«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнінің мақсаты мен міндеті «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнiнiң мақсаты: Биологиялык химияның атауы «bіоs» - тіршілік, өмір деген грек сөзінен шыкқан. Ендеше қазақ тіліне аударар болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы. Ал, тіршілік дегеніміз - адам үшін және тірі ағза үшін негізгі құбылыс. Ендеше тіршілік химиясы өте қызық, әрі күрделі жаратылыстану ғылымдарының бірі.
«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы» пәнiнiң негiзгi мiндеттерi: Биологиялық химияны оқытудың мақсаты, студенттерге тірі организімдегі зат және энергия алмасуын және химиялық құрамын терең білдіру.
Курс пререквизиті: Биологиялық химияны оқытудан бұрын мынандай пәндер оқытылуы қажет: биофизика, анорганикалық және аналитикалық химия, биоорганикалық химия, физикалық және коллоидтық химия.
Курс постреквизиті:Биологиялық химия пәнін студенттер оқу нәтижесінде мына сұрақтарды білуі қажет: тірі организмнің қызметі мен химиялық құрамын, витаминдердің, гормондардың және ферменттердің әсер ету механизмін, тірі организмнің зат алмасу заңдылықтарын және энергия бөлуін, сонымен қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен қанды, сүтті және т.б. активті заттарды зерттеу және болашақта қолдану.
1 - зертханалық жұмыс
Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің
колориметриялық әдісімен анықтау Жұмыстың мақсаты. Студенттерді индикаторларды пайдалана отырып рН анықтау әдісімен таныстыру.
Әдістің принципі. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау үшін оған тимол-блау индикаторын қосып, оның түсін рН-ы белгілі сондай мөлшерлі тимол-блау индикаторы қосылған стандарт ертінділердің бояуымен салыстырады.
Реактивтер мен құралдар 100 мл колбалар - 6 дана.
Пробиркалар - 7 дана.
Жұмыс орындау тәртібі Бұл жұмыс үш этаптан тұрады.
1. Буфер ертінділерін әзірлеу. Нөмірленген алты колбаға бюретканың және пипеткалардың көмегімен кестеде көрсетілгендей 0,2н КСІ, 0,2н НСІ және дистилденген су құйылады. Жұмыс дұрыс орындалған жағдайда алты колбаның әр қайсысындағы ертінділердің рН мәні таблицада көрсетілгендей болады.
2. Түсті стандарт шкаласын дайындау. Нөмірленген алты пробиркаға нөмірленген алты колбаның әрқайсысынан 10 мл қоспа құйып, барлық пробиркаларға 5 тамшыдан индикатор тимол-блау қосады. Бұл түрлі-түсті алты пробирка стандарт шкаласы болып саналады. Сондықтан олардың түсімен тексерілетін ертінділердің түсі салыстырылады.
3. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау. Пробиркаға пипеткамен 10 мл тексерілетін ертіндіні құйып, оған 5 тамшы индикатор тимол-блау қосып, пайда болған бояуды стандарт шкаласымен салыстырады. Тексеріліп отырған ертіндінің рН-ы түрлі-түсті стандарт шкаласының қай пробиркасымен дәл келсе, оның рН-ы соған тең болады.
Қосымша нұсқау. 1. Таблицада көрсетілген ертінділердің мөлшерін дәл деп алып, жақсылап араластыру қажет.
2. «Ерітінділер. Дисперсті жүйе» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма. Дәріс конспектісін пайдалана отырып «Ертінділер» тақырыбына дайындалу.