Кафедрасы



бет39/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
Байланысты:
лог каз

Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова
Лекция 15. Ринолалияда кездесетін әр түрлі аутқуларды түзету мүмкіндіктері
1. Операцияғы дейінгі кезендегі логопедиялық жұмыс
2.Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері
3. Туа біткен тандай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдан алу сақтандыру
Ринолалия кезіндегі ауытқуды түзету медициналық және психологиялық–педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты – қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия), жұмсақ таңдайды ұзарту (ретротранспозиция) және жұтқыншақ сақинасының ортаңғы бөлігін жіңішкерту (мезафарингосконстрикция). Хирургиялық көмек, ең біріншіден, баланың тамақтануын жақсартуға және қалыпты тыныс алуын қалпына келтіруіне ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар бұндай операцияны мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады. Бірақ, кейбір жағдайда баланың 5–6 жасында соматикалық және физикалық жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды. Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хирургиялық емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2-3 күннен бір жылға дейінгі мерзімдерде операцияланады(хейлопластика). Бұл баланың дамуынын жақсартады, сыртқы түрін қалыпқа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7 жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті жасалған уранопластиканың маңызы өте зор.
Ашық ринолалияда операцияға дейінгі және операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – сөйлеу тілінің қалыпты дыбысталуын қалыптастыру болып табылады, яғни мұрындық ренксіз сөйлеуді қалыптастыру. Логопедиялық әсердің мұндай бағыттылығы қол жетерлік. Операциядан кейінгі кезеңде ауа ағыны мұрын қуыстарынан сәл шықса да дұрыс артикуляцияға тәрбиелеуге және оларды анық айтқызуға болады. Операцияға дейін алған дағдылары операциядан кейін де сақталып, кейінгі жұмысты жеңілдетеді де, уақытты қысқартады.
Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) белсенділеу болып табылады. Логопедиялық әсер барысында жоғарғы ақаулы бөлімге аз салмақ түсуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет