Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Гносеология ғылыми зерттеудің жалпығылымдық



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

2. Гносеология ғылыми зерттеудің жалпығылымдық 
 әдіснамалық негізі. 
Гносеология  (грек.  «gnosis»  -таным,  «logos»  -  тҥсінік,ілім)  –  бҧл 
таным  және  бейнелеу  теориясы.  Таным  теориясы  –  танымның  мазмҧны, 
заңдылықтары  мен  тҥрлері  туралы  ілім,  ал  таным  –  адам  санасындағы 
обьективті  ақиқатты  бейнелеуге  бағытталған  адам  қызметінің  қоғамдық-
тарихи процесі. 
Ақиқат  адам  санасында  танымдық  қызметтің  белгілі  бір  тҥрлерінің 
кӛмегімен белгіленеді: 
1)  сезімдік таным тҥрі (қабылдау, сезіну, тҥйсік); 
2)  рационалдық  таным  тҥрі  (абстрактілі  ойлау  тҥрлері  –  ҧғым,  пікір,  ой 
тҧжырымы). 
Осы  жерде  сол  екі  форманың,  яғни  сезімдік  және  рационалды 
танымдардың қандай айырмашылықтары бар деген сҧрақ туады. Олардың 
айырмашылықтары  атқаратын  қызметтерінен  кӛрінеді.  Адам  сезім 
мҥшелері  арқылы  сыртқы  дҥниедегі  заттар  мен  қҧбылыстар  туралы 
тҥсінік  алады.  Сезім  мҥшелері  заттар  мен  олардың  жеке  қасиеттерінің 
сезімдік-кӛрнекілік  бейнесін  береді.  Ал  абстрактілі  ойлау  тҥрлерінде 
(рационалды  танымда),  яғни  ҧғым,  пікір  және  ой  тҧжырымында 
заттардың,  қҧбылыстардың,  заңдылықтардың  арасындағы  байланыстар 
және олардың дамуы бейнеленеді. 
Осылайша,  таным  абстрактілі  ойлаудың  формасы  ретінде  ойлау 
қызметінің  негізгі  бірліктерінің  бірі  болады.  Осы  логикалық  форма 
жәрдемінде  басқа  ойлау  формалары  (пікір,  ой  тҧжырымы)  қҧрылады. 
Таным  сезім,  қабылдау  және  тҥйсікке  қарағанда  болмысты  тереңірек 
тануға жағдай жасайды. 
Сезімдік-кӛрнекілік  тәжірибені  бейнелейтін  сезіну,  қабылдау  және 
тҥйсік негізінде тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән, 
ал таным, пікір мен ойлау тҧжырымы сезімдік тәжірибеден тыс жатады. 
Танымның пайда болуы сыртқыдан ішкіге, қҧбылыстан мәнге енуге 
жәрдемін тигізетін абстракция арқылы іске асады. 
       Еңбек қызметі процесінде тіл, сонымен бірге абстрактілі ойлау, яғни 
заттарды  қолмен  ҧстап  кӛрмей-ақ  оларда  тҥсініктерді  пайымдау 


32
 
 
мҥмкіндігі  пайда  болды.  Міне,  осыдан  бейнелеудің  белсенді  мазмҧны 
айқын кӛрінеді, яғни адам дҥниені бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар 
идеал дҥниені, рухани мәдениетті де жасайды.      
Адам  санасы  бейнелеудің  ең  жоғары  және  кҥрделі  формасы. 
Бейнелеу қызметі әр тҥрлі жағдайда кӛрінеді: 
1) жансыз  табиғаттағы  қарапайым  бейнелеу  тҥрлері  (жер  бетіндегі 
шҧңқыр, іздер, т.б.); 
2) жанды организмдердегі бейнелеудің сапалық жаңа формасы – тітіркену 
( ӛсімдік жапырақтарының жарыққа қарай бет бҧруы т.б.); 
3) жоғары  дамыған  жануарлардағы  бейнелеу  формасы  –  психика.  Ол 
заттың бейнесін және оның жеке қасиеттерін тану қабілетінде кӛрінеді. 
Жоғары дамыған жҥйелі жануарлар психикасы адам санасының тууына 
негіз болды.  
Жоғарыда  біз,  абстракция  арқылы  сыртқыдан  ішкіге,  қҧбылыстан 
мәнге  ӛту  іске  асатынын  айтқан  едік.  Осыған қатысты  мән  мен  қҧбылыс 
заттың  ӛзара  диалектикалық  байланыстағы  мазмҧны  екендігін  айта 
кеткеніміз жӛн. Мән заттың немесе процестің белгілі бір жақтарының ішкі 
байланыстарын білдіреді, заттың алуан тҥрлі қасиетінің бірлігін ашады. 
Қҧбылыс  –  сезімдік  таным  (қабылдау,  сезіну,  тҥйсік),  яғни  заттың 
сыртқы  қасиеттері  мен  белгілері.  Қҧбылыста  заттың  мәнін  қҧрайтын 
заңдар болады. 
Философия тарихында мән мен қҧбылыс туралы тҥрлі пікірлер бар. 
Мысалы,  Кант  мәнді  танып-білуге  болмайтын  «ӛзіндік  зат»,  ал  қҧбылыс 
адам санасына тән болған қандай да бір субьективті нәрсе деп тҥсіндірді. 
Таным  обьективті  дҥниені  бейнелеу  деңгейі,  таным  әдістері  мен 
формалары  жағынан  бір-бірінен  ерекшеленетін  белгілі  сатыларменн 
(эмпириялық танымнан теориялық танымға) ауысады. 
Эмпириялық  танымға  тән  әдістерге  бақылау,  белгілеу,  қадағалау 
жатады. Таным процесінің бҧл сатысында заттардың сыртқы кӛріністерін, 
қасиеттерін белгілейтін мәліметтерді жинау іске асырылады. 
Теориялық таным – бҧл қҧбылыстың ақиқат мәніне адам ойлауының 
тереңдей енуі. Мҧнда ғылыми (теориялық) таным моделдеу, гипотезалар, 
теориялар  және  т.б.  әдістерден  пайдаланады.  Сонымен  қатар,  таным 
процесінде  адам  тҥрлі  логикалық,  яғни  анализ,  синтез,  дедукция, 
индукция,  абдукция  сияқты  тәсілдерді  (кейбір  авторлар  мҧны  ой 
әрекетінің  тәсілдері,  ал  басқалары  –  ойлау  операциялары  деп  атайды) 
қолданады. 
Гносеологияның  жҥйелі-қҧрылымдық  мәнін  мына  суреттен 
кӛруімізге болады: 
 
 
 


33
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
Сезімдік таным тҥрлері                                            Рационалды таным тҥрлері                                                                                                                                                          
 
 
                                                                                                
 
  
 
 Қабылдау, сезіну, тҥйсік                                                   Таным, пікір, ой 
тҧжырымы 
      
     
 
       
 
 
 
 
 
 
 
Таным  теориясына  қайта 
оралайық. 
Таным 
теориясында 
философияның  негізгі  мәселелерін  шешуде  материалистік  және 
идеалистік  екі  бағыт  бар.  Олардың  басты  ерекшелігі  –  философияның 
негізгі мәселесі болған материя мен сананың қайсысы алғаш пайда болды 
деген  сҧраққа  жауап  беруінде  жатыр.  Осыдан  заттық  болмыс,  яғни  зат 
туралы ілім туындайды. Материя – бҧл обьективті шындық. Материяның 
ӛмір сҥру тәсілдері – қозғалыс тҥрлері. 
 
Субьективті  және  обьективті  идеализмде  сананы  бірінші,  ал 
материяны одан туындайды ( Платон, Гегель, т.б.) деп қарайды. Ал кейбір 
агностицизм  бағытындағы  философ-идеалистер  (  Юм,  Кант  және  т.б.) 
болмыстың,  заттың  мәнін  танып-білуге  болмайды  деп  тҥсіндірді. 
Матералистер  (Демокрит,  Бэкон,  Дж.  Локк,  18-ғасырдағы  француз 
матералистері және т.б.) материя, зат бірінші, ал сана болмыстың бейнесі 
деп дәлелдеді. 
 
Таным  процесіндегі  негізгі  моменттер  туралы  да  тҥрлі  пікірлерді 
кездестіреміз. Осылайша, таным теориясында эмпириялық, рационалдық, 
иррационалдық,матералистік диалектика бағыттары пайда болды. 
                        Таным 
Таным қызметінің тҥрлері 
Таным қызметі тҥрлерінің міндеттері 
Таным сатылары 


34
 
 
 
Эмпиризм  танымның  сезімдік  немесе  эмпириялық  тҥрлерін  негізге 
алады, рационализм теориялық танымға, абстрактілі ойлауға ерекше назар 
аударады, иррационализм затты толығымен тану қҧралы ретінде ақыл, ой 
интелектіне  сезінуді  қарсы  қояды.  Материалистік  диалектика  танымның 
кҥрделі  диалектикалық  мазмҧнын  санада  бізден  тыс  ӛмір  сҥретін  заттар 
мен  қҧбылыстардың  бейнеленуімен  байланыстырады,  диалектика  мен 
таным  теориясының  бірлігін,  таным  мен  практикалық  қызметтің  ӛзара 
тығыз байланысын қолдайды. 
 
Таным  обьектілері  адамның  практикалық  қызметімен  тығыз 
байланысты  және  оған  тәуелді  болады.  Таным  процесінің  негізінде 
адамның обьективті дҥниеге тигізетін белсенді әсері жатады.   
 
Жоғарыда  біз,  гносеология  –  бҧл  таным  теориясы  деген  едік. 
Сондықтан енді «теория» тҥсінігіне тоқталайық. 
 
Теория  (грек.  theona  –  бақылау,  қадағалау,  зерттеу)  –  ойлаудағы 
ақиқаттың  жалпы  бейнелену  формасы.  «Теория»  термині  негізгі  екі 
мағынада  қолданылады.  Кең  мағынасында  –  ол  ғылым,  адамның 
практикалық  қызметіне  қарағанда  жалпы  таным,  ал  тар  мағынасында, 
теория – белгілі бір қатаң формаға ие болған таным. 
 
Анау  немесе  мынау  обьектіні  тану  барысында  адам  оны  сырттай 
тҥсіндіруге,  оның  жеке  қасиеттерін  белгілеуге  ҧмтылады.  Обьектінің 
бағынатын заңдары ашылған соң, адам заттың белгілі бір ішкі логикалық 
қҧрылымға  ие  толық  жҥйесін  анықтап,  заттың  жекелеген  қасиеттерін 
біріктіріп  тҥсіндіреді.  Осылайша,  алынған  зат  туралы  жан-жақты,  терең 
білім теория деп аталады. Кез келген ғылым теориядан тҧрады (мысалы, 
қазіргі  физика  –  кванттық  теория,  салыстырмалы  теория,  элементті 
бӛлшектер теориясы, т.б.). 
 
Теория обьектісі тек ақиқат қҧбылыс пен заттар ғана емес, сонымен 
бірге  теорияның  ӛзі  де  болуы  мҥмкін.  Мҧндай  жағдайда  теория  туралы 
теория  метатеория  деп  аталады.  Ешқандай  теория  зат  туралы  аяқталған 
абсолютті  танымды  бере  алмайды.  Дамып  бара  жатқан  таным  жаңа 
фактілерді, ережелерді, заңдарды тауып отырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет