Айдын
Ақ жаулықты анашым.
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым .
Айару
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен,бас иеміз.
Қуаныш
Би: «Қалпақ»
Жүргізуші: Қане,балалар, олай болса ойын ойнайық!
Ойын: «Тәттілерді әсемдеу»
Жүргізуші: Балалар,қасқырға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.
Ән: «Менің анам алтын»
Бұзық бала: Ой, балалар,сендердің өнерлерің маған ұнады, көп рақмет сендерге.Енді мен анамды ренжітпеймін қазір барып анамнан кешірім сұрап анамды мерекесімен құттықтаймын. Сау болыңдар,балалар!
Жүргізуші: Болсын дейді балалар,
Бақытты өмір, береке.
Әжелер мен аналар,
Құтты болсын мереке!
Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұсынады,балалар аналарына сыйлықтарын береді.)
Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Көріскенше күн жақсы болсын!
Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |