Кафедрасы


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет81/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:.

    1. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

    2. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөз қорын дамытуға арналған тәсілдерін атаңыздар.

Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова

Лекция 29. Қазақстанда логопедиялық көмек көрсету
1. Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі.
2. Арнайы білімді қажет ететін адамдарға арнайы білім беру мекемелерінің тізімі, түрлері, қажетті орындар саны
3. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері тұрғысынан көрсетіледі.
Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады:

  • Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелері.

  • Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға арналған білім беру мекемелері.

  • Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі арнайы топтар.

  • Оңалту орталықтары.

  • Арнайы мектеп-интернаттары.

  • Арнайы балалар үйлері.

  • Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер.

  • Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері.

  • Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО).

Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория, стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері: сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер:

  • Мүгедек балаларға арналған интернаттар.

  • Психоневрологиялық интернаттар.

  • Әлеуметтік орталықтар.

Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет