Кафедрасы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет31/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
лог каз

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дыбыс айту кемшілік түрлерін атаңыздар.

  2. Кейбір дыбыстардың артикуляциясына сипаттама беріңіздер.

  3. Ызың дыбыстарды айтудағы кемшілік түрлерін атаңыздар.

  4. Дыбыстарды қоюдың қандай тәсілдерін білесіздер?

  5. Дыбыстарды түзетудегі жұмыстың кезеңдерін атаңыздар.

  6. Әр кезеңнің мақсаттары мен мазмұнын ашып айтыңыздар.

  7. Ызың, ысқырық дыбыстардың бұзылу түрлерін бейімдейтін себептерін көрсетіп кесте толтырыңыздар.

  8. Түзету кезеңдеріне сабақ үлгісін құрастырыңыздар

Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова


Лекция 12. Дизартрия
1. Дизартрияның анықтамасы, себептері, түрлері.
2. Ересектерде кездесетін дизартрияның түрлері
3. БЦПСА-ң негізгі симптомы, анықтамасы, себептері.
Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.
Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру, шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі. Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан, көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы, бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюы-гтпертонус, әлсіреуі, төмендеуі, босансыуы –гипотония байқалады.
Дизартрияның себептері баланың құрсақта жатқанда, туылған кезде, туғаннан кейінгі уақыттағы әр түрлі жағымсыз факторлардың салдарынан орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуы болып табылады. Атап айтсақ, асфиксия, туу кездегі жарақаттар, мидың қан айналысының бұзылуы, бас мидағы ісіктер, инфекциялық аурулар, нерв жүйесінің тұқым қуалаушылық аурулары.
Балалық шақтағы дизартрия мәселесі клиникалық, нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.
Шетел әдебиетінде бұл мәселе туралы келесі ғалымдардың жұмысында көрсетілген M.Clement, 1959, C.Bohme, 1968, R.D.Neilson, N.D.Dwer, 1984 және басқа авторлар.
Сөйлеу патологиясының алғашқы топтастыруында артикуляцияның барлық бұзылыстары жеке топқа бөлінеді және «дизартрия» терминмен аталды (Kussmaul, 1879). Бірақ, 1888 ж. Gowers сөйлеу тілінің дизартриялық бұзылысын церабральды және бульбарлы түрі деп екіге бөлді. Дизартрияның нейроанатомиялық қағида бойынша топтастырылған ең толық классификацияларының бірін 1948 жылы Peocher берген. Ол дизартрияның келесі түрлерін бөліп атайды: қабықтық, субкортикальды (хорея, ататоз, Паркинсон ауыруында), педункулярлы, супрануклеарды (псевдобульбарлы), бульбарлы нуклеарлы, церебральды, диэнцефльды, мезэнцефльды, перифериялық, бас сүйек жүйкелермен байланысты, терең сезімділік бұзылыстармен байланысты дизартрия, бас миының диффузды зақымдануындағы дизартрия (токсикоздар, контузиялардан кейінгі жағдайлар), эпилепсиядағы дизартрия, субкортикальды экспрессивті афазияда кездесетін дизартрия (апроксиялық).
Бірақ автордың өзі осы топтастыру толық жетілмеген және «дизартрия» деген термин анық емес деп мойындады.
Дизартрияның табиғатын зерттеу Ресейлік логопедия тәжірибесінде айрықша көрініс тапты. О. В. Правдинаның (1969) еңбегінде дизартрия түсінігі неврологиялық жағынан анықталды және де дыбыстық бұзылыстарға сәйкес жеке синдромдар көрсетілді. И. И. Панченконың (1972) жұмысында сал ауыруы бар балаларда дизартрияның клиникалық көрінісінің патогенезін анықтауға әрекет жасалды және логопедиялық жұмыстың патогенетикалық негіздемесінің әдестемесін жасауға тырысты.
Дизартрияны жіктеу сұрақтары туралы бірыңғай қөзқарас жоқ. Оқшаулау ұстаным бойынша құрастырылған жіктеу, дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарлы), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы), мишық, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды дизартриясы.
Сөйлеу тілінің айналасындағыларға түсініктілік денгейіне байланысты топтастыруды француз невропатологі G. Tardier (1968) қарастырған. Балалардың церебральді сал ауыруына (БЦСА) қатысты автор сөйлеу тілінің бұзылуын төрт денгейге бөледі:
• І денгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру барысында ғана анықталады;
• ІІ денгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, бірақ сөздері түсінікті болады;
• ІІІ денгей - баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар түсінбейді;
• ІV денгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді (анартрия).
Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері интеллекті сақталған, зияты бұзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл немесе «көмескі» түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі.
Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

  • психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия;

  • БЦСА балалардағы дизартрия;

  • зияты бұзылған балалардағы дизартрия;

  • гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия;

  • ПДК балалардағы дизартрия;

  • Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия;

Дизартрияның ақырғы түрі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.
Дизартрияның әр-алуан түрлерінің көптеген ортақшылығы бар, бірақ олар үшін терең айырмашылық та сипат алады, оларды білу логопедке түзету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Дизартрия мәселесімен шұғылданған авторлар көпшілігі ересектер мен балалардың дизартрия түрлерінде айырмашылық бар екенін атап көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі логопедияда ересектер мен балалардың дизартриясын бөлек қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет