2. Оқу кабинетін меңгеруі
Оқу кабинетінің меңгерушісі болып осы оқу пәнінің білікті оқытушысы тағайындалады.
Кабинет меңгерушісі өз қызметінде:
білім беру жүйесіндегі оқу кабинеттері мен зертханалардың қызметін анықтайтын нормативтік құжаттар;
білім беру мекемесінің жарғысымен;
білім беру мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен;
осы Ережемен реттеледі.
3. Оқу кабинетінің жабдықтары мен құрылғысы
Талаптарға сәйкес кабинет жабдықталуы тиіс:
оқытушы мен студенттің жұмыс орны;
санитарлық талаптарға сәйкес келетін жиһазбен;
кестелерді, карталар мен схемаларды орналастыруға арналған сынып тақтасымен, көрсеткішпен және айлабұйыммен;
аудиовизуалды оқыту құралдарымен қажет болған жағдайда);
зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауға арналған аспаптармен және жабдықтармен (қажет болған жағдайда));
ҚР-ның мемлекеттік символикасы бар;
Кабинеттің жұмыс жоспары бар бұрышпен
Достарыңызбен бөлісу: |