Калашниковты мойындатқан қазақ



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі6,24 Mb.
#9607
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Калашниковты мойындатқан 

қазақ 

Марат Исмаилов жайында жұрт не 

біледі? 

8

-бет



Елімізде 

жоқ 

ерекше 

лагерь 

ашылды

5

-бет

шығыс қазақстан 

Облыстық газеті

ДИДАР

Семейге бірқазандар 

«қонаққа» келді

2

-

бет

1931 жылдың 24-қазанынан шығады 

бейсенбі

№93(17030)

14 тамыз

2014 жыл

www.media-vko.kz 

12,13-

беттер

Төр Алтайдан тағы да 

тың жәдігерлер табылды

Шығыс жұрты көрнекті 

қаламгер Қалихан Ысқақты 

ақтық сапарға шығарып салды

22-23

-

беттер

Бір шайқаста 70 

фашистің көзін 

жойған жауынгер

21

-

бет

спирттік ішімдіктер 

енді түнде ғана емес, 

күндіз де сатылмайтын 

болды

9-бет

Көне қазан мұражайға 

қойылды

4-бет


ДИДАР

Қоғам


2

№93 (17030)

14 тамыз

19-тамызда  сағат  11.00-

де  «Дидар»  газетінің  редак-

циясында  облыстық  экономи-

ка  және  бюджеттік  жоспарлау  

басқармасының  басшысы 



Елена 

Павловна Ясинскаяның қатысуы-

мен тікелей байланыс өткізіледі.

Өздеріңізді  толғандырған  мә-

селелер бойынша 



(87232) 75-39-

21 телефонына хабарласып, жауап 

ала аласыздар.



Құрмет

Генералға 

ескерткіш қойылды

мерей Қайнарұлы

Жуықта Катонқарағай өңірінен 

шыққан тұңғыш генерал Ораз 

Рақышевқа туған ауылы 

Аққайнарда ескерткіш тақта 

қойылып, ас берілді.

Ескерткіш 

тақтаның 

ашылуына 

генералдың әріптестері, туған-туыстары, 

аудан  басшылығы  қатысты.  Ораз 

Рақышев  1938  жылы  осы  Аққайнар 

ауылында  туып,  Шыңғыстайдағы  мек-

тепте  білім  алған.  Кейіннен  Ярославль 

және  Вольск  әскери  училищелерін 

тәмамдаған. 1975-1998 жылдары полк, 

бригада  және  корпус  командирінің 

тылдағы  орынбасары-тыл  бойынша 

бастығы болып қызмет атқарған.  Әскери 

салада  қызмет  істей  келе,  2000  жылы 

Қорғаныс  министрінің  орынбасары  бо-

лып тағайындалады. Ол “Құрмет белгісі” 

орденімен  қатар  басқа  да  көптеген  ме-

дальдармен марапатталған. 

Ораз  Рақышев  замандастарының, 

жерлестерінің  есінде  қарапайымды-

лығымен  сақталыпты.  Шарада  Федор 

Тұмарбаев  «Чернова  орта  мектебінің» 

атауын  ауыстырып,  Ораз  Рақышевтың 

есімін беруіміз қажет» деген ұсыныс айт-

ты.  Қажетті  орындардан  қолдау  тауып 

жатса, ол күн де алыс еместей көрінді. Ең 

бастысы, Ораздай ұлдарын елі ешқашан 

ұмытпайды.

табиғат

Семейге 

бірқазандар қайдан 

келді?

раушан Нұғманбекова

Ертіс үстіндегі аспалы көпірге 

бірқазан деп аталатын бірнеше 

жүздеген құстардың жапырлай 

қонып жатқанын көрген қала 

тұрғындарының таңданысында шек 

болмады. 

Зоология  саласының  маманы  Вик-

тор  Хромовтың  айтуынша,  бұл  кәдімгі 

үлкен  бірқазан  тұқымына  жатады.  Бұл 

құстар бұрындары Бұқтырма мен Зайсан 

өңірінде  болған.  Шүлбі  су  қоймасынан 

бірлі-екілі кезігіп қалған кездері де бар. 

Ал Семейге топ болып келуі бірінші рет. 

Маманның  пікірінше,  бірқазан  балығы 

мол жерге қонақтағанды жақсы көреді. 

Бір  құсқа  күніне  екі  елі  балық  қажет 

екен.  Олар  балыққа  тойып  алған  соң 

жағалауда  күн  астында  күйіп  жатқанды 

ұнатады.  Себебі,  бірқазандар  суда 

жөнді  жүзе  алмайды.  Бүгінде  біздің 

облыста  шамамен  бірнеше  мыңдаған 

бірқазандар  бар  екен.  Олар  жыл  са-

йын  көбейіп  барады.  Жейтіндері  ұсақ 

балық, ірісіне қызықпайды. Бірқазандар 

адамдардан  қорықпайды,  себебі,  олар 

өздерін  ауламайтындығын  біледі.  Сон-

дықтан  да  бұл  қонақ  құстар  бүгінде 

адам көп жүретін Семейдің орталық тұ- 

сындағы Ертіске мықтап орналасып алған. 



Семей.

Тамшылатып суарып, 

табысқа кенеліп жүр

Аудан  орталығынан  шалғайда 

жатқан  Глуховка  ауылына  заманға 

сай  дәрігерлік  амбулатория  қа-

жеттігі  жайында  көп  айтылып  кел-

ген. Тұрғындардың сол тілегі орын-

далып,  ауылда  жаңа  медициналық 

пункт  ашылды.  Дәрігерге  дейінгі 

тексеру,  медициналық  мұрағат, 

медициналық қалдықтарды сақтау, 

туберкулезге 

қарсы 


ем-дом, 

физиотерапевт 

кабинеттерінен 

тұратын  ғимараттың  жалпы  ау-

даны  565  шаршы  метр.  Кешен 

орталықтандырылған  жылу  және 

кәріз  жүйесіне  қосылған.  Алдағы 

уақытта 


қажетті 

медициналық 

қондырғылар мен өлшеу құралдары 

орнатылмақ.  Мердігер  «Құрылыс» 

ЖШС  нысанды  мерзімінен  ке-

шіктірмей  аяқтап  отыр.  Облыс 

басшысы  бұл  нысанның  ауыл  үшін 

маңызы  ерекше  екенін  айта  келе, 

бұл  бағыттағы  жұмыстар  облыс 

бойынша жалғаса беретінін атады.

–  Ауылдарыңызда  заманға  сай 

медициналық  мекеменің  болуы 

үлкен  көмек.  Бұл  тұрғыда  Елбасы-

ның  ұстанып  отырған  саясаты  ай-

қын.  Халық  тұтастай  медициналық 

көмекпен  қамтамасыз  етілуі  тиіс. 

Сол  мақсатты  орындау  үшін  тек 

биылдың өзінде ғана облыс бойын-

ша  20  медициналық  мекеме  салы-

нып  жатыр.  Оның  18-і  жыл  соңына 

дейін  ел  игілігіне  беріледі.  Бұл 

нысанның  құрылысымен  өткенде 

келіп танысқанмын. Даниярхан Шо-

ранов  бастаған  құрылысшыларға 

құрылысты  уақытында  аяқтағаны 

үшін рақмет айтқым келеді. Бөлінген 

77  млн.  теңгені  тиімді  игеріп, 

сіздерге қуаныш сыйлап отыр. Адам 

болған  соң  ауырмай  тұрмайды. 

Десе  де,  дендеріңіз  сау  болып,  бұл 

мекеменің  табалдырығын  сирек 

басуға жазсын, – деді облыс әкімі. 

Бұдан кейін аймақ басшысы осы 

ауылда тамшылатып суару техноло-

гиясын  пайдаланып,  көкөніс  өсіріп 

отырған  Владимир  Хегайдың  ша-

руа  қожалығында  болды.  «Семей» 

шаруа  қожалығының  иелігінде  130 

га.  алқап  бар.  Соның  60  гектарға 

жуығына  көкөніс  еккен  шаруа  бір 

жылдың  ішінде  жұмысшылар  са-

нын  тоғыздан  13-ке,  олардың 

еңбекақысын  30  мыңнан  40  мың 

теңгеге көтеріп отыр. Өйткені, жер-

ден  түскен  өнім  де  былтырғыдан 

әлдеқайда  жоғары  болатын  түрі  

бар.  Өз  есебінше,  биыл  400  тонна 

картоп, 700 тонна көкөніс алмақшы. 

Шаруа  қожалық  басшысы  өз 

жетістігінің  құпиясымен  де  бөлісті. 

2010  жылы  жұмысын  бастаған 

кезде-ақ  тамшылатып  суару  техно-

логиясына басымдық берген Влади-

мир Хегай жыл сайын технологияны 

алқапқа бойлай енгізудің арқасында 

жоғары  өнімге  қол  жеткізіп  келеді. 

«Қазагроқаржы» институты арқылы 

лизингке  алған  тамшылатып  суару 

техникасы да өз шығынын ақтауда. 

Мұнда  алқап  түнгі  уақытта  ғана 

суарылады.  Өйткені,  су  шығынын 

түнгі  тарифпен  өтеу  күндізгіден 

екі  есе  арзанға  түседі.  Оның  үстіне 

түнде  ылғал  күннің  қызуына  ысы-

рап  болмайды.  Тамшылатып  суа-

ру  құрылғысы  бір  түнде  үш  гектар 

алқапты  ылғалдандырады.  Биыл 

қолданыстағы  алқапты  түгел  суару 

үшін 10 күн кеткен екен. 

– Бұл технология қомақты электр 

қуатын қажет ететінін алға тартушы-

лар бар. Алайда, алынған өнім элек-

трге  кеткен  шығынды  артығымен 

ақтайды.  Соның  есебінен  өнім  де 

халық үшін қолжетімді бағаға саты-

лады. Мәселен, мына баклажанның 

бір  келісін  70  теңгеден  ұсынып  от-

ырмыз.  Оның  үстіне  бұл  техноло- 

гияны  енгізген  шаруа  қожалық-

тарына  гектарына  150  мың  теңге 

субсидия беріледі, – дейді В.Хегай. 

Аймақ  басшысы  тиімді  техно-

логияны  сәтті  енгізе  білген  ша-

руа  қожалығының  жұмысына  оң 

баға  бере  келіп,  ауылшаруашылық 

өнімдерін  шығарушылардың  ірі 

қалаларда өз сауда алаңдары болу 

керектігін,  бір  уақыт  осы  мәселеге 

де көңіл бөлу қажеттігін ескертті. 

Бұл күні аудан орталығында жаңа 

балабақша  ашылды.  90  орындық 

тәрбие ошағының құрылысына 225 

млн.  теңге  жұмсалған.  Балабақша 

меңгерушісі  Гүлзифа  Тілеубекова 

ата-аналар  айына  5500  теңге 

төлейтінін  айтады.  Ғимарат  электр 

қуатымен  жылытылады.  Төтенше 

жағдайларда  қосымша  дизельді 

жылыту жүйесі іске қосылады. 

–  Тәуелсіздігіміз  тұғырлы  бо-

луы  үшін  білімді  азаматтар  көптеп 

өсуі  қажет.  Бүгінгі  білім  ошақтары 

сол үшін салынып жатыр. Біз алды-

мызға  2016  жылы  бүкіл  облысты 

балабақшамен  қамту  жөнінде  мін- 

дет  қойғанбыз.  Сол  міндетті  орын-

дауға  толық  мүмкіндігіміз  бар. 

Биылдың  өзінде  сегіз  балабақша-

ның құрылысы жүріп жатыр. Соның  

біреуі  –  сіздердің  «Айналайын» 

балабақшаларыңыз,  –  деген  өңір 

басшысы ылғи да игі істердің орта-

сынан  табылып  жүрген,  бүгінде 

мердігерлік  міндетін  кешіктірмей 

атқарған  «Фирма  Азия»  ЖШС-не 

алғыс  білдірді.    Ғимараттың  әр 

бұрышын    аралап  шыққан  облыс 

Облыс әкімі: іссапар, бағыт-бағдар

Бесқарағайда жаңа дәрігерлік 

амбулатория мен балабақша ашылды

есімжан Нақтыбайұлы

Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Бесқарағай ауданында 

іссапармен болды. Бірнеше әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына 

қатысқан аймақ басшысы салынып жатқан құрылыстармен танысып, 

аудан активімен кездесу өткізді.

басшысы  мекеменің  іші-сыртын 

безендіру 

жағына 


мән 

беру 


керектігін атады. 

Аудан  орталығындағы  ескі  ста-

дион  қайта  жарақталу  үстінде. 

Мердігер  «Баймағамбет»  ЖШС 

бөлінген 61,3 млн. теңгеге кешеннің 

футбол алаңын жасанды жабынмен 

көмкеріп,  көрермендер  трибуна-

сын жаңалауы қажет. Бүгінде жүгіру 

жолағына  асфальт-бетон  төселіп, 

баскетбол және волейбол алаңқайы 

дайындалған.  Семейлік  қосалқы 

мердігерлер  Қарағандыдан  жа-

санды жабын әкеліп, төсеуге кірісіп 

те  кетіпті.  Көрермендер  трибуна-

сы  жөндеуден  кейін  320  адамды 

сыйғызатын  болады.    Түнгі  уақытта 

кешенді  бес  бірдей  прожектор 

жарықтандырып  тұрады.  Аймақ 

басшысы  стадионның  ауласындағы 

кәрі  ағаштарды  кесіп,  орнына  жас 

көшеттер отырғызуды тапсырды.

Аудандық  ауыл  шаруашылығы 

колледжінің  қоғамдық-тұрмыстық 

кешеніне  жасалған  күрделі  жөндеу 

жұмыстары  да  облыс  басшысының 

назарынан  тыс  қалмады.  220 

балаға  қызмет  ететін  кешеннің 

шатыры 


ауыстырылып, 

электр 


желілері  мен  ауа  баптау  жүйесі, 

жылу және кәріз желісі, ғимараттың 

іші толық жаңартылған. Ғимараттың 

сыртқы келбеті де адам танымастай 

өзгеріпті. Аудан басшылығы алдағы 

уақытта  оқу  кешенін  де  жөндеуді 

жоспарлап  отыр.  Ол  үшін  52  млн. 

теңгеге жуық қаражат қажет. 



Шағын зауыттың 

берері мол

Орманға  бай  Бесқарағай  ауда-

ны үшін ағашты қайта өңдеу саласы 

табысты болып есептеледі. Алайда, 

осы  уақытқа  дейін  бұл  саланы  да-

мытып  әкететіндей  ойға  қонымды 

жоба  болмаған.  Л.Гумилев  атында-

ғы  Еуразия  Ұлттық  университетінің 

ғалымдары осы олқылықтың орнын 

толтыруға  бел  шеше  кірісіп  отыр. 

Құны  30  млн.  теңгеге  түсетін  жоба 

инновациялық 

технологиясымен 

тартымды. Ағаш қалдықтарын син-

тезделген  ауыр  жанармай  ретінде 

кәдеге  жарататын  шағын  әрі  же-

дел  зауыт  тәжірибеден  сәтті  өткен 

жағдайда,  бұл  технология  орман-

ды  аудандардың  барлығына  тара-

тылуы  мүмкін.  Ағаштың  жарамсыз 

етіп  тасталған  қалдығы  арнайы  

бункерде  кептіріліп,  инфрақызыл 

сәулелердің  көмегімен  синтезде-

ліп,  сұйық  отынға  айналады.  Одан 

қалған  ағаш  көмірінен  сорбент 

алуға  болады.  Алынатын  ауыр 

жанармайдың  қызуы  мазуттан  да 

жоғары. Мұндай шағын зауыт күніне 

бір  тонна  ағаш  қалдығын  өңдеуге 

қауқарлы. 



(Соңы 4-бетте)

ДИДАР

3

№93 (17030)



14 тамыз

үржар ауданы

зырян ауданы

жарма ауданы

«

д

идардың» меншікті тілшілері хабарлайды

Жаңа аппарат 

орнатылды

Аудандық тубдиспансерге ауруды 

дәл анықтайтын заманауи рентген-

аппарат орнатылды.

Құны  27  млн.  теңге  көлеміндегі 

итальяндық  жабдық  республикалық 

бюджет  есебінен  алынған.  Аталмыш 

диспансердің 

дәрігер-рентгенологы 

Сәуле  Кәкімованың  айтуынша,  аппарат-

пен жұмыс істеу өте ыңғайлы.

–  Науқасты  орнынан  тұрғызып,  не 

болмаса  оны  көтеріп  жатпайсың,  ол 

өзі  бағытын  ауыстырып,  бұрылады 

және  қосымша  томография  да  жасау 

мүмкіндігі бар, – дейді дәрігер-рентгено- 

лог.


Бүгінгі  таңда  осы  аппарат  күнделікті 

өз  міндетін  атқаруда.  Ауданда  тубер-

кулез  дертіне  шалдыққандар  мен  оның 

алғашқы  сатысында  тұрғандар  саны 

айтарлықтай.  Ал  мына  аппарат  ендігі 

кезекте  дертті  дәл  анықтауда  көмекші 

құралға айналды. 

Ақсуат ажарланып 

келеді

Аудан орталығы Ақсуат ауылында 

биыл абаттандыру және 

көгалдандыруға байланысты 

біршама жұмыстар атқарылды. 

Атап айтсақ, «Ет комбинаты», «Аэро-

порт»  ықшамаудандарында,  «Бильярд» 

ойынханасының  жанына,  Абай  және 

Рысқұлов  көшелерінің  бойында  шағын 

балалар  ойнайтын  алаңқайлар  ашылды. 

Сонымен  қатар,  АІІБ  ғимараты  маңынан 

жұрт  отырып  демалатын  арнайы  орын-

дар  белгіленіп,  субұрқақтар  орнатылды. 

Сонымен  қатар,  Абылайхан  көшесінің 

бойына жарықшамдар орнатылды. 

Жыл  санап  ажарланып  келе  жатқан 

аудан орталығы алдағы уақытта тағы да 

көркейе  түспек.  Ақсуаттың  шығыс  жақ 

кіреберісіне  орнатылған  әдемі  арка  ау-

дан орталығының сәнін арттыра түсті.



Топтаманы әзірлегендер – Арай Жүнісова, 

Дарын Нұрсапаров, Бейсенғазы Ұлықбек

Көлік жөндеу 

орталығы ашылды

Шекараға жақын орналасқан 

Мақаншы ауылында тағы бір 

техникалық қызмет көрсету 

орталығы ашылды. 

Ауыл  тұрғыны  Ұлан  Қажымәлі 

мәшине жөндейтін шеберхана ашып, 3-4 

адамға  жұмыс  тауып  беріп  отыр.  Бұл  – 

жаңа  заманға  қарай  бағытталған  жақсы 

қадам. 


Жаңа  жұмыс  орнының  ашылуына 

жиналған қауым алдында ауыл әкімі Со-

ветхан  Қалиев,  ақсақалдар  алқасының 

төрағасы  Жұмағазы  Жақанбаев  сөз 

сөйлеп,  табыс  тіледі.  Жаңа  заманауи 

жабдықтармен  жабдықталған  бөлме-

лерді  көрді.  Сондай-ақ,  мұнда  қосымша 

бөлшектер сататын дүкен жұмыс істейтін 

болды.  Бұдан  былай  Мақаншы  ауылы-

ның  тұрғындары  көліктерін  жөндеу  үшін 

алысқа сабылмай-ақ, өз ауылдарындағы 

сапалы қызметке жүгінетін болады.



Темекінің зияны 

түсіндірілді

Аудандық ішкі саясат бөлімінің 

ұйымдастыруымен Аршалы, Үшбиік 

ауылдық округтерінде «Темекіні тас-

та, жаңа өмірді баста» акциясы өтті. 

Жастар  арасында  жат  әдеттердің  ал-

дын алу, салауатты өмір салтын насихат-

тау мақсатында өткізілген іс-шара бары-

сында  жастарға  көптеген  мағлұматтар 

берілді.  Осы  мәселеге  қатысты  деректер 

баяндалды. Жиналғандар темекінің адам 

өміріне қаншалықты зиян екені жайында  

өз ойларын ортаға салды. 

Акция барысында темекі туралы бро-

шюралар  таратылды,  оған  қатысушылар 

анкеталар  толтырып,  плакаттарға  «Біз 

темекіге карсымыз!» деген ұран аясында 

суреттер салды.



аппараттық кеңес

Басты міндет – 

экономиканың өсу 

қарқынын сақтау

Селекторлық  кеңес  Мемлекет 

басшысы  тапсырмалары  аясын-

да  арнайы  әзірленген  іс-шаралар 

жоспарын  пысықтаудан  басталды. 

Бірнеше  күн  бұрын  Үкіметті  қайта 

құрылымдау  бойынша  кеңейтілген 

отырысқа  қатысқан  Бердібек  СА-

ПАРБАЕВ  басқарма  басшылары-

на  аймақтық  реформалау  жөнінде 

ұсыныстар  әзірлеу  міндетін  жүктеді. 

Бұл  жердегі  мәселе  республикалық 

құрылымдардың  облыстық,  облыс-

тық құрылымдардың аудандық және 

аудандық  құрылымдардың  округтік 

құрылымдарға  өз  қызметтерін  беруі 

туралы болып отыр. 

–  Кейбір  қызметтерді  қайта 

бөлу  бізде  де  жүреді.  Үкіметтен 

министрліктер  мен  комитеттердің 

түбегейлі  құрылымы  бойынша  құ-

жаттар  алған  кезде  қандай  қызмет-

тердің  бізге  берілетіні  анық  болады. 

Әзірше  біз  өз  ұсыныстарымызды 

жеткіземіз.  Қандай  функцияларды 

біз облыстан аудандар мен қалалар- 

ға  бере  алатынымызды  сараптауы-

мыз  қажет.  Ал  олар  өз  кезегінде 

қандай  функцияларды  ауылдық 

округтерге  беретіндерін  анықтаула-

ры тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі. 

Ел  Президенті  барлық  аймақтар 

алдына  қойып  отырған  ең  басты 

міндеттің  бірі  –  экономиканың 

өсу  қарқынын  сақтау.  Шығыс 

Қазақстанда  бұл  бағыт  бойынша 

жұмыс бірнеше айдан бері жүргізіліп 

келеді.  Бізде  ықтимал  қаржыланды-

ру көздері, өңір экономикасын тиісті 

деңгейде қолдауға арналған резерв-

тер қарастырылған. 

Аймақ  басшысы  Бердібек  СА-

ПАРБАЕВ қалалар мен аудандардың 

барлық 


әкімдері, 

облыстық 

басқармалар  басшылары  негізгі 

мемлекеттік  бағдарламалардың  іске 

асырылуына  бақылау  жасап  отыруы 

қажеттігін  баса  айтты.  Қол  жеткен 

көрсеткіштерді  төмендетуге  еш  бол-

майды.  Кейбір  елдер  арасындағы 

шиеленіскен  халықаралық  жағдай 

Қазақстанды  да  әлемдік  дағдарыс 

құбылыстарына  қарай  әрекет  етуге 

мәжбүрлеп отыр. 

Бердібек  САПАРБАЕВТЫҢ  пікі-

рінше,  ең  бастысы  –  аймақтағы 

тұрақты 

жағдайды 

сақтау, 

жұмыссыздыққа,  өңір  тұрғындары 

әл-ауқатының 

кемуіне, 

сондай-

ақ,  еңбекақы  бойынша  көлемді 



берешектің пайда болуына жол бер-

меу.


Жиында  аймақ  басшысы,  соны-

мен қатар, Индустрияландыру карта-

сы нысандарын толық қуатына қосу, 

шағын  және  орта  бизнесті  өрістету, 

қанатқақты жобалардың іске асыры-

луын қадағалау, «Самұрық-Қазына», 

«Даму»  қорларымен  тығыз  жұмыс 

істеу,  мемлекеттік  сатып  алуларды 

реттеу,  көше  саудасын  тыю,  энер-

гия  үнемдейтін  құралдарды  кеңінен 

қолдану,  ішкі  көші-қон  мәселесін 

оңтайландыру 

сынды 

бірқатар 



қадау-қадау  тапсырмалар  жүкте- 

ді.  


Аудан-қалаларда да 

тұрақтандыру қорлары 

құрылады

Отырыста  облыстық  тұрақтан-

дыру  қорының  жұмысы  да  қарас-

тырылды.  Ресей  мен  Батыс  елдері 

арасында 

өзара 


экономикалық 

санкциялардың  енгізілуіне  байла-

нысты  қазіргі  уақытта  халықаралық 

азық-түлік  нарығының  даму  қарқы-

ны  өзгеріп  кетуі  мүмкін.  Бұл  Шығыс 

Қазақстан  тұтынушыларына  кері 

әсерін  тигізбеуі  үшін  біздің  өңірге 

өз  азық-түлік  қауіпсіздігі  мәселесін 

тиянақты ойластыру қажет. 

–  Қыркүйектің  басына  дейін 

облысымыздағы  әрбір  аудан  мен 

қаланың  өз  тұрақтандыру  қорлары 

құрылуы  тиіс.  Қорлар  біз  ұдайы 

бақылау  жүргізіп  отыратын  барлық 

негізгі 

азық-түлік 

түрлерінен 

жасақталуы  керек.  Бүгінгі  таңда 

тұрақтандыру қорын құру мәселесіне 

Бесқарағай,  Бородулиха,  Зырян, 

Глубокое, 

Ұлан, 


Катонқарағай, 

Шемонайха  аудандарында  жөнді 

көңіл  бөлінбей  келеді.  Жергілікті 

жерлердегі  басшылар  қолда  бар 

көкөніс  қоймаларының  жағдайын 

тексеріп  тұрулары  тиіс.  Әрбір  аудан 

өздеріндегі  шаруа  қожалықтары 

қандай  көлемде  өнім  өндіретінін 

және  негізгі  азық-түлікке  деген 

сұраныстың  қандай  екенін  сараптап 

шықсын. Яғни, өзіміздің мүмкіндігіміз 

бен қажеттілігімізді білуіміз керек, – 

деді Бердібек САПАРБАЕВ осы ретте. 

Көршілес  елдермен,  Еуразиялық 

экономикалық  одақ  мүшелерімен 

жұмыста  аймақ  басшысы  Шығыс 

Қазақстанның  тауар  айналымына 

назар  аударуды  атап  өтті.  Шығысқа 

біртіндеп  импортты  азайтып,  өз 

өнімдерінің 

экспортын 

ұлғайту 


қажет.  Егер  Ресей  Федерациясы-

мен  сауда  байланыстары  жақсы 

жолға 

қойылса, 



Беларуссиямен 

экономикалық 

қарым-қатынастар 

әзірге  көңіл  көншітерлік  дәрежеде 

емес. 

–  Бізге  беларустық  әріптес-



терімізбен ауыл шаруашылығы сала-

Көрші елдермен алыс-берісті 

арттыру керек



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет