* дисфункционалды жатырлық қан кету
* жатырдан тыс жүктілік
* ювенильды қан кету
* жасанды түсік тастау
* түсік тастау
#57
*!Бала 3 жаста, анасының айтуы бойынша жамбас аймағындағы қатты ауырсынуына шағымданады, 12 сағат бойы зәр шығармаған. Аурудың ұзақтығы шамамен 3 сағатты құрайды. Қарап тексергенде: жамбас үстінде шар тәрізді айқындалу,пальпацияда - тығыз эластикалық консистенция, күрт ауырсыну.
ЕҢ ықтимал диагноз:
* қысылған жарық (грыжа )
* жедел аппендицит
* жедел зәр шығару бөгелуі
* жедел бүйрек коликасы
* қуықтың жарақаты
#58
*!Бала 9 жаста. Әлсіздікке, іште толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Екінші күн ауруы. Дефекация күніне 10-12 рет. Шырышты және қан қоспасы бар сұйық нәжіс. Дене қызуы 38,7 C. Іштің пальпациясында сол жақ мықын аймағында ауырсыну.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел гастрит
* жедел панкреатит
* жедел аппендицит
* жедел энтероколит
* жедел гастроэнтерит
#59
*!Науқас А., 14 ж. Жедел ауырсыну, көп мөлшерлі сулы нәжіс, құсу қайталамалы фонтанды. Дене қызуы 35,4 °C. Жағдайы өте ауыр, түрі бозарған, адинамикалық, су ішуден бас тартады. Терісі сұр, құрғақ, қайта қалпына келмейтін қатпарлар жиналады. Шырышты қабаты құрғақ. Пульс пен қан қысымы анықталмайды. ТЖ минутына 28рет. Іші тартылған, пальпацияда ауырсынусыз. Анурия
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* туляремия
* тырысқақ. Эксикоз II сатысы
* сальмонеллез. Эксикоз II сатысы.
* тамақ токсикоинфекциясы. Эксикоз I сатысы.
* ЖІИ. Жедел гастроэнтерит. Эксикоз III сатысы. Гиповолемиялық шок
#60
*!Науқас балмұздақ жегеннен кейін 2 сағаттан кейін эпигастрий аймағында түйілген ауырсыну, жүрек айну, көп реттік құсу, әлсіздік, бас айналу байқалды.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* оба
* тырысқақ
* дизентерия
* сальмонеллез
* тағамдық токсикоинфекция
#61
*!Ер адам жедел әлсіздікке, іштің ауыруына, заттардың екеу болып көрінуіне, бір реттік құсуға шағымданады. Анамнезінен пациент кешке қонаққа барып тамақтанғаны белгілі. Осыған ұқсас шағымдар тағы бірнеше адамда байқалады. Таңертең іште толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, жұтудың қиындауы, ауыздың құрғауы, дауыстың қарлығуы, көз алдында тұман пайда болуы сияқты белгілер пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, тежелген. АҚҚ 110/70 мм.сб, пульсі 90 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* сіреспе
* +ботулизм
* сальмонеллез
* тағамдық токсикоинфекция
* менингококты менингит
#62
*!2 жасар қызда кешкісін дене қызуы 38°С көтеріліп, конъюнктива және жұтқыншақтық гиперемиясы, мұрынынансу ағуы пайда болған. Түнде дене температурасы 40С-қа дейін көтеріліп, терісі бозарған, қол-аяқтың дистальды бөліктері ұстап көргенде салқын болған. Балаға парацетамолды 2,5 мл дозада берді, бірақ температура төмендемеген.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* менингит
* менингоэнцефалит
* жедел ларинготрахеит
* ЖРВИ, тырысқақ синдромы
Достарыңызбен бөлісу: |