К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Бақылау сұрақтары: 
1 Хабертиоз ауруына толық сипаттама беріңіз 
2 Хабертиоз ауруымен қандай малдар ауырады? 
3 Қоздырғыштарын түрлеріңатаңыз? 
23 – сурет. Chobertia ovina: 
1- бас жағы; 2 -еркегiнiң құйрығы
 жағы 
 

 
 
109 
4 Даму биологиясы қалай білінеді? 
 
Тақырып 44 Эзофагостомоз 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Бұл  iшқұрт  ауруы  мал  шаруашылығына  әжептеуiр  экономикалық  зиян 
келтiретін, елімізде кең таралған гельминтоз. 
Қоздырғышы. Oesophagostomum (Molin,1861) туысына жататын жұмыр 
құрттар: O. columbianum, O. venulosum және O. Radiatum (H.M. Gerber,1975). 
Алғашқы екi түрi көбiнесе қойдан табылса, ал үшiншiсi - iрi қарада болады. 
Үй 
жануарларынан 
басқа 
бұл 
нематодалар 
кейбiр 
жабайы 
күйiсқайратындарды да залалдайды. Ересек құрттар малдың тоқ iшегiнде, ал 
оның  балаңқұрттары    ащы  iшек  пен  тоқ  iшектiң  кiлегей  қабаты  астында 
бiршама уақыт тiршiлiк етедi.  
Эзофагостомдар жуандау келген ақ түстi гельминттер, олардың тұрқы 1-
2  см,  ауыз  тесiгi  терминалды,  яғни  құрт  басының  ұшында  тiк  орналасқан 
сақина тәрізді кiшкентай ауыз қуысы бар, оның түбiнде тiстерi жоқ. Басының 
ұшы    жалбағаймен  (везикуламен)  жабылған,  ал  ауыз  саңлауы  екi  қатар 
орналасқан  жапырақшалармен  құрсаланған.  Тең  келген  жіңішке  қос 
спикуласы  бар,    олардың  ұзындығы  0,7-0,6  мм-ге  дейiн  жетедi.  
Ұрғашысының жыныс тесiгi дененiң артқы жағынан, анал тесiгiнiң қасынан 
ашылады. 
Эпизоотологиясы.  Эзофагостомозға  қой  мен  iрi  қара  төлi  көбiрек 
шалдығады.  Өрiстегі  мал  көктем  айларынан  бастап,  күзге  дейiн  паразиттi 
жұқтыра  бередi.  Қазақстанның  Оңтүстiк,  Оңтүстiк  Шығыс  аудандарында 
гельминтоз  көп  тіркеле  бермейді,  ал  республикамыздың  шығысында    ауру 
жыл  бойы  сақа  қойлар  арасынан  шығып  тұрады.  Инвазияның  өршу  мерзiмi 
жаз  және  күз  айлары.  Батыс  Қазақстанда  инвазияның  экстенсивтілігі    қой 
отарларында күзде 55 % дейiн жетеді. 
Аурудың  өрбуi.  Инвазияның  өршуi,  балаңқұрттардың  iшектiң  кiлегей 
қабаты  астында  еніп,  түйiншектер  түзуiнен  (түйiншектi  эзофагостомоз) 
басталады.  Олар түйіншекті біртіндеп  тастап,  iшек қуысына қайта шығады.  
Осы  кезеңдерде  балаңқұрттар    түйiршектерге  зардапты  микробтар  енгізіп, 
iшектiң  iшкi  қабығын  iрiңдi  жараға  айналдырады,  жалпы  ағзаның  қызметi 
бұзылады. 
Сырт белгiлерi. Аурудың бірінші кезеңін  балаңқұрттар туындатады, ал 
екінші  кезеңін    ересек  нематодалар  жалғастырады.  Бiрiншi  кезеңде,  ас 
қорыту мүшелерi қызметiнiң  бұзылғандығы байқалады. Малдың жем-шөпке 
зауқы    шаппайды,  нәжiсi    қан  аралас,  шырышты-сұйық  болып  өтеді,  мал 
көтерем,  кейде  түйнеу  белгiлерi    байқалады,  кейде    дене  қызуы  көтерiледi, 
қан аздық бiлiнедi. Ал дерттiң екiншi кезеңi көмескi, субклиникалық түрiнде 
білінедi, оқта-текте малдың iшi өтедi. 

 
 
110 
Өлекседегi  өзгерiстер  паразиттiң  санына  және  олардың  iшек 
қатпарларында  болу  мерзiмiмен  байланысты.  Ағзаның  кiлегей  қабығы 
қанталаған,  домбыққан,    түйiншектенген.  Түйiншектердiң  саны  мыңдаған, 
олардың көлемi иненiң жасуындай, тары, бұршақ дәнiндей. Балаңқұрттар тек 
қана  жас  түйiншектерден  табылады,  ал  ересек  құрттар  тоқ  iшектiң  iшiнен 
iздестiрiледi.  Көпшiлiгi  жансызданған  (некроз)  немесе    iшi  iрiңге  толған,  
кейбiреулерiнiң  аузы  тыртықтанып  бiтелген,  iрiңдi  колит  (тоқ  iшектiң 
қабынуы) белгiлерiн байқауға болады.     
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Эзофагостомоз ауруына толық сипаттама беріңіз 
2 Қоздырғыштарын атаңыз? 
3 Даму биологиясы қалай өтеді? 
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді? 
5 Эзофагостомоз ауруына диагнозды қалай қояды? 
 
III Бөлім   Ветеринариялық протозоология бөлімі 
 
Протозоология  –  Protozoa  патшалығына  жататын,  денесі  бірторшалы 
қарапайымдылар  туралы  ғылым.  Протозоология  ғылымының  мақсаты  - 
паразиттің  дене  құрылысын,  өсіп-дамуын  зерттеу,  паразиттің  түрін  және 
жануарларға  жұғу  жолдарын  анықтау.  Сонымен  бірге  протозоология, 
қоздырғыштың  мал  организміне  зиянды  әсерін  (патогендік  әсері),  ауруды 
анықтау  тәсілдерін,  арнайы  және  патогендік ем,  сондай-ақ  оның  алдын  алу, 
дауалау  әдістерін  зерттейді.  Жалпы  қарапайымдылар  7  топқа  бөлінеді,  ал 
солардың  3  тобы  түгелімен  паразиттер.  Мысалы,  қазіргі  уақытта 
қарапайымдылардың    70000  жуық  түрлері  белгілі,  олардың  10000  түрлері 
ауыл  шаруашылық,  жабайы  жануарларда,  балықтарда,  араларда  және 
адамдарда  паразиттік  жолмен  тіршілік  етіп,  олардың  протозоидтық 
ауруларын немесе протозооздарды қоздырады. 
Қарапайымдылар  жануарлардың  және  адамдардың  әр  түрлі  мүше-
лерінде,  ұлпаларында,  қанның  плазмасында  (трипаносомдар),  қан 
торшаларында 
(пироплазмидтер), 
ішектің 
эпителий 
торшаларында, 
бауырдың  өт  жолдарында,  бүйректе  (эймерийлер),  жыныс  мүшелерінде 
(трихомонадтар)  тіршілік  етеді,  қарапайымды  токсоплазмалар  және 
саркоспоридийлер  жануарлар  мен  адамдардың  барлық  мүшелерінің  және 
ұлпаларының паразиттері . 
Ветеринарлық  протозоология  мазмұның  құрайтыны  -  паразиттік 
қарапайымдыларды,  солармен  үй  және  жабайы  жануарларда  түдыратын 
ауруларды (протозооздарды) және күресу шараларды оқу. 
Қарапайымдылар  құрылысы.  Қарапайымдылар  —  өте  ұсақ,  көзге 
көрінбейтін,  протоплазма,  ядро,  қабықшалардан  тұратын  бір  торшалы 
организмдер  (бүкіл    емес).  Қарапайымдыларда  жиі  органоид  немесе 
органелла  мүшелері  болады  (цитостом,  жіпшелер,  жалған  аяқтар  және 
басқалар). 

 
 
111 
Протоплазма  -  органикалық  заттардың  (ақтың,  углеводтардың, 
липоидтардың)  және  неорганикалық  (тұздың  және  судың)  коллоидтық 
қоспасы. Ол үстінде орналасқан тығыз эктоплазмаға  және әртүрлі қоспалары 
бар  (түйірлер,  вакуольдер  сияқты)  сұйық  консистенциялы  эндоплазмаға 
бөлінеді. 
Ядро  (макронуклеус)  негізі  болып  аталады.  Оның  пішіні  доңгелек 
немесе сопақша келген; ортада немесе торшаның шетінде орналасқан және ақ 
құралымдардан түрады. Хроматин ядроның негізгі құрамы болып табылады, 
негізгі бояулары мен боялады. 
Кейбір  қарапайымдыларда    тағыда  қосымша  ядро,  немесе 
микронуклеус болады (трипаносомда). 
Жануар  организмінде  қарапайымдылар  вегетативтік  түрде  кездесуі 
мүмкін  (өніп-өсу  формалары),  ал  сыртқы  ортада,  әсіресе  қолайсыз 
жағдайларда,  циста  түрінде.  Азық  қарапайымдылар  организміне  цитостом 
(ауыз  гомологы  арқылы)  немесе  осмотикалық  жолы  мен  түседі.  Қөп 
қарапайымдылар  азықты  азық  қорыту  вакуольдар  арқылы  қорытады  және 
қорытылмаған азықты сыртқа сократительные вакуольдар арқылы шығарады. 
Қарапайымдылардың  жылжуы  жалған  аяқтар,  иректелген  жарғақтар, 
жіпшелер және кірпікшелер арқылы қозғалады. 
Қарапайымдылардың өніп-өсуі жыныссыз және жыныс жолымен өтеді, 
және  де  Protozoa  көп  өкілдерінде  (кокцидийларда)  жыныссыз  және  жыныс 
ұрпақтар алмасуы байқалады. 
Жыныссыз  өніп-өсу  түріне  жәй  бөліну  жатады  (екі  бірдей  торшалар), 
бұйректену  (аналық  торшадан  кішкентай  торша  бөліну)  және  көп  бөліну 
(аналық торша 8—32 торшаға бөліну). 
Жыныс өніп-өсу ұрықтанумен аяқталады. 
Ұрықтану қарапайымдыларда копуляция (жыныс торшалардың  толық 
қосылуы),  конъюгация  (екі  торша  уақытша  қосылуы)  және  автогамия 
(өздігінен ұрықтануы) жолдарымен өтеді. 
Кейбір 
қарапайымдылардың 
өніп-өсуі 
бір 
иеде, 
мысалы 
(кокцидийларда),  басқаларда  —  (пироплазмидалар,  лейшманийлар)  екі  иеде 
өтеді,  сондықтан  оларды  бір  иелі  және  екі  иелі  паразиттер  деп  атайды.  Екі 
иелі қарапайымдыларға кенелер немесе жәндіктер дефинитивті ие болады, ал 
аралық  иелері—  үйдегі  жануарлар,  олардың  денелерінде  паразиттер 
жыныссыз жолмен өніп-өседі. 
Қарапайымдылардың  жүйелігі.  Қарапайымдыларды  (Protozoa)  екі 
түрге  бөледі:  плазматикалық  (Plasmadroma),  олар  жалған  аяқ  немесе 
жіпшелер  арқылы  қозғалса  және  екінші  түрі    жіпшелілер  (Ciliophora), 
олардың  қозғалысын  негізінен  органеллалары  атқарады.  Ондай  органеллаға  
кірпікшілері мен бишіктері жатады. 
Plasmadroma түрлігіне бірнеше класстар енеді, олардың ішінде 3 класы 
ветеринарияға  өте  маңызды:  жіпшелер  (Mastigophora),  споровиктер 
(Sporozoa), саркодтар (Sarcodina) және книдоспоридийлар (Cnidosporidia). 
Ciliophora  түрлігі  қарапайымдылардың  3  класын  біріктіреді.  Үйдегі 
жануарларда  және  балықтарда  бірақ  кластын  өкілдері  паразиттейді— 

 
 
112 
инфузорийлар  (Ciliata).  Осы  бөлімде  екі  қауыпты  (токсоплазмоз  және 
безноитиоз)  аурулар  қаралған,  олардың  қоздырушылары  казіргі  уақытқа  
дейін қандай қарапайымдылар класына жататыны анықталмаған. 
Қарапайымдылар класстары негізінен туыстыққа, тұқымдастыққа және 
түрге бөлінеді.
 
Жиі 
жануарларда 
протозооздардың 
(пироплазмидоздар 
және 
т.б.аурулар  кезінде)  ауыр  клиникалық  белгілері  байқалады.  Ол 
қоздырушының  механикалық  және  токсикалық  әсеріне  байланысты  келеді. 
Гемоспоридиоздар  кезінде  зақымдалған  эритроциттердің  көп  саны,  ал 
кокцидиоздар  кезінде  –  ішектің  және  бауырдың  эпителиальді  торшалары 
бүзылады.  Жылқылармен  түйелерде  трипаносомоздар  кезінде  жүйке 
қүбылыстары  жақсы  көрінеді,  ол  трипанозом  токсиндер  нәтижесіне 
байланысты келеді. 
Патогенді қарапайымдылардың жіктелуі  (систематикасы) 
Қарапайымдылардың  барлығы    Protozoa  тобын  құрайды.    Жалпы 
қарапайымдылар 7 типке бөлінеді. Олардың  3 типі түгелімен паразиттер:   
 1) Sarcomastіgophora типі, тармағы  Mastіgophora – бишіктілер; 
2)  Apіcomplexa  типі  –  оның  өкілдерінің  денесінің  алдыңғы  жағында 
апикальді жиынтығы бар; 
3)  Cіlіophora  –  кірпіктілер  типі.  Олардың  өз  бетінше  тіршілік  ететіндеріде 
баршылық. Мал дәрігерлік протозоология паразит қарапайымдылармен бірге 
риккетсияларға  жататын  кейбір  спирохеттер  мен  анаплазмаларды  да 
зерттейді. 
Протозоидтық аурулардың патогенезі 
Малдың  протозоидтық  ауруларының  патогенезі  толық  зерттелмеген. 
Ол  мал  (макроорганизм)  мен  қоздырғыштың  (микроорганизм)  бір  -  біріне 
қарым - қатынасынан туындайды. Жалпы мал организмінің паразитке қарсы 
жауап  әсері,  нерв  жүйесі  арқылы  реттелетін  иммундық  қорғаныс  жүйесінің  
және ішкі мүшелердің физиологиялық қызметіне байланысты. 
Паразиттің  мал  организміне  әсері,  ең  алдымен  оның  патогенділігіне 
байланысты  (ауру қоздырғыштық қабілеті). Әдетте қарапайымдылардың бір 
түрі  малдың  белгілі  бір  түріне  ғана  патогенді  болады,  бірақ 
қарапайымдылардың  кейбір  түрлері,  малдың  бірнеше  түріне  жұғуы  мүмкін. 
Мысалы, токсоплазмалар, көптеген мал мен құс түрлеріне жұғады. 
Әрбір  патогенді  қарапайымдыларда  өзіне  тән  вируленттік  (уыттылық) 
қасиеті  бар,  ол  өзгеріп  отырады.  Оны  физикалық  немесе  биологиялық 
факторлармен  төмендетуге  болады.  Суықтық  пен  әсер  етіп,  кейбір  мал 
пироплазмоздары қоздырғыштарының  вирулентті қасиетін уақытша азайтуға 
болады. Иммундық жүйесі мықты, өте резистентті малға жұқтыру арқылы да 
паразиттердің вируленттілігін төмендетуге болады. Қоздырғышты бір малдан 
екінші  малға  жұқтырып  (пассаж),  кейде  оның  вируленттілігін  арттыруға 
болады. 
Қоздырғыштардың  вируленттік  қасиетінің  өзгеруі,  олардың  кейбір 
кенелерде  өсіп-дамуында  байқалған.  Мысалы:  Hyalomma  plumbeum 
кенелерінен жұққан инвазияға қарағанда, Dermacentor кенелері тасымалдаған 

 
 
113 
нутталлиялар  жылқы  нутталиозының  ауыр  түрін  қоздырады.  Рентген 
сәулесімен  әсер  еткенде  де  кейбір  қарапайымдылардың  уыттылығы 
бәсеңдейді. 
Патогенді  қарапайымдылардың  вируленттік  қасиеті  көп  қырлы  және 
инвазияланған  организмде  ол  әр  түрлі  байқалады.  Оның  уыттылығы 
қызбамен,  жүйке  құбылыстарымен,  қан  тамырларының  қанталауымен 
байқалады. 
Қарапайымдылар организмде көбейіп, өз иесіне трофикалық (қоректік) 
әсер етеді.  Қарапайымдылардың тіршілігінен, зат алмасуынан пайда болған 
улы    заттар  қан  арқылы  малдардың  әр  түрлі  мүшелеріне,  ұлпаларына 
тарайды.  Бұл  заттар  бүкіл  организмді    уландырып,  инвазияның  ауыр  түрін 
туындатады.  Осылардың  әсерінен  малдың  дене  қызуы  жоғарылайды,  жүрек 
қантамыр  және  ас  қорыту  жүйелерінің    және  нерв  жүйесінің  қызметі 
бұзылады.  Сонымен  қатар,  қарапайымдылар  аллергиялық  реакция  туындату 
арқылы да мал организімін нашарлатады. 
Торша ішінің паразиттері, мысалы пироплазмдар эритроциттер ішінде 
тез  көбейіп,  оларды  ыдыратады.  Ыдыраған  эритороциттер  ішіндегі 
гемоглобиннің  бір  бөлігі  биллирубинге  айналып,  ал  оның  басым  көпшілігі 
бүйрек арқылы шығарылғандықтан гемоглобинурия пайда болады. 
Ішек 
торшалары 
ішіндегі 
паразиттер, 
мысалы, 
эймериялар 
(кокцидиялар)  ішектің  эпителий  торшаларын  зақымдайды.  Бұл  паразиттер 
пиноцитоз  арқылы  қоректенеді,  олар  торшаның  цитоплазмасын  зақымдап, 
оны  ыдыратады.  Егер,  эймериялардың  саны  тым  көп  болса,  ішектің  кілегей 
қабығы    ыдырап,  ас  қорыту  қызметі  бұзылады,  қан  тамырлары  қансырап, 
организмге  патогенді    микроорганизмдер  енеді,  ішек  қыртысы  қабынып, 
энтерит және колит белгілері пайда болады. 
Протозоидтық  аурулардың  жіті  түрінде  бауырда,  бүйректе,  жүректе 
және басқа органдарда өте күрделі паталогиялық өзгерістер. 
Протозоидтық аурулар кезіндегі иммунитет 
Протозоидтық  аурулар  қоздырғыштарының  малға  жұқпауы,  олардағы 
табиғи  (туа  пайда  болған)  немесе  жүре  пайда  болған  иммунитетке 
байланысты. 
Табиғи  иммунитет  (туа  пайда  болған)  организмнің  биологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты,  әдетте  ол  малдың  (иенің)  түр  белгісіне 
байланысты.  Организмнің  патогендік  әсеріне  қарсы  тұру  қабілеті 
малдың жасына, тұқымына, табиғи төзімділігіне және тұрған жағдайына 
байланысты  (азықтандыру,  күтімі  мен  қоршаған  ортаның  ыстық, 
суықтығы). 
Табиғи иммунитеттің қоздырғыштарға ешбір шексіз (абсолютті)  
немесе шек қойылатын түрлері болады. 
Шексіз  иммунитеті  бар  малға  организмнің    ауруға  төзімділігі 
төмендеген  кезде  де  кейбір  қоздырғыштар  дарымайды.  Мысалы: 
жылқыға  ірі  қара  малдың  тейлериоз  қоздырғышы  жұқпайды.  Мұның 
себебі  жылқыда,  ірі  қараның  тейлериоз  қоздырғышына  қарсы,  шексіз 

 
 
114 
иммунитет  бар.    Шек  қойылатын  иммунитет,  малдың  табиғи 
төзімділігінен  асып,  ауру  жұқтырғанда  байқалады.    Мысалы,  ересек 
тышқандарға  жылқы  мен  иттің  пироплазмалары  дарымайды,  ал 
тышқанның  балаларына  жоғарыдағы  қоздырғыштар  (жұғады)  жұққыш 
келеді.  Яғни,  мал  пироплазмидаларына  қарсы  тышқандарда  шек 
қойылатын иммунитет бар. 
Жүре  (туа)  пайда  болған  иммунитет  протозоидтық  аурулардың 
түріне  қарай  залалсыз  (стерильді)  және  залалды  (стерильсіз)  немесе 
премуниция  болып  екіге  бөлінеді.  Организмдегі  қоздырғыштардың 
жойылуымен бірге премуниция  да тоқталады. 
Қоздырғыштың  ауру  қабылдаушы  организмге  енуі,  инвазиялық 
процестің  және  иммунитет  дамуының  басы  болады.  Инвазиялық 
процесс  және  организмді  қорғау  тетіктерінің  қоздырғышқа  жауап  
реакциялары,  инвазияланған  мал  организмі  мен  қоздырғыштың  өзара 
қарым-қатынасынан  туады.  Инвазияланған  организмде  коздырғыштың 
өмір  тіршілігі  басылған  жағдайда  мал  сауығып  кетеді  немесе 
қоздырғыш  қисапсыз  дамып,  мал  өлімге  шалдығады.  Инвазияланған 
организмде,    ең  алдымен  орталық  жүйке  жүйесінің  қатысуымен,  оның 
қорғаныс тетіктері мен  мүшелерінің физиологиялық қызметін  арттыру 
арқылы, паразиттің тіршілік кеңістігін азайтуға болады, оның нәтижесі  
инвазиядан сауығып кетуді қамтамасыз етеді. Керісінше, егер  патогенді 
паразиттің  әсерінен  орталық  жүйке  жүйесі  күйзелсе,  И.П.Павловтың 
айтуы  бойынша  бұл  мүшелердің  физиологиялық  қызметін  бұзады, 
қорғаныс механизмдері әлсіреп, ауру мал өлімге ұшырайды.  
Протозоидтық  ауруларда    жүре  пайда  болған  иммунитет  бір-
бірімен  тығыз  байланысты  торшалы  және  гумморальді  иммунитетке 
жіктеледі.  Бөтен  антигендерді  “жою”  және  антиденелердің  түзілуіне 
фагоцитарлық  торшалардың  маңызы  зор.  Сондай-ақ,  түзілген 
антиденелер фагоцитозды күшейтеді. 
Енесінің 
құрсағында 
жатқан 
төл 
көптеген 
патогенді 
қарапайымдылардан қорғаулы, себебі зақымданбаған шудан паразит өте 
алмайды,  егер  жануар  ауру  болсада.  Шу  арқыла  антиденелер  де    өте 
алмайды.  Жас  туған  төлде  гуморальдік  иммунитет  әдетте  болмайды, 
себебі  глобулиндер  туғаннан  кейінгі  кезеңде  әлі  өндірілмейді  немесе 
қанға өте аз мөлшерде түседі. Иммуноглобулиндер төл организмінде 4 
апталық  жасынан  бастап  өндіріле  бастайды.  Бірақ,  туғаннан  кейінгі 
кезеңдерде  төлде  фагоцитарлық  қабілет  айқын  байқалады.  Бұл  кезеңде 
жас  төл  организімін  протозоидтлық  аурулар  қоздырғыштарынан 
қорғауға, ене сүтімен  және уызбен келген фагоциттер мен антиденелер 
қатысады.  Мысалы, күшіктер пироплазмалардың жұғуына өте сезімтал, 
ал бұзаулар ересек малға қарағанда, бабезиидтерге өте төзімді. Құстарда 

 
 
115 
жас  кезінде  инвазияға  қарсы  гумаральді  факторы  аз,  ал  фагоцитоз 
белсеңді байқалады. 
Протозоидтық  аурулар  қоздырғыштарынан  қорғауда,  организмде 
қалыптасатын торшалық иммунитеттің маңызы өте зор. 
Протозоидтық  ауруларда  да  иммунитет  бактериалды  және 
вирусты  індеттердегідей  болып  дамиды.  Малдың  протозоидтық 
ауруларында  да  арнайы  комплемент  байлағыш  антиденелер, 
аглютининдер,  преципитиндер  және  басқа  да  антиденелердің  барлығы 
бар. 
Қазіргі  таңға  дейін  патогенді  қарапайымдылармен  инвазияланған 
жануарларда  серотерапия  және  серопрфилактика  ретінде  қолдануға 
болатын  антиденелер  саны  анықталмаған.  Қоздырушының  жасырын 
түрінің  болуы  ауырып  жазылған  малдардың  қан  сарысу  мен  қанын 
протозойлық ауруларды алдын алуда қолдануға кедергі келтіреді. 
Протозоидтық  ауруларда  ұлпалық  және  гуморальдық  жүйенің 
көмегімен  инвазияланған  организмде  залалсыз  және  залалды  имунитет 
пайда  болады.  Трипаносомдарға  қарсы  залалсыз  иммунитет  сүт 
қоректілерде  туындайтыны  дәлелденген.  Көптеген  протозоидтық 
ауруларға  қарсы  малда  залалды  (стерильсіз)  иммунитет  болады.  Бұл 
иммунитет малға аурудың қайта жұғуынан сақтағанымен, көп жағдайда 
паразиттасымалдаушылар  арқылы  қоршаған  ортаға  парзит  таратып, 
аурудың етек жаюына  себеп болады. 
Протозоидтық  ауруларда болатын премуницияның мерзімі бірдей 
емес.  Паразиттің  вируленттілігінің  төмендеуі  кейде  залалды  иммунит-
теттің  (премуниция)  толық  жоғалуына  әкеп  соғады.  Мұндай  мал 
қоздырғыштың қайта жұғуына бейім болады. 
Протозоидтық  ауруларда иммунитет арнайы болады,  қоздырғыш 
түріне  немесе  штамына  байланысты  антиденелер  өндіріледі.  Тіпті  бір 
қарапайымдылар  түрінің  әртүрлі  даму  сатыларына  қарсы  түрлі 
антиденелер  өндірілуі  мүмкін.    Мысалы,  тейлерий  кезінде 
шизонттармен  инвазиялаған  организм  ішкіэритроцитарлық  формаларға 
қарсы әсер етпейтін антиденелер шығарады. 
Егер  мал  қатты  ауырып  сауықса,  залалды  иммунитет  соғұрлым 
тұрақты және ұзағырақ болады. 
 
Бақылау сүрақтар: 
1 Қарапайымдылар (Protozoa) типын қандай класстарға бөледі? 
2 Қарапайымдылар қалай өніп-өседі? 
3 Қандай аурулар трансмиссивтік аурулары деп аталады? 
4 Қарапайымдылар қандай мүшелермен ұлпаларда  паразиттейді? 
5
 
Патогенді  қарапайымдылардың жіктелуі    (систематикасы).  Жануарлардың 
протозойлық аурулары таралуына жылдың мерзімі қалай әсер етеді? 

 
 
116 
6 Иммунитет деген не, оған анықтама беріңіз?Иммунитет түрлері. 
 
 
 
 
 
Тақырып 1  Ірі қара тейлериозы 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Тейлериоз  -  эндоглобулярлы  қан  паразиттері  қоздыратын  және  жіті 
түрде  өтетін,  ірі  қара  малының  аса  қауыпты  ауруы.  Тейлериоз  мал 
шығынының көбеюімен сиппатталады. 
Ауруға  шалдыққан  малдың  сөл  бездері  үлкейеді,  қызба,  қаназдық 
белгілері  байқалып,  жүрек-қан  тамыр  жүйесінің  және  асқазан  жолдарының 
қызметі бұзылуымен сипатталатын  ауру. 
Қоздырғышы  -  Thеіlerіa  аnnulata    малдың  сөл  бездерінде,  талағында 
және  эритроциттерде  тіршілік  ететін  бір  торшалы  қарапайымдылар. 
Эритроциттер  ішіндегі  тейлериялар  дөңгелек,  сопақша,  таяқша,  үтір  және 
нүкте тәрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал 
көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 
80-95 % зақымдалады. (қараңыз: 25 - сурет). 
Бұл  паразиттерді  гиаломма  туысына  жататын  Hyaloma  detrіtum, 
Hyaloma anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі 
арқылы  мал  денесіне  енісімен  олар  сөл  бездеріне  және  бауыр  мен  талаққа 
барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. 
Мұның  нәтижесінде  көп  ядролы  анар тәрізді  (гранат)  денелер  пайда болып, 
олардың  бір  цитоплазмасында  40-50,  кейде  одан  да  көп  ядро  болады. 
Кейінірек  бұл  паразит  бөлшектері  ыдырап,  қанның    эритроциттеріне  енеді. 
Осы  уақыттан  бастап,  оларды  тейлериялардың  эритроцитарлық  түрі  деп 
атайды. 
 

 
 
117 
25-сурет  Theіlerіa annulata (В.Л.Якимов бойынша) 
 
 
 
 
 
Эпизоотологиясы. 
Тейлериоз 
шет 
елдерде 
Балкан 
түбегі 
мемлекеттерінде,  Италияда,  Кипр  аралында,  Турцияда,  Израильде,  Иракта, 
Сирияда,  Ливанда,  Ауғанстанда,  Индияда,  Солтүстік  Африкада  және  Орта 
Азияда  кеңінен  таралған  ауру.    Орта  Азия  мемлекеттерімен  қатар 
Қазақстанның  оңтүстік  аймақтарында  да  кездеседі.  Әсіресе  Оңтүстік 
Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тейлериоз кең етек алып, 
шаруашылықтарда энзоотия түрінде байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауру 
қоздырғышын тасымалдайтын Hyalomma туысына жататын кене түрлері көп 
тараған.  Жас  мал  тейлериозбен  асқынып  ауырады.  Сондай-ақ  сырттан 
әкелінген  малдар  да  өте  қатты  ауырып,  тейлериоздан  өлім-жітімге  көп 
шалдығады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет