Жұмыстың орындалу тәртібі. 1.Массасы 200 мг зерттелетін затты (сәбіз немесе асқабақ)фарфор табақшасында аздаған мөлшерлі жуылған құрғақ құм және сусыз күкірт қышқылды натриймен жақсылап араластырып жаншиды.Әбден жаншылған массаны стаканға ауыстырады, 5мл бензол қосып, 10-15 мин қараңғы жерге қояды.Оны әлсін-әлсін шыны таяқшамен араластырып отырады.
2.Хроматографиялық колонканың түбіне биіктігі 1см мақта салады.Мақтаның үстіне аз ғана мөлшерде адсорбент-магний оксидін себеді. Адсорбенттің әрбір мөлшерінен кейін колонканы сілкілеп, нығыздап отыру керек. Адсорбент қабатының биіктігі 3см болу керек. Адсорбент қабатының үстінен тағы да мақта салынады.Каучук тығынымен жабылған хроматогрфиялық колонканы соруға арналған колбаға орнатады,содан кейін адсорбенттің дымқылдануы үшін колонкаға 3мл бензол қүйылады.
3.Ерітілген заттың бензол сорындысын стаканнан хроматографиялық колонкаға тұнба стакан түбінде қалатындай етіп құяды.Соруға арналған колбаны су тартқыш насосқа қосады.Стакан түбінде қалған тұнбаға 5.0мл бензол құйып,қайтадан шыны таяқшамен араластырады. Алынған жаңа бензол сорындысының мөлшерін де хроматографиялық колонкаға құяды,құйған кезде колонкадағы адсорбент бетінде бірінші экстрактың азғантай ғана қабаты қалу керек. Каротинді бензолмен зерттелуші заттан шығаруды түссіз сұйықтық алынғанша қайталай береді.
4.Хроматографиялық колонкадан өткен бүкіл каротин ерітіндісін межелі цилиндрге құйып,таза бензол құю арқылы оның көлемін 25 мл-ге дейін жеткізеді.
5.Алынған ертіндісінің түсін стандарт ертіндінің түсімен колориметр арқылы салыстырады немесе оның оптикалық тығыздығын ФЭК те көгілдір жарық фильтрінде (450нм) анықтайды. Соңғы жағдайда 1.0мл ерітіндідегі каротин концентрациясын калибрлеу түзуі бойынша анықтайды, ал зерттеуші заттың құрамындағы каротиннің мг,%мөлшерін мына формула бойынша есептейді:
X=a×V×100/B
Мұндағы:а-1мл ерітіндідегі каротин мөлшері(калибрлеу түзуі бойынша табылған),мг V-хроматографиялық адсорбциядан кейінгі ертіндінің жалпы көлемі(25мл).B-зерттелуші заттың массасы,г мөлшерінде.
Қосымша нұсқау 1.Студенттердің жартысы сәбіз,ал екінші жартысы асқабақ құрамындағы каротинді анықтайды.
2.”Витаминдер “тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма Оқулық пен дәріс конспектісі бойынша ”Витаминдер”тарауын дайындау.
Проблемалық сұрақтар 1.Организмдегі А витамині мен каротиннің биологиялық рөлі.
2.Хроматографиялық тәсілдердің биологиялық зерттеулердегі маңызы.