Кафедрасы


Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру



бет77/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
Байланысты:
лог каз

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері (сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы В. И. Лубовский, Г. И. Жаренкова) ескеріледі.
ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі.
Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту;

  • көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту;

  • кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру;

  • естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту;

  • қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету;

  • дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылуын түзету;

  • сөз қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты бекіту):

  • тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру;

  • фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту;

  • сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру;

  • сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын дамыту.

Түзету жұмыс барысында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану керек.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет