Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінен



бет25/31
Дата02.05.2023
өлшемі454,93 Kb.
#88997
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Êàìáàðîâà À. À. Øåðèìîâà Ñ. Ê «Æàíóàðëàð ôèçèîëîãèÿñû æ?íå áèîõè

Тәжірибе сабағында студент:
Студенттер минералдық заттарды түрлерімен таныса алады.
Керекті құрал жабдықтар: плакаттар, суреттер
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1. Гликолиз
2.Лимон қышқылының циклы, оның биологиялық мағынасы, аминқышқылдардың биосинтезімен байланысы.
Үй жұмысының тізімі мен түрлері:
1.Тотыға фосфорлану.
2.Метаболизм процестерін реттеу жалпы принциптері
Бақылау сұрақтары:

  1. Зат алмасуының биохимиялық жұйелерінің өзара байланысы.

СӨЖ-ге тапсырмалар:

  1. Клетканың биоэнергетикасы

  2. Митохондриялар мен хлоропластар, олардың құрылымы, қызметтері

I. нұсқа( жай)

  1. АТФ, клеткадағы қызметі.

  2. Биологиялық тотығу.

II. нұсқа (күрделі емес)

  1. Тыныстану тізбегі, оның қызметі.

  2. Тыныстану тізбегінің ферменттік жұйелері.

III. нұсқа (күрделі)

  1. Мыс алмасу

  2. Натрий және калий алмасу

  3. Темір алмасу

11. Тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: Нуклеопротеиндер алмасуы
Сабақтың жоспары:
1.Нуклеопротеиндер метаболизмі.
2.Нуклеин қышқылдарының ыдырауы.
3.Пуриндік және пиримидиндік негіздердің катоболизмі.
4.Пуриндік және пиримидиндік негіздердің биосинтезі.
Сабақтың мақсаты және міндеті, қабілеттілігі, бейімделуі, құзыреттілігі: Нуклеин қышқылдарының алмасуы жоғары дəрежелілігімен сипатталады, себебі олардың əрекетімен белоктік заттардың биологиялық түзілуі тығыз байланысқан.
Сабақтың қысқаша мазмұны:
Құрамында нуклеопротеидтері бар азық ауыз қуысында механикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да, өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ-ның бірен-сараны сілекей рибонуклеазасымен (РНК-азасымен) олиго- жəне мононуклеотидтерге ыдырайды. Асқазанда пепсин жəне тұз қышқылының əсерімен нуклеоп ротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына жəне қарапайым белоктарға ыдырайды. Нуклеопротеидтердің алмасуы ащы ішекте аяқталады. Қалған нуклеопротеидтерді трипсин нуклеин қышқылдарына қарапайым белокпен ыдыратады. Қарапайым белоктар (протаминдер жəне гистондар, альбуминдер жəне глобулиндер) ұйқы безінің жəне ішек сөлі ферменттерінің əсерімен амин қышқылдарына дейін ыдырайды да, ащы ішекте сіңіріледі. Нуклеин қышқылдарының ағзада алмасуы үлкен жылдамдықпен өтеді. Мысалы, тышқандар молекуласында ДНҚ молекуласының жарты өмірі 1 тəуліктен 5-тəулікке дейін, ал көптеген мРНҚ-ның жарты өмірі эукариоттарда бірнеше тəулікті құраса, прокариоттарда бірнеше секунд болуы мүмкін. Нуклеин қышқылдары ағзада нуклеаза ферменттердің əсерінен ыдырайды. Бұл ферменттер нуклеотид аралық фосфодиэфирлі байланыстарды үзеді. Полинуклеотидтердің ішкі байланыстарын – эндонуклеаза ферменттері ажыратады, нəтижесінде олигонуклеотидтер түзіледі. Нуклеин қышқылдары молекуласын тізбектің шетінен үзіп ажырататын нуклеазалар – экзонуклеазалар. Бұл кезде нуклеин қышқылдары мононуклеотидтерге дейін ыдырайды. 170 Нуклеаза ферменттерін субстраттың түріне қарай: рибонуклеаза жəне дезоксирибонуклеаза деп те бөледі. Рибонуклеазалар – РНҚ молекуласының ыдырауын, ал дезоксирибонуклеаза ДНҚ молекуласының ыдырауын тездетеді. Мұндай бөліну шартты түрде ғана жүреді, қазіргі заманда ДНҚ-ға да РНҚ-ға бірдей əсер ететін арнайы талғаушылық қасиет жоқ эндо- жəне экзонуклеазалар да бар. Нуклеин молекуласының фосфодиэфирлі байланыстарына əсер ететін нуклеазалардың сипаты екі түрлі болып келеді: бірінші түрі 3′-көміртек атомымен рибоза немесе дезоксирибоза арасындағы күрделі фосфодиэфирлік байланысты (р-3′С - байланыс) гидролиздейді, ал екінші түрі 5′-көміртек пен рибоза мен дезоксирибозаның фосфодиэфирлік байланысын ыдыратады. (Р-5′С - байланыс). Р-5′С байланысты үзетін нуклеазаны 3′-нуклеаза деп, ал Р-3′С байланысты үзетін нуклеазаны 5′ - нуклеаза деп атайды.
Пурин жəне пиримидин негіздерінің ыдырауы. Амин топтары бар пурин жəне пиримидин негіздерінің ыдырауы дезаминдеу реакциясынан басталады. Бұл арнайы аминогидролаза ферменттер көмегімен өтеді. Нəтижесінде, мысалы, аденин → гипоксантинге, гуанин → ксантинге, цитозин → урацилге айналады. Дезаминдеу нуклеотид жəне нуклеозид деңгейінде де жүруі мүмкін. Аденазин, мысалы, инозинге айналады жəне бұл реакция үлкен шапшаңдықпен өтеді, ал аденазинфосфат инозинфосфат түзеді. Дезаминдеу нəтижесінде пайда болған ксантин, гипоксантин несіп қышқылына дейін тотығады. Бұл реакцияны катализдейтін оксидоредуктаза класының ферменттері (ксантиноксидаза). Жануарлардың кейбір түрінде несеп қышқылы орнына аллантоин пайда болады. Пиримидин негіздері дезаминдеу реакциясынан кейін тотықсызданады, тотықсыздану процесіне қажетті сутекті беретін НАД·Н2 (донор), реакция нəтижесінде β-аланин жəне карбамин қышқылы пайда болады. Карбамин қышқылы ыдырап, СО2 жəне NH3 түзуі мүмкін. Карбамин қышқылы мен β-аланин урацил мен цитозин ыдырағанда пайда болады, тимин ыдырағанда β-аминомай қышқылы түзіледі. Нуклеозидфосфаттар синтезіне қажетті бөліктері (пурин, пи римидин негіздері, пентоза, фосфор қышқылы) жасушада кездеседі. Пурин жəне пиримидин негіздерінің пайда болуы əртүрлі жолдармен жүреді, бірақ ұқсастықтары да бар: 1) гетероциклді сақина үшін гли, асн, глн амин қышқылдары қолданылады; 2) пурин, пиримидин сақиналарына СО2 мен формиаттан көміртек атомы қосылады; 3) пурин жəне пиримидин негіздерінің синтезі жəне оның аяқталуы рибоза-5-фосфатта жүреді, сондықтан синтездің соңғы өнімі бос күйіндегі пурин, пиримидин негіздері емес, нуклеозид-5′-фосфаттар болады; 4) барлық процесс фермент қатысында өтеді. Нуклеин қышқылдары нуклеазаның əсеріне ұшырайды. Ұйқы безінің дезоксирибонуклеазасы (ДНҚ-азасы) дезоксинуклеопротеидті (ДНП) протеиндермен ДНҚ-ға ыдыратады. Бұл процесс гистидин, аргинин жəне лизинмен активтендіріледі. Содан кейін фермент ДНҚ-ның қос оралымды молекуласына бірнеше сатыларымен тізбектің ең ұзын бойына ретсіз «шабуыл» жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет