2. Зерттеудің жетекші идеясы мен болжамы.
Зерттеудің нысанын және пәнін, мақсатын анықтаған соң, негізгі ойды,
ниетті, ғылыми болжамды тҧжырымдау керек.
Негізгі ой - тҥрлендіру, ӛзгерту туралы ой. Негізгі ойдың пайда болуы
жеке ҥрдіс, оның негізі қисынды пысықтаулар, кӛкейкӛзділік, ойша
«сынама» және сынақтар болып табылады.
Ең алдымен, елеулі, бірақ бізді қанағаттандырмайтын жағдайды
тіркейтін, бастапқы дерекке сҥйену керек. Жиналуына қарай, тҥсіндіруге
келмейтін деректерге жаңа теория жасау қажеттілігі туындайды.
Ниет - жҥзеге асыру қҧралдарымен қаруланған ой. Бҧнда ойша
ниетті жҥзеге асыруға, мақсатқа жету жолын жҥріп ӛтуге болады. Бҧл
ойша ғылыми болжау, жорамалға алып келеді.
Сонымен, зерттеу мақсаты, нысаны және пәніне сәйкес, әдетте,
болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу
міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бҧл шынайылылығы әлі дәлелденуі
қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Ғылыми болжам жасау
ҥшін зерттелетін нысан туралы жеткілікті мәлімет болуы қажет.
Ғылыми болжамға негізгі екі талап қойылады: нақтыланбаған
ҧғымдардың болмауы; болжамның қолда бар әдістер кӛмегімен тексерілуі
қажет.
Болжам- фактілер негізінде объектінің бар екендігі, қҧбылыстардың
байланыстары мен себептері туралы тҧжырым жасалатын алдын ала
70
болжау. Бҧл ретте тҧжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды.
Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен шынайы
еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес
екенін анықтау – таным ҥрдісі.
Болжам ғылыми және жҧмыстық болып ажыратылады. Істік болжам
бар мәліметтерді жҥйелеу ҥшін уақытша жорамал, ал ғылыми болжам
деректер мол жиналып, мәселенің шешу «жобасын» ҧсынуға мҥмкіндік
болғанда жасалады.
Ғылыми
болжамның
мазмҧны
зерттеу
жҧмысының
қорытындысында дәлелденуі қажет. Мысалы, «Тӛменгі сынып
оқушыларының ойын технологиясы қолдану арқылы шығармашылық
белсенділігін дамыту» тақырыбындағы жҧмыстың ғылыми болжамы
былай тҧжырымдалады: «тренингтік-ойын әдісінің негізінде жасалған
технология тӛменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін
дамытуды қамтамасыз етеді».
Ғылыми
болжам
психологиялық-педагогикалық
зерттеу
қалыптастырушы экспериментке сҥйенгенде, егер жорамалдар ғылыми
негізделген бағыт тҥрінде жасалынса қажет етіледі. Жинақталған
деректерді жалпылау салдарынан туындап, жаңа теориялық тҧжырымдама
қалыптастыруға, ғылыми білімді жҥйелеуге, жаңа теория жасалынғанша
деректердің жинақталуына белсенді ықпал етеді. Сәйкесінше, ғылыми
болжам педагогикалық қҧбылыстардың себеп-салдарлық тәуелділігін
тҥсіндіруге қолда бар білім жекіліксіз болған жағдайда аса қажет.
Ғылыми болжам психология және педогогика тарихын зерттеуде,
педогогикалық, психологиялық тәжірибені жалпылап қорытуда және
психология және педогогиканы салыстырып зерттеуде қажет етілмейді.
Себебі себеп-салдарлық байланыстардың тҥсіндірмелері бҧндай
жағдайда қалаыптастырушы сынақ емес, тҧрақтандырушы сынаққа,
сондай-ақ, дәлелдемелердің қисынды және тарихи әдістеріне негізделеді.
Ғылыми мәселені шешудің бастапқы амалы, әлі де болса, ғылыми
болжам бола алмайды, оны тек қана жорамал деп атауға болады. Қандайда
бір ғылыми болжам жорамал кезеңінен ӛтеді. Ол мәселе бойынша пікір,
ақиқат немесе әлі дәлелденбеген жалған формасында беріледі, дегенмен
бҧл пікірлер кӛп мӛлшерде ықтималдылықтан тҧрады. Себебі олар бҧрын
дәлелденген ілім-білімге негізделген.
Қҧрылымы бойынша ғылыми болжам қарапайым және кҥрделі
болып ажыратылады.
Алғашқысын қызмет ету бағытына қарай сипаттаушы және
тҥсіндіруші деп жіктеуге болады: бірі зерттелетін қҧбылыстарды қысқа
тҥйіндейді, олардың жалпы байланысын сипаттайды, екіншісі белгілі бір
фактордың және жағдайдың мҥмкін болатын салдарын ашады, яғни соңғы
нәтижені береді. Кҥрделі ғылыми болжамның қҧрылымы зерттелетін
71
қҧбылыстарды
сипаттау
және
байланыстардың
себеп-салдарын
тҥсіндіруден тҧрады. Бҧл қызметтен басқа ғылыми психологиялық-
педагогикалық ойды болжау керек, дегенмен бӛліп ажырату ақылға
сыймайды, себебі қайсысының да алдын ала айту элементі болады.
Психологиялық-педагогикалық болжамның қҧрылымы ҥш қҧрамды
болуы мҥмкін:
1. пайым;
2. жорамал;
3. ғылыми негіздеме. Мысалы, осылай жасаған жағдайда, оқыту-тәрбиелеу
ҥрдісі былай болады, себебі келесідей педагогикалық заңдылықтар бар:
біріншіден..., екіншіден..., ҥшіншіден...
дегенмен, психологиялық-педагогикалық болжам басқаша болуы мҥмкін,
негіздеме айқын тҧжырымдалмаған жағдайда. Бҧл ретте, болжамның
қҧрылымы екі қҧрамды болады: «бҧл тиімді болады, егер біріншіден...,
екіншіден..., ҥшіншіден....» Бҧндай болжам жорамал мен пайым бір
бірімен жорамалданған пайым тҥрде ҧштасқан кезде мҥмкін болады: бҧл
былай болуы қажет, себебі келесідей себептері бар....
Психологиялық-педагогикалық болжамды қҧрылымдаудың бірнеше
сатысын бӛліп кӛрсетуге болады. Алғашқыда зерттеуші мәселенің
туындауын тіркейді, ғылыми зерттеудің белгілі қҧралдары мен
тәсілдерінің
кӛмегімен
жаңа
қҧбылыстың
себебін
тҥсіндіруге
болмайтынын дәлелдейді, жаңа қҧбылыстарды жан жақты зерттейді,
аталмыш қҧбылыстың пайда болуының мҥмкін болатын себептері туралы
ғылыми жорамал жасайды, бір уақытта жорамалданған себептен
туындайтын қисынды салдарды анықтайды. Соңғы қорытынды сатыда бҧл
салдардың шындықпен сәйкестігін тәжірибелік-сынақтық әдіспен
тексереді, яғни ғылыми болжам қҧбылыстың салдары шындықпен сәйкес
келген кезде негізді деп танылады.
Бҧл талаптарға сҥйене отырып, зерттеудің ғылыми болжамын
сипаттауға бірнеше ҧсынымдарды тҧжырымдауға болады:
- ӛте кӛп жорамалдан тҧрмауы қажет (маңызды бір жорама, сирек
жағдайда ббірнеше);
- зерттеушінің ӛзі тҥсінбейтін бір мағыналы емес ҧғымдар мен
категорияларды енгізбеу қажет;
- ғылыми болжамды тҧжырымдауда қҧнды пікірден аулақ болған жӛн;
- ғылыми болжам қойылған сауалға жауап беруі, шындыққа сәйкес келуі
тиісті емес;
- оның мінсіз және стильдік дайындалуы, қисынды қарпайымдылығы
талап етіледі;
- қолда бар біліммен сабақтастығын сақтау.
72
Негізгі ойды шығару, оны ойда іске асыру, одан кейін ғылыми
болжамға айналдыру зерттеудің ӛте кҥрделі шығармашылық элементі.
Достарыңызбен бөлісу: |