К. У. Сулейманова



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Диагнозы.  Пироплазмоздың  эпизотологиялық  деректерін  ескереді.  
Ауырған малдың жайылымда болуы және аталған кенелердің мал денесінен 
табылуы, өткен жылдарда осы аймақта аурудың кездесуі еске алынады. Ауру 

 
 
141 
малды  тексеріп,  қарағанда  дене  қызуының  көтерілуі,  қан  аздық,  кілегей 
қабықтарының  сарғыштануы  және  гемоглобинурия  сияқты  белгілерді 
байқауға болады. 
Өлекседе қан аздық, талақтың үлкеюі, қуығы қызыл түсті қанға толуы 
және 
жалбыршықтың 
тығындалуы 
байқалады. 
Дайындаған 
қан 
жағындысынан ауру қоздырғышы табылады. 
Эпизоотологиялық  сараптау  және  ауру  белгілерін  анықтау,  қанды 
микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп диагноз қойылады 
да, оның негізінде қажетті ем қолданылады. 
Пироплазмоз  кейде  қараталақ,  лептоспироз  және  т.б.  аурулармен 
араласып  кездесуі  де  мүмкін.  Егер  пироплазмоз  қараталақпен  араласып 
кездессе, айрықша дәрілер қолдану нәтиже бермейді де, мал тез арада  өліп 
қалады. 
Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі - гемоглобинурия. Бірақ 
лептоспирозда  дене  қызуы  қалыптағыдай,  кілегей  қабықтарының 
сарғыштануы  өте  анық,  майтұмсық  зақымданады,  талағы  үлкеймеген. 
Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі күшімен қызба 
төмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл түсті несеп 
шығуы  тоқтамауы  мүмкін.  Мұндайда  лептоспирозға  қосымша  зерттеулер 
жүргізу шарт. 
Емі.  Ауру  мал  жайылымға  шығарылмайды.  Оларды  сумен,  жеңіл 
қорытылатын, балғын азықтармен қамтамасыз ету қажет. Рационға сүт сары 
суын  немесе  жаңа  сауылған  сүт  қосуға  болады.  Ауруды  емдегенде 
пироплазмоз бен франсайеллездің араласып келетінін ескеру қажет. Ол үшін 
арнайы  химиялық  препараттарды  және  симптоматикалық  дәрілерді 
қолданады.  Жүрек  етіндегі  болатын  өзгерістердің  алдын  алу  үшін  алдымен 
симптоматикалық  немесе  ауру  белгілеріне  қарай  ем  жүргізіледі.  Аралас 
инвазияда  жақсы  нәтиже  беретін  батризин,  неоазидин,    азидин  (беренил) 
және диамидин дәрілері. 
Азидинді  ауру  малдың  барлығына  (қатты  ауырған  малға  жарты  доза 
мөлшерінде)  тері  астына  немесе  бұлшық  етке  3,5  мг/кг  мөлшерінде  7  % 
ерітінді түрінде егеді. 
Диамидин тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде 7 % 
ертінді  түрінде  егіледі.  Ем  жүргізгеннен  кейін  оның  емдік  әсері  10-14 
сағаттан  соң  байқалады,  ал  нәтижесі  келесі  күні  (24  сағ)  ғана  білінеді. 
Жануардың дене қызуы қалыптағыға дейін төмендейді, несебі мөлдірленеді, 
сондай-ақ  жем  жеп,  су  іше  бастайды.  Егер  малдың  күйі  түзелгенімен,  дене 
қызуы  төмендемесе,  міндетті  түрде  қаны  зерттеледі.  Ауру  қоздырғышы 
табылса,  онда  емі  осы  әдіспен  қайталанады.  Егер  паразит  табылмаса, 
қосымша клиникалық зерттеу жүргізіледі. 
          Алдын  алу  және  күресу  шаралары.  Пироплазмоз  жыл  сайын 
тіркелетін  шаруашылықтарда,  ауруға  қарсы    химиопрофилактикалық 
шаралар  жүргізілуі  керек.  Ол  үшін,  ауруға  бейім  мал  басын,  азидин  мен 
наганин  араласқан  дәрімен  немесе  басқа  химиялық  арнайы  дәрілердің 

 
 
142 
бірімен,  тиісті  нұсқау  бойынша  көктемде,  кене  шығардың  алдында,  егеді. 
Керекті жағдайда, мал басын 10-15 күннен соң қайта дәрілейді. 
Шаруашылықтарда  химиялық  профилактика  жүргізумен  қатар, 
жоспарлы түрде кенелерге қарсы шаралар ұйымдастыру қажет. 
Кенелермен күрес шаралары «Арахнология» бөлімінде жазылған 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Пираплазмоз ауруына жалпы сипаттама беріңіз 
2 Қандай малдар ауырады. 
3 Қоздырғышын атаңыз 
4 Дауалар шаралары қалай жүргізіледі. 
 
Тақырып 9 Ірі қара франсаиеллезі 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар 
 
 
Франсаиеллез  –  мал  денесінің  қызбасымен,  қан  аздықпен, 
сарғыштануымен  және  гемоглобинурия  белгілерімен  сипатталатын  ірі  қара 
протозоозы. 
Қоздырғышы - Francaіella colchіcа (Babesіa colchіca) (Jakimoff,  1927) 
эритроцит  ішіне  дара,  сыңар  немесе  кейде  көптеп  орналасады.  Олардың 
пішіні  дөңгелек  немесе  алмұрт  тәрізді,  тұрқы  2,8  мкм.  Жұпталған  алмұрт 
тәрізді  түрлері,  сүйір  жақтарымен  қосылып,  “көзілдірік”  тәрізденіп  тұрады. 
Паразиттің  дара,  сыңар  түрлері  жиі  кездеседі.  Аурудың  алғашқы  кезінде 
қанда  олардың  саны  аз  болғанымен,  аурудың  орташа  және  ауыр  түрлерінде 
эритроциттердің 4-5 % -ін зақымдайды. 
Қоздырғыштың  өсіп-өнуі.  Франсаиелдердің  өсіп-өнуі  өзгеше  болуы 
мүмкін.  Себебі,  B.calcaratus    балаңкенелері  қан  сора  бастаған  соң,  3,5 
тәуліктен  кейін,  мал  паразитпен  зақымдана  бастайды.  Бұл  жағдай 
франсайеллездің  жасырын  кезеңі    қысқарақ  екендігін  көрсетеді.  Онымен 
қоса, иммунитет бұл ауруда тұрақты және ол бір жылдай мерзімге созылады. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Ғ.colchіcа  –  паразитін  тек  қана 
B.calcaratus кенелері тасымалдайды. Паразиттің өсіп-дамуы, P.bіgemіnum-нің 
өсіп-дамуы  мен  ұқсас  болғандықтан,  эпизоотологиялық  деректері 
пироплазмоз ауруына ұқсас. 
Ауру белгілері де пироплазмоз ауруына ұқсас. Жасырын кезеңі  -  13-
14  күн.  Франсаиеллез  ауырырақ  өткенімен,  пироплазмоздан  ерекшелігі  – 
гемоглобинурия  сирек жағдайларда кездеседі. 
Емі және дауасы. Франсаиеллезді емдеу мақсатымен азидин (беренил) 
және  осы  топтағы  дәрілер  қолданылады.  Мөлшері  және  қолдану  әдістері 
пироплазмоздағыдай. 
Азидин, 
беренил, 
батризин 
сияқты 
дәрілер 
франсаиеллез  ауруының  жасырын  кезеңінде  ғана  жақсы  әсер  береді.  Ауру 

 
 
143 
белгілері  шыға  бастаған  малдарға  әсері  болмауы  мүмкін.  Сондықтан,  мал 
басын  дәрілегеннен  кейін  де  франсаиеллез  шыға  беруі  мүмкін.  Кенелермен 
күрес және симптоматикалық ем де қосымша жүргізіледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Франсаиелбен көбінесе қандай малдар ауырады 
2 Қоздырғышын атаңыз 
3 Даму биологиясы қалай өтеді 
4 Емдеу шаралары қалай жүргізіледі 
 
Тақырып 10 Жануарлар кокцидидоздары 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар 
 
Кокцидиоздар  –  Coccіdіa  отрядында,  споровиктер  тобына  жататын  
қарапайымдылар  қоздыратын  мал  мен  құстың  көбінесе  ішек  кілегей 
қабатының эпителий торшаларын зақымдайтын протозоидтық аурулар тобы. 
Жеке мал түлігіне бұл  ауруларды Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар 
түрлері  қоздыратын  болғандықтан,  оларды  эймериоз  деп  атаған  жөн,  ал 
кокцидиоз дегеніміз отряд атауынан шығатын жалпылама аты. 
Кокцидиозбен,  әсіресе  үй  қояны  мен  тауық  көбірек  және  қатты 
ауырады. Сондай-ақ, ірі қара, қой, ешкі, күркетауық та ауырады. 
Кокцидиялар  ооциста  сатысында  ішектен  сыртқа  шығады.  Олардың 
түрін  айыру  үшін  ооцисталардың  пішінін,  түсін,  тұрқын,  микропилесінің 
(кішкентай тесік) бар-жоғын, споруляция мерзімін және т.б. сипаттамаларын 
білу шарт. 
Eimeriinae  тұқым  тармағына  жататын  паразиттер,  тек  бір  организмде 
ғана  көбейіп,  дамуын  эймериоидтық  ооциста  түзумен  аяқтайды.  Ондай 
ооцисталар  ішінде  екі-екіден  келген  спорозоиттары  бар,  4  споробласталар 
орналасқан. 
Мал  мен  құс  организмінде  кокцидиялар  жыныссыз  көбею  немесе 
шизогония  және  жынысты  даму  немесе  гаметогония  сатыларынан  өтіп 
ооцисталар түзейді де, ооцисталар ішектен нәжіске  араласып сыртқа шығып, 
спорогония сатысынан өтеді  ( 2 – сурет). 
Спорогония  сатысынан  өткен  ооцисталарды  мал  мен  құс  инвазия-
ланған  жеммен  не  сумен  жұқтырады,  ішекке  жеткен  соң  ооцисталардан 
спорозоидтар  бөлініп  шығады,  себебі  ішек  сөлдерінің  әсерінен  ооцисталар 
қабығы  ыдырап  кетеді.  Сонан  соң  спорозоидтар  үшкір  жағымен  тесіп, 
эпителий  торшалары  ішіне  енеді  де  трофозоитқа  айналады.  Онда  олар  өсіп, 
дөңгеленіп  көп  ядролы  шизонтқа  айналады.  Бұл  шизонттардың  бірінші 
ұрпағы.  Олардың  ішінде  сопақша  мерозоиттар  пайда  болады.  Мерозоиттар 
түзіліп  болған  соң  шизонттар    ядро  саны  қанша  болса,  сонша  мерозоитқа 
бөлініп,  эпителий  торшаларын  ыдыратып,  ішек  ішінен  шығады.  Босанған 

 
 
144 
мерозоиттар  эпителий  торшаларына  қайта  еніп,  шизонттардың  екінші, 
үшінші, ал эймериялардың кейбір түрлерінде, төртінші және бесінші ұрпағын 
түзейді. 
Гаметогония  -  жыныссыз  көп  бөлшекке  бөлініп  көбеюден  кейін 
келетін,  көбеюдің  жыныстық  түрі.  Гаметогониялық  көбеюде  шизонттардың 
соңғы  ұрпағынан  гамонттар  түзіледі.  Сонан  соң  бұл  торшалардан 
макрогаметоциттер  және  микрогаметоциттер  айрықшаланады.  Бұдан  кейін 
макрогаметоциттер  ірі  және  аз  қозғалатын  ұрғашы  жыныс  торшалары-
макрогаметтерге айналады. Микрогаметоциттердің ядролары көптеп бөлініп, 
одан  пайда  болған    жаңа  ядролар  маңына  цитоплазма  түзіледі,  мұның 
нәтижесінде  екі-үш  бишігі  бар,  орақ  тәрізденген  еркек  жыныс  торшалары 
пайда  болады.  Қозғалымпаз  микрогаметтер  макрогаметалар  денесіне  еніп, 
оларды  ұрықтандырады,  оның  нәтижесінде  копула  немесе  зигота  түзейді. 
Осыдан  кейін  зигота  қабықпен  қоршалып,  ооцисталарға  айналады.  
Ооцисталардың пішіні кокцидиялар түріне қарай сопақ, дөңгелек, жұмыртқа, 
эллипс және алмұрт тәрізді болады. Ооцисталар қабығы көбінесе екі қабатты, 
ал  цитолазмасы  түйіршікті  болады.  Кейде  кейбір  кокцидиялардың  біржақ 
ұшында микропиле - кішкентай тесік пен оны жауып тұрған қақпақша және 
жылтыр нүкте-полярлық түйіршік болады. 
Isosporinae  тұқым  тармағына  жататын  қарапайымдылар  бірнеше  ие 
организмінде  өсіп,  көбейеді.  Олар  өздерінің  даму  сатыларын  екі  иеде 
аяқтайды.  Изоспорийлердің  көбісі  жыныссыз  мерогониялық  және  жынысты 
гаметогониялық  дамудан  өтіп,  иесінің  ішегінде  немесе  сыртқы  ортада 
спорогониялық  даму  нәтижесінде  8  спорозоит  түзеді.  Әдетте,  жетілген 
изоспороидтық  ооцисталар  ішінде,  әрқайсысында  4  спорозоиты  бар,    2 
споробласт пайда болады. 
 
 
 

 
 
145 
27- сурет. Эймериялардың даму сатылары 1 – спорозоит; 2-4 – шизонттар; 5 – 
мерозоит; 6 – микрогаметтердің жетілуі; 6А – макрогаметтер; 7 – микрогаметтер; 8 – 
ооциста; 9 – спорланбаған ооциста; 10-12 – спорогания сатысы. 
 
 
Сыртқа  шыққан  ооцисталар  цитоплазмасы  түйіршікті  болады.  Сыртқа 
шыққаннан  кейін  ол  шар  тәрізденіп  тығыздалады  да  тіршілікке  қолайлы 
жылылық, ылғалдық және ауа жеткілікті жағдайда, төрт споробластқа бөліне 
бастайды.  Сонан  соң  олардың  әрқайсысының  маңына  қабықша  түзіліп, 
спороцистаға  айналады.  Спороцисталар  ішінде  екі-екіден  орақ  тәрізденген 
спорозоиттар  түзіледі.  Олар  түзілісімен  спороцисталар  спораға  айналады. 
Қорытындысында,  спорогониялық  даму  арқылы  Eіmerіa  туысына  жататын 
кокцидиялардың  ооцисталары  ішінде  сегіз  спорозоит  түзіліп,  инвазиялық 
сатыға  айналады.  Осымен  олардың  сыртта  дамуы  аяқталады.  Мұндай 
ооцисталар  дамып  жетілген  және  олар  ауруға  бейім  малға  жұқса,  ауру 
қоздыра алады. 
Іsosporіnae    тұқым  тармағына  жататын  кокцидиидтердің  өсіп-
дамуы. 
Бұл  қарапайымдылардың  биологиясы  бұрынғы  кезде  Eіmerіa-  тусына 
жататын кокцидиидтерге ұқсас деп қаралған. Бірақ токсоплазмалар, ал содан 
соң  саркоцисталардың  өсіп-дамуын  зерттеу  осы  тұқым  тармағына  жататын 
кокцидиидтердің биологиясы туралы біздің білімімізді кеңейтті. 
Бірқатар  ғалымдар,  тышқаннан  алынған  токсоплазмаларды  мысыққа 
жұқтырып,  олардан  сыртқа  ооцисталар  шығатынын  дәлелдеген.  Бұдан  соң 

 
 
146 
Hutchіson  авторларымен  және  бір  мезгілде  Frenkel  авторларымен  (1970)  өте 
қызықты тәжірибелер жүргізген. 
Авторлар  қарапайымдылардан  таза  мысық  күшіктеріне,  токсоплазма 
цисталары  бар  тышқан  миын  жегізеді.  5-6  күннен  соң  ауру  жұқтырылған 
мысықтардың ішек қабырғаларында токсоплазмалардың шизогония, ал содан 
соң  гаметогония  сатылары  бар  екені  анықталған,  ал  кейіннен  олардың 
нәжістерінде  ооцисталар  пайда  болған.  Қоршаған  ортада  ооцисталар  ішінде 
екі  спора,  ал  оның  әрқайсысында  төрт-төрттен  спорозоиттар  пайда  болған. 
Бұл  спора  түзген  ооцисталар    тышқан  және  басқа  жануарларға 
токсоплазманың пролиферативтік түрлерін жұқтырады. Мысық организмінен 
шығатын ооцисталар, морфологиялық құрылысы жағынан, бұрыннан белгілі 
Іsospora  bіgemіna  ооцисталарынан  ешбір  айнымайды.  Frenkel    ұсынған 
токсоплазманың  өсіп-даму  схемасы  негізінен  осы  паразиттің  биологиясын 
ашуға  мүмкіндік  берді.  Бұрыннан  белгілі  Іsospora  bіgemіna  паразиті  
Toxoplasma  dondі-дің  өсіп-даму  сатыларының  біреуі  екендігі  анықталды. 
Сайып  келгенде,  мысық  және  т.б.  мысық  тұқымдастар    паразиттің  тұрақты 
иесі  болып,  олардың  организмінде  шизогония  және  гаметогония 
сатыларынан кейін ооцисталар түзіледі. Ооцисталармен аралық иелері - адам 
және  жануарлар  зақымдалып,  токоплазмоз  ауруына  шалдығады.  Сондықтан 
мысық  тұқымдастардан  басқа  жануарлар  паразиттің  аралық  иесі  болып 
табылады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Кокцидиоз ауруына жалпы сипаттама 
2 Қоздырғыштарын атаңыз 
3 Даму биологиясы қалай өтеді 
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді 
5 Диагноз қалай қояды 
 
Тақырып 11   Саркоцистоз 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, боялған препараттар 
 
Саркоцистоз  жануарлар  мен  адамда  кездесетін,  бір  торшалы 
қарапайымдылар 
қоздыратын, 
мал-жануарлардың 
бұлшық 
еттері  
зақымдалуымен  сипатталатын,  антропозонозды  ауру.  Саркоцистоз  жіті, 
жітілеу,  созылмалы  және  жасырын  түрде  өтеді.  Ол  ауыл  шаруашылық 
жануарлардың барлық түрінде, бағалы терілі аңдарда, құстарда және адамда 
да кездеседі. 
Қоздырғышы.  Қазіргі  кездегі  деректерге  қарағанда  ірі  қара  малдың 
өзінде  ғана  саркоцистозды  қоздыратын  қарапайымдылардың  3  түрі  бар. 
Олар:  Sarcocystіs  bovіcanіs,  S.  bovіfelіs, S.  bovіhomіnіs.  Паразиттің  қойда екі 

 
 
147 
түрі  кездеседі:  Sarcocystus  ovіcanіs  және    S.ovіfelіs;  сондай-ақ  шошқада:   
S.suіcanіs және S. Suіhomіnіs. 
Саркоцисталар  ақтық  иелерінің,  яғни  ит  пен  мысық  және  адам  ішегін  
мекендеп, онда ооцисталар түзеді. Ішектегі ооцисталар көбінесе споруляция 
сатысынан  өтіп,  сыртқа  шыққанда  оның  ішінде  екі  спороциста,  ал  олардың 
әрқайсысының ішінде төрт спорозоиттан түзіледі. Аралық иелерінің, яғни ірі 
қара  мал,  қой,  шошқа  т.б.  организмге  енген  саркоцисталар  қан 
тамырларының  эндотелий  торшаларында    көп  ядролы  дөңгелек  не  сопақ 
шизонтқа  айналады.  Кейбір  мал  түлігінде  ұсақ  микроцисталар,  ал 
көпшілігінде  көзге  көрінетін    макроцисталар  немесе  Мишер  қалталары 
түзіледі. Олардың диаметірі 15 мм-ге дейін жетеді. 
Аралық иелеріне  түскен паразиттер,  33-45 күннен  кейін,  жүрек  еті  мен 
басқа да бұлшық еттерде ұсақ цисталар түзей бастайды. Мұндай цисталардың 
қабырғасы  жұқа,  іші  дөңгелек  пішінді  меронттарға  толы.  Соңғылар 
эндодиогения немесе көп бөлшекке бөлініп бүршіктену әдісімен көбейіп, 60-
70 күннен соң цисталардың іші мерозоиттарға толады. Осындай зақымдалған 
етті  тұрақты  иелері,  яғни  мысық  пен  ит  және  адам  жесе,  олар 
саркоцисталармен зақымданады. 
Саркоцистоздың  ішектегі  түрімен  ауыратын  оның    тұрақты  иелері  (ит, 
мысық  және  адам)  өзінің  нәжісімен  көптеген  ооцисталарды  сыртқа 
шығарады. Мысалы, ауру ит бір тәулікте сыртқа 30 млн. ооциста шығарады. 
Ооцисталар сыртқы ортаға тұрақты иелерінен 90 тәулік бойы шығуы мүмкін. 
Эпизоотологиялық  деректер.  Саркоцистоз  жер  шарының  барлық 
құрлықтарында кездеседі. Біздің елімізде де кең таралған. Ауру 3-6 айлық, ал 
кейде одан да ересек мал төлінде кездеседі. Кейбір шаруашлықтарда ірі қара  
96  %,  ал  қой  100  %  дерлік  саркоцистозбен  зақымдалған.  Ірі  қара  
саркоцистозының тұрақты иелері - ит, мысық, адам, шошқа саркоцистозының 
тұрақты иелері - ит және адам болып табылады, ал қой саркоцистозында - ит 
пен мысық. 
Саркоцисталардың  ақтық иелері саркоцистозбен ауырған мал етін жеп 
зақымданады. 
Патогенезі.  Аралық  ие  организміне  патогендік  әсер  ететін  шизонттар 
екендігі анықталды. Саркоцисталар шизогония жолымен қан тамырларының 
эндотелий  торшаларында  көбейе  отырып,  мүшелер  мен  ұлпаларды 
қабындыратыны  дәлелденді.  Соның  әсерінен  асқазан  қызметі  бұзылып,  іші 
өтеді.  Саркоцисталардың  жаппай  көбеюі  кезінде  олардан  бөлінген  тіршілік 
өнімдері  ішкі  мүшелерді  уландырады.  Цисталар  үлкейген  сайын,  оның 
маңында  бұлшық  еттері  семи  береді.  Саркоцисталар  уытты  саркоцистин 
шығарады. Ол бүкіл мал денесін уландырады. 
Ауру  белгілері.  Саркоцистоздардың  клиникалық  белгілері  толық 
зерттелмеген.  Тәжірибе  ретінде  ауру  жұқтырған  қозылар  мен  бұзаулардың 
тәбеті  қашады,  денесі  босаңсиды,  арықтайды,  өсіп  жетілуі  бәсеңдейді.  Егер 
саркоцистозға  жүрек  еті  шалдықса,  онда  миокардит  дамиды.  Егер  ауруға 
өңеш  еті  шалдықса,  оның  қуысы  тарылып,  мал  азып-тозады.  Ірі  қарада 
жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа, аурудың жасырын түрі де болады. 

 
 
148 
Өлекседегі  өзгерістер  толық  зерттелмеген.  Өлексенің  бұлшық  еттері 
сулы,  босаңсыған,  бозарыңқы,  оның  дәнекер  ұлпасында  және  шелінде 
кілкілдек  инфильтрат  бар.  Қарынның  көк  етінде,  диафрагма  етегінде, 
жүректе және өңеште үлкендігі 0,5-10 мм цисталар табылады. Кейбір паразит 
төмпешіктері тастанып қолға қап-қатты сезінеді. 
Диагнозы.  Саркоцистозды  мал  өлексесін  сойып-жарып  көргенде 
анықтауға болады. Жай көзбен жүрек және тіл етін, диафрагманы және қаңқа 
бұлшық  еттерін  қарап  макроцисталарды  іздестіреді.  Егер  макроцисталар 
табылса, оларды ортасынан жарып, ішіндегі заттан жұғынды препарат жасап, 
Романовский-Гимза  әдісімен  бояйды.  Микроскоп  арқылы  зерттегенде, 
препарат  жағындысынан    пішіні  банан  тәрізді    мерозоиттар  табылады. 
Олардың цитоплазмасы көкшіл, ал ядросы қоңыр қызғылт түске боялады. 
Бұлшық  еттерді  саркоцистозға    компрессорлық  әдіспен  зерттейді.  Ол 
үшін зерттелуге алынған ет талшықтарын, метилен көгіне (1 мл бояуға 10 мл 
су  қосылады)  салып,  15-20  минутқа  қалдырады.  Сонан  соң,  талшық  еттерді 
компрессор шынылардың арасына салып, қысып езеді де, микроскоп арқылы 
зерттейді. Мұндайда пішіні әртүрлі қара көкшіл микроцисталар табылады. 
Еттегі  саркоцисталарды  анықтау  үшін,  люминесцентті  микроскопия 
әдісі  де  қолданылады.  Ол  үшін  кесілген  еттің  бетіне  ультракүлгін  сәулесін 
түсіреді.  ОИ-19  жарық  түсіргіші  және  УФС-3  жарық  фильтрі  қолданылады. 
Қараңғы жерде ет ішіндегі эндозоиттар қызғылт сары  түсті болып көрінеді. 
Емі.  Бұлшық  еттері  зақымдалатын  саркоцисталардың  аралық  иелерін 
емдеу тәсілдері әлі толық зерттелмеген. Ал саркоцистоздың  ішектегі түрін, 
яғни  қарапайымдылардың  тұрақты  иелерін  (ит  пен  мысық  және  адам) 
емдеуге  кейбір  кокцидиостатиктер  қолданылады  (кокцидин,  кокцидиовит, 
ампролиум, норсульфазол, химкокцид және т.б.). 
Алдын-алу және күресу шаралары. Ит пен мысықты мал фермаларына 
жуытпай  оқшау  ұстау  шарт.  Адамның  нәжісі  мал  жеміне,  не  суына  түспеу 
үшін жақсы жабдықталған дәретханалар болуға тиіс. Мал азығын сақтайтын 
орындарға  ит  пен  мысық  кірмейтіндей  болуы  керек.  Ит  пен  мысықты 
пісірілген  немесе  мұздату  арқылы  зарарсыздандырылған  ет  пен  ғана 
қоректендіреді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Саркоцистоз ауруына жалпы сипаттама беріңіз 
2 Саркоцистоз қоздырғыштарын атаңыз 
3 Саркоцисталардың ақтық иелері кім болады? 
4 Саркоцистоз ауруы қай жерлерде кездеседі? 
5 Осы ауруға диагноз қалай қояды? 
 
Тақырып 12 Ірі қара безноитиозы 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  безноитиоз  қоздырушы  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, боялған препараттар 

 
 
149 
 
Безноитиоз  -  жіті,  жітілеу  және  созылмалы  түрде  өтетін,  Besnoіtіa 
besnoіtі  деген  споровиктер  тобына  жататын  қарапайымдылар  қоздыратын 
қара  мал  ауруы.  Безноитиозға  шалдыққан  малдың  терісі  қабынады,  түгі 
түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. 
Осы  уақытқа  дейін  бұл  ауру  толық  зерттелмей  келді,  сондықтан  оны 
бұрын  тері  глобидиозы,  тері  саркоцистозы  деп,  тіпті  мал    мамандары  оны 
асқынған қотыр, көң қотыр, қышыма көнтек деп те атаған. 
Қоздырғышы  -  Besnoіtіa  besnoіtі,  пішіні  сопақ,  алмұрт  немесе  орақ 
тәрізді.  Ұзындығы  5-9  мкм  және  2-5  мкм.  Оның  қандағы  көбею  сатылары 
трофозоит  деп  аталады.  Қан  жұғындыларын  Романовский-Гимза  әдісімен 
бояғанда  трофозоиттардың  цитоплазмасы  көкшіл  түске,  ядросы  қызғылт-
қоңыр  түске  боялады.  Ауру  жұққаннан  кейін    үш  аптадан  соң  қоздырғыш 
терінің  дәнекер  ұлпасына,  ет  шандырына,  көздің  ақзаты  мен  дәнекер 
қабығына,  танауға,  көмейге,  кеңірдекке  және  басқа  да  ұлпалар  мен 
мүшелерге  еніп,  үлкендігі  0,5-4  мм,  пішіні  дөңгелек  не  сопақ  цисталар 
түзейді. Мұндай цисталардың іші трофозоиттарға толы. 
Әр  түрлі  жолдармен  қанға  енген  безноитиялар  моноциттер  мен 
нейтрофилдердің ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Мұндайда паразит 
мекендеген торшалар ыдырайды да, трофозоиттар қан тамырына түседі. Қан 
ағымымен  әртүрлі  мүшелерге  барған    трофозоиттар  дәнекер  торшалар-
гистиоциттердің  ішіне  енеді.  Гистиоцит  ішінде  көбейіп,  торша  ішін 
толтырады.  Мұндай  кеңейген  гистиоциттердің  маңына  фибробластар 
жиналып,  олардың  фибрилдері  (жіпшелері)  кейіннен  циста  түзейді.  Кейбір 
ғалымдардың зерттеу нәтижесіне қарағанда, паразиттің  тұрақты иесі мысық 
және  мысық  тектестер.  Паразит  дала  мысығының  ішегінде  жыныстық 
жолмен  өсіп  жетіледі,  зигоциста  (ооциста)  түзіліп,  қайтадан  нәжіс  арқылы 
сыртқа  шығады.  Ал,  ірі  қара  ооцисталармен  былғанған  жем-шөп  арқылы 
зақымданады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет