Ұсынылған әдебиеттер 1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова
Лекция 10. Үнді дауыссыздардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдер 1.Р және Р' дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
2.Л және Л дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
3.К, К', Г, Г', X, X' /И/ - дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
Р және Р' дыбыстарының айтылуындағы түрлі кемшіліктері ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Кемшіліктің екінші түрі параротацизм деп аталады. Р дыбысының-жасалу механизмі мынандай /26-сурет/.
26-сурет. Р фонемасының
артикуляциялық көрінісі
/қырынан/
Ерінің қалпы іргелес дыбыстарға байланысты әсіресе келесі дауысты дыбысқа тәуелді. Мысалы: ра, ро, ру буындарын салыстырғанда байқалады. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында белгілі қашықтық сақталады. Тіл қасық пішіндес болады. Оның бүйір шеттері түп азуларға тиеді, алдыңғы шеті альвеолға көтеріледі, онымен тиіседі және дем ауасымен тербеледі. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс пердесі тұтасады және тербеледі.
Жұмсақ Р дыбысының айтылуы артикуляцияда жұпталған қатарынан тіл үстінен қосымша көтерілумен, аздап ілгері ығысумен ерекшеленеді.
Ротацизм мен параротацизмнің түрлерін қарастырайық. Р дыбысы өзіне тән артикуляциядан айырылып, іргелес дауыстының созылуы арқылы білінуі мүмкін /марка орнына «маака».
Р дыбысы тамақтан дірілдейтін дыбыс түрінде жиі кездеседі. Бұндай артикуляцияның бірінші түрі-велярлық Р, онда тілдің түбір бөлігі жұмсақ таңдайдың төменгі шетімен жақындасып, екеуі саңылау жасайды. Осы саңылаудан өткенде дем ауасы жұмсақ таңдайда ұсақ, жүйесіз тербеліс туғызады да, одан шыққан шу дауыс тонына араласып Р дыбысына өзіндік қателікті үн береді. Екінші түрі-увулярлық. Онда тек кішкене тіл тербеледі. Сондықтан тербеліс сәйкесті сипат алып, құлаққа дүріл естіледі.
Кейде Р орнына ағылшынның мұрындық дыбысы естіледі. Ол тіл түбін жұмсақ таңдайға жапсырып, ауаны мұрынға еркін жіберу арқылы жасалатын немістің-па дыбысына, мысалы: long, lang ұқсайды.
Р дыбысын - j дыбысымен алмастыру /қар, қарға орнына «қай», «қайға» бала тіліне тән сипат береді. Кейде бір екпінді Р дыбысымен алмасады.
Бұндай жағдайда тіл альвеолға бірақ рет тиеді, тербеліс тиылады, сонда ағылшынның I, орыстың Д дыбысына ұқсас дыбыс естіледі /«қадға»/. Ұзақ дүрілді дыбыс шығару нәтиже бермейді. Мектепке дейінгі балаларда Р орнына Л немесе жартылай жұмсақ Л айту кездеседі / «қал», «қалға»/ және ол уақытша болады.
Кейде қатаң Р-ны жұмсақ Р' мен алмастыру да кездеседі. Кері алмасуда болады. Бүйірлік Р дыбысы да жиі кездеседі. Онда тіл ұшының тербелісі орнына оның бүйір шеті мен азулар арасындағы жалғастық қопарылады да Л дыбысына тән артикуляция пайда болады. РЛ тіркесі естіледі / «қарлға»/.
Ең ақырғы сирек кездесетін ротацизм түрі-дем ауасы тілдің бүйір шеті мен жоғары азулар арасындағы саңлау арқылы өтетін, ұртты тербелетін-ұрттық Р. РШ дыбысты теріс айтуда оны Р, Л, Л' /Й/, Г, Д дыбыстарымен алмастырылатын параротацизмнің бірнеше түрі кездеседі. Оның кейбіреулері әсіресе Р, Р', Л, Л' алмасуы, жазуға әсер етеді. Көбінесе ротацизмнің түрінде қатаң Р бұзылып айтылғанда жұмсақ Р дұрыс айтылады, немесе керсінше кездеседі.
Ротацизмнің алғы шарт болатын анатомиялық аномалиялары мыналар: тіл асты желбезегінің қысқалығы, жіңішке және биік таңдай, шектен тыс үлкен немесе жіңішке, икемі кем тіл.
Мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізіндегі құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітуді қамтиды. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасы қалпы мен қызметін бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады. Р дыбысын айтқанда қолды ауызға тақау дем ауасының үздікті дірілдік байқатады. Алайда қарапайым еліктеу ең жеңіл кемшіліктерге көмектеседі.
Әдетте Р дыбысын дұрыс айтып үйрену арнаулы жаттығуларды қажет етеді.
Егер қатаң Р дыбысы жұмсақтау айтылатын болса Р дыбысын созып айтқанда ауызды біртіндеп кең аша отырып, автоматты түрде тіл алды артикуляциясының кейін ығыстра отырып, қатаң дыбыс алуға болады, ол үшін ауызды ашып иекті бармақпен басады, тіл ығыстыру үшін оның астына шпатель немесе № 5 зонд қояды.
Керсінше жұмсақ Р қатаң айтылатын болса тілдің біртіндеп ілгері ығысуын жүзеге асыру керек.
Басқа жағдайларда Р дыбысының артикуляциясын алу үшін екі бағытта жүргізілген әзірлік жаттығулар қажет.
Жаттығудың екінші түрі тіл тербелісін қалыптастыруға арналған, егер бала жоғарғы Ш, Ж дыбыстарын дұрыс айтса, фрикативтік Р дыбысын жасау қиын емес. Ол үшін ауызды ашып, дөңгелектемей, тілдің алдыңғы шетін ілгері, жоғарғы күрек тістер қызыл иегіне жылжытып Ж дыбысын соза айтады оған жеткен соң тербелістің меңгеріліун күтпей-ақ Р дыбысын айтуды буын, сөз, сөз тіркесімен бекітеді. Мұндай дыбыс дем ауасының қатты қысымымен, тіл ұшы мен қызыл иек арасындағы тар саңылаумен айтылу маңызды. Егер Ш және Ж дыбыстары теріс айтылатын болса, онда тіл ұшы жоғары көтерілмесе, онда Ш дыбысын айтудағы тіл қимылын түзейтін артикуляциялық жаттығулардың бәрін қайталау керек.
Тербелісті қалыптастыру үшін бір дем шығаруда Д дыбысын неғұрлым жиі қайталайды. Оның артикуляциясы ерекше ауызды аздап ашып тілдің алдыңғы шеті күрек тіске емес жоғарғы қызыл иекке, альвеолға тигізеді /ағылшынның дыбысын айтқандай/. Жаттығу әуелі дыбысты екі, үш қатар қайталаудан /дд, дд ... дддд, ддд/ одан соң соңғы дыбысты күшейту сериясынан /дд, дд ... ддд, ддд .../ дыбысты бірнеше қайталап айтудан /ддддд ... /, әрбір үшіншісін ырғақпен ерекшеленуден /ддд, ддд .../ тұрады. Т дыбысынан бастап айтуға да болады /тд, тдд/- Бұнда төменгі жақ қозғалмай, тіл ғана жұмыс істеуге тиіс.
Егер жаттығуды ауыздың ашық қалпында айту қиын болса немесе тілге ілесе төменгі жақтың «секіртпелі» қимылы байқалса, бүйірден түпкі азулар арасына кергіш етіп оған шпатель немесе резина білік енгізу керек. Кешікпей механикалық ықпалдың қажеті болмайды.
Одан соң екі, үш қатарлы айту дауысты дыбысқа аяқталады /дда, дда, дды, дды, ддда, дды, дддды/.
Тербелісті қалыптастыру үшін ДР дыбысы орнына тр, др дыбыстарынан басталатын тіркесте айтады.
Тағы бір тәсіл бойынша фрикативтік дыбысын ұзақ айтқанда тіл астына кішкене шар тәрізді шпатель қояды /27-сурет/ кішкене шар тәрізді шпатель тілдің төменгі жағына тигізіп, шпатель оңға, солға жылдам қозғалумен тілді тербеліске келтіреді.
27-сурет Ұшы
домалақталған шпатель
Тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек.
Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысымен
тіркестірудің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.
Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болуы мүмкін.
Одан әрі, әсіресе механикалық әсердің ықпалымен тілдің елеулі бөлігі тербелуге, тербеліс саны азаюға, қалыпты болуға тиіс.
Тербеліс қалыптасқан соң, сөз тіркесінен жасалатын жаттығулар арқылы артикуляция машықтандырылады (бекітіледі).