Калашниковты мойындатқан қазақ



жүктеу 1.17 Mb.

бет3/12
Дата15.03.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

экологияға құрметпен қарауға машықтанды.

Реті  келгенде  айта  кетейік,  бұл 

жазғы  экологиялық  білім  беру 

лагері  –  облысымыздың  аталған 

мәселеге  немқұрайлы  қарамайтын 

жасөспірімдеріне 

арналған 

жыл 


сайынғы  сыйлық.  Оған  жастардың 

қалалық инструкторлық орталығының 

басшысы Ирина Шведунова бастама-

шы болса, тапсырыс беруші – Шығыс 

Қазақстан облыстық табиғи ресурстар 

және  табиғат  пайдалануды  реттеу 

басқармасы.

–  Біз  аталған  басқарманың 

демеушілігімен 

жазғы 


каникул 

кезінде  балалар  лагерінде  осымен 

алтыншы  жыл  экологиялық  білім 

шараларын  өткізіп  келеміз,  –  дейді 

орталық  басшысы  Ирина  Шве-

дунова.  –  Бұлай  ету  балаларды 

сауықтырып  қана  қоймай,  олардың 

экология  турасындағы  түсініктерін 

қалыптастырып, 

шығармашылық 

жағынан  дамуына  жол  ашуда.  Биыл 

жүзге  тарта  баланы  қамтыған  төрт 

маусым  ұйымдастырылып,  балалар 

тегін  тамақтанумен  қатар,  пайдалы 

дүниелерге қанықты. 

Аталған  бағдарламаның  тиімді 

жағы  сол,  оны  ұйымдастырушылар 

әр жолы экологиялық тәрбие берудің 

жаңа,  өзіндік  тұстарын  жасайды. 

Мәселен,  биыл  лагерьде  Антуан  де 

Сент-Экзюпери  шығармалары  таныс- 

тырылып, шығармашылық тапсырма-

лардың өзіндік формалары таңдалып 

алынды.  Ал біздер жоғарыда аталған 

демеуші  басқарманың  маманы  Әсел 

Жанболатовамен  бірлесіп,  қазылар 

алқасы  ретінде  балалардың  жұмыс-

тарын бағалауға мүмкіндік алдық. 

Эссе  жазу  бойынша  іріктеліп 

алынған 25 бала түрлі көркем техника 

арқылы есте қаларлықтай картина жа-

сай алды. Сол сайыста жүлделі І орын-

ға ие болған Кристина Шведунованың 

туындылары  қазір  «Рудный  Алтай» 

газеті  редакциясының  қабырғаларын 

ерекше көркемдеп тұр. 

Сондай-ақ,  тинейджерлер  өз-

дерінің  экоакциялары  арқылы  түрлі 

экологиялық  проблемаларды  шешу 

жолдарын  көрсеткендей  еді.  Атап 

айтқанда,  Әмина  Амангелді  «1000 

және  бір  ағаш»  отырғызуды,  Розали-

на  Күленова  талай  суды  үнемдеуге 

жол  ашатын  бүкіләлемдік  Су  сағатын 

ұйымдастыруды,  ал  Света  Плотни-

кова  мен  Алиса  Ступакова  жаппай 

көгалдандырумен 

шұғылдануды 

ұсынды. 

Әсіресе,  балалардың  өз  қол-

дарымен шығарып, табиғатты қорғау 

тақырыбына 

бағытталған 

«Эко-


Жаршысы»  үлкен  ой  салғаны  сөзсіз. 

Бұл  байқауда  айтарлықтай  көлемді 

мақала жазған Виктория Агеева алдан 

көрінді. Аталған байқауда «Бұл жерде 

ешқандай  WiFi  жоқ,  дегенмен,  бұдан 

жақсырақ байланыс таба аласыз» де-

ген сөздер есте қалғанын айту керек. 

Ол, әрине, табиғатпен үндестік туралы 

айтылған сөздер екені түсінікті болар. 

Ал 


«Глаголом 

жечь!» 


атты 

шығармашылық  байқауда  балалар 

өздерін әртүрлі әдеби жанрда танытып 

бақты.  Онда  Алиса  Ступакова  өзінің 

өлең-түсінігімен алдан көрінсе, София 

Иркова  алыптар  мен  ергежейлілер 

жайында  ертегі  құрастырды.  Тіпті, 

қалдық  шелектерге  «Қоқыстың  да  үйі 

бар»  деген  эпиграф  жазылуы  өзгеше 

еді.


Бұл  байқауда  Никита  Миусков, 

Игорь  Бобрышев  және  Павел  Харин 

ерекше  көзге  түсті.  Жас  фотосурет-

шілердің  пікірінше,  адамдар  жер-

дің  сұлулығын  әу  бастағыдай  қал- 

пында  сақтауға  ұмтылуы  керек. 

Нақтылап  айтқанда,  біздің  әрқай-

сысымыздың  демалған  жерімізде 

шашылып  қалған  қоқысты  жинасты- 

рып  кетуге,  ағаш  отырғызып,  оның 

өсіп-жетілуін  қадағалауға  шамамыз 

жетеді. 


Жалпы, 

лагерь 


балаларының 

соңғы  тапсырмасы  –  «ЭкоЖол»  атты 

қозғалысты-зияткерлік  ойыны  ерекше 

әсерлі  болды.  Балалар  ойын  бары-

сында жасырылған жұмбақты шешуге 

атсалысты.  Олар  небір  соқпақтарды 

бағындыра  отырып,  нақ  өздері 

үшін  қарапайым  ғана  «Табиғатты 

қорғаңдар!» деген ақиқатты аша білді. 

Шығыс-Ақпарат


құзіретті органдарға қолдануға 

жолдайды. 

Қазір 

бірқатар 



мемлекеттік  мекеме  қызметіне 

мониторинг  жүргізіп  келеміз. 

Жақында  жол  полициясының 

жұмысына  кешенді  тексеру 

жүргізетін  боламыз.  Жалпы, 

құқық  қорғау  органдарының, 

сот 

пен 


прокуратураның, 

әкімдіктің  де  қызметкерлері 

заң бұзушылықтары бар болса, 

жауапқа  тартылады.  Мәселен, 

жоғарыда айтқан «Айқын» жо-

басына қатысты үш мәрте тексе-

ру жүргіздік. Соның нәтижесінде 

19  лауазымды  тұлға  жауапқа 

тартылды.  Жалпы,  өзге  меке-

мелермен қарым-қатынасымыз 

қалыпты  деңгейде  деуге  бола-

ды.


Арманжан,  Тарбаға-

тай ауданы:

–  Осыдан  үш  жыл 

бұрын  шартты  түрде  істі 

болған  едім.  Ендігі  жерде 

мектепке жұмысқа орналас-

сам, есепте тұрғаным кедергі 

жасамай ма?

–  Қазақстан  Республика-

сының  2007  жылғы  15  ма-

мырдағы  «Еңбек  кодексінің»  

26-бабының 3-тармағына сәй- 

кес және 2007 жылғы 27 шілде-

дегі  «Білім  туралы»  Заңының 

51-бабының 

5-тармағына 

сәйкес,  төмендегідей  жағдай- 

ларда білім беру мекемелеріне 

орналасуға  шектеулер  көздел-

ген: кісі өлтіргені, денсаулығына 

қасақана  зиян  келтіргені,  жы- 

ныстық  тиіспеушілігіне  қарсы 

қылмыс  жасағаны  үшін  сотты-

лығы  бар  немесе  соттылығы 

болған  адамдар  және  сот 

үкімімен,  медициналық  тек-

серу  қорытындылар  негізінде 

қызметпен  айналысуға  тыйым 

салынған  азаматтар,  сондай-

ақ, заңда белгіленген тәртіппен 

өтелмеген  немесе  алынбаған 

соттылығы бар адамдар.

Шалқар  Райымбеков, 

Шар  қаласы,  Жарма  ау-

даны:

–  Электронды  сандық 

қолтаңбасы  бар  азаматтар 

әкімшілік  айыппұлды  қалай 

төлейді?

–  Әкімшілік  айыппұлды  

е.Gov.kz  электрондық  үкімет 

сайтына кіріп, төлей аласыз. Бұл 

сайтта айыппұлды төлеу тәртібі 

мен өзге де қажетті ақпараттар 

толығымен көрсетілген.

Солтанай  Еділ,  Тарба-

ғатай ауданы:

– Кезінде Қытай елінде 

ұсақ  істі  болғанмын.  Енді 

осы  жайт  несие  алып,  кәсіп 

ашуыма кедергі болмай ма?

– Шетелде ұсталып, қамауға 

алынған,  сотталған  тұлғаларға 

қатысты арнайы есепке алу бо-

йынша  ақпараттар  ведомство-

лық  нұсқауларға  және  Қазақ- 

стан  Республикасы  Бас  проку- 

рорының  бұйрықтарына  сәй- 

кес,  соттылықтың  жойылған-

дығы  және  соттылығы  есеп-

тен 

алынып 


тасталғанына 

тәуелсіз  беріледі.  Несие  алу 

және  кәсіпкерлік  қызметімен 

айналысу  кезіндегі  шектеулер 

туралы  мәселелер  «Қазақстан 

Республикасындағы 

банктер 

және  банк  қызметі  туралы» 

1995  жылғы  31  тамыздағы 

№2444  Заңына,  сондай-ақ, 

«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  

2006  жылғы  31  қаңтардағы 

№124  Заңына  сәйкес  жүзеге 

асырылады.  Бір  сөзбен  айт-

қанда,  әр  банк  белгілі  бір 

азаматқа  несие  беру-бермеу 

жағын өзі шешеді.

Тікелей байланысты 

жүргізген –

Нұржан Кенжеұлы

кетпек  болған  азаматтардың 

мойнында 

қарыздар 

мен 

айыппұлдардың 



бар-жоғын 

анықтауға  көмектеседі.  Нәти-

жесінде  адамда  өтелмеген 

қарызы  бар  екені  анықталса, 

оған ел аумағынан шығуға ты-

йым салынады. 



С.Айымбет, Өскемен:

– Осыдан үш-төрт жыл 

бұрын  кәмелетке  толмай 

тұрып  екі  жылға  шарт-

ты  жазаға  кесілгенмін.  Енді 

әскери  борышымды  өтегім 

келеді. Оған мүмкіндігім бар 

ма?

–  Қазақстан  Республикасы-

ның 2012 жылғы 16 ақпандағы 

«Әскери  қызмет  және  әскери 

қызметшілердің  мәртебесі  ту-

ралы»  Заңының  36-бабының 

6-тармағына сәйкес, соттылығы 

бар  азаматтар  бейбіт  уақытта 

әскери  қызметке  шақырылуға 

жатпайды.



Самал  Бегалина,  Рид-

дер:

–  Облысымызда  неше 

адам  бас  бостандығынан 

айырылған?  Осы  туралы 

мәлімет бере кетсеңіз?

–  Шығыс  Қазақстан  аума-

ғында  12  түзеу  мекемесі  және 

екі  уақытша  ұстау  изоляторы 

орналасқан. 

Облысымызда 

қанша адам бас бостандығынан 

айырылып, 

жазасын 

өтеп 


жатқандығы туралы мәліметтер 

қызметтік 

ақпарат 

болып 


саналатындықтан,  оларды  жа-

риялай алмаймыз.



Б.Берікұлы, Үржар ау-

даны:

–  Бір  көршіміз  осыдан 

біраз  жыл  бұрын  сотта-

лып  келген.  Қазір  оның  ба-

ласы  жоғары  оқу  орнында 

оқып жатыр. Білейін дегенім, 

әлгі бала оқуын бітірген соң, 

мемлекеттік қызметке орна-

ласа ала ма?

–  Қазақстан  Республика-

сының  1999  жылғы  23  шіл-

дедегі  «Мемлекеттік  қызмет 

туралы»  Заңының  10-бабына 

сәйкес,  мемлекеттік  қызметте 

болуға  байланысты  шектеулер 

көзделген  және  мемлекеттік 

әкімшілік  лауазымға  орналасу 

азаматтар  міндетті  түрде  ар-

найы тексеруден өткеннен кейін 

жүзеге асырылады.



Берік  Әбдірахманов, 

Жарма ауданы:

–  Сіздер  деректерге 

талдау жасап, басқа мем-

лекеттік  органдарға  ұсыныс 

жасайсыздар  ма?  Өзге  ме-

кемелермен қандай қарым-

қатынас  орнатылған?  Құ- 

қық  қорғау  органдары  қыз-

меткерлерінің 

тарапынан 

жол ережесін бұзу фактілері 

орын 

алып 

жататынын 

да  көріп  жүрміз.  Осындай 

қызметкерлер  қаншалықты 

жауапқа тартылуда?

– 

Басқарма 



маманда-

ры  ай  сайын  әртүрлі  талдау-

лар  жасап,  оның  нәтижелерін 

толықтай  автоматтандырылған 

деп айта аламыз. 

«Дидар» газеті:

–  Облысымызда  2012 

жылдан бері жүзеге асы-

рыла  бастаған  «Айқын» 

жобасы 

туралы 

мәлімет 

берсеңіз.

–  «Айқын»  жобасын  Пре-

зидент 

Әкімшілігі 



қолдап, 

оны  республика  көлемінде 

жаппай  енгізу  туралы  шешім 

қабылдаған.  Оны  жүзеге  асы-

ру  кезең-кезеңмен  2012-2014 

жылдар аралығында жүргізілді. 

Аталмыш  жоба  жеке  және 

заңды  тұлғаларға  мемлекеттік 

органдарға 

берген 


арыз-

шағымдарының  қарастырылу 

барысын тікелей бақылай алуға 

мүмкіндік  беріп,  бұл  жөніндегі 

үдерісті 

мейлінше 

жария-

лы  етеді.  «Айқын»  жобасы 



арқылы  адамдар  мемлекеттік 

органдарға  жіберген  арыз-

шағымдары  жөніндегі  құжат-

тардың  қозғалысы  мен  қабыл-

данған шешімдері туралы біліп 

қана қоймай, өтініштерді қарау 

мерзімінің  бұзылу  деректерін 

де қадағалап отыра алады.

Қандай  да  бір  арыз-ша-

ғыммен  келген  адам  өз  өтіні-

шін  мемлекеттік  органдарға 

тапсырған кезде оны қабылдап 

алған  кеңсе  қызметкерінен 

18  таңбалы  сандық  бірегей 

коды  бар  жеке  талон  алады. 

Осы  берілген  жеке  нөмір  бо-

йынша  өтініштің  қарастырылу 

барысы  мен  нәтижелері  ту-

ралы  ақпараттарды  8  800-

080-7777


 

(стационарлық), 

1414  (ұялы)  нөмірлеріне  және 

операторларға  талон  нөмерін 

айта  отырып,  талон  нөмірімен 

1012  нөміріне  SMS  хабарлама 

жіберіп  және  Бас  прокуратура 

құқықтық  статистика  және  ар-

найы  есепке  алу  комитетінің 

http://service.pravstat.kz,  сай-

тына кіріп, ондағы «Мемлекет-

тік  органдарға  жүгіну»  бөлімін 

таңдап,  талон  нөмірін  жазу 

арқылы  біліп  отыруға  бола-

ды.  Үстіміздегі  жылдың  1  қаң- 

тарынан 


бастап 

бірегей 


нөмірлері  бар  талондарды  бе-

руге облыстық, аудандық және 

қалалық  деңгейдегі  мемлекет-

тік  органдар  да  кіріскенін  айта 

кеткім келеді.

Бізде сонымен қатар, «Шек-

теу»  жобасы  да  жүзеге  асыры-

лып  келетінін  білетін  болар-

сыздар. Бұл жоба шекара асып 

«Дидар» газеті:

–  Құқықтық  статис-

тика 

басқармасының 

жұмысы  кәдімгі  статис-

тикамен  айналысатын  ор-

ганның  қызметінен  несімен 

ерекшеленеді?

– 

Біздің 



қызметкерлер 

құқықтық  статистика  және  ар-

найы  есепке  алу  саласында 

заңдылықты 

қадағалайтын 

уәкілетті 

прокурорлар 

мәртебесіне  ие.  Қарапайым 

адамдар  арасында  комитет 

соттылық  туралы  анықтама 

беретін 

мекеме 


ретінде 

белгілі.  Ал  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  мен  мемлекеттік 

органдар  бізден  қылмыстар 

туралы  ең  толық  статистика 

алуға  болатынын,  кәсіпкерлер 

болса,  бақылаушы  органдар 

тексеру  жүргізу  үшін  міндетті 

түрде  комитеттен  тіркеуден 

өту  қажет  екенін  біледі.  Біздің 

жұмысымыз,  комитеттің  аты 

айтып 


тұрғандай, 

тікелей 


құқықтық  мәселелер  жөнінде 

есеп  жүргізумен  байланысты. 

Басқармамыз 

облысымызда 

жасалған  қылмыстар  мен  өзге 

де 


құқықбұзушылықтардың 

статистикасын  жүргізіп,  тұр-

ғындардан  келіп  түскен  арыз-

шағымдардың қаралып, орын-

далуы  жағын  қадағалаумен 

айналысады.



Зухра Кенжебекқызы, 

Семей:

–  Жыл  басынан  бері 

облыс  аумағында  қанша 

қылмыс жасалды? Олардың 

ішінде  аса  ауыр  қылмыс-

тардың  үлесі  қанша?  Өткен 

жылмен 

салыстырғанда, 

қылмыс  санының  өсуі  не-

месе  кемуі  байқала  ма? 

Қылмысты жасыру фактілері 

жиі тіркеле ме?

–  2014  жылдың  жеті  айы 

ішінде 

облыс 


аумағында 

16949 қылмыс жасалды. Оның 

ішінде  аса  ауыр  қылмыстар- 

дың  үлесі  0,8  пайызды  құ- 

райды.  Өткен  жылмен  салыс-

тырғанда,  қылмыс  санының 

17,7  пайызға  кемігені  байқа-

лады.  Ал  енді,  қылмысты 

жасыруға 

келетін 


болсақ, 

бұрындары 

қылмыстылықты 

жасыру 


негізінен 

кішігірім 

және  орташа  ауырлықтағы 

қылмыстар  бойынша  жасала-

тын. Әдетте ол зардап шегушіні 

үгіттеп, 

арызын 

алдырып 


тастауға болатын ұрлық сияқты 

қылмыстар  төңірегінде  жүзеге 

асырылып жүрді. Ал жасалатын 

қылмыстардың  негізгі  бөлігін 

әдетте  осы  орта  дәрежелі 

қылмыстар  құрайтыны  белгілі. 

Сондықтан да біз қылмыстарды 

тіркеуде  электронды  техноло-

гияны  енгізіп,  арыз  берушіге 

өз  арызын  қадағалап  отыруға 

мүмкіндік бердік. Сол себептен 

болар, соңғы жылдары ұрлық, 

тонау  және  бұзақылық  сияқты 

бұрындары  жасырып  қалуға 

оңтайлы қылмыстар көрсеткіші 

өсіп шыға келді.



Әділхан 

Берғалиев, 

Күршім ауданы:

–  Құзырлы  органдар-

ға, мәселен, ішкі істер бө- 

ліміне  түскен  арыз-шағым-

дар  қалай  тіркеледі?  Және 

арыз  иесіне  ол  туралы  қан- 

дай да бір құжат-қағаз бері-

ле ме? Берілген арыз қанша 

уақыт ішінде қаралады?

–  Кез  келген  дайында-

лып  жатқан  немесе  жасалған 

қылмыс  туралы  ақпарат  ха-

барланатын 

мәліметтердің 

толықтығына  және  ұсынылу 

түріне  қарамастан,  барлық 

қылмыстық 

қудалау 


орга-

нында  қабылданады.  Кезекші 

бөлімдері  бар  қылмыстық 

қудалау 


органдары 

арыз-


шағымдарды 

тәулік 


бойы 

қабылдай  береді.  Қылмыстық 

қудалау 

органына, 

соның 

ішінде  учаскелік  инспекторға 



тікелей жүгінген өтініш берушіге 

бірегей нөмірлі талон беріледі.

Ал  енді  арыз-шағымның 

қаралуына  келетін  болсақ, 

қылмыстар 

мен 


өзге 

де 


оқиғалар  туралы  ақпаратты 

қарау  мерзімін  есептеу  оның 

қылмыстық  қудалау  органына 

келіп  түскен  күнінен  бастап  ҚР 

ҚІЖК  184-бабының  негізінде 

жүргізіледі.  Келіп  түскен  бар-

лық  мәлімет  оның  мазмұны-

на  қарай  қылмыстар  мен 

оқиғалар  туралы  өтініштерге, 

хабарламаларға,  шағымдарға 

және  өзге  де  ақпараттарға 

бөлінеді.



Зейін  Кененбаев,  Се-

мей:

–  Бүгінгі  күні  статис-

тикалық  есеп  беру  мен 

арнайы есепке алуды жүргі-

зу үдерісі қаншалықты авто-

маттандырылған?

–  Қазіргі  таңда  облысы-

мызда  статистика  мен  арнайы 

есепке  алуды  жүргізу  үдерісі 



0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

6

№93 (17030)



14 тамыз

Тікелей байланыс

ДИДАР

«Айқынның» көмегімен көптеген 

заңбұзушылық анықталды

Облысымыздағы қылмыстық ахуал қандай деңгейде? Құқық қорғау органдарының 

қызметкерлері арасында заңбұзушылық жиі тіркеле ме? Тіркелсе, ондай қызметкерлер 

қаншалықты жауапқа тартылады? «Дидар» газетінің редакциясында өткен тікелей 

байланысқа еліміздің Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу 

жөніндегі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы Ермек 

Мейірманов келіп, оқырмандардың осы және өзге де сауалдарына жауап берді.


–  Биылғы  жартыжыл-

дықта  ауданның  әлеу-

м е т т і к - э к о н о м и к а л ы қ 

даму  көрсеткіштері  қа-

лай? 

– Жаман емес. Өнеркәсіп, 

ауыл  шаруашылығы,  құры-

лыс,  шағын  және  орта  кә- 

сіпкерлік,  жұмыспен  қамту,  

білім, 


денсаулық 

сақтау 


сияқты  негізгі  салалардың 

көрсеткіштері  көңіл  көнші- 

терлік. Мәселен, ауданымыз-

да  мұнай-газ,  көмір  өндіріле 

бастағандықтан, 

өнеркәсіп 

өнімдерінің  үлесі  жыл  сайын 

өсе  түсуде.  Мемлекеттік  бағ-

дарламалардың  арқасында 

ауыл шаруашылығы да, оның 

ішінде  мал  басын  көбейту 

және  тұқымын  асылданыру, 

өсімдік  шаруашылығын  да- 

мыту  да  мықтап  қолға 

алынды. Былтырғы сәйкес ке-

зеңмен  салыстырсақ,  биыл-

ғы  жартыжылдықта  өнеркә- 

сіп  өнімінің  көлемі  2014,7 

млн.  теңгеге  өссе,  ірі  қара 

мал  3967  басқа,  жылқы 

365  басқа,  құс  1003  бас-

қа  көбейді.  Құрылыс  жұ-

мыстарының  көлемі  147,2 

млн.  теңгеге,  бөлшек  тауар 

айналымы 149,6 млн. теңгеге 

артық орындалды. 



–  Мұнай-газдың  арқа-

сында  өнеркәсіп  өнімінің 

көлемі  артқанын  айтты-

ңыз,  енді  осы  шикізаттар-

ды  кәдеге  жарату  жағы 

қалай болуда?  

–  Бәрі  бірден  бола 

қалмайды ғой, істеліп жатқан 

шаруалар  аз  емес.  Зайсан 

қаласында  473  үйге  газ 

құбырлары  тартылды.  Қазір 

қаладағы  бір  мектеп  пен  6 

дүкен,  отыздан  астам  тұрғын 

үй 

газды 


пайдалануда. 

Алдағы уақытта тұтынушылар 

саны  арта  түседі  деген  сенім 

мол.  Өйткені  таяу  жылдарда 

табиғи  газ  өндіру  көлемі 

артып,  өнеркәсіп  өнімдерін 

өндіру  басты  салаға  айнал- 

мақ.  Бұл  ауданның  әлеумет-

тік-экономикалық 

дамуын 


жаңа  сатыға  көтеріп,  халық-

тың  тұрмыс-тіршілігін  жақ-

сартуға септігін тигізеді.

Биыл аудан орталығының 

басқа 

бөліктерін 



газбен 

қамтуға  қатысты  жобалық-

сметалық  құжаттар  дайын-

далуда.  Оған  қоса  9  ауылды 

(Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, 

Айнабұлақ,  Жамбыл,  Көге-

дай, Шалқар, Қаратал, Үлкен 

Қаратал)  газбен  қамтуға 

«Тарбағатай-Мұнай»  ЖШС 

өз  қаражаты  есебінен  құны 

791,7  млн.  теңгеге  құбыр 

тартса,  осы  ауылдардың  ішкі 

газ тарту құбырына облыстық 

бюджеттен  50,4  млн.  теңге 

бөлініп,  жобалық-сметалық 

құжаттары 

дайындалып, 

сараптамадан өтті. 



–  Орталықтан  шалғай-

да жатқан ауданның көлік 

қатынасы қандай жағдай-

да екен?

–  Өскемен,  Семей,  Аста-

на,  Алматы  қалаларына  жо-

лаушыларды 

тасымалдау 

жүйелі  жүргізілуде.  «Зайсан-

Өскемен»  бағытында  әуе 

қатынасы  былтыр  аптасына 

бір  рет  болса,  биыл  екі  рет 

ұшады. «Зайсан-Алматы» ба- 

ғытында әуе қатынасын ашу-

ға жұмыс жүргізілуде.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал