Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру 
бұлтартпау шарасы
қылмыстық процесті жүргізуші органның күдіктіден 
немесе айыпталушыдан (сотталушыдан ) анықтаушының, тергеушінің немесе 
соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеуге, 
сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеуге, белгіленген мерзімде 
қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге жазбаша 
міндеттемесін алуынан тұрады. Егер күдікті немесе айыпталушы тұратын 


41 
жердің аумағында қоныс аударатын болса, бұл жөнінде бұлтартпау шарасын 
қолданған қылмыстық іс жүргізу органын хабардар етуге мігдетті болып 
табылады. Бұл шараны қолдану 2 процессуалдық құжат жазу арқылы 
рәсімделеді: бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығару және қолхат 
жазу.
Бұл бұлтартпау шарасының мерзімі туралы, қолдану тәртібі туралы 
заңда ешқандай тәртіп көрсетілмеген. Бұлтартпау шарасы қылмыстық істің 
жүру барысындағы мерзім ішінде, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін 
де немесе қылмыстық іс қысқартылғанға дейін кез келген уақытта 
тағайындалуы мүмкін.
Қамауға алу
.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция 
беруімен ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан 
айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен 3 
жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеген 
абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (күдіктіге) қатысты 
қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен 2 жылдан 
артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген 
қылмыстар туралы іс бойынша айыпталушыға (күдіктіге) қатысты, егер: 
оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты жері болмаса; он 
жекеше басы анықталмаса; ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; 
ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса 
немесе жасырынса қолданылуы мүмкін.
Қамауға алуға санкция беру құқығы Қазақстан Республикасының сотына 
берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет