41
жердің аумағында қоныс аударатын болса, бұл жөнінде бұлтартпау шарасын
қолданған қылмыстық іс жүргізу органын хабардар етуге мігдетті болып
табылады. Бұл шараны қолдану 2 процессуалдық
құжат жазу арқылы
рәсімделеді: бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығару және қолхат
жазу.
Бұл бұлтартпау шарасының мерзімі туралы, қолдану тәртібі туралы
заңда ешқандай тәртіп көрсетілмеген. Бұлтартпау
шарасы қылмыстық істің
жүру барысындағы мерзім ішінде, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін
де немесе қылмыстық іс қысқартылғанға
дейін кез келген уақытта
тағайындалуы мүмкін.
Қамауға алу
.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция
беруімен ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан
айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен 3
жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеген
абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (күдіктіге)
қатысты
қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен 2 жылдан
артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген
қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (күдіктіге) қатысты, егер:
оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты жері болмаса; он
жекеше
басы анықталмаса; ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса;
ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса
немесе жасырынса қолданылуы мүмкін.
Қамауға алуға санкция беру құқығы Қазақстан Республикасының сотына
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: