Кафедра: «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» ӨҢдірістік тәжірибе бойынша есеп мамандығы



бет5/11
Дата09.05.2022
өлшемі18,54 Mb.
#33277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Портфолио ӘДИЯТ ЖАНСАЯ ДОВ-81

Табиғат әлеміне шолу





«Аспан әлеміне шолу»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі

Кіші топ

Күні: 24.02.2022.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Әуе шарлары»

Мақсаты: Әуе шарларының құрылысын біледі; қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстауды біледі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, бақылау

Ресустар, дамытушы орта: әуе шарының макеті, әуе шары карточкалары

ҰОҚ:


1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Табиғатқа анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Педагог балаларды шеңбер бойымен отырғызады.

Миға шабуыл. Бала үні. Сыни ойлау

Жұмабақ шешу

Үрлесең, жеп-жеңіл,

Елпілдеп кетеді.

Ұшырсаң, көк теңбіл,

Бұлтқа да жетеді.

(Шар)


2.Негізгі кезең

Педагог түсіндірмесі

Әуе шары бұл ауада жеңіл ұшуға арналған көліктің бір түрі оны газ немесе жылы арқылы аспанға ұшады. Еркін ұшатын және байлаулы болып бөлінеді. Олардың түстері әртүрлі мысалы қызыл, сары жасыл және оның себеті бар. Себеттің ұшқыш және жолаушылар жайғасады. Әуе шары арқылы жердегі тіршілікті бақылап көптеген көріністерді биіктен бақылауға болады. Балалармен әуе шарын салу педагогтың бағыт-бағдары арқылы түрлі түсті карындашты қолданамыз.

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ-топ,

Ал қолменен хлоп-хлоп.

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Отырайық кел мұнда

Жарайсындар балалар

Д/ойын «Ұшады ұшпайды»

Мақсаты: Балаларға ұшу,ауа ұғымыдарын қалыптастыру.

Жеке жұмыс. 4К моделі, сурет бойынша әнгімелейді.Сыни ойлау.

Бақылау. Жалпы бақылау,Педагог жылдам әрі тиянақты жасаған топты аңықтайды.

Қорытынды: Педагог балалардың істеген жұмыстарын бағалап, бағыт-бағдар беріп мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шардың жеңіл, салмақсыз болатындығын.

Игереді:қарындашты дұрыс ұстап жұмыс жасауды.

Меңгереді:қарындашпен ирек сызықтар сызу дағдысын.

Менің тәжірбиеден түйгенгім

Менің тәжірбиеден түйгенім «Әуе шарлары» ұйымдастырылған оқу-қызметінде алғаш балалармен әуе шары туралы жұмбақ жасырып оларға әуе шарының макетін көрсетіп сипаттап әуе шарының қалай жұмыс жасайтының көрсетіп түсіндіріп әуе шарының суретін салып көрсету және балалармен бірге жұмыс жасадым. Оқу- қыметінде балалардың көңілін көтеру мақсатында «ұшады-ұшпайды ойының ойнаттым. Нәтижесінде түйіндей кетсем ұйымдастырылған оқу-қызметінде балалар ауа, ұшу, шар ұғымдарын қалыптасытрады, қарандашты үш саусақпен ұстауды үйренеді, өзіме келсем ең бастысы оқу-қызметін өтекізу әр іс-әрекетті ауызша айтып отыру кезеңдерді өз уақытымен және балалардың өзіне аудара білу керек екенің түсіндім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет