Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Заңды міндеттері
– бұл қажетті және талап етілген тәртіптің түрі мен 
шарасы.
Қылмыстық процесте заңдылық, құқықтарды сақтаумен және әрбір 
құқықтық қатынастағы міндеттермен, сонымен қатар іс жүргізулік әрекеттер 
өндірісінің сабақтастық тәртібімен қамтамасыз етіледі. 
Кепілдіктер. 
Қылмыстық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттеріне, іс жүргізу 
кепілдерінің жүйесі болмайынша жету мүмкін емес.
Процеске қатысушылар өз функцияларының күшіне қарай, бір біріне 
қарсы тұрған тараптардың (айып тағу және қорғау) мүдделерін ұсынады 
және қорғайды. Өзара айрықша мүдделер екі деңгейдің мүддесін 
болжамдайды.:
а) жалпы, яғни екі тарапқа бірдей маңызды кепілдіктер;
б) арнайы, яғни қандай да бір тараптың ғана, я болмаса жекеше 
алынған іс жүргізуге қатысушының мүдделерін қамтамасыз етеді. 
Кепілдіктің екі деңгейі бір бірімен өзара баланысты.
Жекеше басына қол сұқпаушылық кепілдігі. ҚР Конституциясының 16 
бабында былай делінген, әркімнің жекеше еркіндігіне құқығы бар. Күдікті 
мен айыпталушыға қатынасты іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларын 
қолдануды, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғаудың ерекше құралы ретінде қарастыру керек 
Алдын ала тергеудің жылдамдық кепілдігі. Алдын ала тергеудің 
жылдамдығының қылмыстық процесс кепілдігі ретінде, тергеушінің, 
анықтаушының, прокурордың заңмен белгіленген әрекеттері қатысады, олар 
өндірістің арнайы, яғни істің мән жайын зерттеуде толықтырудың, жан 
жақтылықтың, объективтілігінің талаптарына нұқсан келтірмейтіндей 
жылдамдықпен жететін қарқынды қамтамасыз ету үшін арналған.
Нысаны. 
Қылмыстық құқық нормаларын колдану нысаны — құқық қорғау 
қызметі, ол сонымен бірге мемлекеттік қызмет нысаны болып табылады, 
яғни білікті орган мемлекет атынан және ол берген уәкілдік бойынша қимыл 
жасайды.
Қылмыстық іс жүргізу нысанында маңызы мынада. - қылмыстық сот 
ісін жүргізу қағидаттарын сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етеді; 
— қылмыстық істер бойынша іс жүргізу режимін тұрақтандырады; 
— қылмыстық процесті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың белсенді 
жүмыс істеуінің заң негізі болып табылады; 


12 
— сот ісін жүргізудің, тұрақты бірізділігін қалыптастырады, оның өзі 
азаматтардың, заңды мүдделері мен құқықтарын сақтау кепілдіктерінің бірі 
болып табылады; 
- Кез келген қылмыстық іс бойынша акиқатқа қол жетуін бірдей қамтамасыз 
ететін әмбебап құралдардан құралған; 
— реттелетін құқық бұзушылықтарға үйлесімділік, жүйелілік және 
қисындылық береді. 
Қылмыстық процесс нысаны белгілі бір белгілермен сипатталады: 
-процесс нысанының негізіне қылмыстық процестің қағидаттары алынған 
(мәселен, жариялылық қағидаты сотта сөз сөйлеу процедурасын белгілейді; 
сот ісін жүргізудегі ұлттық тіл қағидаты іске аудармашы қатысуының 
белгіленген тәртібімен қамтамасыз етіледі); 
- іс жүргізу нысанына мақсаттар мен міндеттер бірлігінен туындайтын бірлік 
тән (мәселен, заңдылықты сақтау талабы қылмыстық процестегі барлық іс-
қимылдарға, көзеңдерге және қатысушыларға қатысты; сот ісін жүргізу 
шарттары қандай да болсын қылмыстық іс бойынша сақталады); 
-процесс нысанына сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдардың біліктілігін 
саралап регламенттеу тән (мәселен, прокурордың қылмыстық процесте 
заңдылықты қадағалау жөніндегі құқықтары мен міндеттері сот 
органдарының осыған қатысты құқықтарымен және міндеттерімен 
үйлеспейді; тергеушінің жасалған қылмыстың мән-жайларын анықтау 
жөніндегі құқықтары мен міндеттері сот құрамының сол мән-жайларды 
анықтау жөніндегі құқықтарымен және міндеттерімен үйлеспейді); 
— қылмыстық процесс құқығына процеске қатысушылардың заңды 
құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін кепілдіктер жүйесі тән; 
— қылмыстық сот ісінің жүргізілуіне процестің мазмұндық жағына 
тыңғылықтылық беретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет