Наурыз мейрамы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Кіші топ
Күні:28.03.2022.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
ҰОҚ мақсаты: Мамандық атауларын біледі.Мамандықтардың құралдарын және көлігін табады. Мамандықтардың құралдарының атауларын атайды. Жұмбақ шешіп, тақпақ жатқа айта алады.
Дағды: Қатынас дағдылары
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ- жауап.
4К, бақылау, бала үні,сыни ойлау, белсенді әрекет тапсырмалары
Ресурстар, дамытушы орта: слайд, видео, мамандар суреті, үлестірмелі материалдар.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Миға шабуыл. Бала үні. Сыни ойлау
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер мұқият тыңдап кім туралы екенін айтасыңдар?
1. Қолында қайшы тарағы,
Тәртіпке шашты салады
(шаштараз)
2. Сауықтырар сырқатты
Жылы үнімен тіл қатты (дәрігер).
Ендеше бүгінгі жаңа өтетін жаңа тақырыбымыз «Мамандықтың бәрі жақсы»деп аталады.
Бақылау: ашық сұрақтармен, тікелей және жаппай бақылау
2.Негізгі кезең
Педагог түсіндірмесі.
Назарларын мамандықтар суретіне аударады:
– Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек.
Слайд көрсету, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді. (құралдарын көрсету)
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адамдар ауырып қалған жағдайда емдейтін адам.
(құралдарын көрсету)
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам. (құралдарын көрсету)
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі). (құралдарын көрсету)
Тақпақ жаттау:
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Аппақ болып жүргенді
Өзім жақсы көремін.
Сергіту сәті:
Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші тәрбие береді.
Аспазшы дәмді тағам дайындап.
Дәрігер емдем дәрі береді.
Дидактикалық ойын: «Мамандық құралын және көлігін тап»
Балалар екі топшаға біледі.
Топтық жұмыс. 4К моделі, бала үні. Өнім арқылы саралау.
- Мамандықтардың құралдарын және көлігін табады. Мамандықтардың құралдарының атауларын атайды.
Аспазшы тобы: мамандық иесіне тиесілі құралын табады.
Дәрігер тобы: мамандық иесіне тиесілі көлігін табады .
Бақылау. Жаппай бақылау. Педагог жылдам әрі дұрыс жасаған топты анықтайды..
3. Қорытынды кезең (Рефлексия) .
Рефлексия
- оқу қызметінде немен айналыстық?
-балалар столдың үстінен өздеріне ұнаған жұлдызшаларды таңдап алындар?
Кері байланыс. Бала үні
- қандай тапсырма сендер үшін қызықты болды?
Достарыңызбен бөлісу: |