15 – зертханалық жұмыс
Сүттегі казеинді анықтау Жұмыстың мақсаты. Белоктардың сандық құрамын анықтау әдісімен танысу.
Әдістің принціпі. Казейнді анықтау тәсілі сүтті 0,1н NaOH ертіндісмен нейтралдауға негізделген. Казеиннің мөлшері 0,1н NaОН ертіндісінің казеинмен және казеинсіз жүргізілген тәжірибеге кеткен мөлшерінің айырмасы бойынша анықталады.
Реактивтер мен құралдар 0,04н Н2SО4ертіндісі, 0,1н NаОН ертіндісі, фенолфталеиннің 2%ертіндісі, 200 мл Эрленмейер колбасы - 2дана, 100 мл мензурка - 1 дана, .100 мл өлшем колба - 1 дана, 20 млМор пипеткасы - 1 дана, воронка, 50 мл бюретка - 2 дана, Бунзен штативі /сақинасымен/, сүзгіш қағаз.
Жұмысты орындау тәртібі Екі колбаның әрқайсысына 20 мл сүт және 80 мл дистилденген су құйып, колбаның біреуіне бюреткадан 0,04н күкірт қышқылының ертіндісін казеин тұнбасы түскенге дейін тамшылатып қосады (шамамен 23-28 мл).
Екінші колбаға да күкірт кышкылының сондай мөлшерін құяды. Бірінші колбадагы казеин түнбасының бетіндегі сұйықты 100 мл өлшем колбаға сүзіп бөліп алады. Казеин тұнбасы бар екінші колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин косып, 0,1н NаОН ертіндісімен солғын күлгін түске дейін титрлейді.
100 мл өлшем кодбадағы фильтратты Эрленмейер колбасына ауыстырып, 2-3 тамшы фенолфталеин қосып 0,1н NaOHертіндісімен солғын қызғылт түске дейін титрлейді.
Есептеу мына формула боиынша нүргізіледі;
х = (a - bc/100) ´ 0,55 х - казеиннің сүттегі проценттік мөлшері;
а - казеин тұнбасы бар колбаға кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мөлшері;
в - 100 мл филтратты титрлеуге кеткен 0,1н NаОН ертіндісінің мөлшері;
с - бірінші колбадағы сұйықтың жалпы мөлшері;
0,55 - казеин мөлшерін процентке айналдыру коэффициенті.
Қосымша нұсқау 1. 0,04н күкірт кышқылын косқан кезде сүті бар колбаны қатты шайқамайды.
2.Сүзгіш қағаздарды сүзу кезінде қолмен ұстамау керек.
3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма Оқулықтан «Амин қышқылдары мен белоктар» тарауын кайталау
Проблемалық сұрақтар 1. Казеиннің биологиялық қасиеттері.
2.Сүтке Н2SО4 ертіндісін қосқан кезде казеиннің тұнбаға түсуі неліктен?