|
Детерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп.
Деизм
|
бет | 14/19 | Дата | 25.11.2023 | өлшемі | 98,49 Kb. | | #126392 |
| Байланысты: ÐаÑедÑа мÓжÑлÑÑÑнде ÒаÑÐ°Ð»Ð´Ñ Ñ
аÑÑама â1 «27» ÑамÑз 2021 ж-emirsaba.orgДетерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп.
Деизм – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.
Дедукция – ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы.
Дуализм – дүниенің бір-біріне тәуелсіз материалдық, идеалдық қос бастамасы бар екенін мойындайтын көзқарас.
Жэнь – Ежелгі Қытай философиясындағы конфуцийлық бағыттың адамды сүю, құрметтеу дегенді білдіретін ұғымы, текті адамның бес жақсы қасиетінің бірі.
Жерұйық – қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, Қорқытқа қатысты мәнгі өмірі бар жер дегенді білдірсе, Асанқайғыға қатысты географиялық жағдайы өмір сүруге аса қолайлы жер дегенді білдіреді.
Заман – қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, бір кезеңде өмір сүріп отырған қоғмның негізгі тарихи ерекшелігін қамтитын ұғым.
Заң – заттар мен құбылыстар арасындағы тұрақты байланысты білдіретін ұғым.
Идеализм – дүниенің түпнегізі идея деп санайтын көзқарас.
Идол (пұт, елес) – Ф.Бэкон (Жаңа заман фсф., эмпиризмнің негізін қалаушы.) іліміндегі дүниені танып-білуге бөгет жасайтын санадағы қате түсініктер. Бэкон олардың 4 түрін бөліп көрсеткен: тек, үңгір, базар (алаң, нарық), театр.
Инь-Ян – Ежелгі Қытай философиясындағы (даосизміндегі) дүниенің қарама-қарсы бастаулары, инь – қараңғы, енжар, әйелдік бастау, ян – жарық, белсенді, еркектік бастау.
Индукция – ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы.
Иррационализм – дүниені танып-білуге ақылдың шамасы жетпейді деп мойындайтын көзқарас.
Инсан камил – араб мұсылман философиясындағы «жетілген адам».
Карма – Үнді мифологиясындағы адам тағдырының негізі.
Креационизм – дүниенің жаратылғандығы (Құдай жаратқаны) туралы көзқарас.
Қоғамдық болмыс – қоғамның материалдық өмірі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|