37
Жалпы ой тҧжырымдарды индуктивтік және дедуктивтік деп бӛлуге
болады. Дедукция – бҧл танымға алып баратын ең қысқа жол, яғни жалпы
ережедегі ой тҧжырымы. Ол силлиогизм деп аталатын ҥш ҧғымнан
тҧрады: 1) ҥлкен ҧғым деп аталатын жалпы ереже; 2) кіші ҧғым деп
аталатын, оны қолданысқа жеткізетін және сонымен байланысты ҧғым; 3)
қорытынды.
Мысалы: «Әділетсіз бірде-бір жан директорлар кеңесіне сайлана
алмайды, Ӛтегенов - әділетсіз. Сондықтан ол директорлар кеңесіне
сайланбайды». Осылайша қҧрылған силлогизм – нақты силлогизм.
Кез
келген
ғылым
қарастырылатын
мазмҧндағы
заңды
байланыстарды ашуға ҧмтылады. Пікір мен таным ортасындағы тҥрлі
байланыстарды бейнелейтін логика заңдары ӛте кӛп.
Логикалық заңдарға тҥрлі логикалық операцияларды қанағаттандыра
алатын қажетті жағдайлар да жатады. Бҧл жағдайлар ереже тҥрінде
қалыптасады. Мысалы, анықтау ережесі, классификациялау ережесі,
дәлелдер келтіру ережесі және т.б.
Кӛптеген логикалық заңдар ішінде тӛртеуі (теңдік заңы, қарама-
қарсылық заңы, ҥшінші пікірді бекерге шығару заңы және жеткілікті негіз
заңы) ерекше маңызға ие.
Осы заңдарды негізгі деп қабылдауымыздың себебі, сол заңдарды
пікір мен таным ортасындағы әр бір нақты байланыстың логикалық
дҧрыстығына
қажет
болған
жалпы
және қажетті
жағдайлар
қалыптастырады. Сонымен бірге таным қызметінде ойлау мҥмкіндігі де
болады. Олар ой қҧрылысына қажет жағдайларды белгілеп, сол арқылы
ойлаудың тану ақиқаттығына жәрдемдеседі. Ӛйткені, олардың ӛзі бізге
«қайталау практикасында миллиард рет» кездесіп отыратын ақиқат
қҧбылыстар мен заттар қасиеттерінің бейнелену нәтижесі болады. Бҧл
заңдар таным нәтижесінің ойлаудағы бейнеленуі анық, қайшылықсыз,
ізшіл және дәлелденген болуы тиіс екендігін кӛрсетеді. Олар адам мен
материалдық дҥниенің тҧрақты ӛзара әрекетінінің нәтижесінде пайда
болып, ӛз кезегінде нақты заттардың қатынастары мен байланыстарын
дҧрыс бейнелеуге негізделетін еңбек қызметінде, практикалық қызметте
қалыптасады. Оларды ақиқат заңдарымен бірге де, олардан толық бӛліп
алып та қарастыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: