Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы


Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі34,99 Kb.
#16255
1   2   3
Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы

Грамматика жалаң грамматика үшін, оның мағынасы мен түрі үшін ғана оқылмайды. Тұрмысымызға керектігі үшін, бүгін таңда грамматикадан алған білімімізді социалистік құрылысымыздың қай саласына болса да қару етіп жұмсауға күшіміз жету үшін оқылады. Екінші, грамматика оқыту үстінде оқушылардың шығармалық талантына да көмек беріліл, баулып отырылады. Оқушылардың сөйлеу тілі де, жазу тілі де қабаттасып, грамматиканың әр тарауына ілесе, өз уақытында жаттықтырылып отырылады. Орта, орталау мектепті бітірген кейбір оқушылардың осы күнге шейін не өз ойын түсінікті етіп сөйлеп бере алмауы, не дөңгелетіл ойын қағаз бетіне түсіре алмауы, грамматика оқытушының кемшілігінен деп білуіміз керек.

Үшіншіден, грамматика көркем әдебиетпен байланыспай тұрмайды. Грамматиканың әр тараулы білімін жаттықтыруда өзіне сай мөлшерде көркем әдебиеттен көніктіру үзінділері алынып отырылады. Бұл әрі дұрыс, әрі анық оқу, жете түсініп талқылау керек болады. Бұл жерде грамматика мен көркем шығармалар бірігіп, бір-біріне көмек етеді. Оқушылардың жан-жақты білім дамуы күшейеді.

Осы айтылғандардың бәрін бір бүтін етіп, бір жерге түйіп оқытқанда грамматикадан көздеген мақсат толық орындалуы мүмкін. Әдебиет тілімізді өркендетуге грамматика мұрындық болуы мүмкін.



Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі практикалық маңызы өте жоғары. Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылды. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу студенттің грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді (мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б.) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да студенттің морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді.

Морфологияның оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет