69
Басқа да жеке міндеттерді, кӛп жағдайда, ішкі, ҧсақ міндеттерге
кірістіруге болады.
Зерттеу міндетін шешудің жҥйелілігі оның қҧрылымын анықтайды,
яғни әр міндет жҧмыс бӛлімінің бірінен шешімін табуы тиіс. Мысалы,
«ойын
технологиясы
арқылы
тӛменгі
сынып
оқушыларының
шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбындағы зерттеу
жҧмысында келесілей міндеттер қойылған.
1. Осы мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау
және тӛменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін
дамытуда ойын технологиясын пайдалану мҥмкіндіктерін қарастыру;
2. Тӛменгі сынып оқушылары ҥшін тренингтік-ойын әдісін қолдануға
негізделген ойын технологиясын жасау;
3. Тӛменгі сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытуға
арналған ойын технологиясын эксперименттік тексеру.
Міндеттер жҥйесін жасау ҥрдісінде қайсысының ғылыми әдебиетті
зерттеуді талап ететінін, қайсысы қолда бар әдістерді жетілдіруді,
талдауды, қиыстыруды қажет ететінін және қайсысы кҥрделі, оның
шешімін осы зерттеуден табу керектігін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: