* ауруханадан тыс оң жақ төменгі бөікті пневмония #52
*!Әйел адам 25 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға және жыныс жолдарынан қанды бөліндінің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен бір айға етеккірдің кешігуі. Алғашқы жүктілік 16 жаста үзіліспен аяқталып, метроэндометрит және аднекситпен асқынған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. пульсі 88 ретминутына. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. бойынша. Іші симметриялы, аздап ісінген, пальпация кезінде гипогастрий аймағында ауырсыну сезімі байқалады. Құрсақ қуысында тітіркенудің белгілері әлсіз оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*тубоовариальды түзіліс
*жатырдан тыс жүктілік * киста аяқшаларының бұралуы
* аналық бездің апоплексиясы
* аппендицит
#53
*!Ер адам 36 жаста. Іштің оң жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну сезімі шап және оң жақ бел аймағына беріледі. 2 сағат бұрын басталған. Ауырсыну бір реттік құсумен қосарланды. Науқас мазасыз. Дене температурасы 37,5°C. Пульсі минутына 100 рет, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іштің оң жақ жартысында ауырсыну сезімі айқын, Ситковский симптомы оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* жедел аппендицит * жедел холецистит
* жедел панкреатит
* жедел гепатит
* жедел гастрит
#54
*!Ер адам 43 ж. Іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. 3-ші күні дене температурасы 38,2 градусқа дейін көтеріліп, жүрек айну және құсу пайда болды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жарасы. Объективті: жағдайы ауыр. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт түсті. Пульс минутына 124 рет. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Тілі құрғақ. Іші ісінген, тыныс алу актісіне қатыспайды, пальпация кезінде барлық аймағында ауырсыну және тырысу симптомдары бар. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Бауыр перкуссиясында қорапты дыбыс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* он екі елі ішектің тесілуі. Перитонит * аш ішектің жоғарғы бөлігінің өтімсіздігі
* жедел аш ішектік өтімсіздігі
* он екі елі ішектің ойық жарасының өршу сатысы
* асқазан жарасының тесілуі
#55
*!Жас жігітте кенеттен кофе тәрізді құсық, мелена, әлсіздік, жүрек айну пайда болды. Тексеру мәліметтері: тері жабындыларының айқын бозаруы. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. бойынша
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* өкпелік қан кету
* ішектен қан кету
* Меллори-Вейсс синдромы
* асқазаннан қан кету * геморроидальды қан кету
#56
*!30 жастағы әйел адам. 10 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліндінің бөлінуіне, әлсіздікке шағымданады. Осындай қан кету әйелдерде 25 жастан бастап жиі кездеседі. Босануы – 2 рет, түсік тастау – 1рет. Объективті: терісі бозарған, тахикардия, АҚҚ 100/60 мм с.б. Бөлінде қан аралас, көп мөлшерде.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?