш   діңдері   тауарлылық   класстарға   бөлінеді,
оның негізі іскерлік сүректің шығымы.
Ағаш бітімінің таксациялық сипаттамасының
маңызды   көрсеткіштерінің   біреуі   диаметр,   яғни

тамыр   мойынынан   1,3   м   биіктікте   немесе
кеуденің   биіктігінде   өсіп   тұрған   ағаштардың
жуандығы.
    
         1.5 Орман және климат
Климат   –   географиялық     орналасуымен
анықталатын,   бір     жердегі     көп   жылдық
өзгермейтін  ауа райы  құбылымы.  Ол негізінде
астрономиялық  
  және  
  физикалық   –
георгафиялық   жағдайлардың  
 
  әсерімен
қалыптасады.
Астрономиялық   жағдайлар жер бетіне күн
сәулесінің     бір   келкі     түспеуін     тудырады.   Ол
сәулелік  
  және  
  жылулық  
  теңдіктің,
ормандардың   вегетациялық   кезеңдерінің
қалыптасуына,     яғни     жыл     кезеңдеріне,
метеорологиялық   жағдайларының   өзгеруіне
әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш және  бұта
өсімдіктері  өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.
Физикалық – географиялық жағдайлар жер
бетінің     сипаттамасын,  климаттық     әртүрлілікті
анықтайды   және     сонымен   қатар   –   ормандар
географиясына әсер етеді.
Сонымен,     орман   өміріне     климаттық
жағдайлар   (жарық,   жылу,     ылғал,   ауаның
атмосфералық құрамы   және оның   өзгеруі) өте
әсер етеді,   олар   экологиялық   жағдайлардың
құрыстырушысы     және   тіршілік   немесе     даму
ортасы.     Климаттың     жағдайлары     орманның
өмірі,     оның     маңызды   көрсеткіштері,   ағаш
бітімінің     құрамы,     формасы,   қоры,   сүректің
техникалық сапалары,  орманды  жаңарту, оның
санитарлық   жағдайы,     өрт     қауіптілігінің
күшейуі   немесе  
  төмендеуі,   ормандық
мәдениеттендіру   жұмыстары.   Климат,   оны

қалыптастыратын  ауа райы  жағдайлары, орман
кесу және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды. 
Ормандағы  климаттық жағдайлар, сапалық
және   сандық   жағынан,   ашық  
  жердің
жағдайларынан айырмашылығы бар.
         1.6 Орман және жарық
Орман   өмірінде   жарық   климаттық
факторлардың   ең   маңызды   көрсеткіші,   оны
күннің   сәулелік   күші   деп   білеміз.   Ал   қысқаша
жарықты     жарықталумен     теңдестіреді.     Күн
сәулесі   болмаса     фотосинтез   үдірісі     жүрмейді,
яғни     ағаш     өсімдіктерінің   өсіп     және   дамуы
тоқтайды,  органикалық зат - сүрек құралмайды.
Фотосинтез   –   космостық   үдіріс.     Оның
әсерімен   жыл   сайын     1000   млрд   –   құрғақ
органикалық     зат   құрастырылады,   ол     жер
бетінің    құрғақ     және   су көлеміне  тең  келеді.
Құрғақ   жер   көлемінде     ормандар   24,4   млрд.т.
құрғақ     органикалық     заттар     құрастырады,
жайылымдар   –   10,4,     егістіктер   –   8,7,   шөлді
жерлер – 5,4.
Орман  
  шаруашылығында  
  жарық
биологиялық  
  әсер   ретінде   қаралады,
өсімдіктердің   өсіп және     дамуын   қамтамасыз
ететін.     Сонымен   қатар   жарық   экологиялық
әсерге  
  жатады,   бұл   жағдайда,   орман
қалыптасады.
Орманға түсетін жарық екі түрлі болады: тік
және   шашыраңқы,   көк   аспаннан,     бұлттардан,
жер   және су бетінен   шашыраған.     Ашық   ауа
райында  күн  жоғары тұрғанда шашыраңқы күн
сәулесі,   барлығынан, 20 %. Тік күн сәулесі жер
бетіне Күннен  сәулелер ретінде түседі.
Физиологиялық   үдірістің       жүруіне     және
көмір       қышқылының     сіміріліп   хлорофилл

құрастырылу   үшін   жарықтың   спектральдік
құрамы   көп   мағналы.   Ультракүлгін     және
инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне   зиян
келтіреді.   Ағаш     өсімдіктерінің     өсіп   және
дамуына  ультракүлгін  сәулелер аз болу  керек,
ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді.
Көмір   қышқылы     сіміріліп   хлорофилл   құрылуға
күн     сәулесінің   қызыл,   сары   бөліктері   көп
мағналы. Көк,   сия   көк сәулелері     ағаш   және
бұталардың  өсімдік  бүршігі  өсіп – дамуына көп
әсер етеді.
Барлық     ағаш   тұқымдастардың       жарыққа
қатынасы   әртүрлі.   Орман     шаруашылығында
оларды     жарық   сүйгіш     және   көлеңкеде,
өсетіндерге   бөледі.   Жарық   сүйгіш     ағаш
тұқымдастарына қайың, бал  қарағай, көктерек,
т.б.,   ал   көлеңкеліктерге   шырша,   жөке   ағашы,
шамшат, май қарағай, т.б. жатады.
Жарық   құмарлық     өзгеріп   отырады   және
орманың   жасымен   орман     құрғыштығына
байланысты   жас   кезінде     ағаштар   жарыққа
құмар емес, ал өсе  келе ол  көрсеткіш өзгереді.
Топырақ     жағдайы   жақсарғанда   ағаштардың
көлеңке сүйгіштігі көбейеді.
          1.7 Орман  және  жылу
Ағаш   өсімдіктерінің   өсіп-дамуына   жылудың
белгілі   саны   керек,     яғни   жылу     құбылымы
(режим),   ол   температураның     көлемге     (ауа,
топырақ,  су беті)  жайылуы және оның  әрқашан
өзгеруі.     Жағымды     температурасыз       дәндер
өнбейді.  Бірақта  жер  шарында өсімдіктер өсіп-
дамуға  жылу  әртүрлі  және өзгерісті керек. Ауа
мен  топырақтағы температура  әрқашан өзгеріп
тұрады.   Ол тек жыл   ішінде емес, тәулік   және
сағат  шеңберінде  өзгеріп тұрады.

Өсімдіктердің     жылуға     талабы   әртүрлі
және     құбылмалы,   жылу     жағдайларына
қойылатындай.  Сондықтан  жылу  жағадайлары
фактор   ретінде орманның   өсіуне   әсер   етеді.
Ағаштар   мен     бұталар     нольден     жоғары
температурада   өсіп   –   дамиды.  
  Ағаш
өсімдіктерінің  
  тамырлары  
 
  топырақ
температурасы   5º  
  жоғарыда   дамиды,
фотосинтез   0-40   ...   50   º   жүреді,   ал   жағдайлы
температура   30   ...   35ºС.   Дәннің     өнуі,     гүлдеу
және     тісу   әр     тұқымда   өз   қолайлы
температурасында   жүреді.   Ал   суық   ауа   –   райы
гүлдеуді,     жемістің     пісуін,   кейде   өнімнің
болмауына келтіреді.
Жылу     басқа   климаттық   әсерлермен   және
әсіресе   жапырақпен   тығыз   байланысты.   Күннің
шуақтық   күші – ағаштар   мен бұталарға негізгі
жылуды   әкеледі.   Орманның     жарықтануы,
өзгеруі   жылу     құбылымына   келтіреді.   Жаздың
өзінде, бұлтты   күні күн сәулесі топырақ бетіне
аз түседі,  сондықтан  суыту  байқалады.  Жылу
жауын-шамшынмен   байланысты.   өсіп-даму
кезіндегі  
  жауаынның  
  көп  
  болуы
температураның       төмендеуіне     келтіреді.
Ормандағы
 
ағаштардың
 
 
діңдеріде,
бөрікбасыларыда,
 
фотосинтез
 
үдірісі,
транспирация жылу бөледі.
Жылуға     талаптануымен   барлық   ағаштар
негізгі екі топтарға бөлінеді: жылу  сүйгіш  және
салқынға   төзімді,   олар   ұзақ   уақыт     төмен
оңтайлы температураларға төзімділік  көрсетеді
(+1...   +10   ºС).   Сонымен   қатар     аязға   төзімді
ағаштар  бар.  Олар  салқынға  да төзімді.
Ағаштың   сыртқы  
  пішінімен   жылуға
қатынасын  
  білуге   болады.   Қабықтануы,
түктенуі,   бүршігінің     қабықтануы     ағаштың

аязбен     суыққа   төзімділігін   көрсетеді.   Жылу
сүйгіштерге   емен,   грек жаңғағы, қараған т.б.,
ал салқынға  төзімділерге  қайың, қандағаш, бал
қарағай, қарағай жатады. 
Ағаш   өсімдіктерінің   өсуі мен дамуына, өте
төмен   және     жоғары,   температуралар   әсер
етеді. Көктемгі   кеш және   күзгі   ерте   үсіктер
болады.   Олар     күндізгі   жылылыққа     қарамай
ауада   әлде     топырақ     бетінде   түнде     болады
және жас  ағаштарға көп зиян  әкеледі.  Өйткені
негізгі     өркен     зақымдалады   сосын     көп
тармақтанып  сүрек  сапасын  төмендетеді.
Үсіктердің  тағы екі  түрі бар:   адвекативті –
арқтикадан   келетін   суық   ауаның   әсерімен
болады;     радиациялық   –   ол   топырақтан   жылу
шыққанда түн салқын  болады. Адвекативті  үсік
зиянды  және  ұзақ болады. Үсікке өте сезімтал –
емен,   шамшат,   шаған,   ал   төзімділер   –   бал
қарағай,   қайың,   қарағай,   қандағаш,   көктерек,
шетен.
Ағаштардың   өте төмен температуралармен
зақымдану   кездеседі,   олар   аяз   тудырған
жарықтар   деп   аталады.   Олар   қыста   ауа
температурасы   күрт   төмендегенде   болады.
Жарықтарда  
  зиянды  
  жәндіктер,
саңырауқұлақтар
 
спорлары
 
орнығады,
сондықтан   сүрек     сапасы     төмендейді.   Қар   аз
түсіп,   аяз     -   40º   С   төмен   және   ұзақ   болса
шыршаның  қылқандары  қызарып түсіп қалады,
сосын ағаш  өледі.
Орман   өзі   ауа   мен   топырақтың
температурасына әсер   етеді (мысалдар келтіру
керек).
          1.8 Орман  және  жел

Жел,     ауаның     жер     бетінде   қыймылдауы,
ол  
  атмосфера   қысымының  
  біркелкі
болмауымен   байланысты,   бұл   экологиялық
ықпал,   сондықтан   орман   тіршілігіне   көп   әсер
етеді. Ол әсер   пайдалы   немесе   зиянды болуы
мүмкін   және   желдің   жылдамдығымен
байланысты.   Желдің     пайдалы     мағнасы,
көптеген   шаруашылықта   бағалы   ағаш
тұқымдастар   (қарағай,   шырша,   емен,   қайың,
бал қарағай т.б.) желдің көмегімен тозаңданады.
Оның     көмегімен   қылқан   жапырақтылар   және
жапырақтылар ағаштарының   дәндері жәйіледі.
Қарағай,   шырша,     бал   қарағай   дәндерінің
қанатшалары бар, онымен  ұшу жеңілдейді.
Жәйлі  
  жылымдағы   бар   жел
транспирацияны   реттейді   (5...8   м   (с),   яғни
ағаштар     және   бұталар     ылғалды   жәйлі
физиологиялық  буландырады. Ол,  фотосинтезді
белсендетеді,
 
өйткені
 
атмосфералық
буландырады.   Жел   суық   ауаны   жылымен
араластыра   отырып   топырақта   үсікті
болдырмайды.
Өте  
  қатты   жел   14   ..   .   20   м/с
жылдамдығымен,   ал   20...25   м/с   дауыл,   қатты
дауыл (30 м/с жоғары) орманға  кері әсер етеді,
ол орман  шаруашылығын шығындандырады. Ол
желдер жел сұлатпаға, онда ағаш діңі  сынады,
келтіреді.
Желдің     тек   бір   жақтан   соққнынан
ағаштарда     бір   қырлы   бөрікбасы   қалыптасады,
діңі қыйсық   болады, олар сүректің  техникалық
сапаларын төмендетеді. Қысқы   уақытта желдің
әсерімен   ағаштар   шимай   –шатақ   болады,     ол
қайыңдар шырша және қарағайлармен өссе  жиі
болады.   Сол   себептен   қылқандар   шапқан

уақытында   сұлатпаға   және   құламаға
соқтырады.
Желдің     кері   әсерін   азайту     үшін   орман
шаруашылығы   тәсілдерін       қолдану   керек.
Шырша өсінділерінде орта және жоғары жиілік
сақтау   керек.   Желге   төзімді   және   желде
сұламайтын   ағаштарды   қолдансақ   желге
төзімділік   жоғарылайды.   Тағы бір   шара, күту
және  санитарлық кесулерді  қолдану.
Орман   желге көп әсер етеді.   Ол, ағаштар
бітімінің   биіктігіне,   толықтығына,   жиілігіне,
жасына және құрамына қарай болады.
Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk pdf -> Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk pdf -> «Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы» Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет