Кафедрасы


Туа біткен тандай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдан алу



бет44/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Туа біткен тандай ақаулықтарында сөйлеу тілі бұзылыстарының алдан алу
Таңдай жарықшағымен туылған балада ринолалияның ауыр ақаулығы болуына қауіп туады. Алайда қазіргі кездегі медициналық және педагогикалық іс-шаралар жартылай немесе толық ақаулықтың болмауына әсер етуі мүмкін. Уақытылы жасалған медициналық іс-шараларға (операциялық емдеу немесе обтураторды пайдалану) үлкен мән беріледі. Бірақ қазіргі кездегі дәрігерлердің операция жасау мүмкіндігі туралы пікірлері әр түрлі. Сондықтан, көптеген себептер бойынша уақытылы медициналық көмек алу мүмкіндігі бола бермейді.
Сөйлеу тілі кемістігінің алдын алудың педагогикалық құралдары бар. Ерте жаста (1 жасқа дейін) баланы тілдің ұшы альвеолдарға жақын тұратындай қалыпта жатқызу керек. Ол үшін баланы ішпен немесе қырынан жатқызуға болады.
8-10 айда бала былдырлай бастайды: агу, и-и-и, мам-мам- дыбыс қосындыларын айтады. Бұл сәтте бала басқалардың сөйлегенін түсіне бастайды. Ол көзімен немесе саусағымен әжесін, анасын, сағатты көрсете алады, немесе дыбыстар арқылы қыздың жылағанын (а-а-а...), атасының ұйықтағанын (х-х-х...) көрсете алады.
Таңдай жарықшағы болғанда дәл осы уақытта сөйлеу тілі ақаулықтарының алдын алу бойынша жұмысты бастау керек. Баланың дамыған еліктеу рефлексін пайдалану қолайлы болып табылады, басында – ему кезінде, кейіннен сөйлеу кезіндегі дем шығаруды (1ж. кейін) дамытуға арналған жаттығулар арқылы. Ол үшін дыбысқа еліктеу ойындарын қолдануға болады, бұл кезде үлкен адам баланың назарын түрлі-түсті мақта түйіршіктерінің көмегімен ауыз арқылы шығарған демге аударады.
Ойын кезінде бала ыстықта иттің тыныс алуы сияқты жағдайларды еліктеп келтіреді. Бала а-а-а... дыбысын үзбей сыбырлап, тілін шығарып айтады. Қолымызды қалай жылытамыз? (қолға х-х-х деп дем шығарып үрлеу).
Баланы тілдің ұшын алға қозғалтып ауызбен дем алуға үйрету үшін басқа да, жаттығулар ойлап табуға болады. Тыныс алуға бағытталған оңай ойын-жаттығулардан кейін біртіндеп дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясын дауыс қосып ауызбен тыныс шығаруға дағдыландырамыз. Мысалы: балаға қыз қалай жылағанын көрсет (а-а-а).
Бұл кезде ауа ағынының ауыз арқылы шығуын үнемі қадағалап отыру қажет. А дыбысын айтқанда тіл ұшы астыңғы тістерге тиіп тұруы керек. Бет бұлшық еттері босаңсыған. Тіл ұшының мұндай қалпы бастапқы кезде барлық дауысты дыбыстарды айтқандағыдай сақталады. Мұндай жаттығуларды мысалға келтірейік: Шамды қалай өшіреміз? (ф--). Паровоз қалай гуілдейді? (у--). Кеме қалай гуілдейді? (ы--). Сен қандай үлкенсің? (о--). Жел қалай шулайды? (в--). Тістерімізбен тыныс алайық. (с--). Маса қалай ызылдайды? (з--) . Қаз қалай ышылдайды? (ш--) (тіл ұшы жоғары көтеріледі). Ара қалай дауыс шығарады? (ж--) (тіл ұшы ш дыбысындағыдай жоғары көтеріледі). Тонып қалған қолдарымызда қалай жылытамыз? (х--).
Дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау үшін ауызға мақта түйіршігін жақындатамыз немесе жұқа ұсақ қағаздарды үрлейміз. Дем шығарғанда олар «дірілдейді».
Ойын-жатығуларды баланы жалықтырып алмай, біртіндеп сабақтарға үйретіп өткізу керек. Баланың назарын сөз, дыбыстарды айтқан кезде ауыз ашылғанына аудару өте маңызды, себебі таңдай жарықшағы бар балалар еріндерін ашпай сөйлеуге құмар.
Ата-аналармен логопедтің міндеті – балаға дыбыс пен сөз артикуляциясын көруге көмектесу, назарын аудару. Бұл әрекет дыбыстың анық айтылуын дамытады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру кезінде баланың назарын оған көрсетіп ауызбен ұзақ тыныс шығаруға аудару қажет. Егер ерте жаста сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, операция алдында сөйлеу тілінің ақаулығы қалыптасып, тұрақтанып қалады да, түзету үшін үлкен логопедиялық жұмыс қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет