Кафка мен Кішкентай қыз



бет5/8
Дата10.12.2022
өлшемі52,43 Kb.
#56284
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кафка мен кішкентай қыз-1

Шал көзі жасаурап, мұңайып отыра кетеді.

Қ: Кафка! Неткен қаталсың! Атаны жылатып қойдың ғой.


К: Өзі емес пе, ертегіге сенбеймін деген... Бұған жалынсаң сол...
Қыз: Кафка, мұның жарамады. Тез атадан кешірім сұра.
К: Неге сұрауым керек? Өзі сұрасын. Адам ертегіге сену керек және ол үшін ешкімге ренжімеу керек.
Қыз: Сонда сен үшін ертегіге сенбеген адамның бәрі жаман ба.
К: Мен олай деген жоқпын.
Қыз: Солай дедің!
К: Олай демедім.
Қыз: Солай.
К: Мен керісінше оны ертегіге сендіргім келді. Бар болғаны осы.
Шал: Менің Домалақ бауырсағым қайда жүр екен. Адасып кетпесе болғаны. [сахнаға қарап] Сендер білесіңдер ме, мен оны сондай сағындым. Оны алғаш пісірген кезде қатты қуанып едік. Бірақ күн өтпей жоғалтып алдық.
Сахна сыртынан су алып Кемпірі келеді.

Кемпір: Ойбау, шал ау! Сізге не болды? Тағы қан қысымыңыз көтеріліп кетті ме?


Шал[еркелеп, баланың қылығын салып]: Анау... анау қара тымақ киген бала біздің...біздің бауырсақты ертегі дейді.
Кемпір: Кім?


Шал сұқ саусағымен Кафканы нұсқайды.

Кемпір: Кімді? Біздің бауырсақты ма?




Кемпір қолына таяқ алып, Кафканы қуа жөнеледі.

Кемпір: Қазір мен оған көрсетемін. Ертегі дейді ғой. Өзің ертегісің, білдің бе? Қарай көр бұның. Біреудің үйіне келіп, біреудің баласын ертегі деп...




Кішкентай қыз шапалақ соғып мәз. Кафка тамды айналып қашып жүр.

Кафка: Апа, сабыр етіңіз. Ме... Мен олай дегім келген жоқ.


Кемпір: Енді қалай дедің.
Кафка: Мен жай... Ертегіге сендіргім...
Кемпір: Айтпа маған ертегіні. Өзің ертегі білдің ба.
Кафка: Жақсы, жақсы. Сабыр етіңіз. Ертегі емес.


Кемпір ентігіп, шаршап қалады. Кафка да алқынып тұр.

К[басын ұстап]: Түсінікті. [Қызға] Кеттік! Бұлар да ертегіге сенбейді. Ертегіге сенетін қонжықты іздейміз. Жұрттың бәріне не болған, ертегіге сенбей [қызға] Көрдің бе, Кішкентай қыз. Жаңа ғана ата еді, енді бала бола қалды. Ұялмайсыз ба ата, бала болғанға.


Ш[ саусағын сорып]: Мен неге ұялам? Ұялмаймын.
Кемпір: Ұялмайды. Неге ұялады. Ол менің балам.
К: Жә, не боп кетті өзі. Басым айналып кетті ғой. Бәрін шатастырып жібердіңіздер.
Қ: Ата, сіз менің қоңыр қонжығымды көрмедіңіз бе?
Ш: Жоқ, шырағым. Ал сен менің Домалақ бауырсағымды көрсең сәлем айт. Сағынып отыр де. Үйіне қайтсын. Біз оны жемейміз.
Қ: Жақсы ата. Айтамын.
Кафка: Сау болмаңыздар. Көрмегенім домалақ бауырсақ болсын.
Шал: Сау болыңдар! Жолдарың болсын!

Кемпір[ентігіп]: Басқа тілек айтпадың ба? Үй сұрасаң болар еді. Мені патшайым етсе да кет әрі емеспін...


Шал: Басқа тілек айтатын алтын балық деп пе еді. Қонжық ғой бар болғаны.
Кемпір: Шай ішесің бе?
Шал: Құй.
Кемпір: Айтқандай, қыз неге ертегіге сенбейді екен.
Шал: Қайдан білем! Өзінен сұрамайсың ба.


Шал мен кемпір сахнадан шығып кетеді. Дуан долы шығады.

ДД: Жо, жоқ! Бұл неғылқан сайқымазақ. Шал мен кемпір қызды өздеріне алып қала ма десем. Жо, жоқ. Іс насырға шауып барады. Бұлар осылай жалғастыра берсе, ақыры мені де тауып алады. Басқаша әрекетке көшуім керек.




ІІ акт

Шырын сататын киоскі. Қызыл алжапқышы бар Чупа-Чупс шырын сатып тұр. Жанында үш доңғалағы бар велосипедпен інісі Марғау тыным таппай, айналып жүр. Марғаудың тізесіне дейін тартып киіп алған сайқымазақтың шұлығы. Басы дәу, көзі бадырақ. Біресе қолымен жүреді, одан қалса үш доңқалақты велосипедімен жүреді. Тек аяғымен емес.


Чч: Шырын аламыз, шырын! Дәмі тіл үйіретін шырын. Салқын шырын. Шие шырыны, алма шырыны, жаңқақ шырыны. Алсаңыз өкінбейсіз. Екеу алсаңыз біреуі тегін.


Марғау: Мен алам мен!
Чч: Ту, Марғау. Сенің ақшаң жоқ ғой. Оның үстіне сен бағанадан бері екі литр шырын ішіп тастадың. Жетер енді. Тым болмаса өзіміз іше бермей, басқаларға да сатайық та.
Марғау: Өзіміз жақсы ішсек, басқаларға да жақсы сатамыз.
Чч: Жоқ Марғау. Сен болмағанда баяғыда сатып кететін едік. Сен іше берген соң сатылмай тұр.

Марғау айналғанын тоқтатып, қызға қарайды.


Марғау:Сонда мен кінәлі екенмін ғой барлығына.
Чч[қипақтап]: Жо жоқ Марғау. Мен олай дегім келмеген. Жай сен көп іше берген соң.
Марғау[самарқау]: А а а солай деп айтпайсың ба., бірден. Мен өзімді кінәлі сезіне бастап едім.

Марғау велосипедімен айналуын жалғастыра береді.


Марғау: Чупа-чупс?
Чч: Ау?
Марғау: Осы сен неге шырын сата тұра өзің ешқашан сол шырынды ішпейсің?
Чч: Білмеймін. Ішкім келеді. Бірақ не үшін іше алмайтынымды білмеймін.
Марғау: Ішіп көрсей, ұнап қалар.
Чч: Мүмкін.
Марғау: Адам өзі ішпеген шырынды біреуге сата алмайды.
Чч: Жоқ, сатады.
М: Сата алмайды.
Чч: Сатады.
Марғау: Сатпайды.

Чупа-чупс Марғауды тоқтатып бетіне тіктеп қарайды.


Чч: Сатады дедім ба сатады.


Марғау: Жарайды, өзің біл. Тек сосын маған өкпелеп жүрме.
Чч: Ренжімеймін. Шырын аламыз, дәмді шырын! Дәмі тіл үйіреді! Шырын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет