Кафедрасы


сурет. Баланың артикуляциялық аппараты



бет4/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
лог каз

сурет. Баланың артикуляциялық аппараты

1.тілшік; 2.тіл түбірі; 3.азу тістер; 4.астыңғы күрек тістер; 5.астыңғы
ерін; 6.жоғарғы ерін; 7.жұмсақ таңдай; 8.таңдай доғасы; 9.жұтқыншақтың артқы қабырғасы; 10.тілдің шеткі бүйірі; 11.тілдің ортасы; 12.тілдің орталық сайы; 13.тілдің үшы.





3 сурет. Артикуляциялық мүшелерінің кескіні: 1 – ерін. 2 – тістер, 3 – а львеолалар (қизыл иек), 4 – қатты таңдай, 5 – жұмсақ таңдай, 6 – дауыс перделері, 7 – тіл түбірі, 8 – тіл арқасы (ортасы), 9 – тіл ұшы
Тілдің бұлшық еттері: ішкі (жоғарғы бойлық, төменгі бойлық, көлденең, тік) және сыртқы (иектік-тілдік, тіласты-тілдік, таңдайлық-тілдік, біз тәрізді-(шилоязычная ) болып бөлінеді.
Ішкі бұлшық еттерінің жиырылу кезінде тілдің формасы және жеке бөліктерінің қалпы өзгереді:
а) жоғарғы бойлық – тілді жоғары қалыпта ұстап, тіл ұшын жоғары қайыра алады;
б) төменгі бойлық – тілдің ұшын төмен қаратады;
в) көлденең-тілді жіңішкертеді, ұшын үшкірлетеді;
г) тік – тілді жалпақтатады, оны ауыз қуысының астына орналастырады.
Сыртқы бұлшық еттерінің жиырылуы тілдің қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді (біртұтас мүше ретінде):
а) иектік-тілдік–тілді алдыға шығарып, жоғары ұстауға жауап береді;
б) тіласты-тілдік – тілді ауыз қуысының астына түсіріп, тілдің түбірін төмендетеді;
в) біз тәрізді – тілді ішке тартып, оны таңдайға қарай көтереді.
Тіл бұлшық еттері қос болып келеді. Әр дыбыс күрделі бұлшық ет синергияларының нәтижесі, яғни әр түрлі функционалды топтарға жататын бұлшық еттерінің бір мезгілде жиырылуы.
Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық мүшелерінің жұмысы.
Сөз дыбыстары қалай жасалады?
Сөз дыбыстары белсенді дыбыстау мүшелерінің (тіл, ерін, жұмсақ таңдай, төменгі жақ) жұмысының нәтижесінде пайда болады.
Тіл мен ерін әртүрлі қимылдар жасап, әртүрлі қалыпта бола алады. Жұмсақ таңдай мұрын жолдарын ашып, жауып, ал төменгі жақ–ашылып, жабылып тұрады. Сөйлеу кезінде өкпеден шығатын ауа трахея арқылы көмекейге барады. Дауыстың қатысуысыз айтылатын дыбыстардың жасалуы кезінде дауыс перделері ашық болады да, ауа көмекейден еркін өтеді. Дауыс перделері жақындасып, шығарылатын ауаның жолын жабады. Ал ауа перделер арасынан күшпен өтіп, оларды тербеліске ұшыратады.Соның нәтижесінде дауыс пайда болады. Көмекейден шығарылатын ауа ағыны (дауыспен немесе дауыссыз) сыртқа шығады.
Артикуляциялық аппараттың ақаулары (бұзылыстары).
Артикуляциялық аппараттың құрылысында туа біткен немесе ерте (7 жасқа дейін) жаста пайда болған кезкелген бұзылыстар баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Артикуляциялық аппаратында кешірек пайда болған кемістіктер әдетте күрделі кемістіктерге соқтырмайды, бірақ ауызша сөйлеу тілінің жеке сипатына және сапасына маңызды әсерін тигізеді.
Артикуляциялық аппараттың ақауларының түрлері
Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады.
Жарық – таңдайдағы туа біткен саңылау. Жарықтар жұмсақ және қатты таңдайдың және олардың альвеолярлы өскінінің жырығы; үстіңгі еріннің жарығы бөліп бөлінеді. Жарықтың салдарынан ринолалия және ринофония пайда болады, еріндік-тістік дыбыстардың артикуляциясы қиындайды немесе бұзылады.
Тістену (ортогнатия) - астыңғы және үстінгі тістердің бірігіп тұрғанындағы жақ сүйектердің қабысуы (4А сурет).Қалыпты жағдайда үстіңгі тістер біршама алға жылжып тұрады.

(4 А сурет)

Тістенудің ақаулықтарының бірнеше түрлері болады: кемиек (прогнатия), опырауыз (прогения), азу тістердің қабыспауы, алдыңғы ашық қабысу, түзу жабық қабысу, терең жабық қабысу.


Прогения – астыңғы жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына байланысты оның алдыға шығып кетуі (4Ә сурет).
Прогнатия – жоғары жақ сүйегінің шамадан тыс дамуына немесе астыңғы жақ сүйегінің жетік дамымауының салдарынын оның алдыға шығып кетуі.
Бұндай ақаулықты қазақ тілінде кемиек деп атайды(4 Б сурет).

(4 Ә сурет) (4 Б сурет)


Алдыңғы тістену – астыңғы және үстіңгі тістер бір деңгейде
орналасады(4 В сурет)
Алдыңғы ашық тістену – прогнатия, прогения немесе тістердің болмауы (ақаулары) салдарынан алдыңғы тістердің қабыспауы(4 Г сурет)

(4 В сурет) (4 Г сурет) (4 Ғ сурет)


Диастема (diastema; греч. diastёma ара қашықтық, аралық)-тістердің орналасуының ақаулығы; жоғары күрек тістер арасы шамадан тыс ашық. Диастема шынайы және жалған деп бөлінеді. Шынайы (d. verus) диастема-барлық тістер шығып болғаннан кейін байқалады - және жалған (d. falsum) диастема-тістер шыққанға дейін байқалады (4 Ғ сурет)

Тістер қатарының тұтастығының басқа да ақаулары (4Д, Е сурет) кездеседі.



(4 Д сурет) (4 Е сурет)

Тіл асты желбезегінің қысқа болуы-туа біткен ақаулық; бұндай жағдайда тіл қимылдары қиындап, шектеулі болады. Сондықтан, көптеген жағдайда тілдің жоғары көтерілімін талап ететін дыбыстарды айту бұзылыстарының себебі болып табылады.


Парез және паралич салдарынан тіл қимылдарының бұзылыстары, сонымен бірге оның туа біткен шамадан тыс дамуы (макроглоссия-шамадан тыс үлкен тіл) немесе тілдің жетік дамымауы (жіңішке-микроглоссия) пайда болады. Қалыпты жағдайда тіл артикуляцияға керек барлық қимылдарды орындайды:оңай жайпақталады, қайқияды, жоғары альвеолаларға көтеріледі, төменгі альвеолаларға түседі, айналма қимылдар жасайды (жоғарғы және төменгі еріндерді жалау), т.б. Осы қабілет негізінде диагностикалық және коррекциялық технологиялар құрастырылған.
Биік және «готикалық» таңдай-таңдай қақпа (арка) тәрізді ауытқулар да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет