Жоспар
Ұйымдық-өкілеттік құжаттар
Ұйымдық нысандарды іздестіру
Фирма жарғысы
Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алуды қажет етеді. Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңдау мынадай обьективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясымен, кәсіп орын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Дұрыс таңдау жасау үшін нені таңдап алуды білу керек. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандарын назарларыңызға ұсынамыз.
Бұлар еліміздің азаматтық заңдарымен, соның ішінде, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен белгіленген. Бүгінгі таңда бүұдан басқа:
1995 жылдың 17 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы;
1995 жылдың 2 мамырындағы ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығы;
1995 жылдың 19 маусымындағы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығы және т.б. заң актілері басшылыққа алынды. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық-шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленген.
Қатысушылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі ерекшеленеді: меншікті жеке- дара иеленуге негізделген жекелік және ұжымдық; мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады және мүлікке ұжым ие болады. Осымен байланысты кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар заңды тұлға болып құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 19-бабының 2- тармағында қарастырылғандай, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Ол сатып алынған патент негізінде әрекет жасайды. Бұл тіркеліп, кәсіп жасауға рұқсат алғанның куәлігі болып табылады (9,163).
Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес, дербес балансы (банкте есеп шоты), өз атау жазылған мөрі, дербес мүлкі бар ұйым заңда тұлға болып табылады (сонда, 169 б.).
Заңды тұдғаның мақсаты табыс табу болуы мүмкін, онда ол коммерциялық ұйым деп аталады. Коммерциялық емес ұйымдар ( қоғамдық немесе діни бірлестікткр, қорлар т.б.) алдына басқа мақсаттар қояды.
Заңды тұлғалардың жүйесін мынадай кестемен көрсетуге болады
Заңды тұлға фирманың «ішкі негізгі заңы»сияқты болып есептелетін еліміздің заңдары мен құрылтай құжаттары негізінде әрекет жасайды.
Жекелеген іс-әрекет түрлері , соның ішінде туризм лицензияны қажет етеді.Өйткені бұл қызмет түрі азаматтардың қауіпсіздігімен және денсаулығымен байланысты болып келеді.Лицензиялық қызмет түрлерінің тізімін заң актілері белгілейді.
Фирманың ұйымдастырудың қандай да бір нысанын және оның құқықтық мәртебесін таңдау кәсіпкердің өз көзқарасы мен сыртқы жағдайларға байланысты болады.Қай жағдайда да табысты қызмет жасау үшін барлық жағдайларды өлшеп-пішіп барып,іске кірісу қажет.
Коммерциялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісімшарт пен жарғы негізінде жұмыс істей алады. Заңды тұлғаның құрылтай шарты құрылтайшылар арасында жасалады және кәсіпорын мүшелерінің арақатынасын айқындайды, сонымен қатар серіктестік пен оған қатысушылардың арасында жасалады. Егер ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, шарт жасалмайды.
Жарғылық бірлестікатер жарғы негізінде құрылады, оның өзі тараптар арасындағы келісімді жоққа шығармайды.
Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компанияларды ұйымдық нысандарына ассоциациялар, корпарациялар консорциумдар, өнеркәсіптік-делдалдық және басқа да шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, комерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқада ұйымдар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |