Кафедрасы


Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру



бет7/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Байланысты:
лог каз

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру
Сөйлеу тіл қызметінің патологиясының маңызды бөлігін көрсететін сөздердің грамматикалық құрылысының күрделі жүйесін бала қалай пайдаланатынын анықтау, тексеру барысының ең басты мәселелерінің бірі болу керек.
Баламен әңгімелесіп отырған кезде оның сөйлеу тілінде аграмматизмнің бар-жоқтығын анықтау әр уақытта сәтті бола бермейді. Кейбір жағдайларда арнайы зерттеуге тура келеді.
Бұндай жағдайда сөйлем немесе арнайы іріктеліп алынған оқиға желісін баяндайтын немесе мағыналы бейнелі суреттер бойынша қысқа әңгіме құрыстыру тәсілін қолданады.
Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру тәсілдерін қолданғанда логопед назарын мынаған аудару керек. Суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп бере ме, немесе бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін және олардың сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай ала ма, бала қандай сөйлемнің түрлерін пайдаланады және бұл сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданады, оның грамматикалық құрылысы қандай, жалғаулықтарды дұрыс пайдалана ма.
Бұл тәсілдерден басқа әр түрлі сөйлемдердің грамматикалық құрылысының дұрыс қалыптасуын анықтайтын тапсырмалардың өзгеше түрлері де бар. Бұған тұракты бір сөздер бойынша сөйлем құрастыру жатады. Балаға, мысалы, кітап жатыр, үстел деген үш немесе одан да көбірек жеке сөздерді айтады да, жандарынан керекті сөздерді қосып сөйлем құрастыруды ұсынады.
Бұл тапсырманың күрделірек түрі – берілген сөздер бойынша әңгіме құрастыру. Мысалға мынадай сөздерден әңгіме құрастыруға болады: балалар, тоғай, қозықұйрық, жаңбыр, жүргенде, жүгірді, су.
Ретсіз тізбектеліп орналасқан жеке сөздерден сөйлем құрау. Балаға
сөйлем құрайтын сөздерді ұсынады: мысалы, қозылар жайылып, таудың, мен, бірге, бұзаулар, жұр, лақтар, беткейінде /Таудың беткейінде қозылар мен лақтар және бұзаулар бірге жайылып жүр/
Бұл тәсілдің ережесі – берілген сөздерді ретімен орналастырып сөйлем құрау, содан кейін құрастырылған сөйлемді айтып беру.
Сөздерді жеке-жеке анықтама қағазга жазып беруге болады. Бала сөздер жазылған анықтамаларды пайдаланып, рет-ретімен тізіп орналастырады, құрастырған сөйлемді оқып береді. Сөйлем құрастыратын барлық сөздерді бір анықтама қағазга жазып беру немесе ауызекі айту балаға қиындау тиеді.
Әр түрлі синтаксистік қатынас арқылы көрсетілетін сөздің морфологиялық элементтерін баланың қалай меңгергенін анықтауға жәрдемін тигізетін тәсілдерге тоқталамыз.
Алдымен бала ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулықтарды қалай пайдаланатынын тексеру керек. Баланың жалғаулықтарды дұрыс пайдалана алатындығын тексеру үшін осыған лайық бірқатар тапсырмаларды қолдануға болады. Бала орындалатын қимыл-әрекеттері бойынша немесе бейнелі сурет бойынша сөйлем құра­стыруды немесе берілген мазмұндаманың түсіп қалған жалғаулықтарын орындарына қоюды өз бетінше орындайды. Мектеп жасына дейінгі балаға: "Үйде кімдер бар?" - Апам мен көкем және ағам бар. Сен таңертең қандай тамақ ішесің? Мен таңертең май жағып нан жеймін және шекер салып шәй ішемін.
Бұдан гөрі ересектеу балаларға: бірақ, өйткені, әрі, сондықтан, сонда да деген сияқты күрделірек жалғулықтарды беріп, оларды сөйлеу тілінде қалай пайдаланатынын тексереді. Осыған орай арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет