Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет3/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Тақырып 1: Қылмыстық процестің ұғымы, міндеттері және қайнар 
көздері 
 
Дәріс сабағында қарастырылуға жататын сұрақтар: 
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі мемлекеттік қызметтің 
бір түрі ретінде және оның міндеттері мен маңызы.
2. Қылмыстық процестің жүйесі. 
3. Қылмыстық процесс функцияларының түсінігі мен маңызы, қатынасы, 
кепілдігі,нысаны.
1 – Сұрақ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесс 
мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде және оның міндеттері мен 
маңызы. 
Қылмыстық-процестік қызмет – бұл мемлекет органдары қалай 
орындаса, сол сияқты іс бойынша өндіріске қатысатын барлық тұлғалар 
жасайтын процессуалдық әрекеттердің жүйесі. 
Қаралған элементтердің бірлігі қылмыстық процестің жалпы түсінігін 
құрайды. Белгілі бір тәртіпке және жүйеге ие анықтау, алдын ала тергеу, 
прокуратура және сот органдарының қызметі сияқты, оған сол немесе басқа 
мөлшерде тартылған бәрінің арасында осы қызметке байланысты 
туындайтын қатынастар қылмыстық іс жүргізудің түсінігімен қамтылған. 
Және осындай қызметтер мен қатынастар біреудің қарауымен еркін түрде 
емес, ол қылмыстық іс жүргізу заңының белгіленген тәртібінің ұйғарымына 
сәйкес өтеді.
Сонымен, қылмыстық процесс - бұл анықтау, алдын ала тергеу, 
прокуратура және сот органдарының қылмыстарды анықтау, алдын алу және 
ашу, оларды жасаған кінәлі тұлғаларды әшкерелеу және оларға қылмыстық 
жазалау шараларын қолдану немесе басқаша ықпал ету, сонымен қатар осы 
қызметке қатынасты туындайтын оған қатысатын тұлғалар мен органдар 
арасындағы құқықтық қатнынастар бойынша заңды тәртіппен белгіленген, 
жүзеге асатын (әрекеттер жүйесі) қызмет. 
Бірақ, көптеген авторлардың анықтамасында назар негізгі үш 
элементке аударылады: 
1. Мемлекеттік органдардың, оның лауазымды тұлғаларының және іс 
жүргізуге қатысатын тұлғаларының заңда нақты белгіленген қызметтері 
(тәртіпке келтірілген әрекеттер жүйесі). 
2. Қызметті іске асыру кезінде туындайтын (қылмыстық істер бойынша 
өндіріс) қатынастар (құқықтық қатынастар). 
3. Қызметтің және оның негізінде туындайтын қатынастарды міндетті 
түрде мұқият регламенттеу. 
Сонымен қылмыстық-процестік құқығы – бұл заңда көрсетілген 
ережелердің (нормалардың) алдын ала келісілген жүйесі, олар қылмыстық 
істерді тергеу, қарау және шешуде қылмыстық іс жүргізудің міндеттеріне 
жету мақсатында, яғни онда қылмыстық сот өндірісінің міндеттері жүзеге 
асуы тиіс болатын қызметті реттейді.



Қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақты шешу қылмыстық іс 
жүргізудің соңғы мақсаты болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңында 
олар міндеттер деп аталады. Қылмыстық іс жүргізу құқығында міндеттер үш 
деңгейге бөлінеді. (ҚПК 8 бап). 
Бірінші деңгей келесі міндеттерден тұрады: 
- қылмысты жылдам және толық ашу; 
- қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және 
әшкерелеу; 
- соттың әділетті талқылануы және заңды дұрыс қолдану. 
Берілген деңгейдің міндетін шешу қылмыстық қудалау функцияларын 
іске асыруға бағытталған, ол барлық іс жүргізу әдістерін және қылмыстық 
тәртіпке әсер ететін тәсілдерді қолданумен қорытындылатан сот әділдігі 
мәнінің тек бір ғана аспектісін көрсетеді.. 
Екінші деңгейге келесі міндеттер ұсынылған:
- негізсіз айып тағу мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету; 
- адам бостандығы мен құқықтарын заңсыз шектеуден қорғауды 
қамтамасыз ету; 
- кінәсіз адамға заңсыз айып тағылған немесе сотталған жағдайда дереу 
және толық ақтауды қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет