Ли – Ежелгі Қытай философиясындағы салт-дәстүрмен жүру, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс ережелерін сақтау.
Либидо – З.Фрейд іліміндегі негізгі ұғым, жыныстық құштарлық деген мағына береді.
Логос – грек сөзі, оның мағынасы әртүрлі: ілім, сөз, есептеу, қатынастарды аяқтау; Гераклит философиясында заң ұғымына жақын.
Материализм – дүниенің түпнегізі тек материя деп мойындайтын көзқарас.
Менталитет – діл, ұлттық мәдениетке қатысты құбылыс.
Метафизика – грек тілінен аударғанда физикадан соң жүретін деген мағына береді. Аристотель философиясында болмыстың ең жоғарғы бастамасы, түпнегізі туралы ілім. Аристотельдің өзі оны бірінші философия, теология деп атаған. ХVIII ғ. бастап онтология деген терминмен толықтырылды. Метафизика әрі диалектикалыққа қарсы ойлау әдісі болып та табылады.
Мифология – грекшеден ауд.: аңыз, әнгіме, шежіре, аңыз туралы ілім.
Мокша – Үнді философиясындағы бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу.
Монизм – дүниенің түпнегізі біреу ғана деп санайтын көзқарас.
Монотеизм – бірқұдайлық дін.
Монада – Г.Лейбниц іліміндегі араларында алдын-ала белгіленген үйлесімділік бар дүниенің субстанциялары, алғашқы элементтер.
Механицизм – болмысты тек қана механика заңдары арқылы түсіндіруге ұмтылатын таным әдісі.
Номинализм – «жалпы» тек атау, шын өмір сүретін жеке заттар дегенді мойындайтын, реализмге қарсы көзқарас.
Патристика – «шіркеу әкелерінің» ілімі, ортағасырлық христиан философиясындағы кезең.
Парадигма – грекшеден ауд.: үлгі, парадигма біріншіден, қатаң ғылыми теория, екіншіден, көпшілік мойындаған, ғылыми қауыдастыққа мәселені қою және шешу үлгісін көрсететін ғылыми жетістік. «Парадигма» ұғымын айналымға енгізген Т.Кун.