Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет7/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 Қорғау функциясы 
ҚПК 7-бабының 17-тармағына сәйкес қорғау — қылмыс жасады деп 
күдік келтірілген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерін 
қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, 
сондай-ақ қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында 
қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет. 
Қорғау 
функциясын 
корғаушы, 
яғни 
күдіктілер 
мен 
айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін процесте заңда белгіленген 
тәртіппен қорғайтын және оларға заң көмегін көрсететін адам жүзеге 
асырады (ҚПК 66-бабының І-бөлігі). 
Қорғау функциясының, басталуы қылмыстық қудалау функциясымен 
сәйкес келеді, яғни істе күдікті, айыпталушы пайда болған кезден басталады. 
Бір-бірімен бәсекелес осы екі функция процестегі маңыздылығы бойынша 
қылмыстық сот ісін жүргізуде аса маңызды орындардың бірінде болып отыр. 


10 
Кінәні әшкерелейтін және ауырлататын ғана емес, сондай-ақ қылмыс 
жасады деп күдіктелген немесе айыпталған адамның кінәсін ақтайтын, 
жеңілдететін жағдайларды да анықтауға міндетті қылмыстық ізге түсу 
органдарының қызметінде қорғау функциясы өзгеше сипат алады. 
Айыптаудан қорғау — төменде көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу: 
— адамның толық ақталуы мүмкін; 
- кінәсі бар болса адамның жазадан босатылуы, яки оның шартты 
жазаға сотталуы мүмкін; 
- бұл қылмыс үшін көзделгендегіден неғұрлым жұмсақтау жаза 
белгіленуі мүмкін; 
— түпкілікті айыптау көлемі бастапқыда тағылған айыптан әлдеқайда 
кем болады; 
— қылмыс құрамын саралау элементтері жоқ; 

іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары жеңілдетілген.
Қорғау мақсаттарына қорғаушының тек заңды әдістер мен құралдарды 
қолдануы жолымен қол жетеді. Қорғау функциясының күші мынада: оны 
жүзеге асыру қылмыс жасады деп айыпталған адам бар іс бойынша процестің 
бүкіл барысында тоқтатылмайды. Қорғау функциясы қылмыстык ізге түсу 
тоқтатылысымен доғарылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет