Сахна сыртынан барлық кейіпкерлер шығып, әркім өз шарын алып мәз.
Кафка[Кішкентай қызға]: Айтпақшы, бұл хатты саған тағы қонжық жазып жіберіпті.
Кафка хатты алып, оқи бастайды.
К: « Құрметті менің досым. Мен сапарда жүргенде көп адамдармен кездестім. Және әртүрлі жағдайды басымнан өткердім. Солардың бәрі менің өзгеруіме мол әсерін тигізді. Сен де өз саяхатыңнан көп дүние алған шығарсың. Соған сенемін. Мені өз қалпымда таба алмасаң уайымдама. Мен бәрібір сенің қасыңнан табыламын.
Менің саған айтарым көп. Бірақ бәрін бір хатқа сыйдыра алмаймын. Жолығып жатсақ бәрін басынан аяғына дейін баяндап беремін. Мен өзгеріп-өзгеріп ақыры соңында жарық шашатын шарға айналып кеттім. Себебі сенің ертегіге сенгеніңді қалаймын. Ертегіге сенсең айналаның бәрі қалай құлпырып кеткенін байқамай қаласың. Маған сен! Құрметпен досың қонжық».
Қыз: Бұл менің қонжығыма мүлде ұқсамайды.
К: Айттым ғой. Бәрі өзгереді деп. Сен жақсы көрген дүние жоғалуы мүмкін, бірақ соңында бәрібір махаббат басқаша күйде оралады. Қызыл лампа да жаман емес, жарық шашып тұр. Әдемі иә!
Қыз: Иә әдемі.
Бәрі жарық шамдарды қолдарына алып, аспанға көтереді. Сосын одан көзін алмай қарап тұрып қалады.
Соңы!
Достарыңызбен бөлісу: |