42
Өзге де мәжбүрлеу шараларына
,
анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келу
туралы міндеттеме; алып келу; қызметінен уақытша шеттету; ақша өндіріп
алу; мүлікке тиым салу - жатқызылады. Бұл шаралардың қолдану тәртібі
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-тарауында (155-164 баптар)
белгіленген.
Олар
адамдардың
конституциялық
құқықтары
мен
бостандықтарын шектеумен жүзеге асырылады.
Оларды ішінде,
алып келу
аса маңызды шаралардың қатарына
жатқызылады. Ал, алып келу (Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 157-бабы)
дегеніміз – күдікті, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші дәлелді
себептерсіз шақыру бойынша келмеген жағдайда анықтаушының,
тергеушінің, соттың дәлелді қаулысы бойынша алып келуге (мәжбүрлеп
әкелуге) ұшырауын айтамыз. Кейбір жағдайларда алып келу тұрғын үйлерге
кірумен ұштасуы мүмкін. Бірақ ол туралы заңда көрсетілмеген. Сондықтан,
алып келуді жан-жақты қарастырған дұрыс. Себебі, аталған мәжбүрлеу
шарасын жүзеге асыру барысында, қылмыстық іске қатысушылардың тұрғын
үйлеріне заңсыз баса көктеп кірумен жүзеге асырылады, ол тұлғалардың
конституциялық құқықтарының бұзылуына алып келеді
Достарыңызбен бөлісу: