Кафка мен Кішкентай қыз



бет2/8
Дата10.12.2022
өлшемі52,43 Kb.
#56284
1   2   3   4   5   6   7   8
Біз жиһангер достармыз,
Тау мен дала, аспанбыз.
Біз бұлақпыз, бастаумыз.


Ертегіге сенеміз,
Пошташыға ереміз.
Қонжық досты табуға,
Қол ұстасып келеміз.

Қыз: Ал сенің қалпағың шынымен сиқырлы ма?


К [қипақтап]: Енді қалай айтсам екен... Атақты сиқыршы Дуан долы Ғажайыптар елінен ертегіні ұрламай тұрып, сиқырлы болған. Қазір жай ғана қалпақ.
Қыз: Қалай ойлайсың, біз Қонжықты тапқан соң Ғажайыптар елі бұрынғыдай ертегіге сене ме?
К: Әрине. Біз Қонжықты да, оларды да құтқару керекпіз.


Осылай деп Кафка мен Кішкентай қыз сахнадан шығып кетеді.
Артынша сахнаға Дуан долы шығады. Бір қолы жоқ, көздері алайып кеткен.

ДД: Мен оларға қайтсем де кедергі жасауым керек. Олар қонжықты бірінші болып таппауы керек. Тапса, мені қайта анамның қолына ұстап береді. Ал, мен жануарға айналғым келмейді. Келмейді! Мен адам боп өмір сүргім келеді. Бұл жерде ешкім ертегіге сенбеуі керек.




Дуан долы әрі бері сахнаны кезіп жүр.

ДД: Қайтсем екен?! Қалай кедергі жасасам болады? Оларды үш жалқауға қарай бастап апарайын. Олар да ертегіге сенбейді. Міндетті түрде кедергі болады.Дәл солай! Ха ха ха!




Дуан долы кетіп қалады.


Доди, Тути, Пути үшеуі шығады. Үшеуі де бірінің артына бірі сүйеніп,ілініп салынып, әрең келе жатыр. Орталарын бір жіп жалға тұр. Үшеуі де содан ұстап алған. Доди бойы ұзын, арық келген. Оң аяғының етігін шала киген, келе сала, тізерлеп отыра кетеді. Артынша ұйықтап қалады. Тутидың басында бал арасының ұясы. Ол да сахна ортасына жетіп, шалқасынан құлайды. Пути толық келген, бешпентінің бір түймесі ғана жетпей тұр. Ол да келе сала Тутидың жанына жата кетеді.

Т[ентігіп]: Пути!?


П: А?
Т: Анау алманы көріп тұрсың ба?
П: Қайсы?
Т: Анау ше? Ағаштың басындағы.
П: Иә.
Т: Сол алма піссе ғой...
П: Ех! Сосын аузыма келіп түссе ғой.
Д (баяу): Осыны айтуға қалай ерінбейсіңдер, а ?! Менің ұйқым келді.

Қайта қорылдайды.


Т: Пути?


П: А?
Т: Бетімдегі шыбынды қағып жіберші.
П: Өзің неге қақпайсың? Қолың бар емес пе.
Т: Ерініп жатырмын.
Тути құлықсыз шыбынды үркіткен болады. Сосын қайта келіп орнына жатады. Кідіріс.
Т: Путишок?
П: Ау, Тутишок!
Т: Осы бізге мына беліміздегі жіптің қажеті не?
П: Білмеймін. Дуди солай айтты.
Т: Не деді?
П: Керек деді. Осылай үнемі жіп байлап жүрмесек, бір бірімізден адасып қаламыз.
Т: Ал, мына менің басымдағы араның омартасы не үшін?

Тути тұрады да, омартаны иіскейді. Сосын дәмін көреді. Жиіркенеді.


П: Жай. Әшейін. Мен араның балын жақсы көремін. Сол үшін.


Т: А -а-а-а!
Т: Пути?
П: Ой, не тағы?
Т: Ештеңе.
П: Шаршаттың ғой.
Т: Осы біз қанша күн, қанша шақырым жол жүрдік.
Тути басын көтеріп, келген жағына қарайды.
Т: Туп-тура он қадам жүріппіз.
Д(қайта баяу): Осыны санауға қалай ерінбейсіңдер, а ?


Қайта ұйықтап кетеді. Кідіріс. Кенет Тути орнынан атып тұрады.
Т: Болды! Жетеді! Жалқау болғанымыз жетеді! Былай істейік...
П: Қалай?
Т: Білмеймін қалай істейтінімізді. Бірақ бірдеңе істейік...
П: Істейік. Бірақ алдымен дем алып алайық.
Т: Ол да ақыл екен.
Тути қайта орнына келіп жатады.
Сахна сыртынан бақбақ гүлі- Гүлайша шығады. Ол әр жерге секіріп қонып, әлденеден қашып жүр.

Г: Ой! Мына жер суық екен. Мына жер тым қатты. Мына жер, тым көлеңкелі...
Т(басын көтеріп): Сен кімсің?
Г: Мен... Мен Гүлайшамын.
Т: Мұнда не істеп жүрсің?
Г: Өз... Өзіме ыңғайлы жер іздеп жүрмін.
Т: Саған ыңғайлы жер не үшін керек?
Г: Мен жайқалған гүл емеспін бе. Адамдар маған қызығып қарау үшін өзімді күтуім керек. Судың тұнығын ішіп, ауаның тазасын жұтып, күннің нұрына шомылуым керек. Ал, мен тұрған жер тым жаңбырлы. Малмандай су болдым. Сөйтіп өзіме ыңғайлы жер іздеп келдім. Ал, сендер кімсіңдер. П(басын көтеріп): Біз оны айтуға ерінеміз. Тути, жат...
Т: Иә, біз ерінеміз (жатып қалады).
Г: Сендердің жандарыңа келіп тұрсам бола ма? Мына жер тым күншуақты.

Үн жоқ. Гүлайша секіріп-секіріп үш жалқаудың жанына келіп тұрады.


Осы сәтте сахна сыртынан қол ұстасып Кафка мен Кішкентай қыз шағады.

К: Біз жиһангер достармыз,


Тау мен дала, аспанбыз.
Біз бұлақпыз, бастаумыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет