Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары
Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі - олардың
шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі - жануарларға
жабысқандарын жою.
Кенелерді өз биотобында жою тиімдірек. Кенелерге қарсы шараларды,
олар малға жабыспас бұрын бастаған жөн. Кенелердің көптеген түрлері
жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң кенелері де сонда пайда
болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп
егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Мұндайда көп
кенелер өздігінен жойылады, сондай-ақ өсімдіктер құрамы өзгереді,
топырақтың жылылық-суықтығы, ылғалдығы өзгеріп, қалған кенелердің
тіршілігіне кедергі жасайды. Жайылымдарды жырту кейбір жерлерде
Boophіlus calcaratus, Hyalomma scupense, Rhіpіcephalus bursa кенелерін жоюға
септігін тигізеді, немесе кене түрлерінің санын азайтады. Кейбір өңірлердің
биік тау жайылымдарында иксодид кенелері мүлдем болмайды. Төменірек
жатқан орман белдеуінде де кенелер өте сирек кездеседі. Сондықтан биік тау
жайылымдарын пайдалану, малдарды кенеден қорғаудың ең тиімді жолы.
Малдарды таулы жайылымға топырақ суығанда айдаған абзал. Себебі жол
бойында кенелі жерлер болуы мүмкін. Кейде, жол бойында малға кене
жабыспас үшін, оларды акарацид дәрілерімен тоғытады.
Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға және одан қайтқанда
теміржолмен немесе машиналармен тасиды.
Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolіcum, H.detrіtum және
H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Аталған кенелер мал
қораларында қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл
кенелерді жою үшін - олар тығылатын саңлауларды, құмға цемент
162
араластырып сылап, кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы
шөп-шалаңды шауып отырған жөн. Сонан соң, қораны аэрозольді
акарацидтермен дәрілейді. Ол үшін аэрозоль – 2 (хлорофос пен ДДВФ
қосындысы- 9:1) 20 мл м
3
мөлшерінде қораға, глак-ц-глутар альдегиді және
циодрин негізінде жасалған баллондағы препаратты 50 мл м
з
есебімен
шашады. Бұлардан басқа қораны дәрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 0,2 %
бензофосфат 200-400 мл м
2
мөлшерінде қолданылады. Дәріленген қораларға
мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын тазалап, ыстық сумен
жуу қажет. Мал қораларын дезакаризациялау жұмыстары, көктемде, малға
ересек кенелер жабыспас бұрын жүргізіледі.
Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді жою
Малды кенелерге қарсы акарицид дәрілерімен, олар малға жабыспас
бұрын дәрілеген жөн. Ол үшін, неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді
таңдап алу пайдалы. Бірақ әр акарицидтік дәрілердің балаңкене, нимфа және
имаго сатыларына тигізетін әсері әр қилы екенін ескеру керек.
Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне
төл және арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал. Күннің
ыстығы да дәрінің организмге тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға
дейінгі төлге, тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі қолдануға
болмайды. Уланудан сақтандыру үшін малды күннің салқын кезінде
дәрілеген абзал. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының мөлшері, оның
паспортында көрсетілуі керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид
дәрілер улы болғандықтан, оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау
мерзімі және қолданылу мөлшерін мұқият қадағалап отырады. Мал
ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес
жүргізгенде, кене денеге жабыспас үшін арнайы комбинезон киу, малмен
жұмыс істігеннен кейін денені қарап шығу және т.б. сақтық шараларын
қолдану қажет.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы
немесе тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды
шомылдыру үшін арнаулы, жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа
кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалатын күрделі құрылыс. Қой
тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы
тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді.
Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады.
Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2 % бензофосфат, 0,5 %
циодрин, 0,15 % дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л
мөлшерде қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол
баллонын әр малға 60-80 г есебімен қолданады.
Қойды арнайы тоғытпада шомылдырады. Ол үшін 0,2 % бензо-фосфат,
0,05 % неоцидол, 0,1 % дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын
шомылдырады. Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын
кенелер кездеседі. Оларға қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды
дустпен емдеу сыртқы аула ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы дайындықтан
өткен және арнаулы киімі, көз әйнегі, қолғабы және тыныс алатын аспабы
163
бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты әуелі сеуіп, сонан соң оны кенесі бар
жерлерге ысқылау керек. Әрбір ірі малға 300-400 г дуст жұмсалады.
Бақылау сұрақтары:
1 Арахнология ғылымына жалпы сипаттама беріңіз
2 Арахнология ғылымы нені зерттейді
3 Буынаяқтылар неше топқа бөлінеді
4 Иксодид немесе жайылым кенелері сипаттама беріңіз
5 Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді жою үшін қандай шаралар
жүргізіледі.
Тақырып 1 Аргазида кенелері
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Аргазида кенелері Parasіtіformes тегіне жататын ірі кенелер. Олар
Argasіdae тұқымдасына жатады. Оның ішінде Argas және Alveonasus
туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің
Оңтүстігінде таралған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas
persіcus немесе парсы кенесі, Alveonasus lahorensіs қашар кенесі мал, құс
қораларында жиі кездеседі.
Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезі, құс
сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелер құс
эктопаразиті ретінде, құс шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Олар көптеп
жабылып, құс балапандарын өлімге ұшыратуы мүмкін. Парсы кенелерінің
дене тұрқы 4,5-9 мм, ал ені 3-6 мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ,
аш кененің түсі сұр. Қанға тойынған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл
кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астыңғы жағында, перитремалары
орақ тәрізді. Кенелер Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия
республикала-рында таралған.
Парсы кенелері тауық ұяларын, оның қонақтайтын тұғырын, тақтай
және бөрене жарықтарын және құс қоралары маңындағы жабайы құстардың
ұяларын мекендейді. Бұл кенелер тек құстарға ғана жабысады. Сүтқоректілер
денесінде болмайды.
Парсы кенелері жылы уақытта ғана өсіп-өнеді. Ол үшін ең кем дегенде
20
0
С жылылық қажет. Парсы кенелерінің балаң сатысынан басқалары жарық
сәуледен қашады, сондықтан олар қараңғыда ғана құстарға жабылады. Ал,
ұядағы парсы кенелері құсты күндіз де шағады. Кенелер көп рет қан сорады.
Әр қан сорған сайын ұрғашы кенелер 130 шақты жұмыртқа салады.
Жұмыртқа ішінде 2 аптадан соң балаңкене дамиды. Олар құстың мойнына,
қанат астына, клоака маңына жабысып, құстың қанын сорады. 3-10 күннен
кейін олар түсіп қалып, бірінші нимфа сатысына, онан соң қан сорғаннан
164
кейін екінші нимфа сатысына айналады. Соңғы нимфа сатысынан имаго
немесе ересек кене пайда болады. Кененің толық өсіп-өнуі 1-2 жылда
аяқталады. Парсы кенесі 2-3 жылдық аштыққа шыдайды.
Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды құс
қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін құсты уақытша
лагерлерге көшіріп, құс қорасын және оның маңындағы ағаштарды,
қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды
және т.б. тетіктерді сыртқа шығарып ыстық сумен жуып кептіру керек.
Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр майын
немесе бояу жағады.
Қора ішін дәрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 1 % неоцидол, дикрезил немесе
карбофос, 1 % циодрин, 4-5 % натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м
2
көлемге
100-200 мл. мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД
қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен
кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН
аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3
% карбофос ерітіндісі және 0,5 % ДДВФ қолданылады.
Құсқа жабысқан балаң кенелерді жою үшін оларға акарацидтерді
сыртта шашады. Негізінен құстарды 11-12 күн қорадан тыс жерде ұстау
балаң кенелерден құтылудың ең тиімді әдісі. Құсты бұл қораларға күрделі
жөндеуден өткізіп, қорытынды дәрілеуден кейін 5-10 күннен соң ғана
орналастыруға болады.
Құс қоралары мен құс фабрикаларын елді мекендерден алыс
орналастырады. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз
уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына және ондағы құс ұяларына
тығылып жатады.
Кене мекендеген ескі құс қораларынан құрал-сайман және құрылыс
заттарын алып, пайдалануға тыйым салынады.
Alveonasus lahorensіs- қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп
жабысып, мал басын жаппай арықтатады, кейде салдандырады. Тәжірибе
жүзінде қой қора кенелері Anaplasma ovіs және Thelerіa ovіs
қарапайымдыларын тасымалдайтыны анықталды.
A.lahorensіs кенелері Кавказда, Қазақстанның Оңтүстігінде және Орта
Азия республикаларында кездеседі. Бұл кенелер көбінесе ескі қой қораларын,
басқа да мал қораларын мекендейді. Олар қора қабырғасының саңылаулары
мен жарылған жерлерінде тығылып жатады. Бұл кенелер кеміргіштердің
інінде, тастар қуысында, қурай арасында да болуы мүмкін.
A.lahorensіs кенелері қойға, түйеге және басқа малдарға сирек жағдайда
жабысуы мүмкін, кейде олар адамға да жабысады. Кене имаго сатысында
арасына үзіліс беріп бірнеше рет қоректенеді. Кененің ұрғашылары қанға
тойынғаннан соң жұмыртқалайды, олардан 14-15 күннен кейін балаң
кенелер шығады. Бұл балаң кенелер 11 айдай аштыққа шыдайды. Балаң
кенелер малға қыркүйек, желтоқсан айларында жабысады. Күзгі-қысқы
маусымда жануарлар денесінде қоректенген балаң кенелер бірінші нимфа, ал
кейінірек екінші және үшінші нимфаға айналады. Бұл кезең 3 аптадан бір
165
жарым айға дейін созылады. Жерге түскен нимфалар бірнеше айдан соң
имаго немесе ересек сатысына түлейді. Қора кенелері имаго сатысында 7-10
жыл аштыққа шыдайды.
Қора кенелерін жою үшін 1 % дилор суспензиясы, анаметрин Н
дәрісінің 0,25 % эмульсиясы, неоцидолдың (диазинонның) 0,05 % эмульсиясы
қолданылады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м
2
мөлшерде қораға шашады. Күзде
қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін әсері ұзартылған фосфорор-
ганикалық дәрілер қолданылады. Ол үшін 0,025 г/кг мөлшерде қолданылған
сульфидофос-20 және 0,040 г/кг мөлшердегі диоксофос жақсы нәтиже
береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5
мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады. Бұлардан басқа ивомек,
бутокс, протеид, неоцидол, байтикол және т.б. дәрілерді де қолдануға
болады.
Сульфидофос-20-мен дәріленген малды 40 күннен, ал диоксофостан
кейін 2 аптадан соң ғана союға болады. Қой қора кенелерімен түбегейлі
күрес жүргізу үшін ескі қоралардан арылып, жаңа стандартты қой қораларын
салу шарт. Кенесі бар қорадан кенелер басқа қораларға таралып кетпес үшін,
ондағы жануарларды акарицидтермен дәрілегеннен кейін ғана көшіруге
болады.
Бақылау сұрақтары:
1 Аргазида кенелеріне жалпы сипаттама беріңіз
2 Қоздырғыштарын атаңыз
3 Аргазида кенелері қай жерлерде мекендейді
4 Алдын-алу шаралары қалай жүргізіледі
Тақырып 2 Саркоптоз (қышыма қотыр)
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Саркоптоз - қотыр ауруларының яғни саркоптоидоздардың бір түрі.
Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекендейтін, өте ұсақ Sarcoptes
туысына жататын кенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматитке
айналдыратын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы. Бұл кенелер морфологиялық, яғни дене құрылысы
жағынан бір-біріне өте ұқсас болғандығымен қатар, малдың әр түлігінде
өзіне ғана тән түрлері мекен етеді. Sarcoptes туысынан жылқыда- S.equі, ірі
қарада - S. bovіs, қойда - S. ovіs, түйеде - S.camelі, шошқада - S. suіs, итте -
S.canіs түрлері кездеседі. Sarcoptes туысы Sarcoptіdae тұқымдасына жататын
кенелер өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміруге бейім.
Дене тұрқы 0,2-0,5 мм. Аяқтары қысқа, табандарында қоңырау тәрізді
жабысқақтары бар. Олар ұрғашы кенелердің бірінші және екінші жұп
166
29-сурет Sarcoptes туыстығы қышыма кенесі
аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп
аяқтарына орналасқан (16-сурет).
Sarcoptes кенелерінің биологиясы да, яғни өсіп, өнуі де бір-біріне өте
ұқсас. Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы
қабатынан ұзындығы 15 мм-дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-
8 - ден жұмыртқа салады (17-сурет). Бір ұрғашы кене небары 40-60 - тай
жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 - 4
күннен кейін бірінші нимфаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға
айналады. Соңғылар 2-3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына
айналады. Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне
байланысты екінші, яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда
еркек кенелермен шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де,
ұрғашы кенеге айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған
жолға жұмыртқалай бастайды. Sarcoptes кенелерінің толық өсіп, дамуына 15-
19 тәулік кетеді.
Өзіне жайсыз қоршаған ортаға түсіп қалған кенелер өсіп, өнбейді. Олар
ыстық-суықтықтың және ылғалдықтың өзгеруіне өте сезімтал болғандықтан
15 тәуліктен соң-ақ қозғалымпаз қасиетін жоғалтып, жансызданады.
167
30-сурет Қышыма кененің тері қабатына жұмыртқа салуы
Эпизоотологиясы. Саркоптоз қотыры мал бір-бірімен жанасқанда
жұғады. Әсіресе, малды ұзақ уақыт бір суаттан суарса немесе ортақ
жайылымда жайса, қышыма қотыр тез тарайды. Бұл ауру негізінен, күз бен
қыста шығады. Көктемде мал түлеп, жүні түскен кезде, мал қотырдан бірте-
бірте сауығып, саркоптоздың клиникалық белгілері жөнді байқалмайды.
Бірақ бұл кезде Sarcoptes кенелері мүлдем жойылып кетпей дененің төменгі
жағындағы тері қатпарларында бірен-саран сақталуы мүмкін. Күзде
кенелердің өсіп, өнуіне қолайлы жағдайлар туады, жауын-шашын
молайғанда қотыр кенелері тез көбейіп, ауруды қайта қоздырады.
Сондықтан қышыма қотырына қарсы бағытталған күзгі шараларды мұқият
және дер кезінде жүргізу қажет.
Қора қабырғасында және оның ішіндегі жабдықтарда қалып қойған
қышыма қотыр кенелері қоршаған ортада өсіп, өнбейді, тек тіршілік
қабілетін 3 аптаға дейін сақтайды.
Клиникалық белгілері. Қышыма қотырдың жасырын кезеңі 15-20 күн.
Саркоптоздың алғашқы сырт белгілері малдың басында, көз маңында,
тұмсығында байқалады. Жылқы мен шошқаның алдымен мойнында,
жауырынында, сонан соң төс жағына тарап және құйрығының түбіне
жайылады.
Түйенің қотырға мойны, сандарының ішкі жағы, бас терісі, аяқтарының
жұлығы, бақайларының арасы шалдығады. Алғашқыда қотыр ошақтары
қатты қышиды, сонан соң онда кішкене түйіншектер және іріңді бөртпелер
пайда болады. Қышыған жерлерін мал қасиды, сондықтан зақымданған терісі
жарылып кетеді. Терісі қатпарланып жүні түсіп қалады, мал арықтайды.
Ірі қара мен қойда саркоптоз өте сирек кездеседі. Саркоптозға негізінен
қойдың бас терісі, ал мүйізді қараның бас және мойын терісі шалдығады.
Саркоптозды анықтау тәсілдері псороптоздағыдай. Бір ескертетін
нәрсе Sarcoptes кенелері өте ұсақ және терінің ішін, яғни эпидермис
168
қабатында мекендейді. Сондықтан теріден микроскопиялық зерттеу үшін
қырынды алғанда, теріні қанды-сөл шыққанша тереңірек қыру керек.
Саркоптоздың емі мен дауа шаралары да псороптоз ауруындағыдай.
Бақылау сұрақтары:
1 Саркоптоз қышыма кенесі қандай малдарда кездеседі?
2 Саркоптоз қышыма қоздырғыштарын атаңыз
3 Даму биологиясы қалай өтеді?
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді?
5 Осы ауруға диагнозды қалай қояды?
Тақырып 3 Ет қоректілердің отодектозы
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, препараттар
Отодектоз - ет қоректілердің, яғни ит, мысық, түлкі және т.б. аңдардың
құлақ қалқанының ішкі жағы және сыртқы есіту түтігінің іші зақымданатын
қотыр ауруы.
Бұл аурудың қоздырғышы -Otodectes cynotіs. Ол Psoroptіdae
тұқымдасына Otodectes туысына жатады.
Морфологиялық жағынан Otodectes туысына жататын кенелер
Chorіoptes туысындағы кенелерге өте ұқсас. Бірақ олардың төртінші жұп
аяқтары жақсы дамымаған. Сондай-ақ, балапан кенелері мен протонимфа
және телеонимфаларында мүлде болмайды.
Кененің денесі жалпиған, ұзынша-сопақ пішінді. Ұрғашысының дене
тұрқы 0,3-0,5 мм, еркегі кішірек-0,2-0,4 мм. Ұрғашысының 1 - және 2 - жұп
аяқтарының табанында жабысқақтары бар. Еркегінің 1,2,3 - және 4 - жұп
аяқтарында жабысқақтары бар. Денесінің арт жағында жабысқақтары
болмағанмен әрқайсысында екі қылшалы төмпешіктері бар. Тұмсығы қысқа
дөңгеленген, кеміруге бейімделген. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған.
Өсіп-өнуі. 9-10 тәулікке созылады. Олар мынадай бағдар бойынша
көбейеді: жұмыртқа, балаң-кене, протонимфа, телеонимфа және имаго.
Эпизоотологиялық деректер. Отодектоз ит пен мысықтан басқа бағалы
терілі аңдарда (түлкі, жанат тәрізді ит және т.б.) кездеседі. Инвазиямен
көбінесе жоғарыда аталғандардың 1,5-айдан 4 айға дейінгі күшіктері
зақымданады. Кейде ауру зілді түріне көшіп, ауырғандардың ішінен өлім-
жітім көбейеді.
Кенелердің мекен ететін негізгі орындары: құлақтың сыртқы қалқаны,
сыртқы есіту түтігі және дабыл жарғағы.
Ауру белгілері. Алғашқыда ауру ит пен мысықтың немесе аңның түгі
реңсізденеді, құлақтарында қышу пайда болады. Зақымданған құлақ іші
қабынады және зақымданады. Ауру жануарлар беймазаланады, басын
шайқайды, шыңғырады, құлағын торға қасиды.
169
Кейде мұндай тынышсыздану тоқтайды да, біраздан кейін қайта
басталады. Құлақ ішінен алынған қырындыда көптеген кене бары
анықталады. Есіту түтігінен шыққан жалқаяқ қатып қалады, қатпаршақ-
танады. Есіту түтігінің терісінде уытты жаралар пайда болады.
Кейбір жағдайларда отодектоз іріңдеткіш микробтармен асқынады.
Бағалы аңдардың дабыл жарғағы тесіліп кетуі де мүмкін. Мұндайда ортаңғы
және ішкі құлақ бөлімдері, тіпті ми қабықтары да зақымдалуы мүмкін.
Диагнозы. Құлақтың ішкі жағының қабынып, қабыршақтануы
отодектозға күдік тудырады. Ал қырынды ішінен тірі кенелердің табылуы
диагнозды толық дәлелдейді.
Емі және дауа шаралары. Мына дәрілер жақсы нәтиже береді.
1) Камфора майына ерітілген 3 % хлорофос қолданылады.
2) 5 % никохлоран эмульсиясы да жақсы нәтиже береді.
3) Ивомекті аэрозоль түрінде немесе егуге болады. Цидектинде
қолданылады. Емдеу 14 күннен соң қайталанады. Ем жұмысымен қатар қора-
жайды дезакаризация шараларынан өткізу шарт.
Аурудың алдын алу үшін карантин шараларын жүргізу қажет. Асыл
тұқымды бағалы аңдардың құлағы тексеріледі. Шағылыстыру алдында
(қараша және желтоқсан айларында) барлық асыл тұқымды аңдардың
құлағына 5 % дикрезил суспензиясы 1,5-2 мл-ден енгізіледі. Ит пен мысықты
аң фермаларына жолатпау керек. Отодектозбен ауырып сауыққан аңдарды
жүні шығып болғанша сақтап, сонан соң союға жібереді.
Бақылау сұрақтары:
1 Ет қоректілер отодектозы ауруымен қандай малдар ауырады?
2 Қоздырғыштарын атаңыз
3 Даму биологиясы қалай өтеді
4 Қандай клиникалық белгілер байқалады
Тақырып 4 Қой псороптозы
Сабақтың мақсаты: Ірі қара телязиоз қоздырушының құрылысымен, даму
биологиясымен, клиникалық белгілерімен, диагноз қою, ем өткізу
әдістерімен таныстыру
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар
Аурудың қоздырғышы - Psoroptidae тұқымдастығының Psoroptes ovis
құрттары. Олардың морфологиялық мәліметтері тері асты кенелерінің
тұқымдық сипаттамаларына сәйкес келеді.
Эпизоотологиялық мәліметтері Қой псороптозы саркоптоидозды
аурулардың басылу, даму, таралу, пайда болу заңдылықтары тән.
Осыған байланысты есепті түрде әр түрлі эпизоотологиялық факторлардың
өзара байланысы пайда болады. Аурудың ағымы жыл уақытына, қойдың
жасына, тұқымына, күтіп-бағу, азықтандыру жағыдайларына және басқада
факторларға байланысты. Көрсетілген факторлардың нақты ұйқасуына
170
байланысты,аурудың эпзоотологиялық үрдісінің ұзақтығы мен даму
жағыдайлары әр түрлі ағымға ие болады.
Биязы және жартылай биязы жүнді тұқымының қойлары ауруға душар
келгіш болады. Бірақ, қылшық жүнді қойлармен салыстырғанда хориптоз
және саркоптозға сезімталдылардың соңғысы. Ауру жүдеген, әлсіз және ауру
қойларда жиі туындайды. Аурудың өткір ағымы суық уақыттарда пайда
болады. Бұл терінің физиологиялық атрофиясы мен тері қабатыны
микроклиматының өзгеруіне байланысты, яғни, кененің көбеюі мен
қоректенуі үшін қолайлы жағыдайлардың құрылуы.Осы кезеңде ауру тез
таралады және 1,5-2 ай ішінде табынды түгелдей жайлап алуы мүмкін.
Қырыққаннан кейін кененің теріде даму жағыдайлары нашарлайды, бұл
аурудың табиғи өшуіне әкеледі. Өзгерген жағыдайларда кенелер өлмейді.
Олар тері қабаттарында және ірі қарадағы секілді, ылғалдылықты сақтайтын,
күн сәулесінің әсерінен жасырын орындарда сақталады.Ауру созылмалы
ағымға ие, ол әлсіздіктің пайда болуымен, барлық жазғы уақытта белгілерінің
болмауымен сипатталады. Жүннің өсуімен және қоршаған орта
температурасының ақырындап түсуімен кененің көбеюі үшін жағыдайлары
жақсарады, ауру күзгі уақытта белсендірек болады. Қошақайлар туған жылы
өздрінің енелерінен псоротоз жұқтырады. Аурудың клиникалық белгілері
1,5-2 айлық жаста байқалады. Патологиялық үрдістің даму сипаты
менұзақтылығы бойынша ауру созылмалы және солғын ағымды, жергілікті
ошақтардың зақымдалуы бар өткір ағымды айтарлықтай сирек қабылдайды.
Суық ауа райының түсуімен псороптоз әр түрлі жастарда бір түрде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |